Исламға қатысты маңызды Сұрақ - Жауап 20. Ұстаз: Омар Теміртас

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 5 вер 2024
  • 23-Сұрақ: Дәретті не бұзады?
    Жауабы: Дәретті бәріне ортақ болған жеті нәрсе бұзады. Олар:
    1 - Жыныс мүшелерінен шыққан нәрселер. Бұл мәселеде ғұламалар арасында тартыс жоқ. Алайда дәреті әрдайым бұзылатын кісі бұған кірмейді.
    2 - Денеден көп мөлшерде шыққан нәжістер. Фатима бинт Әби Хубайш  пайғамбардан ﷺ: "Уа, Алланың елшісі! Мен истихада қаны келетін, әрі одан тазара алмайтын әйелмін, намазымды тоқтатайын ба?", - деп сұрады. Пайғамбар ﷺ: "Жоқ, ол хайыз емес. Расында, бұл тамыр жарылған себепті келетін қан", - деді. Хадисті Бухари мен Муслим жеткізген. Бухариде: "Кейін әр намазға дәрет ал", - деп келеді.
    3 - Терең ұйқы немесе ақыл-ойын жоғалту. Алла елшісі ﷺ: "Көз - артқы жолдың аузын байлайтын жібі. Егер екі көз ұйқыға кетсе, жіп шешіліп кетеді", - деді. Хадисті Ахмад пен Табара́ни риуаят етті. Сондай-ақ, Табарани: "Кім ұйықтаса, дәрет алсын!", - деген сөйлем қосты.
    4 - Пердесіз жалаң қолмен алғы не артқы мүшені ұстау; Алла елшісі ﷺ: "Кім мүшесін ұстаса, дәрет алсын", - деді. Хадисті Абу Дауд, Тирмизи, Нәсәи және Ибн Мәжә жеткізген.
    5 - Қарама-қайшы жынысқа пердесіз, шаһуатпен тақалу; Алла Тағала сөзінде: {... егер ауыру немесе сапарда болсаңдар не сендерден біреу түзге отырып келсе, не әйелдерге жақын-дассаңдар да су таба алмасаңдар, сонда таза жерге тәяммүм соғып беттерің мен қолдарыңды сипаңдар. Расында Алла аса кешірімді, тым жарылқаушы} (Ниса, 43).
    6 - Түйе етін жеу; Бір адам Алла елшісінен ﷺ: "Қой етінен дәрет аламын ба?", - деп сұрады. Ол ﷺ: "Егер қаласаң", - деді. Әлгі адам: "Түйе етінен дәрет аламын ба?", - деді. Алла елшісі ﷺ: "Иә", - деді. Хадисті Муслим жеткізген.
    7 - Ислам дінінен қайту. Алла барлық мұсылмандарды одан сақтасын! Алла Тағала сөзінде: {Кім иманға күпірлік келтірсе, оның амалы жойылды және ол ақыретте де зиян етушілерден болады} (Мәидә, 5). Басқа аятта: {Расында, саған да сенен бұрынғыларға да: “Егер Аллаға серік қоссаң, әлбетте амалың жойылып кетеді де, анық зиянға ұшыраушылардан боласың” деп уахи етілді} (Зумар, 65).
    Ал дәретті бұзатын жеке жағдайлар, олар:
    1 - Мәсіні шешіп тастаса;
    2 - Мәсінің уақыты бітсе;
    3 - Таңғышты шешсе;
    4 - Дәреті әрдайым бұзылатын адам үшін, намаздың уақыты кіру;
    5 - Тәяммум қаққан адам үшін, намаздың уақыты кіру;
    6 - Тәяммум қаққан адам су тапса.

КОМЕНТАРІ • 6

  • @user-re6of4cn8u
    @user-re6of4cn8u Місяць тому

    СубханалЛах АльхамдулилЛях Аллаху Акбар

  • @user-nu2ww2if2j
    @user-nu2ww2if2j Місяць тому

    Аллахумма барик Аллахумма амин бауырым

  • @nurlankubashev4359
    @nurlankubashev4359 Місяць тому

    السلام عليكم. و رحمة الله. و بركاةه

  • @miniskirtm1236
    @miniskirtm1236 Місяць тому

    Ма шаа Аллах табаракАллах устаз

  • @Dara-bala
    @Dara-bala Місяць тому

    Түсінікті

  • @Atyrau84
    @Atyrau84 Місяць тому

    Ма ша Аллах