Денсаулыққа қатысты кітаптардың түйіні / Kitapal podcast #11

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 21 тра 2023
  • Бүгінгі подкастта кітап авторлары: Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев, Шразаддин Каниязов кітап оқыған адамның көзімен денсаулық жайлы сұхбаттасады.
    Тайм-код:
    00:10 Кіріспе
    01:45 Денсаулық бірінші байлық
    03:50 Құлақтың жыры
    09:00 Денсаулыққа ден қою
    09:50 Денсаулық болса байқалмайды, жоғалса оңдырмайды
    13:40 Денсаулыққа қатысты кітаптар
    15:20 Ұйқының жыры
    24:00 Шабыт түнде келе ме?
    27:00 Ұйқы-менеджмент
    31:00 Джеки Чанның астан аузы күйген сәт
    34:00 Таңғы асты тойып іш
    35:30 Студентке Данияр мырзаның лайфхагы
    37:30 Екі мезгіл тамақтану үрдісі
    39:42 Аштық
    42:00 Финляндиядағы оқиға
    45:00 Ет жеу
    49:10 Салауатты өмір салты
    53:00 Нағыз сұлулық денсаулық
    55:00 Айтылмаған сөз ауру боп шығады
    58:16 Қорытынды
    Daniyar: / dzhigitbek
    Мирас Кесебаев: / miras_kesebaev
    Шразаддин Каниязов / shrazadddin
    Kitapal дүкенінен кітап алу үшін: cutt.ly/r3WbFLA
    Kitapal instagram: / kitapal.kz
    Telegram: t.me/kitapall
    TikTok: / kitapal_house
    #kitapal #kitapalkz #kitap #кітап #кітапоқу

КОМЕНТАРІ • 144

  • @Mad1bek
    @Mad1bek Рік тому +37

    Мен жалпы кітап оқитын адамның қатарынан емес едім. Кітапқа қызықпайтынмын да.Өзіме керек мағлұматты уақытымды құртып кітаптан алғанша, ютубтағы 1 сағаттық подкасттарды көре салмаймынба деген оймен жүрдім. Бірақта осы 1 ай бұрын досым маған осы кітапты оқышы деп "Ақ лала гүлдер өлкесі Финляндия" кітабын сыйлады. Ол кітапты алдымда бір сөреге қоя салдым. Оны оқымай сол баяғы подкаст тыңдау әдетіме қайта бастым.Ютубты ашып қарасам осы Кітап ал каналынан рекомендациядан бір видео шығып тұр екен. Қызығып ашып қарадым.Өмірі кітап оқымайтын адамға қарау қызық болды. Подкаст барысында Данияр ағадан осы Финляндия кітабы туралы сөз қозғады. Ол кітап туралы ой пікірін естігеннен кейін сөредегі кітабымды ашып оқи бастадым. Қызыққаным сонша сол күні ақ кітапты бітіріп тастадым. Ертесіне осы кітап ал дүкеніне бардым. Жаңағы кітапты іздеп ініме арнайылап сатып алдым.Және қарындасыма қыздын әдебі туралы кітап алдым. Бірақ өзіме оқитын келесі кітап таңдай алмадым. Кітапты сатып алып жатқанда кеше ғана подкасттан көрген Данияр ағаны көрдім. Білмеймін неге төбем көкке жетті. Суретке түсіп алдым) Бұл жерде менін айтқым келетінім Қазір осы подкастты көріп отырып керек ойларды,қызық кітаптарды түртіп отырыңыздар. Подкаст барысында айтылған кітаптарды оқыңыздар....

    • @kitapal
      @kitapal  Рік тому +2

      Сәлеметсіз бе! Үздік пікір қалдырып, кітап ұтып алдыңыз🎉
      Құтты болсын!
      87775722233 номеріне "Үздік пікір қалдырып кітап ұттым" деп жазып жіберіңіз❤

    • @aiduksa
      @aiduksa 3 місяці тому

      🔥🔥🔥🥳🥳👍👍👍🧡🧡🧡

  • @publichealthcare23
    @publichealthcare23 9 місяців тому +8

    Соңғы 2-3 жылда Алладан рухани бай орта сұрадым, бүгін ғана шекеме тиді, бай орта тек оффлайн емес, осындай подкастты тыңдап отырып, Сіздердей ортаға алып келгеніне өте қуаныштымын! Ғажап, студенттердің бәрі тыңдаса, болашақта адал да әділ ел боламыз❤

  • @user-iv2yg1or8i
    @user-iv2yg1or8i Рік тому +130

    Мирас мырзаның сөз арасына қосып жіберетін әзілдері жаман өтеді🤣🤣

    • @nurdosanuarbekov5906
      @nurdosanuarbekov5906 Рік тому +19

      Данияр аға Шраз аға екеуі де күлмейді ғой😂

    • @kino_room_
      @kino_room_ Рік тому

      😂

    • @mukhamedkazakh663
      @mukhamedkazakh663 Рік тому +1

      Бомайтын әзілдер айтад негізі, жасы үлкен болсада.

    • @Alima.y
      @Alima.y Рік тому

      ​@@nurdosanuarbekov5906 😂😂😂😂

    • @Alima.y
      @Alima.y Рік тому +5

      ​@@mukhamedkazakh663 душно🤦‍♀️

  • @Nurai.Baitursyn
    @Nurai.Baitursyn 4 місяці тому

    Керемет подкасттар барлығын тыңдауға тырысам, әйел адам болған соң бітпейтін тірліктер болады сол кезде құлаққа наушник қосып қойып тірліктерімді қалай біткенін байқамай қалам, қазір осы подкастты тыңдауға барлық адамдарға кеңес етіп жүрмін, қуанамын Сіздердей салиқала, зиялы, жүрегі таза тұлғалар қалыптасып келе жатқаына, алдаңы уақытқа үмітпен қарайтын болды, әсіресе Менің балаларым осындай ортаға түседі дегенді ойлап жүрегім тынышталады, осыған дейін көп алаңдаушы едім, Алла разы болсын

  • @salamatserkhan8349
    @salamatserkhan8349 Рік тому +6

    Дұрыс айтасыздар👍
    Дені саудың - жаны сау. ✊🏻
    Біздің әр бір мүшеміз аллахтың жаратылысы. Сондықтан аманатқа қиянат жасамайық. Өз-өзімізді жақсы көрейік🫶✌️

  • @shynarzhksylykkyzy1697
    @shynarzhksylykkyzy1697 Рік тому +18

    Алла істеріңізді берекелі кетсін .Сіздердің әр шығарлымдарыңызды кәдімгідей күтемін.кітапқа деген маxаббатымды оятныңыздар ,алғым шексіз
    1. айына бір кітап оқимын деп өзіме мақсат қойдым.
    2.Кезкелген мәселеде өзіме сұрақ қойуды әдетке айналдырдым.
    3.Жаны саудың тәні сау.Қағыйдаға қатты мән беремін.

  • @Aina.Baidesh
    @Aina.Baidesh 15 днів тому

    Мирас ағаның қысқа әзілдері арқасында подкаст тыңдауға жағымды әрі жеңіл шығады🥰👍🏻

  • @aqguli
    @aqguli Рік тому +46

    Подкастта аталған кітаптар:
    1. Зачем мы спим?
    2. Очаровательный кишечник
    3.Магия утра
    4. Тайм драйв
    5. Жизнь на полной мощности
    6. Джеки Чан. Я счастливый
    7. Бақыт формуласы
    8. "Жазмыш" Қадір Мырза Әли
    9. Еди и мозг
    10. Ажал құшпа
    11. Адал ас
    12. Хватит быть славным парнем
    13. Пять травм

    • @user-or7qy7ww7k
      @user-or7qy7ww7k Рік тому

      👍

    • @user-hc8yc9cl3f
      @user-hc8yc9cl3f Рік тому

      14. Өмірдің 12 ережесі Джордн Питерс* қате болса кешірім сұрайм(

    • @ZharkynaiZharkynai
      @ZharkynaiZharkynai Рік тому

      5 Құлшыныс қуаты қазақша Лоэр

  • @user-bw6xu9bc4s
    @user-bw6xu9bc4s Рік тому +9

    Аман болындар тил козден сактасын сендерды

  • @user-nt6hd9sd8h
    @user-nt6hd9sd8h 4 місяці тому

    Түнде көріп отыр едім ,ұйқы туралы айтқан кезде ұялып ұйықтауға кеттім. Рахмет сіздерге осы подкаст арқылы ұйқымды дұрыстадым.

  • @yerbolat_oljabekuly
    @yerbolat_oljabekuly Рік тому +3

    Ассалаумагалейкум, баршаңызға! 10 мен 11 подкастарда, наушникпен тыңдаған сәтте Данияр мырза сөйлегенде құлаққаптың оң жағы сәл баяу естіледі! Рахмет, баршаңызға Алла разы болсын!

  • @saltanat.2000
    @saltanat.2000 Рік тому +6

    Подкаст күткенімнен де асып түсті. Іздеп жүрген сұрақтарыма жауап таптым, дәл мен үшін түсірілгендей. Ағартушылық еңбектеріңіз алға баса берсін. Қазіргі таңдағы ауқымды тақырыптар қозғалды. Өзіме көптеген инсайттар алдым. Алдағы шығарылымдарыңызды асыға күтемін. Аллаһ берекесін берсін сіздерге.

  • @gulnurbolatqyzy6710
    @gulnurbolatqyzy6710 Рік тому +4

    Прям асыға күттім, ертерек шығып отырса тіпті керемет🙈 Мына падкасты көріп денсаулықты күту, спортпен айналысу және тауға шығуға мотивация болды🫢 Осыыны көріп прям 3,4 кітап ашып алып арасынан дұрыс тамақтану және энергия, денсаулықты күту тақырыптарына үңілдім🙈Жатар алдын телефонды 2 сағат бұрын өшіріп миымды тыныштандырып жаттымғой😅 Энергияға және денсаулыққа қатысты кітаптарға махаббат ашылды кәдімгідей🤍Алла разы болсын сіздерге, еліміз кітап оқудан 1 орынға шықсын бұйырса❤️🌸

  • @nurdosanuarbekov5906
    @nurdosanuarbekov5906 Рік тому +7

    Ұйқыдан тұра алмай жүрген кезде магия утра кітабын оқып ерте тұра бастадым кейін ұйқымды бұзып алдым циркадный ритмді бұзып алдым, сөйтіп интернеттен ізденіп ұйқы түзеуді ұйқы жайлы іздене бастап ұйқымды түзедім
    Білген оқыған нәрсемнің бәрін Мирас ағай айтып отыр 😊
    Және таңғы асты әрдайым ішіп жүремін👍

  • @dr.6598
    @dr.6598 Рік тому +4

    Қазақтың қазіргі топ 3 проблемасы бар десек соның бірі дұрыс тамақтануды білмеу. Қайрат ағамыз Кемел адам кітабында жақсы ашқан. Дұрыс тамақтану реттелсе нашар ұйқы да, артық салмақ та, депрессия да, кедейлік те дәл қазіргідей мәселе болмас еді…
    Ойланайық, оқиық

  • @Kazakh_motivation
    @Kazakh_motivation Рік тому +2

    Азанда тамақ же, кейін қарның ашқанда же кейін кешке жеме және тамақ жемегеннен кейін ұйықтауың тез болады және азанда қарның ашып тез тұрасың КЕРЕМЕТ

  • @Artist_miko
    @Artist_miko Рік тому +8

    1шi боб коргеснго😅

  • @user-fe2mn2rq8v
    @user-fe2mn2rq8v Рік тому +1

    Қызыққаным соншама екі қайтара тыңдадым Керемет қанша идея,қанша ұсыныстар айтып жатыр. Оян қазақ тауға бар,суға бұлаққа тус,кітап оқы,холод.шөпке ьолтыр🎉❤

  • @user-oz4yq4jk1i
    @user-oz4yq4jk1i Рік тому +1

    Өте тамаша

  • @kino_room_
    @kino_room_ Рік тому +3

    Асыға күтіп едім, өте тез бітіп кетіпті. Подкасттағы ойларды тыңдап отырып, қалай біткенін байқамай қаласың.
    ӨТЕ КЕРЕМЕТ!❤😊🎉

  • @user-xc4mv1vt6h
    @user-xc4mv1vt6h Рік тому +2

    Подкасттарыңыз тоқтамасын👏👏

  • @aksholpandjabasova4626
    @aksholpandjabasova4626 Рік тому +1

    Проста вау подкасттар керемет трио бір бірін толықтырып тұрат👌🏻

  • @user-zc7os7ew5m
    @user-zc7os7ew5m 4 місяці тому

    Күшті керемет🔥мен күткеннен де тамаша шықты.

  • @user-mg2sc7uv7s
    @user-mg2sc7uv7s 5 місяців тому

    Ассалаумалейкум жігіттер тек алға

  • @sport1385
    @sport1385 Рік тому +2

    Мені қызықтрп жүрген мәселе еді 👍👍

  • @adyraspan
    @adyraspan Рік тому +6

    Керемет жаңа шығарылым, істеріңізге сәттілік көп пайда тигізіп жатырсыздар).

  • @Aruzhan011
    @Aruzhan011 Рік тому +2

    Тез тез жасап тастау керек осы айтылғандарды)

    • @Mv1ik
      @Mv1ik Рік тому

      Жасап тастамаңыз, жасап сіңіріп алыңыз!

  • @user-sc9bq3un3w
    @user-sc9bq3un3w Рік тому +1

    Денсаулық туралы пайдалы подкаст болды осыған дейін осы айтылған тақырыптарға мән бермей жүрген екенмін пайдалы подкаст үшін сіздерге рақмет Алла разы болсын

  • @user-pc9yj2su9n
    @user-pc9yj2su9n Рік тому +1

    Керемет!

  • @galapablo3031
    @galapablo3031 Рік тому +1

    Алапат подкаст болды 👍🏻

  • @zangar005
    @zangar005 Рік тому +10

    Данияр аға сіз ақынсызба?
    Бір өлеңізді оқыдым:
    Сен біреуді күтіп жүрсің...
    Күтіп жүрсің таусылардай тағатың
    Бір адамды саған қамқор болатын.
    Мұңайғанда әзіл айтып көңіліңді табатын,
    Көз жасыңды сүртіп сені жұбата да алатын.
    Жүрегіңнің сөнген отын жағатын,
    Өмірдегі бар қиындық атаулыдан тығылып,
    "Құшағына еніп кетсем" деп асығып баратын!

    Ынтықтығың артты ма әлі өміріңде жоқ жанға,
    Қол ұстасқан ғашықтарды көрген кезде бақтарда?
    Құрбыларың шет-шетінен ұзатылып жатқанда,
    Жалғыздықтан шаршап мұңға батқанда?
    Елеңдейсің телефонға келіп түскен xаттарға,
    Келер дейсің сен күткен жан бір күні,
    "Сенем!" дейсің сеніміңе селкеу түскен шақтарда.

    Сүйгеніңді жолықтыршы, жүрегіңе гүл бітіп,
    "Жалғыздық тек Жаратқанға жарасады" деуші еді...
    Әй, жігітім!
    Мына жақта сені біреу жүр күтіп,
    Таныстырып қояйыншы, кел, сені.

    Авторы: Данияр Жігітбек

  • @zhansayazhaksibay-qj5ke
    @zhansayazhaksibay-qj5ke 7 місяців тому

    Керемет.
    🤣

  • @salamatryskulov6513
    @salamatryskulov6513 Рік тому +2

    Керемет👍

  • @aiaulyzhumabek1612
    @aiaulyzhumabek1612 Рік тому

    Алла сауаптан жазсын істеріңізге! Жақсылыққа шақырған жақсылық істеумен бірдей дейді, жастарға пайдалы болсын істеріңіз!

  • @Alima.y
    @Alima.y Рік тому +3

    Kitap Al one love❤

  • @user-ie5ut4cb5c
    @user-ie5ut4cb5c Рік тому +2

    Жарайсыңдар!!!

  • @Nurbergen-jd9ut
    @Nurbergen-jd9ut Рік тому

    кытап окып бастауыма себепшы болган подкаст рахмет!!!!

  • @nuraynurhankyzy8542
    @nuraynurhankyzy8542 Рік тому +1

    МашаАллах, керемет подкаст болды. хайырлы әрі пайдалы ілім болсын, осы нәрселермен бөліскен сәздерге Алла разы болсын ❤

  • @gulsaraserikbaeva3831
    @gulsaraserikbaeva3831 Рік тому +1

    Өте керемееет ақпараат бердіңіздеер 😻😻😻😻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻

  • @user-ys3qz1mt6e
    @user-ys3qz1mt6e 8 місяців тому

    Керемет өте білімді азаматтар

  • @user-yt2gf9dh4l
    @user-yt2gf9dh4l 6 місяців тому

    Керек болып жүрген подкаст еді😅 рахмеет тағы бір көзім жетті кітап оқу керек екенің❤

  • @asylaiymaitbaeva6980
    @asylaiymaitbaeva6980 Рік тому +11

    Неге жылы су ішкен пайдалырақ?
    Себебі, адамның қалыпты температурасы 36,6 Цельсий градус. Суды ішкенде ол клеткаға таралу керек. Ал бізде миллиондаған тіптен одан көп клетка бар. Клеткаларға таралу үшін 36,6 градус болу керек.
    Салқын су ішсек энергиямыз суды дене температурасына дейін жылытуға кетеді. Сосын серігіп қалғандай сезім болады. Бірақ артынан ұйқымыз келеді.
    Ұйқы. Негізі 21.00-01.00 арасында мелотонин гормоны бөлінеді. Әркімнің организмі әртүрлі. Дәл қай уақытта екені белгісіз. Осы аралықта ұйықтап, мелотонинді ұстау керек.
    Ал, мелотонин деген не? Ол - ұйқы гормоны. Функциясы: сергіту, жасарту, өміріңді ұзарту, қартаймауға көмектеседі. Бүкіл жасушалыларда бөлінеді. Статистикаға сүйенсек ұзақ өмір сүретіндерде мелотонин гормоны жоғары.
    Неге ерте тұрған дұрыс? Таңғы 05.00-07.00 арасында кортизол гормоны бөлінеді. Көп адамдар таңғы 5 пен 7 арасында қорқынышты түстер көреді, осы гормон әсерінен шошып оянады.
    Кортизол деген не? Стресс гормоны, бүйрекүсті безінен бөлінен. Қан айналым, бауыр, бүйрек жұмыстарына қатысады. Егер мөлшерден асып кетсе, қан қысымы көтеріледі.Стресс, инсулин резизтенттілігі, тіптен қант диабетіне , семіздікке алып келеді.
    Не істеу керек? 5те тұру керек. 500 мл дей жылы су ішіп, әрине бірден асығып емес, бөліп бөліп. Ол- шамамен 2,5-3 стаканғой. Сосын шық далаға, таза ауаға. Жүгір анау гормонды шығару керек. Жүгіре алмаймын десең, жай жүр. Минимум 30минут. Максимум әркім өз шамасына қарай.
    Мақсат- артық кортизолды шығару. Ол термен метаболизм әсерінен шығып кетеді. Өзі байқалады, бұрқ еткен тер сияқты, но приятно😁
    Сосын, үйге қайта келіп душ қабылдап, кітап оқу керек. 8де таңғы ас, как положено, белок, клетчатки тағысын тағы…
    Негізі күнді пландау керек, “ЭНЕГИЯ МЕНЕДЖМЕНТІНЕ” сүйене отырып, өнімді жұмыстарды кнннің алғашқы уақыттарында…
    Мен кітап жазғым келіп кеттііі😻 Өзім медик-студентпін. Жаңа мақсат пайда болды:)

    • @kz8304
      @kz8304 3 місяці тому

      👍👍👍

    • @user-sb1yp1vj5c
      @user-sb1yp1vj5c 3 місяці тому

      ❤️‍🔥

    • @zirudon_
      @zirudon_ 2 місяці тому

      Керемет осылай біліміңізбен бөлісе білетін қасиетіңіз

  • @user-yt2gf9dh4l
    @user-yt2gf9dh4l 6 місяців тому

    Дами беріңіздер және подкаст көп пайдалы шыға берсін❤

  • @user-fe2mn2rq8v
    @user-fe2mn2rq8v Рік тому

    Жарайсыңдар жігіттер,тоқтамаңдао Алға,тек алға❤

  • @moti2001m
    @moti2001m Рік тому +2

    Өте пайдалы подкаст болды 👍

  • @Gulnur1990
    @Gulnur1990 Рік тому +3

    Өте керемет🎉

  • @moldirsharapat8119
    @moldirsharapat8119 Рік тому

    Осы подкаст жаныма жақын , жақсы сөздер айтылады болашаққа қарай бағыт береді👍

  • @user-ch4er2rt3q
    @user-ch4er2rt3q Рік тому

    Таң шапағатын оқыңыздар өте керемет 👍👍

  • @aminabaimoldaeva5752
    @aminabaimoldaeva5752 Рік тому

    Денсаулық - аманат, дейді ата-анам.
    Қытайды зерттеу деген кітап ең қатты ұнағаны. Өзім осындай ғылыми негіздемелері бар кітаптарды ұнатамын, сусыз.
    Подкаст үшін рақмет, әрбіріміз ерекшеміз, бәріміз бір стандартпен жүре алмаймыз, индивидтік қажеттіліктеріміз көп. Өзіңді тану үшін оқу керек(ес білгелі түсінгенім).
    Сәттілік!

  • @DaurenDS
    @DaurenDS Рік тому

    Керемет тақырып! Керемет сұхбат! Маған ұнады!

  • @adissem
    @adissem Рік тому +1

    Көп көп рақмет!

  • @ainurshh3558
    @ainurshh3558 Рік тому +1

    Өте пайдалы полкаст үшін көп рахмет!👍

  • @aktolkyn23
    @aktolkyn23 11 місяців тому

    Жұмыстан осы подкасттарды көрем, осы денсаулықты уже 3 ке бөліп көріп жатырмын. Ерте ұйықтау керек деп😂

  • @user-gt8pz4mo6k
    @user-gt8pz4mo6k Рік тому +3

    керемет😍❤️

  • @gulzarifaumirzakova7335
    @gulzarifaumirzakova7335 Рік тому

    Саламатсыздар ма? Керемет. Жастар түгел елуден асқан біздерге де кітап оқу керектігі және де денсаулыққа байланысты көптеген мәліметтер алдым. Рахмет. Өмір сүргім келіп кетті.

  • @user-di8kz1nq6f
    @user-di8kz1nq6f Рік тому

    Алла разы болсын

  • @Guldanaquanysh
    @Guldanaquanysh Рік тому

    Керемет ❤ ұнады, пайдалы кеңестер де көп болды

  • @Sholpan_nuralykyzy
    @Sholpan_nuralykyzy Рік тому

    Жақсы тақырып қозғалды. Денсаулықты кітаппен байланыстыру 🎉🎉🎉🎉🎉🎉

  • @user-tr9yh9ey3p
    @user-tr9yh9ey3p 9 місяців тому

    Тамашаа!Алған беттеріңізден
    таймаңыздар!Маған ұнады!

  • @user-yu5ze5uw6h
    @user-yu5ze5uw6h Рік тому

    Подкаст өте керемет әсер етті. Шынында денсаулықтың қадірін түсінуге, сол білімді кітаптан табуға болатынын түсінуге мүмкіндік берді. Негізі ауырғанда өзіміз интернеттен оқып диагноз қойып аламыз да, өзімізден өзіміз қорқып жүреміз,енді соның болдырмау жолы кітапта екенін ұқтым. Осы уақытқа дейін денсаулық жайлы кітаптарды оқымап едім бірақ осы подкасттан кейін ол кітаптардың маңызын түсініп, оқимын деп күн тәртібіне бірінші кезекте оқимын деп енгізіп қойдым. Сіздерге көп рақмет, ары қарайда істеріңізге береке тілеймін, сәттілік!

  • @user-hc5im6qb4n
    @user-hc5im6qb4n Рік тому +1

    25:53 менде осы жақында солай жасайтын болдым,керемет сергек тұрам.Кітап көбірек оқығалы бері сіздер айтып отқандай бір ақпарат білгім келсе ерінбей барлық нәрсені оқып кететін болдым.

  • @BalausaAsylzhankyzy-bl3eh
    @BalausaAsylzhankyzy-bl3eh Рік тому

    Өте керемет шығарылым,кітап ал өте керемет подкасттарыңыз.

  • @user-vp8vq4sr5c
    @user-vp8vq4sr5c 10 місяців тому

    🎉🎉🙌🏻🙌🏻🙌🏻🙏🙏 керемет

  • @ShOn.767
    @ShOn.767 Рік тому +2

    👍👍

  • @gulsaraserikbaeva3831
    @gulsaraserikbaeva3831 Рік тому +1

    🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥

  • @sholpannnturgynbai9277
    @sholpannnturgynbai9277 Рік тому +1

    Өте жақсы подкаст болды😍😍 сіздердің айтқандарыңызбен толықтай келісемін, мен медицина саласында оқимын бұл спорт, денсаулық, ұйқы деген нәрселерді шыны керек тереңдетіп оқытады да но мен байқамаған, біз айтпаған тақырыптарды қозғадыңыздар әсіресе Данияр мырзаның ет пен қамырды араластырмай жеу керектігі қатты ұнады, бұл нәрсеге мен мүлде мән бермеппін😅

  • @user-td6tl5nn1m
    @user-td6tl5nn1m Рік тому +1

    сіздердін подкасттарынызды асыга кутемыз

  • @user-gf5rp9fd3v
    @user-gf5rp9fd3v Рік тому

    👍👍👍

  • @meruertspabekova3666
    @meruertspabekova3666 Рік тому +1

    Қой санағанша Аайғамбарымызға с.а.у салауат айтқан жөн

  • @tangali2003
    @tangali2003 7 місяців тому

    🎉🎉🎉

  • @ADNGAMING
    @ADNGAMING Рік тому +1

    Ұнады

  • @ai___xm
    @ai___xm Рік тому

    Өте керемет ❤️

  • @user-ri3tz9vz9k
    @user-ri3tz9vz9k Рік тому

    Подкаст керемет 😍

  • @bekameirbek
    @bekameirbek Рік тому

    Әуелі жан саулық, сосын тән саулық, яғни жаны саудың дені сау.

  • @skyline6540
    @skyline6540 Рік тому

    Күшті👏🏻👏🏻👏🏻

  • @user-ou1uo9wg3u
    @user-ou1uo9wg3u Рік тому

    Керемет

  • @svnzhvr_
    @svnzhvr_ Рік тому

    Жақсы подкаст болды👍🏼

  • @Madonna4
    @Madonna4 Рік тому

    Подкаст керемет ❤

  • @sytube2790
    @sytube2790 Рік тому

    Ауруын жайлы интернеттен ыздесен омир суруыне аз калганын деген ой келеды

  • @sharbannu
    @sharbannu 10 місяців тому

    осы Мирас мырза айтып отырған(16:00) ұйқы жайында Айша Кеңесбайдын “Таң нығметі” деген кітабын оқкға кеңес беремін. Зачем мы спим деген кітаптың ішіндегі ойларды да қамтиды❤

  • @kazybekzhetybay441
    @kazybekzhetybay441 Рік тому +1

    🔥🔥🔥

  • @dastanqarasai9284
    @dastanqarasai9284 Рік тому +1

    🔥✊

  • @user-di8kz1nq6f
    @user-di8kz1nq6f Рік тому

    спасибо вам

  • @Mv1ik
    @Mv1ik Рік тому +1

    Энергия үшін жүгіруді бастаған ем, қазір орындар алып марафоншы болып кеттім.

  • @Alima.y
    @Alima.y Рік тому

    40:37 голод😁 арасында өзің оқыған кітаптарды естіп қалған да күшті екен)

  • @kitapal
    @kitapal  Рік тому +8

    Подкастта айтылған кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемеге өтіңіз:
    wa.me/77775722233?

  • @user-lf5yt1bh8q
    @user-lf5yt1bh8q 3 місяці тому

    Поль Брэгтің "Как дожить до 120 лет" - деген кітабына қалай қарайсыздар?

  • @Kasymkhanova_Togzhan
    @Kasymkhanova_Togzhan Рік тому

    Мен Қалкенованың «анатомия» деген кітабын оқыған болатынмын. Не жеу керек,қай уақытта жеу керек,қанша мөлшерде жеу керек екенін білу былай тұрсын мүшелердің қалай жұмыс істейтінін,қай жерде орналасқанын білмейтінмін. Қазір мүшелер туралы жинаған аз болсада ақпаратым дұрыс тамақтану туралы кез келген ақпаратқа аш болып жүгіріп баруға дайын күйге жеткізді.Подкасттар өте тамаша, шынымен бір видеодан соң бірнешеуін көруге желания ашылып тұрады

  • @rubik7783
    @rubik7783 8 місяців тому

    1.Еда и мозг,
    2.Ажал құшпа,
    3.Очаровать кишечник
    4.Адал ас

  • @gulsaraserikbaeva3831
    @gulsaraserikbaeva3831 Рік тому

    👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻

  • @karlasgyhx
    @karlasgyhx Рік тому +1

    Данияр ағайдың микрофонымен проблема ау, наушникте тек бір құлақта естіледі

  • @user-xp9ey5ox1u
    @user-xp9ey5ox1u 6 місяців тому +1

    Ұйқыға байланысты Кәлима шахадат қайталап аитып жатсан бірден кетесин уйқыға

  • @sculptor9247
    @sculptor9247 Рік тому +1

  • @MySelf-qf1mv
    @MySelf-qf1mv Рік тому +1

    🥰🤩💫

  • @makpal.ashimkhan
    @makpal.ashimkhan Рік тому

    ❤❤❤❤❤

  • @aigerumaitubaeva2676
    @aigerumaitubaeva2676 Рік тому

    ❤❤❤❤

  • @berkuteagle
    @berkuteagle Рік тому

    ❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤

  • @sculptor9247
    @sculptor9247 Рік тому +1

    😊

  • @sculptor9247
    @sculptor9247 Рік тому +1

    🎉

  • @kino_room_
    @kino_room_ Рік тому

    Қап, бітіп қалды - ау😢