Қазақ тілді контентте бос кеңістік көп
Вставка
- Опубліковано 8 лют 2025
- «Ғылым - 2.0» подкастының бұл шығарылымында спикерлер қазақ тілді контент жайын тілге етеді. Ғылыми құбылыстар мен ақпаратты, тарихты және т.б. тақырыпты қазақ тілді аудиторияға жеңіл әрі қарапайым тілде жеткізу жайы сөз болады. Сонымен қатар әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарға деген қоғам көзқарасы және ондағы өзекті мәселелер мен оның қоғамға әсері талқыланады.
Спикерлер:
Мейірман Саматұлы - тарихшы, блогер. «Tarih-Marih» youtube-арнасының авторы. Мемлекеттік тіл, мәдениет және әдебиет бағытында нақты деректермен оқырман талғамына сай сауатты контент әзірлейді.
Бейбарыс Сейтақ - «Kazakh Bubble» парақшасының жетекшісі, блогер. Қазақ тілі туралы түрлі формада қызықты контент әзірлейтін контент-мейкер.
00:07 - Кіріспе
00:20 - Қонақтарды таныстыру
02:10 - «Tarih-Marih» платформасы жайлы
04:57 - Салалық терминдерді аударудағы үлкен мәселе
06:07 - Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың міндеті не?
07:10 - Лингвистика саласында фейк ақпарат көп.
07:50 - Ғаламшар мәңгілікке өзгерді.
09:07 - Ауыл баласы ЖОО-ның техникалық саласына түскенде, энергиясы ғылымды тануға емес, тіл тануға кетеді.
11:35 - Технологияны қолдану мәдениеті - әлеуметтік ғылым мәселесі.
12:38 - Тіл - идеяның, ойдың үйі.
13:25 - Тіл ғылым мен мәдениетті қалыптастыра алмаса, ол үлкен қауіп алдында тұр деген сөз.
14:04 - Қазақ тілі - позициясы берік тілдер қатарында.
15:17 - Алдағы жүз жылда қазақ тілінің жойылу қаупі жоқ.
17:10 - Шона Смаханұлы Алматы қаласында 25 қазақ мектебін ашқан
17:35 - «Қазақ тілі ғылым тілі ме?» деген сұрақтың өзі қате
19:51 - Қаланың баласы қазақша контент өндіріп жүр.
22:38 - Қазақ тілінің ғылымдағы проблемасы не?
27:55 - «Кімдік» (Identity) ұғымы туралы
30:12 - Құлаққап - қате аударма.
31:40 - Әлеуметтік ғылымда міндетті түрде аударылуы тиіс сөздер
42:25 - Тіл - табиғи дамитын дүние.
48:45 - Қазақтілді оқырман көп.
50:34 - Тарих тек «соғыс тарихы» деп қабылданады.
52:50 - Қазақ тілі философия тілі бола алмай ма?
1:01:36 - Абайға орыс тілі легитимді болды.
01:06:05 - «Журналистиканы ағылшын тілінде оқытуға қарсымын!»
01:08:30 - Қазақ тілі әлемдік парадигмалармен қатар дамуы керек.
01:09:25 - 1960 жылдары Кеңес Одағы әлеуметтік ғылымдар тұрғысынан сауатсыз қалды.
01:11:45 - Тіл дегеніміз - саясат.
1:13:39 - Корей тілі қарқынды дамып келеді.
1:14:12 - Жастар жылдам ақша табуды ойлайды.
1:17:25 - Жастар күш білімде екенін жақсы біледі.
1:19:40 - Екі мыңыншы жылдары туған жастар - әмбебап.
Дұрыс айтасыңдар , қазақ тілін дамыту керек. Мен көп деген халық аралық терминдердің негізінде ТҮРКІ сөзі екенін байқап жүрмін.
Жүргізуші мырза сынды дұрыс қабылдай білсеңіз: өзіңіз көп сөйлеп жатырсыз! Сұрақты айналдырыып ұзағынан қоясыз. Ал қонақтар мықты маман екендігі көрініп тұр. Жалпы қазақша контент үшін үлкен рақмет
Керемет пікір таластар болып жатыр. Өкініш қазақтың көбі орыс сөзде қазақ түп тамырын танығысы келмейді, соны білсе, орысша оқымай да сол тілді қазақ тілі арқылы біліп отырар еді! Сол кезде шашылмай тек ағылшын тіліне күш салар еді!
Өте пайдалы тәлім беретін сұхбат.
Сәттілік!
Өте қуаныштымын! Ойлары керемет! Қорқынышым сейілді. Контент көбейту керек. Дүние тілі болуға мүмкіндігі бар. Осындай жастарымыз бар. Әрекет те бар екен. Тіл өзгереді. Егер өзгермеу керек дейтін қағиданы ұстанып, уайымдай берсек, Орхон жазбаларының тілі мен қазіргі қазақ тілінің арасы жер мен көктей ғой. Демек, өзгеру тән. Бірақ өзгерсе де, ол тілдің аты қазақ тілі болып қала бергенде ғана жаһандануда жойылмайды.
1:08:55 неге прОблема?