Ілімді ұлықтау 8. 6-бап: Ілім алуда пәндерді қамтып маңыздырағын алға тарту. Ұстаз: Омар Теміртас

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 18 січ 2023
  • Алтыншы негіз
    Ілім алуда пәндерді қамтып
    маңыздырағын алға тарту
    Расында, суреттің көркемдігі оның әрбір бөлігіне қарап, тамсану арқылы ұлғаяды және дәл солай әр бөліктерін байқамаудан оның көркемдігі кетеді. Білім де дәл солай. Ілімнің әрбір пәнін алып, олардан бір үлес алып қалса, ілім жолындағы иелігі кемелденеді.
    Ибн әл-Жәузи «Сойдуль-Хотыр» кітабында айтты: «Білімдерді жинақтау мақтаулы нәрсе болып табылады».
    Барлық пәннен тырысқайсың
    Үйренуге әрбір қырларын.
    Бекзат кісі тырысар әр-кез
    Білуге ғылым сырларын.
    Ұстаздарымыздың ұстазы болған Мухаммад ибн Маниғ "Иршад ат-Тулляб" атты кітабында былай деген: «Қадірлі кісіге ілім жолында, оған Құран мен сүннетті түсінуге көмектесетін қандай да болмасын білім түрін тастамағаны жөн. Әрине, егер ол өз бойынан сол ілімді ала алатындай күш сезінсе. Өзі білмейтін ілім түрін айыптап және ол ілімнің иесін менсінбеуге болмайды. Расында, бұл кемшілік, әрі үлкен айып. Ақылды кісі біліммен сөйлеп немесе даналықпен үндемегені жөн. Әйтпесе төменде келтірген кісілердің қатарынан болмақ.
    Өзі білмес ілімді сөккен Сәһл,
    Әрине оған итерген оны жәһл .
    Ойланса егер жек көрмес еді ілімді,
    Бірақ әрине жәһілдікке көну сәһл ».
    Екі асылға сүйену арқылы ілім пәндерін қамтуға болады.
    Біріншісі: Ең маңыздырағын алға тарту. Сондай, Раббысына құлшылық қылуда үйренушіге қажет болған пәндерді алға тарту. Имам Малик ибн Анас ілім талап ету жайлы сұралғанда, ол былай жауап берген болатын: «Жақсы, өте керемет. Бірақ, соның ішінде саған таңнан кеш батқанға дейін не қажет болатынына қара да, соған байлан».
    Әбу Убайда Мағмар ибн әл-Мусанна айтты: «Кімде-кім маңызды емес нәрсемен шұғылданса, маңыздысына зиян келтіреді».
    Маңыздысын әрдайым таңдай білгейсің!
    Ілім деген шексіз көп біліп жүргейсің!
    Өмірің сенің елестеген елес пен,
    Қонақтай, келіп кетеді деп түйгейсің!
    Екіншісі: Ілім жолының бастапқы кезеңінде әрбір пәннен қысқасын алуды мақсат ету. Барлық пәндерден пайдалы ілім алғаннан кейін, табиғатына жақын және шамасы жететін нәрседе ілімін тереңдете алады. Тіпті, ол бір пән немесе одан да көп болса да.
    Ал барлық пәнде соңына дейін оқып мұратына жету және оларды толық меңгеру - өте ұзақ уақыт өтуімен бір-екі кісіге ғана берілетін қасиет.
    Осыдан кейін, үйренуші бір пәнді немесе оның қысқартылған мәтінін алуда өзінің шамасы келетіндей етіп бір-бірден немесе бәрін қосып оқиды. Ал бір-бірлеп оқу, білім талап етушілердің көбіне ыңғайлы боп есептеледі.
    Авторы белгісіз болған, Шынқити тұрғындарының өлең жолдарында айтылады:
    Меңгеруді ниет қылсаң бір пәнді,
    Бітіргенше таста барлық мың пәнді.
    Екі ғылым қосу әр-кез құпталмас,
    Бір уақытта бірге егіз шыға алмас.
    Кімде-кім өз бойынан бәрін бірге алып оқуға шамасы келетіндігін байқаса, бірге алсын. Онда оның жағдайы көпшіліктен ерекше болмақ.
    Осы негізді бұзатын, көріп жүрген нәрселер: білімнің түрлерін алудан тартыну, кейбір білім түрлеріне салғырттық таныту, және оғаш нәрселерге қызығушылық танытып, пайдасы жоқ нәрсемен шұғылдану.
    Имам Малик айтушы еді: «Ілімнің жаманы - оғаш, ал жақсысы - адамдар бір-бірінен жеткізген анық, түсінікті нәрсе».

КОМЕНТАРІ • 20

  • @abdnur.abu.uvais0
    @abdnur.abu.uvais0 Рік тому +2

    بارك الله في علمك .. اللهم امين

  • @user-pu4vc3bz4c
    @user-pu4vc3bz4c Рік тому +2

    بارك الله فيكم

  • @user-pu4vc3bz4c
    @user-pu4vc3bz4c Рік тому +2

    ‏‏الحمد لله

  • @user-yp9mv5sz3h
    @user-yp9mv5sz3h Рік тому +2

    БаракАллаһу фикум

  • @user-yp9mv5sz3h
    @user-yp9mv5sz3h Рік тому +2

    👌👌👌👍

  • @yerzhan1984
    @yerzhan1984 Рік тому +2

    👍👍👍👍👍👍👍

  • @user-yp9mv5sz3h
    @user-yp9mv5sz3h Рік тому +2

    👍👍👍

  • @user-yp9mv5sz3h
    @user-yp9mv5sz3h Рік тому +2

    ДжазакАллаһу хойр

  • @user-yp9mv5sz3h
    @user-yp9mv5sz3h Рік тому +2

    Ма ша Аллаһ

  • @Duytrrfghjuy
    @Duytrrfghjuy Рік тому +3

    БаракАллаху фикум ұстаз 🌺

  • @user-eo6no1ph4g
    @user-eo6no1ph4g 2 місяці тому

    🎉

  • @yerzhan1984
    @yerzhan1984 Рік тому +3

    Аллаһ сізге де, сізге көмектесіп жүрген, сіздер үшін дұға сұрап жүрген барша бауырларға Аллах екі дүниенің бахытын берсін

  • @user-yp9mv5sz3h
    @user-yp9mv5sz3h Рік тому +3

    СубханАллаһ Әлһамдулиллаһ Аллаһу Әкбар

  • @user-yp9mv5sz3h
    @user-yp9mv5sz3h Рік тому +3

    Аллаһу Әкбар

  • @Atyrau84
    @Atyrau84 Рік тому +2

    Ма ша Аллах

  • @user-re6of4cn8u
    @user-re6of4cn8u Рік тому +2

    СубханалЛах. АльхамдулилЛях. Аллаху Акбар.

  • @user-yp9mv5sz3h
    @user-yp9mv5sz3h Рік тому +2

    👍👍👍👍

  • @Duytrrfghjuy
    @Duytrrfghjuy Рік тому +3

    Келесі бап (лекция) кашан шыгады екен ? 10 кун өттіғой ,кутіп жүрміз асыға

  • @user-yp9mv5sz3h
    @user-yp9mv5sz3h Рік тому +2

    Ма ша Аллаһ

  • @user-yp9mv5sz3h
    @user-yp9mv5sz3h Рік тому +2

    Ма ша Аллаһ