Сырымбек Тау, Джек Ма, Бақытбай Сабырбеков | Заманауи Кәсіпкер

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 22 чер 2020
  • Заманауи Кәсіпкер атты авторлық жобамыздың екінші шығарылымы. Бүгінгі шығарылымда Сырымбек Тау ағамыз бизнеске ерте келуіндегі, алғашқы табысын қалай тапқаны жайлы және кәсіптегі жеке тәжірибелерімен бөліседі, Джек Ма-мен таныстығы, жеке бренд қалыптастыру жайлы талқылаймыз. Айтылған, талқыланған ақпарат өте көп. Пайдалы болары сөзсіз.
    Бүгінгі шығарылымда:
    02:53 Сату - өнер
    06:40 Саланы жақсы көргеннен сатуды да жақсы көру керексің
    13:53 Тәуекелге бел байлау керек
    19:54 Қалай тұлға болды деп зерттемейміз
    22:09 Проектілерге көңіл бөлетін заман келді
    23:59 Аузы күйген үрлеп ішеді
    25:03 Нағыз бизнесменде не уақыт болмайды, не ақша болмайды
    32:11 Үнемдеу керек
    33:01 Магазиннің адресін емес, брендін таныту керек
    34:12 Тіл - мамандық емес
    39:33 Бастысы көңілде
    55:39 Еркектер отырып, өсек айтатынға жетті
    56:06 Негатив қолбостықтан шығады
    01:01:46 Әр компанияда бір бренд болу керек
    01:02:27 1.000.000$ бар адам мен 10.000.000$ бар адамның аса айырмашылығы жоқ
    01:07:09 Әрбір жұмысшының жұмысын істей алуым керек
    01:14:11 Қамшылап отырмасаң, арба да жүрмейді
    01:14:37 Артқы жағың тыныш болса, алдыға шабасын
    01:16:36 Дұрыс қыз жоқ емес, өзің дұрыс емессің
    Құрметті көрермен!
    Сіз 50.000 тг ұтып ала аласыз!
    Жүлдеге ие болу үшін сізге:
    1 Заманауи Кәсіпкер каналына жазылыңыз;
    2 Осы видеоға лайк басыңыз;
    3 Комментарийге осы сұхбатқа байланысты төменде өз пікіріңізді жазып кетіңіз;
    Пікір жазушылардың арасында ең әдемі пікірге 50.000тг сыйлыққа береміз(нәтижесі келесі шығарылымда айтылады)
    Сабырбеков Бақытбайдың Инстаграмына жазылыңыз: sabyrbekovkz?ig...
    Серіктестік және жарнама үшін:
    WhatsApp: 87074526239 Арай.
    #СабырбековБақытбай #Заманауикәсіпкер
    #СырымбекТау #карантин #yokohama #triangle
    #бакемаркетер #bakemarketer #ДжекМа
    #sabyrbekovkz

КОМЕНТАРІ • 276

  • @user-bw7dp7vc2k
    @user-bw7dp7vc2k 7 місяців тому +8

    СЫРЫМБЕК ТАУ ОТЛИЧНЫЙ БИСНЕСМЕН,СТРАТЕГ.ПРОСТО ЧЕЛОВЕК С БОЛЬШОЙ БУКВЫ

  • @user-hc9ov3zo4f
    @user-hc9ov3zo4f 3 роки тому +5

    Сырымбек бауырымызды нағыз түлға деп айтуға болады аман жүрсін ісі ілгері болсын

  • @dulatzhienbek8690
    @dulatzhienbek8690 4 роки тому +42

    Сырымбек ағаны көріп танығаныма жарты жыл ғана болды. Осы уакыт ішінде қандай адам екенің көрсетіп тастады. Бүгінгі сұхбатта да соны дәлелдеді. Өте ақкөңіл, жаны жайсан, еңбекқор ағамыз ғой. Нағыз үлгі алатын азамат. Сұхбат үшін Бахытбай мырзаға рахмет!!!!

  • @user-wh6gs7xb8c
    @user-wh6gs7xb8c 4 роки тому +34

    Сырымбек аға сияқты патриот еліне жанашыр кәсіпкерлер көп болсын сұқбаты соңына дейін қарадым өте үлкен ақпараттар алдым 🇰🇿🇰🇿👍

  • @user-eu7ls8cb5i
    @user-eu7ls8cb5i 4 роки тому +26

    Сырымбек мырза тау десе тауго. Сабырлы, мейрімді, стратег мыкты азамат екеніне көзім жетті таудай алып түлға болып дами беріңіз.

  • @user-ue4kk7fh8p
    @user-ue4kk7fh8p 3 роки тому +16

    Нагыз депутат болатын жигит, коп рахмет разы болдым! Оркенин осин.

  • @user-hm1cy3df9h
    @user-hm1cy3df9h 4 роки тому +6

    Сырымбек Тау мырза шынымен аты затына сай Тау қозғалмаса қозғалмайтын байсалды мінезі бар, айналасына қарасқан, жан-жағымен санасқан "Таудай" көрінетін кәсіпкер! Жүзі нұрлы, керемет энергетикасы бар иманды азамат! Ләйім Алла кәсібіне береке берсін! Рухты, жанға жағымды, инсайдтқа толы Тамаша сұхбат болды! Бақытбай бауырым саған сәттілік тілеймін! Дұрыс қойылған сұрақ жауаптың жартысы дейді ғой! Сұхбаттасушыны ұтымды, ойлы сұрақтармен "аша білуде" өнер! Заманауи кәсібіңнің бәріне сәттілік тіледім!✊👍👏
    Алла жар болсын!🤲
    Әссәляму'әлейкум🤝

  • @user-vl2su9iv6i
    @user-vl2su9iv6i 4 роки тому +37

    Керемет сұхбат болды.Сырымбек мырзаға үлкен рахмет.Өз елімнен не алам деп емес не берем деген азаматтар көп болсын.

    • @aruzhanmede6644
      @aruzhanmede6644 3 роки тому +1

      Оте кишипейил мейиримди казак десе буйреги бурип

  • @user-xi4cg6hu1d
    @user-xi4cg6hu1d 26 днів тому

    Маладес, алақай Сырымбек! Жақсы ұйге келып бизнесті ұстап тұрғаныңыз! Манголияда қалған қазақ жолдас, жақындарынды ұйге тартып жұмыспен қамтамасыз ету қолыңыздан келеді.Тағыда қазақты ұйге экелыңыз! Санымыз көбею берсын! Сыздын қолыныздан осындай келеды! Бір 100 қазақты қайтарсанызшы!🙂🤗🤫🫡💯👏👏👏🐆🐎🇰🇿

  • @user-gb4ir1hk6f
    @user-gb4ir1hk6f 3 роки тому +9

    Білімді, рухани бай, сабырлы азамат екен. Әр қазақ баласы осындай болсын.... Қазақ қазақты көтерсін...

  • @KASAA4364
    @KASAA4364 Місяць тому

    Сырымбек Тау адамгершілігі бар, жақсы тәрбие көрген керемет тұлға!!!🎉🎉🎉

  • @user-rp9zv9vu8r
    @user-rp9zv9vu8r 3 роки тому +8

    Кандай акылды жыгыт Алла колдасын Осындай жыгыттерымыз Укымет басына келсыншы Отыныш

  • @SomebodyKkulbaev-ns9hv
    @SomebodyKkulbaev-ns9hv 8 місяців тому +2

    Сырымбек тау десе дегендей азамат. Билік басына осындай азаматтар бару керек

  • @user-xg9qj1oi3g
    @user-xg9qj1oi3g 2 роки тому +5

    Оте Акылды Нагыз Мыкты Азамат! Нагыз стратег, елин ойлайтын, жерин ойлайтын, озгелердин камын ойлайтын нагыз Дана Тулга. Озим Гана болсам демей, баскаларда болсын, жастарда Алга талпынсын, елимиз дамысын деген адал ниети ар айткан создеринен байкалады. Окинишке Орай казир казак елимиздин коп ер адамдары, осекке баскада жагымсыз истерге жакын. Осы Сырымбек агадан кобиси улги алып жаксы Жака карай озгерер деп сенемин. Жаксынын жаксылыгын айт демекши, бул Сырымбек ага Казак елине жанашыр , адал санаулы азаматтардын Бири деп билемин. Жастар осы кисиге карап , Алга умтылса екен.

  • @meiirbek_zholaman
    @meiirbek_zholaman 4 роки тому +21

    🤝Ассалаумағалейкум Бақытбай мырза! Сырымбек Тау ағамен жасаған сұхбатыңыз өте керемет болды. Сұрақтарды өте нақты қойдыңыз👌. Сіздің бұл жобаңыз кәсіп жасауға қызыққан көптеген жас буынға үлкен үлгі және сауапты іс. Бұл сұхбаттан түсінген 15 инсайтым🔥:
    1. Саланы жақсы көргеннен сатуды одан да қатты жақсы көру керексің.
    2. Тәуекелге бел байлау керек. 5 мемлекетті аралап, барып келуің кей нәрселерден анағұрлым артығырақ.
    3. Ортадағы посредниктен емес, тікелей байланыс жасап, сауда жасаған кезде максимальды пайда табуға болады және бәсекелестерден оқ бойы озық тұрасың🔝.
    4. Негатив қолбостықтан шығады. Қол бос болмау үшін кітап оқу керек немесе спортпен шұғылдану керек.
    5. Сатудағы ұяңдықтан арылу үшін "сетевой маркетингте" 1-2 жылдай жұмыс жасау керек.💯
    6. Әлемдік тұлғалардың қалай мықты болғандығын зерттеу. Биографиясымен жақынырақ танысып, қателіктерінен сабақ алу керек.
    7. Нағыз бизнесменде не уақыт болмайды, не ақша болмайды. Кәсіпкер уақытын дамуға жұмсайды. Ақшасын келесі бизнесін дамытуға жұмсайды.
    8. Магазиннің адресін емес, брендін дамыту керек. Бренд әр түрлі каналдан танылуы керек.📊
    9. Жақсы нәрсеге үйренгеннен кейін төменге түсу қиын болады.
    10. Алла адамға жұмыр басты жақсылық ойласын деп берген. Жақсы нәрсе ойласаң нәтижең де жақсы болады.💡
    11. Әр компанияда бір бренд болуы керек. Бренд, ол-мотор.
    12. Сапалы нәрсе жаса! Бетің қызармай жарнамала!✨
    13. Кәсіп маңызды ма? Кәсіпкер маңызды ма? Кәсіпкер тек өзіңе ұнаған кәсібімен ғана жоғары жетістікке жете алады. Кәсіп ұнамаса жек көріп көпке шыдай алмайды.
    14. Қамшылап отырмасаң арба да жүрмейді. Жұмыс уақытында міндетті түрде қаталдық болады.
    15. Тағдырды адам өз қолымен жасайды. Алда сені не күтіп тұрғанын білмегендіктен, потенциалыңды шығарып әрекет етуің керек.🚀

    • @bekzatsagat5609
      @bekzatsagat5609 4 роки тому +1

      Реально Красавчик, бауырым 🔥

    • @meiirbek_zholaman
      @meiirbek_zholaman 4 роки тому

      Почему бы И нет Рахмет бауырым👍✊

  • @user-tt2tg3wg9m
    @user-tt2tg3wg9m 3 роки тому +8

    Сырымбек керемет саналы азамат👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻

  • @irakaderova5311
    @irakaderova5311 3 роки тому +3

    Бар сырын ашқан Сырымбекке рахмет ниетің жолдасың деген аман жүр

  • @user-nw3db3kq8l
    @user-nw3db3kq8l 3 роки тому +4

    Сырымбек бауырымыз оте беделды бола тура оте карапайым, мейрамды азамат екен, турынен корынып тур, куаныштымын. Сырысбекты 3 ак кун болды таныгалы Ютубе. Бул кысыдей унемдеп сауда саттыкта журген кысылер коп, бырак ол кысылер Сырым сиякты алы ашылмаган, коп нарсены кормеген, коркак, Сырым агамыздын сырын алы сыныре алмадым, катты толкудамын, таныркап, балкым бызде алы кулдык сана шыгар алы, баска елден келген кандастарымызда ондай жок сиякты. Рахмет!

  • @user-zq2ns2gk4i
    @user-zq2ns2gk4i 4 роки тому +7

    Аллах халқымызға аманшылықты сабырлылық күш қуат нәсіп етсін.
    Кәсібі барларға Аллах берекесін арттырсын.
    Кәсіп бастағысы келіп жүргендерге Аллах нәсіп етсін.
    Біздер ҚАЗАҚТАР ешкімнен кем емеспіз тек алға.

  • @islamyersultan
    @islamyersultan 7 місяців тому +2

    Магистратураны оқығанша, бес мемлекетке барып қайтқан әлдеқайда пайдалы. Барлығымызға мейірім керек. Мейірім болмаса, ештеңе болмайды деген әңгімесі керемет екен. Кәсіпкер деген елге пайдасын тигізу керек. Ондай болмаса ол кәсіпкер емес. Супер

  • @user-nw9ms6rp8l
    @user-nw9ms6rp8l 4 роки тому +3

    Осы уақытқа дейін Сырымбек Тау ағамыз жайлы көп ақпарат біле бермейтін едім. Бәке, өзіңіздің арқаңызда осындай тұлғаны жақыннан білдім, таныдым. Сонымен қатар сол тұлғаның қазіргі таңдағы Қазақстандық және әлемдік проблемаларға деген субъективті көз қарасын тыңдап, өзімнің ойымды, көз қарасымды қалыптастыруға ықпал етті десемде болады. Осы сұхбат барысында, Сырымбек Тау ағамыздың қандай патриот, еліміздің жанашыры екенін анық байқауға болады. Осындай елін сүйген, елі сүйген тұлғалар, ағалар көп болса, қазағымның болшағы зор боларына сенімдімін.
    Сізді(Бақытбай мырза) және Сырымбек Тау ағамызды, 21 ғасырдың заманауи кәсіпкері ғана емес, 21 ғасырдың зиялылары, ұлтжандылары десем артық айтқаным емес деп білемін.

  • @user-bq8ol1lk1j
    @user-bq8ol1lk1j 4 роки тому +6

    Қазақтың мықты жігіттері жарайсыздар.Өте қызықты сұхбат болды.Тыңдадым және өзіме қажет жерлері көп болды.Қолынан іс келетін адамдардан үлгі аламын.

  • @guldanaturlybaeva7755
    @guldanaturlybaeva7755 Рік тому +2

    Қандай керемет азамат!Өркенің өсе берсін.Тек алға!

  • @eleusinibragimov944
    @eleusinibragimov944 4 роки тому +6

    Кәсіпкерде таудай талап болу үшін, Сырымбектей сабыр керек.

  • @sandygul5059
    @sandygul5059 2 роки тому +2

    Сырымбек Тау кеңпейіл, ақылды, Қазағым деп ойлайтын ұлтжанды адам екен, осы кісі сияқты басқа бизнесмендер білімімен бөліспейді ғой. Рахмет Сізге Сырымбек Тау мырза! Осы кісі сияқты Қазақ жастары еңбекқор, бизнеске икемді болса екен!

  • @saltannan
    @saltannan 4 роки тому +8

    Сырымбек сияқты жігіттер ді билік бастарын пайдалану керек, төменнен көке- жәкесіз көтерілу екінің бірінің қолынан келмейді. Ұлтты ойлайтын азаматтар аман болсын!

  • @user-ju6fm7cy5x
    @user-ju6fm7cy5x 3 роки тому +2

    Керемет киси Сырымбек Ага!Алла исинизге береке берсин!

  • @eseibainurbolat136
    @eseibainurbolat136 3 роки тому +1

    Міне нағыз бизнес саласының үздігі. Мен өзім сырым ағаның жақсылыққа жақын жанашыр жан екенін карантин уакытында білген едим. Бирақ мұндай ақылға бай, сөзге шешен адам екендигин байқамаптым. Өз заманына сай кәсібімен нәсібін қатар алып жүрген нар тұлға ер жүрек азамат десек артық болмас. Осындай тыңдап рухың оянатын шабытыңа күш қосып, нәр беретин сұхбаттар көп бола берсин. Биздей жас буын сиздерге қарап бой түзейтін боламыз.
    Елим дейтін ер жүрек ерлер көп болсын!

  • @user-qg7qw2uy6y
    @user-qg7qw2uy6y 4 роки тому +1

    Сырымбек Тау ағамызбен болған сұхбат салиқалы, салмақты өтті. Өмір жолы, кәсібі үлгі аларлық. Тау ағамның алар шыңдары таусылмасын! Карантиннің кәрінен, ысырапшылдықтың ығынан, брендтің бұғуынан сақтасын! Сұхбаттың басы мен аяғын, шырағы мен алауын келтіріп отырған Бақытбайдың бағы бес елі болсын! Келісті сұхбат.

  • @user-kj4xv1cj6u
    @user-kj4xv1cj6u Рік тому +1

    Мықты азамат!

  • @user-ml7nh1fm4v
    @user-ml7nh1fm4v 3 роки тому +2

    Өте орынды сұхбат болды
    3 факторға маңызды тоқталды
    1 Елімізде өз ұлтымыз бизнес иесі болса екен деген тұжырым
    2 Ел үшін көмек қолын созып,ел болашағы үшін қам жегені
    3 Кәсіпкер шет елде күнге қыздырып дем алу емес, тікелей келісім шарт жасап сол елдің сапалы өнімімен танысу.
    Командамен жұмыс жасау.
    Үнемділік баршамызға қажет қасиет екенін жеткізді!
    Рахмет бауырымызға еңбегің жансын!

  • @bahtwoman5427
    @bahtwoman5427 2 роки тому +1

    Аман бол, Сырымбек інім😍

  • @NurzhigitZhamalov
    @NurzhigitZhamalov 2 роки тому +2

    Сырымбек Аллаһ сізге разы болсын 👍🏻
    Сіздей ТҰЛҒА адамдар көп болсын

  • @user-bm8sq9tf7k
    @user-bm8sq9tf7k 5 місяців тому +1

    Сырымбек аға. Керемет. Жаксы. Айтыңыз. 👍👍👍👍👍👍👍

  • @user-mw6dm4hq5e
    @user-mw6dm4hq5e 24 дні тому

    Осындаи. Азаматтарымыз. Коп болып. Казахстан. Елимиздин. Жагдаиы. Жаксара. Берсин

  • @madinaabibulla9153
    @madinaabibulla9153 4 роки тому +7

    Жылкы ишинде жуйрик коп казанаты бир болек,Ел ишинде жигит коп азаматы бир болек деген макал бар. Сиздер сиякты азаматтар кобейе берсин. Бугинги сухбаттан оте коп билим,кажетти дуние алдым озиме. Алла истеринизге береке берсин.

  • @user-rk9uo7er4q
    @user-rk9uo7er4q 4 роки тому +3

    Мына кісіні бірінші рет көріп отырмын.Тəнті болдым біліміне,көрегендігіне.Алла разы болсын 🔥🔥🔥🔥🔥🔥👏👏👏👏👏👏

  • @ganiaubakir7171
    @ganiaubakir7171 4 роки тому +1

    Саналы, сапалы, өзекті сухбаттардын бірі болды! Шынайы іліп алар пайдалы өсиеттер мен кеңестер, көре білсең көп-ақ, әрбір сөз жай тілден емес, жүрек түкірінен жүрекке жетіп жатыр! Заманауи "жан мен кәсіпкердің" үйлесіміне тәнті болдық! Үлгі алып, ұқсауға барынша харекет керек! Адалдығы, әділдігі, мейірімі үшін үлкен алғыс!!!✊ Алладан кайтсын! 🤲

  • @user-kz1ku3zn9d
    @user-kz1ku3zn9d 5 місяців тому +1

    Сырымбек мырза🔥😍

  • @user-vp7hf8wu8w
    @user-vp7hf8wu8w 3 роки тому +2

    Ассалаумагалейкум Сырымбек ага сизге алла тагала узак гумыр берсин. Сиздей азаматтар кобейе бергей.

  • @amanzhollmukhtar1782
    @amanzhollmukhtar1782 4 роки тому +15

    Сұхбатты бір деммен қарап шықтым,өте қызықты пайдалы болды.
    Сырымбек мырза ақылды,терең ойлайтын кісі екен.
    "Дүкеннің адресін емес, брендін таныту керек" деген керемет инсайт алдым.

  • @user-ow7gr1ox7u
    @user-ow7gr1ox7u 3 роки тому +2

    Өркендерің өссін шіркінаи жастардың бәрі сендердеи білімді сабырлы болсағои еңбектерің жансын

  • @user-zp3fh1vx5j
    @user-zp3fh1vx5j 3 роки тому +3

    Сырымбек Тау Алла разы болсын!

  • @user-eq6ss8im7l
    @user-eq6ss8im7l 4 роки тому +6

    Сырым мырза, сәттілік сізге

  • @Bake007
    @Bake007 4 роки тому +3

    Сырымбек мырза қоғамдағы болып жатқан жағдайды жеткізе білді. Бақытбай каналыңыз дами берсін.

  • @user-fk7cr1ni4h
    @user-fk7cr1ni4h 4 роки тому +2

    Сырым аға енді еліміздің өнімдерін пайдаланып шиналар шығаратын дөңгелек зауытын шығарып көрсе деген ойым бар. Әрине оңай емес дегемен жасап кетсе біраз адамға жұмыс болар еді. Бір қорқыныш өзіміздің тұтынушылар "өййй қазақский шиналар нашар екені көрініп тұр" деген өте сапасызға түсіп кетпесе екен деген ой.

  • @user-mb7wt2yv1i
    @user-mb7wt2yv1i 4 роки тому +3

    Қазіргі уақытта осындай жағдайда осылай қазақ халқына қол ұшын созып жүрген ағаларымыз аман болсын .21 ғасырда интернет арқылы халыққа бизнес туралы түрлі идеялар жеткізіп және көптеген курстар өткізіп сонымен қатар әр елден экспорт ка шыққан заттарды халыққа ұсынып журген олар сіздерсіздер 😊👍

  • @user-ek6dw1iv1h
    @user-ek6dw1iv1h 11 днів тому

    Оте керемет, магналы сухбат болды, рахмеет сиздерге, озим касипкер емеспин, бирак Сырымбек мырзанын создери бираз тындаушыларга керемет адис алу сабак болды деп есептеймин.

  • @user-xg9qj1oi3g
    @user-xg9qj1oi3g 2 роки тому +1

    Сырымбек агадай ер-азаматтардын биздин елимизде болганына оте Куанып отырмын. Маселе бул Кисинин бизнесмен болганында емес, бул Кисинин нагыз ер -азаматтык касиеттеринин, нагыз акылыные бар екенин ар созинен байкадым . Нагыз Казактын ер-азаматтарына улги болатын Азамат! Сондай керемет тарбие Берген Ата-Ананызга мын алгыс . Сиздей ер адамдар казак елимизде коп болса, елимиз Оркениетти мыкты елге айналар еди.

  • @user-hc1gq9vy7u
    @user-hc1gq9vy7u 4 роки тому +3

    Алла разы болсын! Қаншама адамдарға кәсіп бастауына бір ықпал болып жатыр. Алла қаласа біздерде әлемдік нарықта ататын адамдардан болайық✊

  • @user-br5qz5rn1b
    @user-br5qz5rn1b 3 роки тому +2

    Сырым ага керемет касипкер екен!маган бир унаганы жас болсада жан жакты билимды жане де карапайым. Нагыз улгы тутатын азамат ризамын, уйренетины коп.

  • @nursultantursinbaev8650
    @nursultantursinbaev8650 2 роки тому +2

    Сырымбек аға қай жерде сұхбат берсе бәрі қызықты бәрі асыл сөздер жүрекке жетеді

  • @user-ou7zc7rl7l
    @user-ou7zc7rl7l 3 роки тому +1

    Алла разы болсын оте керемет адам екен

  • @user-ij1rn6lc5n
    @user-ij1rn6lc5n 3 роки тому +1

    Ассаллаумагаликум Керемет сухбат Алла разы болсын

  • @bagiongariya3350
    @bagiongariya3350 3 роки тому +1

    Бәрін сатып алсанда білімді тәжирбиеді сатып ала алмайсын деген осы шығар, енді нағыз білімді ұлтшыл тұлға екен Сырымбек ағамыз, осындай мықты азаматтар көп болсын!

  • @user-jr4cg6de4n
    @user-jr4cg6de4n Рік тому

    Рахмет балам. Алла разы болсын 🙏

  • @user-rc4fi2lk5h
    @user-rc4fi2lk5h 4 роки тому +3

    Сырымбек аға жаксы киси екен оте шынайы адам сұхбат өте жаксы болды Баке токтаманыз каралым аз болсада коп комеги тиеди сапалы корермендериниз бар екенин умытпаныз!!!

  • @samgatrysbek3675
    @samgatrysbek3675 4 місяці тому

    Керемет жігіт👍👍👍

  • @user-hx4jy8om7c
    @user-hx4jy8om7c 3 роки тому +1

    Нағыз қазақ нағыз мусылманның сипаттары бар адам екен,көп пайда алдық бай болсақ осындай адам бодайық!

  • @magzomurazaev7564
    @magzomurazaev7564 3 роки тому +1

    Бауырым азамат адам екенсің,жақсы адамды сөзінен таны деген неше тіл білесіз,Алла өзі жар болсын

  • @JASTALANT-YOUNGTALENTKZ
    @JASTALANT-YOUNGTALENTKZ 4 роки тому

    Өте мағыналы да мәнді сұхбат өрбіді. Жаңа заманның тетігі - бизнес мәселесі, берік діңгегіміз - тәрбие мәселесі: мейірімділік пен қайырымдылық, тіпті кенеттен келетін карантин, дағдарыс мәселесі де орынды көтерілгені көңілге сеп. Өздеріңіздей ұлтымыздың локомотивтері - Дара тұлғалардан телегей-теңіз пайда мол халыққа. Сол топтың ішінде өзімнің де жүргенім - мен үшін зор бақыт! Аман болыңыздар! Аллаға - аманат!

  • @user-vv1gi8uy4d
    @user-vv1gi8uy4d 4 роки тому +2

    Бұл Сырымбек ағамен жасалған шығарылым көңілімнен шықты. Заманауи кәсіпкер бағдарламасы тек қана жас кәсіпкерлерді емес, барша қазақ жастарын тәрбиелейді деп түсіндім. Жасым 16 да болса да, осы сұхбаттан түйгенім көп. Сабырлы болсан ісін алға басады, басты миссияларымыздың бірі қоғамға пайдамыз тиюі, қолымыздағы дүниені ысырапшылыққа емес, үнемдеуге, жақсылық жасауға жұмсауымыз керек екенін түсіндім. Бақытбай мен Сырымбек ағама осындай керемет сұхбат үшін шын алғысымды білдіремін✊

  • @user-wh5rs2ud9b
    @user-wh5rs2ud9b Рік тому

    АССАЛАУМАҒАЛЕЙКУМ АЛЛАННЫН НУРЫ ЖАУСЫН

  • @akmaralalenova8227
    @akmaralalenova8227 4 роки тому +1

    Кандай керемет 👍👍👍🙏🙏🙏🙏🙏

  • @erbolatjiger8522
    @erbolatjiger8522 3 роки тому +1

    Керемет сұхбат👍👍

  • @Talgar_man
    @Talgar_man 4 роки тому

    Сырымбек аға туралы білмеген көп нәрселерді осы сұхбатта білдім.Сырымбек ағамыз өзі айтпақшы біз шынымен подписчикпен бағалаймыз.Шынымды айтсам бұрын қатты мән беріп былай Сырымбек аға туралы қарамайтынмын.Осы сұхбаттан кейін қандай адам екенін түсіндім.Мыңнан бір туар адамдардың біріндей екен.Біршама пайдалы нәрселер алдым,біршама нәрселерді түсіндім. Енді соларды өмірде қолдансам оданда керемет болар еді. Сырымбек ағамыз Илон Макс туралы айтты.Мен өзім былай ойлаймын.Бізде ондай адамдар бар қазақтарда.Біреуді емес өзімізді мысалға алатын болсам.Бір нәрсе бастайын деп ниеттеніп мотивациясымен жүргенде ортамыз жақындарымыз әп сәтте бүкіл құлшынысты өшіріп салады.Ой таста қайтесің алдында ана Мараттың ағасы істеген көршінің туысы бүйткен дым пайда жоқ. Оданша тұрақты жұмысқа кіріп ал.Ол жүрмей қалса қайтесің уақытың бос кетеді деп сені сөндіріп салады.Ал Америкада қалай киноларын қарасақ былайда байқалады біреу бірдеме бастайын десе бәрі қолдап бро сенің қолыңнан келеді сен мықтысың деп мотивация берет. Бізде мотивация жұрттың баласы деген сөз ғой😂. Жалпы ой санамызға өзгеріс керек деп ойлаймын.
    Жалпы Сырымбек ағаларымыз сияқты қазақтың мықты жігіттерімен сөйлесіп араласып білім үйреніп кәсіп істегім келеді. Бірақ деп айтқанның өзі сылтау болар. Бірақ сол өз ортамнан аса алмаймын.

  • @Batyr-nur
    @Batyr-nur 3 роки тому +1

    Керемет сухбат

  • @user-wj8bh8kc4e
    @user-wj8bh8kc4e 3 роки тому +1

    Алланың нұры жаусын!
    Тәлім алатын дүние екен!
    Сырым мырзаны енді танып жатырмын. Қазақ елінде Ер Азаматтар өсіп дами берсін! Елімізді рухани материалдық жағынан көтеретін Азаматтар тола берсін!

  • @user-tr6pc7tk9p
    @user-tr6pc7tk9p 4 роки тому +1

    Алла разы болсын! Тау Сырым мырзаның сөздері жүрекке жылулық, үміт сыйлайды екен, өсіп, өне берсін! Бақытбай мырза сізге де табыс тілеймін! 👍🏻👏🏻

  • @nurik7058
    @nurik7058 3 роки тому +2

    Өте маңызды сұхбат.👍

  • @user-vp2qc4qw7u
    @user-vp2qc4qw7u 2 роки тому

    Кандай керемет акылды адам

  • @guldanaserikovna9206
    @guldanaserikovna9206 4 роки тому +3

    Керемет үлкен рахмет😍👍

  • @user-vq8lq4hb6c
    @user-vq8lq4hb6c 4 роки тому

    Бəрін айтта бірін айт.
    Бұл сұхбат ең бірінші əрбір қазақ үшін сарқылмас азық болатыны анық. Еліміздің болашағының алдағы уақытта қайда бет аларын бііліп шырылдап айтқан ақылын іске айналдыру біздің мақсатымыз. Бизнес бұл тəуелсіз болу елімізді дамытуға үлес қосу деп білемін . Əрине сөзіміз ісімізге сай болғаны дұрыс.. Сырымбек ағамыз бизнесті басқарып жүргізудің озық үлгісін көрсетіп жүрген озық ойлы ел азаматы. Ал Бақтыбай ағамыздың осындай сұхбатты ұйымдастырып осындай сапалы контент сыйлағаныңызға үлкен рахмет . Жұмыста табысты болыңыз.

  • @user-ph6wl6nc2w
    @user-ph6wl6nc2w 3 роки тому +3

    Алла разы болсын! Сырымбек бир видеога сыйдырып айтканына риза болдым.Бойдак жайлы,уйде тирлик жасамай бос ангиме жайлы,барлыгы туралы накты сухбатына Ракмет!

  • @bakdauletsansyzbai19
    @bakdauletsansyzbai19 4 роки тому +1

    Сырымбек ағаның данагөйлігі өте жоғарғы деңгейде екенін білдім. Бизнес туралы ойымды да омірге деген көз қарасымды да жаңаша деңгейге жеткізіп тастады. Бұл кісіден тәрбие алған шәкірттерде мықты болатынын түсіндім. Болашақта осы кісінің шәкірті болсам деген мақсат қойдым алдыма.

  • @user-qj4gf6ox2l
    @user-qj4gf6ox2l 3 роки тому +1

    Осы кісілердің сабагын оқыгым келіп жүр

  • @bakytbay_sabyrbekov
    @bakytbay_sabyrbekov  4 роки тому +18

    Бүгінгі шығарылымда:
    02:53 Сату - өнер
    06:40 Саланы жақсы көргеннен сатуды да жақсы көру керексің
    13:53 Тәуекелге бел байлау керек
    19:54 Қалай тұлға болды деп зерттемейміз
    22:09 Проектілерге көңіл бөлетін заман келді
    23:59 Аузы күйген үрлеп ішеді
    25:03 Нағыз бизнесменде не уақыт болмайды, не ақша болмайды
    32:11 Үнемдеу керек
    33:01 Магазиннің адресін емес, брендін таныту керек
    34:12 Тіл - мамандық емес
    39:33 Бастысы көңілде
    55:39 Еркектер отырып, өсек айтатынға жетті
    56:06 Негатив қолбостықтан шығады
    01:01:46 Әр компанияда бір бренд болу керек
    01:02:27 1.000.000$ бар адам мен 10.000.000$ бар адамның аса айырмашылығы жоқ
    01:07:09 Әрбір жұмысшының жұмысын істей алуым керек
    01:14:11 Қамшылап отырмасаң, арба да жүрмейді
    01:14:37 Артқы жағың тыныш болса, алдыға шабасын
    01:16:36 Дұрыс қыз жоқ емес, өзің дұрыс емессің

  • @user-zv7mf7eu2v
    @user-zv7mf7eu2v 3 роки тому +1

    Алла разы болсын ерекше адам ғой 👍👍👍

  • @user-yu8qv2wv6i
    @user-yu8qv2wv6i 4 роки тому +1

    Керемет сұқпат болды..бір орында жылжымай отырып көрдім. Өте пайдалы, құнды ақпараттар, кеңестермен бөліскен Сырымбек мырзаға және Осындай мықты кісімен сұқпат жүргізіп, онлайн түрде халыққа ұсынып отырған Бақытбай мырза сізге мың алғыс! Аллах істеріңізге берекесін берсін, осындай бізге берер пайдалы дүниелеріңіз көп болсын! Шын жүректен сәттілік тілеймін!👍👏

  • @user-ws7rr6rc4h
    @user-ws7rr6rc4h 4 роки тому +3

    Бактыбай мырза осындай жоба шыгарганызга улкен алгыс! Казыр практикумда окып жатырмын. Казак жастарына берериниз мол азаматсыз! Рахмет сизге!

  • @azimnurbergen2014
    @azimnurbergen2014 4 роки тому

    Ассалаумағалейкум, жалпы жастар үшін үйреніп, ойына тоқып алатыны көп болатындай жоғары дәрежедегі мағыналы сұрақ-жауаптарға толы әдемі сұхбат өтті. Интервью кезінде қайта қайта бөле бермей, керісінше келген қонаққа мәнді сұрақтар қойып, жастар үшін тағылымы мол сұхбат болды. Сырымбек ағамыз айтқандай, егер біз еліміз бізге не берді деп емес, мен өз еліме не бере аламын деп өмір сүрсе, біздің дамуымыз әлдеқайда алда болушы еді. Сондай-ақ, кәсібін бастағысы және дамыта алмай жүргендерге өте орынды кеңестер берілді. Бойдақтарды үйлендіруге арналған заң қабылданса, жастарымыздың жауапкершілігі артып, өз эгосын отбасы жағдайына алмастыра алушы болатын еді... Сұхбаттың соңында өте орынды кеңес айтылды. Біз өзімізде жоқ нәрсені шығармай тұрып, өзімізде молынан табылатын азық-түлік бойынша алға жылжуымыз шарт болып отыр.

  • @user-ie9vx8eo7v
    @user-ie9vx8eo7v 4 роки тому

    Сырымбек Тау мырза сияқты бизнестен, экономикадан білімі мен тәжірибесі бар, ұлтжанды, рухты жастар көп болсын! Бақытбай мырза шақырған қонағыңызбен болған тұщымды сұқбат өте керемет әсерлі болды. Жақсымен өткізген бір сағатың, жаманның өтіп кеткен өміріндей демекші нар тұлғалы ел ағаларымыз аман болсын!

  • @user-fb5jy7cr7u
    @user-fb5jy7cr7u 4 роки тому +1

    Шыныменде оте ашык ага екен. Осындай состояниесимен, карапайым Болу деген миллион бир адам шгар. Тындаган адамга оте коп пайдалы кенес берди. Адамнын ойлау кабылетин арттыру, алемдик денгейге умтылуга подсказка берди

  • @user-jm9ws9nx8g
    @user-jm9ws9nx8g 3 роки тому

    Керемет сұхбат болды аманбол Сырым бауырым Алла тіл көзден сақтасын

  • @UserUser-cy1ol
    @UserUser-cy1ol 3 роки тому

    Сырым аға сұқпатыңыз ұнады.Жерлес екенсіз бірақта қазір осында тұрамын.Алла ісіңізге береке берсін.Аман жүріңіз, мен осындай ағаларыммен мақтанам.

  • @yerzhankurmangaliyev7003
    @yerzhankurmangaliyev7003 4 роки тому

    Сырымбет аға, бастаған ісіңізге Алла береке берсін. Керемет бір мотивация беретін жоғары сападағы сұхбат болды. Елбасымыз айтқандай, қазіргі технологияның заманыңда той тойлап, билеп, өлең айтқанымызға мәз болмай ойланатын уақыт келді. Сіздің бастаған ісіңіз қазіргі жас буын үшін берері мол, елміздің дамуына үлесі көп керемет дүние. Ұйықтап жатпай, оянатын уақыт келді Қазағым! Болашақ жастардың қолында. Тек алға баса беріңіз !

  • @user-zq8iv8in7m
    @user-zq8iv8in7m 4 роки тому

    Рахмет өте пайдалы сұхбат 👏👍

  • @user-nb1tg7xm8d
    @user-nb1tg7xm8d 4 роки тому +2

    керемет сұхбат👏

  • @sanzharkalibekov3262
    @sanzharkalibekov3262 4 роки тому

    Әр кез жаңа бірдеңе білген сайын, ештеңе білмейтініме көзім жетеді. Өте керемет сұхбат болды. Осындай елім деген азаматтар көп болсын. Әңгіме алған білімде емес, сол білімді дұрыс пайдалана білуде деген мақал осы кісіге саяды. Осындай елім деген азаматтарды көрген сайын, біздің де патриоттығымыз артады. Рахмет көп көп!👍

  • @sakenabdurahim
    @sakenabdurahim 4 роки тому +2

    керемет сұқбат, сұрақтарда орынды 👍

  • @user-sf8xt1ig4j
    @user-sf8xt1ig4j 4 роки тому +2

    Өте керемет шығарылым болды

  • @user-hc9ov3zo4f
    @user-hc9ov3zo4f 3 роки тому

    Өте мәнді де, сәнді әңгіме болды, Алла разы болсын!

  • @user-yw5gu5rw6x
    @user-yw5gu5rw6x 4 роки тому +1

    Мықты, пайдалы сұхбат болды.

  • @user-pj7dh4qb6g
    @user-pj7dh4qb6g 4 роки тому +1

    Ассалаумағалейкум. О керемет сұқпат болды. Сырымбек ағаның оиы керемет екен,жастарды жалпы халықты ойлды екен.
    Бизнесті қалай бастау керек және оны қалай жүргізу керек екенің айтты өзіме керекті ақпаратты алдым.
    Ақша үшін емес халыққа пайдам десін деп бизнеспен айналысыу керек.

  • @user-md8cz8mt1w
    @user-md8cz8mt1w 4 роки тому +2

    Керемет сұхбат болды👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻

  • @kairkhanuly01
    @kairkhanuly01 4 роки тому +3

    Өте мықты шығарылым болды !)

  • @user-nc7dl4vp2j
    @user-nc7dl4vp2j 4 роки тому +1

    Керемет сұхбат, өте керемет 👍

  • @user-vd5ur2vf7q
    @user-vd5ur2vf7q 4 роки тому

    Осындай заманауи кәсіпкерлер мен каналдар көбейіп, кең де ауқымды тақырыптар айтылғанына қуаныштымын. Өздерінің кәсіптері мен жеке өміріндегі өткізген қиындықтарын айта отырып, өзгеге сабақ болып, екі ойдың арасында жүрген азаматтарға мотивация беріп жатқаны өте керемет. Жас кәсіпкерлер мен кәсіптің шыңына жете білген азаматтардың арасында, сондай-ақ өскелең ұрпаққа тәрбие де беретін осындай каналға үлкен алғыс. Келесі сұхбаттарыңызды асыға күтеміз.

  • @nursultanazhimurat6333
    @nursultanazhimurat6333 4 роки тому

    Керемет сұхбат болыпты, тамаша!!

  • @ersulll8707
    @ersulll8707 4 роки тому

    Оте пайдалы сухбат болды🙌