100 миллион теңге қарызым бір сәтте жабылды

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 7 лют 2025
  • Бұл - жай ғана сұхбат емес, бұл - менің жүрекжарды, шынайы әңгімем…
    Мені депрессияға ұшыратқан диагноз, сол депрессиядан алып шыққан құдіретті күш, басымдағы қарыз, ажырасу - бәрі, бәрі осы сұхбатта…

КОМЕНТАРІ • 2,5 тис.

  • @Замира-ы1к
    @Замира-ы1к 8 місяців тому +639

    Ақкөңіл қарапайым адам. Балжанды сыртынан жамандамады. Ер адам осындай болу керек. Жарайсың.

    • @hanami2400
      @hanami2400 8 місяців тому +14

      Айырылысппй Просто Балжанды сахнага шыгару керек еди содан кейин Бари нормально болар еди

    • @hanami2400
      @hanami2400 8 місяців тому +17

      Бес жылдан кейин Де Аллага шукир деп балалы болдым деп айтып отыруды Насип етсин Жахан ❤❤🎉🎉 Алла тагала сендерге де маган да барлык ул кыздарыма да жар болсын саттилик Аман есен журе берейик Ля Иллахи ИллаАллах Мухаммад Расулулах Аллаху Акбар Аллаху Акбар Аллаху Акбар ❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤

    • @onedream7876
      @onedream7876 8 місяців тому

      @@hanami2400сиз кайдан билесиз кимнин омиринде не болатынын? Баласыз омир суру айелге де онай дейсиз бе? Отырып алып тагдырды шешпенизши. Осындай адамга шыгарда билди сахнага деген ойы болатынын. Соны билмей шыкты деп ойлайсыз ба? Буйткенде сойтетин ед деп, буйту керек ед деп. Оз омиринди керемет сурип алыныз, баскада не жумысыныз бар

    • @СалтуняМухамеджанова
      @СалтуняМухамеджанова 8 місяців тому +8

      Слишком драматичен, возможно из-за пережитого развода

    • @askhatospanov2295
      @askhatospanov2295 8 місяців тому

      ​@@СалтуняМухамеджановавозможно подготовка почвы для будущего фильма)

  • @АсылбекБайболат-н7щ
    @АсылбекБайболат-н7щ 8 місяців тому +914

    Осы кісіге артына 3 бала ертіп берші Аллах тағала😢 Елдос колобоккада берсінші🤲

  • @МолдирЖусупова-м8с
    @МолдирЖусупова-м8с 8 місяців тому +216

    Керемет сұхбат болды. Енді 5 жылдан кейінгі сұхбатта көп балалы бақытты әке үлгілі жар ретінде Әке Жаханның айтар әңгімесін тыңдау бұйыртсын.

    • @Att088
      @Att088 22 дні тому

      Әмин🤲🏼

    • @Att088
      @Att088 22 дні тому

      ИншАллаһ, Әке Жаһанның сұхбатын көреміз😇

  • @asselalmas23
    @asselalmas23 8 місяців тому +193

    Жаханды осы күнге дейін ұнатпайтын едім. Бірдеңесі тартпай тұратын. Осы жерде кешірім сұраймын! Хаққымды халал етіңіз. Жаханды жақын танып көзқарасым 180 градусқа өзгерді. Алла разы болсын! Амандық тілеймін!

    • @НезнайкаЗнаев
      @НезнайкаЗнаев 8 місяців тому +1

      Бұл әдейі на жалость давить етип отыр өзін ақтап шығу ушин. Бұл тек ақша подписчик ойлағаны.

    • @СайрагульДусимова
      @СайрагульДусимова 8 місяців тому

      ​@@НезнайкаЗнаевҚатты көреалмай ішіңіз куйіп жатрма, Жаханның тырнағына да татымайсыз,

    • @ЖанатЖакупова-г5п
      @ЖанатЖакупова-г5п 8 місяців тому

      Әйел сиякты осы менде унатпаимын😮

    • @МаржанЖемчуг-ы1к
      @МаржанЖемчуг-ы1к 8 місяців тому +1

      Мен Балжанды унатпаймын ендеше!

    • @kanat27.Muslim
      @kanat27.Muslim 8 місяців тому

      ХаққыҢ ды шығар,
      Ол кісі хаққысын халал етсін, сізден кеткен болса.. 😊

  • @НаноЖан
    @НаноЖан 8 місяців тому +176

    Еркек екен.
    Келиншегин жамандамады.
    Осип онип жайкалып мауели байтерекке айналсын.Урпак жалгасы бола берсин Алла насип етсин❤

    • @aikabaitanat3232
      @aikabaitanat3232 8 місяців тому +6

      Бір бірін жамандайтын болған жоқ деп отырғой, не деп айтад жаман жері болмаса. Просто екеуі айқай емес түсінбеушілік емес, керісінше бір бірімізді түсініп, бала болмағасын арада, Балжан әйел бала сүйу керек обязательно, соны келісіп екіге кетіп бақытты болуды шештік дедіғо. Өмірлері айқай төбелес болмаса, не деп жамандай. Көрер едім ұрып соғып, измена жасап тағы басқа болса міндетті түрді жарияға жар салар еді сондай бір біріне жек көрініш болса, просто оларға басқа жағдай, а так аралары өте жақсы махаббат бәрі бар.

    • @АлинаЖумабаева-в1с
      @АлинаЖумабаева-в1с 8 місяців тому

      @@aikabaitanat3232жақсы көретін адамдар бала үшін ажыраспайды.

    • @НезнайкаЗнаев
      @НезнайкаЗнаев 8 місяців тому

      Бедеу бола тұра әйеліне айтпай үйленип алғанғой таза эгоист бұл

    • @МухитТашимов
      @МухитТашимов 4 місяці тому

      АЛЛАХ ҚАЛАСА ПЕРЗЕНТ СУЙ БАУРЫМ

    • @Att088
      @Att088 22 дні тому

      Әмин🤲🏼

  • @Polina_grabeshi
    @Polina_grabeshi 8 місяців тому +1079

    5 баламен куйеум урып ата енем уйден куып шыкты, аягым ауыр 6 шы балага. Ен соракасы кушикти те издейди тамактандырады. Тек Алладан комек сурайм. Балдарымнын журегине сана бере гор. Өз бизнесім бар шүкір, нан сұрап отканымыз жоқ. Қол астынымда 5 тігіншім бар Альхамдулльях

    • @НурболатТолегенов-э5р
      @НурболатТолегенов-э5р 8 місяців тому +36

      Балапандарынызбен бақытты болыныз❤

    • @ЖазираОжраева
      @ЖазираОжраева 8 місяців тому +12

      Ия сондай болады
      Артыннан кешірім сурап келгенін күтіп турасын

    • @Dima-sc5qx
      @Dima-sc5qx 8 місяців тому +28

      Шымкент па баяғы... Енең, қайын -апаларың ба қуып шыққан. Байың қарап тұрған болар сүмірейіп👁ішінен шшсс деп боқтап...

    • @СалтаБектурсунова
      @СалтаБектурсунова 8 місяців тому +9

      Алла жар болсын❤

    • @ГульнарМараткызы-ф1и
      @ГульнарМараткызы-ф1и 8 місяців тому +14

      Бір жетім бала асырап алсаң,Құдай саған бала береді,уайымдама.

  • @СандугашКаликова-ж9к
    @СандугашКаликова-ж9к 8 місяців тому +312

    Мәәәәәәә мына Жаханның айтқан әңгімесі мені бір қатты өзгертті десем болады,өте күшті шынайы сұқпат болды,көзіме жам келді,ойландырды😢меніңде кейде омір сүргім келмей кетеді.Уайымдамашы әлі үйің балаға толады,әлі күліп отырасың

  • @Sergloramos4Snsmakvin
    @Sergloramos4Snsmakvin 8 місяців тому +214

    Намаз оқуға ерініп отырған едім, тұрып әрекет етуге әсер еткен сөздерің үшін рақмет! Аллам БАҚ берсінші өзіңе🤲🏻🥹

  • @ЖанарКулманова-д7ф
    @ЖанарКулманова-д7ф 8 місяців тому +129

    Жаханға деген көзқарасым 360градусқа өзгерді,рахаттанып отырып тыңдадым. Аллаға тапсыруды үйреттің,пендешілікпен артық кетеміз,кутеміз,ренжимиз,дәметеміз бәрінің бекер екенін түсіндім. Аллам үйіңді балапандармен толтырсын. Балаларыма ,жолдасыма қарап шүкір еттім. Басың екеу болсын,балаң біз сияқты төртеу болсын. Бәрі жақсы болады. Алла ұлық! Кәсібіңе береке берсін!

    • @talapm.5474
      @talapm.5474 8 місяців тому +1

      180 де

    • @rustam.maushev
      @rustam.maushev 8 місяців тому +2

      360 деген - көзқарасым айналып айналып қайтадан өз болған орнына келді дегенді білдіреді 😂 180 деп айтсаңыз дұрыс болады

    • @GiGZA
      @GiGZA 8 місяців тому

      Йя дұрыс ​@@rustam.maushev

    • @ЭльвираСлямова-с6з
      @ЭльвираСлямова-с6з 7 місяців тому

      Жахан жарайсың Алла денсаулық,Адал жар салихалы ұрпақ берсін.Балжан туралы артық сөз айтпады Әкесімен -анасының тәрбиесіне рахмет.

    • @Dilzhad
      @Dilzhad 6 місяців тому

      @@rustam.maushev сол ғой. 🤣180-градус деп айту керек. 🤗🤗🤗

  • @АЙЖАН2811
    @АЙЖАН2811 8 місяців тому +110

    Е Аллам,осы ЖАХАН УТАРҒАЛИЕВКЕ балаларды сүюді нәсіп етші ,расында өзің ең әділсің,балалы шағалы болсыншы өтініш🤲🏻амиииинь

    • @ШиринТашпулатова
      @ШиринТашпулатова 8 місяців тому

      Девучка Жаханың атын улкен әріпен емес АЛЛА ТАҒАЛАМ АТЫН УЛКЕН ӘРІПЕН ЖАЗ

  • @dame_rysbaevna
    @dame_rysbaevna 8 місяців тому +265

    Ешқандай үзіліссіз, өткізіп жібермей, бір деммен тыңдап көріп шықтым! Аллахым, барша қиналып жүрген жандардың қиындығын жеңілдетсін! Аллах Ұлық! Бала сүйе алмай жүрген жандарға таңда сәбидің тәтті үнімен ұяну бұйырсын! Ал, Жаханға сәттілік, жолы ашық болсын!

    • @Att088
      @Att088 22 дні тому

      Әмин🤲🏼

  • @Like_Ayala
    @Like_Ayala 8 місяців тому +378

    Аллаһ осы кісіге әке болуды нәсіп етсін

  • @ArmaniJanaliev
    @ArmaniJanaliev 8 місяців тому +270

    Барша отбасы балалы болсын ин ша Аллах🤲

  • @Inkar1923
    @Inkar1923 7 місяців тому +13

    Папасына звондап мен сені жақсы көрем дегенде жылап жібердім) Папамның еркесі болсамда, тірі кезде дым айтылмапты осындай сөздер. Балдарыма күнде айтамын. Намаз туралы да күшті мотивация болды, баламның денсаулығын күнде сұраймын, бірақ намазда болмағасын байланыс жоқ сиақты сезіндім, ертең көйлек алып намаз бастауға ынта пайда болды.
    Киеуіммен айрылысу процесіндеміз, қиын, аллаға тапсыру керек деген ойға келдім. Мағыналы подкаст болды!

  • @НуржанКазахстан
    @НуржанКазахстан 21 день тому +3

    Жаһан тек алға, жеңістеріңді көре берейік, қашанда мойымай сынақтардан сүрінбей жүре бер✊🏼 мағанда бұл интервьюің мотивация берді ағаларымның жолын көріп👍

  • @ЖаксылыкКанатов-п5ц
    @ЖаксылыкКанатов-п5ц 8 місяців тому +127

    Айналып кетейін ұлым , бір Жаратқанға сенгенің дұрыс болған , беретін де өзі , реттейтін де өзі . Шаруамның бәрін ысырып қойып , сұхбатты тыңдадым . Рахмет айналайын , қандай қиындықта сынбаған , рухың мықты жігіт екенсің . Алла Тағалам тілегіңді қабыл етіп , саған нәресте сыйласын . Қиналған пенделерге берген көмегіңе , Алла разы болсын ❤🤲🤲🤲

    • @Att088
      @Att088 22 дні тому

      Әмин🤲🏼

  • @user-xe8fo4iy7j
    @user-xe8fo4iy7j 8 місяців тому +139

    Не ушун Алла барлык дугасын кабыл етеди деп ойлайсыздар?? Жахан оте журеги ак адам,ниети таза!! Арамдыгы жок жігіт!! Алла осы жігітке шекесі торсықтай ұл бер!!! Шырағы сөнбесін🤲🤲🤲

  • @ulbala2272
    @ulbala2272 8 місяців тому +84

    Тәрбиесі зор жігіт екен, ата-анасына рақмет. Алла жақсы жар жолықтырып, үбірлі-шүбірлі отбасы болуына нәсіп етсін ❤❤❤

    • @Att088
      @Att088 22 дні тому

      Әмин🤲🏼

  • @ИнкарТаурбаева-м1ф
    @ИнкарТаурбаева-м1ф 8 місяців тому +58

    Бұл да бір Алланың Сынағы шығар 😢
    АЛЛАМ БОЛАШАҚ ЖАРЫҢЫЗДЫ ЖОЛЫҚТЫРЫП, ҮБІРІНДІ-ШҮБІРІНДІ, БАҚЫТТЫ ❤️ ОТБАСЫ БОЛУДЫ ЖАЗСЫН 🤲

    • @Att088
      @Att088 22 дні тому

      Әмин🤲🏼

  • @AltynaiKadishova
    @AltynaiKadishova 21 день тому +3

    Көрип отырып бир жылап алдым өте әсерлі сұхбат болды Алла барша бала суйгісі келіп журген адамдарға балалы болуды насіп етсин!

  • @МираИгиликовна
    @МираИгиликовна 8 місяців тому +318

    👍👍Жахан молодец. Сынаққа ешқашан сынба!! Аллах Тағалам саған топырлаған ұл-қыздар нәсіп етсін🤲🙏🙏

    • @nurlan8965
      @nurlan8965 8 місяців тому +8

      Алла Тағала сәби бұйыртсын Жахан мырза Алла Ұлық! Сіздің Аллаға деген құлшылығыңыз адамға күш қуат беріп жатыри

    • @ДидарКеримбаев-ш5м
      @ДидарКеримбаев-ш5м 8 місяців тому +4

      Аумииин 🤲🤲🤲 инш Алла

    • @КаракозАбди
      @КаракозАбди 8 місяців тому

      Еркек молодец мойыманыз Алла суйген кулын гана сынайды

  • @user-vm5hz2zy9c
    @user-vm5hz2zy9c 8 місяців тому +82

    Депрессия, стресс ең жаман нәрсе. Ішке түсіп кеткенде сыртқа ауру ретінде шығады. Аман болыңыз Жахан. Ер жігіттің басынан не келіп, не кетпейді. Басыңыз ды тік ұстаңыз. 🫂Тек алға 🚀

  • @ArmaniJanaliev
    @ArmaniJanaliev 8 місяців тому +138

    Ассалаумағалейкум🖐Жахан бауырым Алла жеңілдігін берсін🤲Арман мақсаттарын орындалсын ин ша Аллах🤲Біз әр қашан дұғадамыз🤲

    • @Юля-ю8ь
      @Юля-ю8ь 8 місяців тому +1

      отирик шынды араластырып шаинап отыр гои

    • @goldenscore.66
      @goldenscore.66 8 місяців тому

      ​@@Юля-ю8ьай Құдай сақтасын қандай адамсың

    • @Meirbek-p2x
      @Meirbek-p2x 8 місяців тому +1

      Отирик сокпаш дугадамыз деп.

    • @goldenscore.66
      @goldenscore.66 8 місяців тому +3

      @@Meirbek-p2x бауырым сенің өмірде жолың болмай жүргеніне өз орныңды табалмай жүргеніңе олар кінәлі емесқо. Нестеп отырсың ірің әңгіме негатив шашып

    • @Kazakhlivego
      @Kazakhlivego 8 місяців тому

      Аумин 🤲

  • @aliyabakirova1590
    @aliyabakirova1590 8 місяців тому +21

    Жахан көп жаса! Әңгімең әсерлі болды. Расында қарапайымдылығыңмен өнеріңмен елдің сүйіспеншілігіне бөлендің . Ниет таза болса ,талантыңмен талабың қатар жүрсе , әрине көптің назарына , жүрегіне іліндің . Биіктен көріне бер! Жарайсың балам! 100 % сөздерің асыл болды

  • @aliyabakirova1590
    @aliyabakirova1590 8 місяців тому +78

    Балжанды қимайтыны білініп тұр . Даусы дірілдеп кетеді Балжан туралы айтқанда . Қанша ашық, ақкөңіл болсада , сырға берік екен ! Бір кем дүние деген, Жаханға шынымен бір нәрседен қысқанымен , Алла басқа жағынан берейін деп тұрған болар ! Ниетіне жетсін, бар арманы орындалсын!

    • @user-hz7wx4gd2p
      @user-hz7wx4gd2p 8 місяців тому +1

      Но олар реально не пара болды. Интервью тындаган кезде, одан да тусенесин, не пара екенинды

    • @aliyabakirova1590
      @aliyabakirova1590 8 місяців тому

      @@user-hz7wx4gd2p Екеуіде жас , әдемі, еттері тірі ,неліктен не пара деп ойлайсың? Әрине Жахан басынан өткен қиыншылықтан кейін өзгерген болар ! Дегенмен Балжанға деген махаббаты білініп тұр . Балжан маған бұл не пара деп кетпеген болар . Екеуінің арасын жалғап тұратын бала болмайтынын білгесін ғана кетуі мүмкін . Екеуі не пара деп айтуға ешкімнің қақысы жоқ деп ойлайм .

    • @Att088
      @Att088 22 дні тому

      Негізі, өте жақсы адамдар ұрпақсыз қалады. Неге екен?

    • @Att088
      @Att088 22 дні тому

      Жапырағың жайылсын, Жахан. Алла және сол ұрпағыңның қызығын көрмей, өмірден өткізбесін.

  • @ДинаБалгабаева-у4ю
    @ДинаБалгабаева-у4ю 8 місяців тому +118

    Тұрып намаз оқыған менен ғанама осы сұхбаттан кейін 😢, Жахан сенде әлі егізден саби бұйрсын сен үшін дұғадамыз әр қашанда әлі сенде бәрі болады только тоқтама алға алға❤

    • @TigerLion-h6t
      @TigerLion-h6t 8 місяців тому

      Она такая спокойнаааая

  • @madinaaltynbekova6870
    @madinaaltynbekova6870 8 місяців тому +196

    Абден жыладым ,жасым 54 те,балам жок ,Жахан саган деген козкарасым озгерди,рахмет саган,Алла бизди жаксы кореди,барине щукир..❤

  • @АйнаШадиярбекова-ц9к
    @АйнаШадиярбекова-ц9к 8 місяців тому +73

    Әбден жыладым .жақсы подкасть болды.Аллаға тапсыруды үйрену керек .Алланы тану керек❤ Құтты екен мекеніне бізді де баруды нәсіп етсін.куйеуім 20жыл намаз оқиды .таң намазын 10жылдан таң намазын мешіттен калған емес.қызым мен арманымыз Алла бізге жұғысты қылсын. Меккеге жіберу❤

    • @Att088
      @Att088 22 дні тому

      Әмин🤲🏼

  • @РитаЕнсебаева
    @РитаЕнсебаева 8 місяців тому +10

    Менің інімнің дос баласы 7 жылға дейін балалы бола алмады. Содан кейін 1 баланы асырап алды, Алланың құдреті күшті ғой, артынша келіншегі көтеріп қыз туды. Одан кейін тағы екі бала туды. Қазір сонымен 4 балдары бар!!! Айтқым келгені, ақыры жетім балларға көмектесіп жүр екенсің, біреуін алып бауырыңа басшы! Алла қаласа, береді!! Тілектеспіз, бақытты әке бол, Жахан балам!!🤲❤️

  • @Aishatashim1960-yi3xk
    @Aishatashim1960-yi3xk 8 місяців тому +12

    Алла разы болсын Жаханды көріп таң қалып отырмын Танымайды екенмін Керемет жігіт екен Әңгімелерің өтеұнады Өмірің жақсылыққа толы болсын Адал жар сүй ұлың қызың көп болсын Алхамдулиллаһ❤❤

  • @КүнменайМақсұт-х5ц
    @КүнменайМақсұт-х5ц 8 місяців тому +32

    Мен таныған Жахан осындай еді ғой деп отырмын. Шүкір! Мен танығаннан да керемет екен! Аллаһым екі дүниенің бақытын нәсіп етсін! Осы сұқбаттан өзіме сабақ болатын нәрселер алдым, рақмет!!)

  • @ЖулдызайМедеуова
    @ЖулдызайМедеуова 8 місяців тому +76

    Менің 12жастағы қызым айтады шай устінде қосып қойып отырғам. Турін көрсетіңізші мына ағайдың дид, осының қызы болғым кеп кетті дид,( ұрыспаңдар балаларыңа деп айтқан сұқпатында). Пендешілікке салынып ұрсамыз айқайлаймыз бала шағаға. Жылағым кеп тыңдадым бір демме, Алла жолын ашық етсін. Бала шағалы болсын Алланы қалауымен

    • @ГулсимКалиева-е2ш
      @ГулсимКалиева-е2ш 8 місяців тому +5

      Алла тағаланың мейрімі түсіп улды кызды болу насіп болсын. Алла әрдайым жолыңызды ашық денсаулығың мықты болсын!

    • @МулдирАбдуллаева-й5э
      @МулдирАбдуллаева-й5э 8 місяців тому

      Умитинизди узбениз алла каласа сизде али, улда, кызда болады❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤

  • @ГульзираТокабаева
    @ГульзираТокабаева 8 місяців тому +41

    Тегін адам өнермен айналыспайды ғой. Жақанның жан дүниесі тамаша екенін өзіме тағы да дәлелдегендеймін. Өнерің өрге баса берсін, Жақан інім! Бақытты бол! Аллам сүйген жанына сынақ береді дейді ғой. Алланың назарында бол! Алла тіл-көзден сақтасын!🤲🏻🤲🏻🤲🏻👍🏼👍🏼👍🏼❤️❤️❤️

  • @Гулия-ь6б
    @Гулия-ь6б 8 місяців тому +9

    Бақытты бол Жақан, молодец сенен мотивация алдым, нағыз еркек, Алла жақсы жар берсін, Алла қаласа бала да береді , Алланың құдіреті күшті.

  • @NesibeliKarzhaubayeva
    @NesibeliKarzhaubayeva 8 місяців тому +28

    Ой Жахан жылаттынгой 😢Алла берегорш Жахан иниме ул мен кыз 🎉❤

  • @venera.stylist
    @venera.stylist 8 місяців тому +45

    Керемет сұхбат болды. На одном дыхании көріп шықтым. Жахан есейген, әңгімесі тұщымды, салмақты. Риза болдым. Тек алға дегім келеді 🎉

  • @АбдуллаЖакен-х2ш
    @АбдуллаЖакен-х2ш 8 місяців тому +30

    Ма шаа Алла,күліп те,жылап та,шүкір етіп те,барымызды бағаламай жүргенімізді де түсіндіріп берген интервью болды!!!
    Алла разы болсын !!!
    Сөз жоқ,әрбір айтылған сөз жүрекке тура,дәл,прямо в точку әсер етті!!!
    Раббым осындай түсінік бергенің сансыз шүкірлер болсын Саған!!!
    Енді тек біздерді Өзіңнен алыстатпашы🤲🏻🤲🏻🤲🏻

  • @Saule_Aldiyarova
    @Saule_Aldiyarova 8 місяців тому +56

    Жахан інім бәрін Аллаға сеніп тапсыр. Алланың қалауымен 10-шы баламды дүниеге алып келдім. Көтерген кезде, босанатын кезде бәрін Аллаға сеніп тапсырамын. Аллаға сансыз шүкір бәрі аман-есен, дендері сау, әрине оларды жетілдіру, білім беру қазіргі заманда оңай емес, жетпесе де, бәріне шүкір деймін. Сол үшін сеніміңді жоғалтпа, Алланың берері мол болсын. Әлі ақ үбірлі-шүбірлі болатынына сенемін🤲🏻

  • @maqpalbauyrzhanqyzy
    @maqpalbauyrzhanqyzy 8 місяців тому +11

    *Керемет сұхбат болды.Түсінген адамдарға ойсаларлық.Бастарыңа сынақ келмей тұрып мені ертелі-кеш еске алыңдар деген Алла.Бір кем дүние...деген.Әкеңізге хабарласқанда қатты жыладым.Бауырыңыз жайлы айтқанда да😭Себебі қазір менде әке де ағам да жоқ.Өртке оранып кетті мәңгілікке.Тірісінде жақсы көрсем де неге айтпадым деген өксік келді.Алла сол нығметті сізге берді.Сіздерде бар нәрсе менде жоқ,мендегі бар нәрсе сендерде жоқ болуы мүмкін дегеніңіз.Алла маған Альхамдулиллях 5 бала берген екен.Аллаға махаббат,пайғамбарымыз (с.а.с)жайлы,Аллаға сондай сеніммен кейін қабыл болған дұғалар мен орын алған чудоларды айтқанда жүректен шығып жатқаны байқалды.Психологтарға жүгіре бермей Алламен байланысты нығайту дегеніңіз ☝БОЛДЫ МЕН БІТТІМ ДЕГЕНДЕ СЕН БАСТАЛАСЫҢ ДЕГЕН СӨЗ БАР ҒОЙ.Сондай болған сияқты.Алла иманды,намаздағы,орамалдағы жар мен салиқалы ұрпақтар нәсіп етсін🤲*

  • @NazlygulSeit
    @NazlygulSeit 8 місяців тому +24

    Подкастардың подкасы болды Әльхамдулиллах,Жақан сізге сәттілік АЛЛА қалауымен талай жетістіктерге қол жеткізесіз🤲🤲🤲Барлық жалғыз жүрген жандарға АЛЛАХЫМ қайырлы жар ,салиқалы ұрпақ нәсіп ете гөрші🤲🤲🤲🤲🤲

  • @ФлораБайтабанова
    @ФлораБайтабанова 8 місяців тому +58

    Неткен ақкөңіл жігіт.Аузын ашса,көмейі көрінетін.АЛЛАМ барлық дұғаңды қабыл етсін.Аминь.❤❤❤❤❤

  • @АйгульПалванова-ъ7е
    @АйгульПалванова-ъ7е 8 місяців тому +63

    Жахан оте сауатты, өзін жұбатып, бізді де жұбатты.

  • @ГулназАстана
    @ГулназАстана 8 місяців тому +38

    Бұл да бір сынақ. Осы сынақтан өту керек. Содан өту үшін Алла саған даналық, шыдамдылык, күш, энергия берсін

  • @ГулзатКуанышева-э7в
    @ГулзатКуанышева-э7в 7 місяців тому +3

    Өте керемет сұқбат. Жахан өзіміз сияқты өте қарапайым жан екен. Алланы ауызынан тастамаған Раббысына жақын жан екен. Әрдайым жолың ашық болсын Жахан

  • @ПеризатНуркаева
    @ПеризатНуркаева 8 місяців тому +13

    Осы сұхбатты көре алмай жүрген ем. Жүрегім ауырып, жылап алдым. Сәбидің исін аңсап жүргендердің бірі едім. Арасында менің өміріме ұқсап кеткен жерлері бар екен. Жахан жан-дүниесі өте керемет жан екен. Алла бар арманына жеткізсін!

  • @АрайлымМахамаддин
    @АрайлымМахамаддин 8 місяців тому +35

    Я Раббым осы құлыңа екі дүниенің бақытын, жақсылығын, ризығын берші, барлық жақсылықтарды нәсіп етші

  • @thededlain9718
    @thededlain9718 8 місяців тому +21

    Жахан керемет сұхбат болды. Сөз байлығың зор екен риза болдым. Алладан тілеген дұға тілектеріңді қабыл етсін! Жолың ашық болсын! Бақытты бол! Біресе жылап, біресе күліп отырып көрдім. Әрбір айтқан сөзің жүрекке жетті. Көп адамдарға ой салатын әңгіме болды болды. Тағыда бақытты бол! Аллам нәсіп етсе көп балалы әке болуыңа тілектеспін!

  • @hazarjumagali1287
    @hazarjumagali1287 4 місяці тому +3

    Алла сүйген құлына сынақ береді деген, сені Алла сүреді деп түсін Жахан. Жақсы адам жақсы қыз нәсіп етіп ұрпағымен қуанышы Алла 🤲

  • @kymbatdosbaeva8848
    @kymbatdosbaeva8848 8 місяців тому +6

    Байкаганым каншама адам теріс пікірде болып келіпті,почти бәрінің ойы өзгерген екен саган деген! Алла разы болсын керемет сухбат болды 👍 Алла үшін миг бол десе бола кояды...Алладан үмітіңді узбе егізден ул-кыЗын болсын...Бурыннан караймын,творчестванды,адамдыгынды сыйлаймын... Машаллаһ бір сөзбен

  • @БалжанБатырбекова-з3я
    @БалжанБатырбекова-з3я 8 місяців тому +50

    Керемет! Намаз оқуға ниеттеніп жүрмін, мүмкін осы подаст түрткі болды

  • @ӨМІРБЕКСАЙЛАУБЕКҰЛЫ-ш2э
    @ӨМІРБЕКСАЙЛАУБЕКҰЛЫ-ш2э 8 місяців тому +36

    Жахан Бауырымды осы күнге дейін дұрыс танымай келген екенмін. Құрметім артты. Сен Алланың сүйген құлысың Жаке. Сау болшы.

  • @АсемАбетаева-ш7г
    @АсемАбетаева-ш7г 8 місяців тому +38

    Жахан молодец, шынайы бәріне жауап беріп жатыр сұрақтарға, Аллах тағалам салиқалы ұрпақ берсін саған, рас айтады Алламен тілдесу керек.

  • @МеруертНурманова-н8д
    @МеруертНурманова-н8д 2 місяці тому +1

    Қандай керемет сенің өміріңнің қасында менің қарызым түк емес болып қалды ғой? Рахмет күшті әсер алдым, сен үшін қуаныштымын! Алланың сүйікті құлдарынан болайықшы бәріміз!

  • @ДастанТоктар
    @ДастанТоктар 8 місяців тому +3

    Жахан рахмет әнгіменізге, иә Аллаға шүкір айтуымыз керек,көрмендерге тілеген тілегініз Әумин дегім келеді, сіз не тілесеніз жүр қа елге, Алла сізге да соны еселеп берсін! Балалы шағалы ұрпағыныз көп болсын Әумин! Әке-Шешен із Аман болсын! КОКШЕТАУДАН СӘЛЕМ,т/б, т/л Сандуғаш!

  • @Alikon_86
    @Alikon_86 8 місяців тому +46

    Соңына дейін тыңдап шықтым. Көөөп түсінік келді. Мың алғыс!❤❤❤

  • @БакытгулКидирова
    @БакытгулКидирова 8 місяців тому +107

    Өте ақылды.Өмірді шынымен түсінген Жахан Утарғалиевті көріп отырмыз👍🏼👍🏼👍🏼

  • @ЕрсултанНурмаш
    @ЕрсултанНурмаш 8 місяців тому +90

    Алладан үмітіңді үзбе бауырым!
    Алла жоқтан бар жасаушы!

  • @challengeyt9724
    @challengeyt9724 8 місяців тому +4

    Керемет сұхбат болды. Жоханнан керемет мотивация алдым. Рахмет Жохан

  • @НазираДекембаева-п1л
    @НазираДекембаева-п1л 7 місяців тому +6

    Өмірден сабақ алыпты, айтары да құлаққа қонымды. Жолың ашылсын. Өз міндетін түсінетін ер азамат қатарынан екені қуантты.

  • @nurikkz9415
    @nurikkz9415 8 місяців тому +154

    Бала асырап алыңыз. Алла артынан оншақты ұл мен моншақты қыздарды өзі үйіп-төгіп береді

    • @РаукаАйшатай
      @РаукаАйшатай 8 місяців тому +5

      Өте орынды, май көтен болады.

    • @ЖалғасӘміржанов
      @ЖалғасӘміржанов 8 місяців тому

      ​@@РаукаАйшатай май көтен деген қалай?)

    • @Амалия-с6м
      @Амалия-с6м 8 місяців тому

      Бала асырап алудың не қатысы бар бедеу болса? Баланы сауап үшін асырап аласын Аллаһ разылығы үшін. Баланы қаласа береді қаламаса бермейді.

  • @botakandar
    @botakandar 8 місяців тому +54

    Сондай шынайы сұхбат болған. Аллага деген махаббат күшті айтылған❤

  • @rem_sabyrzhan
    @rem_sabyrzhan 8 місяців тому +44

    Ассаляму алейкум Жахан, осы интервью ды тындап коп нарсены тусындым. Рахмет улкен Аллам жан тыныштыгын берсын. Алла каласа Аллахтын калауымен перзент насып етсын. Тан намазында сиз ушун дуга кылам…

  • @НургульИбраимова-щ4у
    @НургульИбраимова-щ4у 8 місяців тому +10

    Подкаст керемет! Бәрі бір Аллахтың қолыңда, әке болуыңызға тілекшіміз. Отбасы жайында өте дұрыс жауап айттыңыз, екі адамның арасындағы әңгіме сыртқа шықпау керек, Бір -біріңнің айыбыңды барынша жасыру керек. Алла ғана кемшіліксіз. Мативация толы, Аллаға жақындау,өзіңді Аллаға тапсыру арқылы сену керектігін жақсы айттыңыз. Алла тек жақсы жаңалығымен қуантсын Сізді.Бақытты, көп балалы отбасы болыңыз!

  • @Amirsultan18
    @Amirsultan18 8 місяців тому +6

    Жахан катты озгерген, бурындары унатпайтын едим. Подкаст оте коп инсайттарга толы болды. Рахмет! Жахан бакытты бол!

  • @kasymbek
    @kasymbek 8 місяців тому +23

    Мына сұхбатты көріп отырып, күлетін жерінде күліп, жылайтын жерінде бірге жылап, сондай керемет сұхбат болды, Жахан сен үшін қуаныштымын, мықты адам екенсің ✊
    енді Аллахым меніңде қиындықтарымды жеңілдетсе екен 🙏

  • @ИндиМур
    @ИндиМур 8 місяців тому +15

    Жахан үлкен жүректі жігіт! Алланың сынағына мойымай үлгі болып жүр! Алланың берері көп болсын! Қаншама жетім балаларға қамқоршы болатындай дәрежеге жете берші! 🙏

  • @АидаАманбекова-с7м
    @АидаАманбекова-с7м 8 місяців тому +38

    Жахан өте мыкты ер азаматсың, бүгінгі эфир мен үшін қызық өтті. Әкесіне звондаған сәті, еріксіз көзіме жас келді. Шынайы сұхбат болды. Жахан аман бол, үбірлі шүбірлі бол🤲🏼🙏🏻🫶🏻

    • @hanami2400
      @hanami2400 8 місяців тому +1

      Жахан молодец ❤❤😊

  • @АйнагүлКудербаева
    @АйнагүлКудербаева 7 місяців тому +2

    Керемет сұхбат. Дәл қазіргі сәтте маған керек ақпарат алдым. Көп нәрсені түсіндім. Үлкен рахмет 💐

  • @ГульнурБиеш
    @ГульнурБиеш 7 місяців тому +4

    Керемет толган мотивация, барлык суракка жауап болды, Алла сизге балалы болуды насип етсин🙌

  • @МаншукОтарбаева
    @МаншукОтарбаева 8 місяців тому +28

    Жахан бауырым жарайсың! Әбден сыналыпсың альхамдулиллях! Аллах сені өте қатты жақсы көреді екен👍 ин шаа Аллах бала болады, Аллах беруші. Иманымды көтердіңіздер Алла разы болсын! Жахан Алла тағала екі дүниенің бақытын берсін! Ин шаа Аллах көп балалы әке болыңыз! Барлық адам баласына пайдасы тиетін киноларыңыз көп болсын, международный кино продюссер болыңыз!

  • @ЭляАпсембетова
    @ЭляАпсембетова 8 місяців тому +5

    Не деген шынайы интервью болды, жүрегімді жылытып, Аллаға деген сүйіспеншілігімді оятты, шынымен Алладан алыстап кетіп барады екенмін, көп рахмет Сіздерге!!!

  • @СанжарИльясов-б8е
    @СанжарИльясов-б8е 8 місяців тому +28

    Молодец Жахан. Приятно тебя слушать от чистого сердца говоришь. Много чего полезного сказал говоришь. Аллах с нами Аллах велик.

  • @ҚұралайСейтова21ғасыржобасының

    Мен 2жыл жолдасымды Меккеге баруына Алладан көөп дұға жасадым. Күйеуімнің ойында ондай ештеңе жоқ. Алла дұғаларды қабыл алушы. Аллаға сансыз мадақтар болсын🤲🤲🤲. Алланың қалауымен қабыл болды дұғам. Ол кезде жолдасым 38 жасқа толған туылған күні еді.
    Өзімнің де қатты барғым келетін. Бірақ мен жолдасым үшін ғана дұға жасадым. Осыдан кейін өзіме Я Раббым мені де 38 жасымда қайырлы, көркем түрде қабыл болған қажылық нәсіп етші деп дұға жасап жүрдім. Биыл 38 жасқа толғанымда ешкім күтпеген жерден Алланың қалауымен не бәрі 15 сағаттың ішінде екі енеммен Меккеге ұмыра жасауға ұшып кеттім🤲🤲🥹🥹.
    Сенесіздер ма мойнымда 12миллион кредитім бар. Айлығым кредитіме жетпейді да. Бірақ Алланың құдіретінде шек жоқ тағы көзім жетті. Аллам менің жүрегімдегі иманыма күш қосып қасиетті мекенге құлшылық жасауыма мүмкіндік берді. Аллам ұлықсың. Сансыз мадақтар болсын Я Раббым өзіңе. Барлық күштің иесін тілмен емес жүрекпен сезініп айтқанда Аллам мұқтаждығыңды қанағаттандырады деп ой түйдім. Жаханды 200% түсінем.

  • @Shika90
    @Shika90 7 місяців тому +2

    МашАллаһ, керемет!! Жаһан үбірлі-шүбірлі болшы, Аллаһ Тағала салиқалы жар нәсіп етсін, Алладан үмітің үзілмесін🤲🏻🤲🏻🤲🏻

  • @ЖарылхасынЕсенбаев-я6ш
    @ЖарылхасынЕсенбаев-я6ш 8 місяців тому +7

    Мен бұл жігітің өнерімен сырттай таныс едім, осы сұхбаттан соң, риза болдым. Негізі жақсы Адам екен. Жақан бауырым, сен үшін дұғада боламыз.

  • @Maussym3693
    @Maussym3693 8 місяців тому +32

    Ажырасуы жайлы кішкене болсын шет жағасын өзінің көзқарасы бойынша айтқаны жақсы болды. Демек Балжан екеуіңіз екі түрлі адамсыз, және бір-біріңіздің жаныңызды ауыртпай, соны дер кезінде түсінгендеріңіз жақсы болды. Балжан тордағы тотықұс деп ойлайтындардың бірі мен едім, ол ішіндегі өнерді тұншықтырған сайын бақытсыз болды. Жібергеніңіз дұрыс болды деп ойлаймын. Алла сынағыңызды жеңілдетсін 🤲

  • @aliyabitanova5261
    @aliyabitanova5261 8 місяців тому +16

    ЖАХАН ТЫ КРАСАВЧИК СПАСИБО ЗА ОТКРЫТОЕ ИНТЕРВЬЮ. ТЫ ХОРОШИЙ ДОБРЫЙ МУЖЧИНА, С ДОБРЫМ СЕРДЦЕМ☝️ВСЕЕЕ МУЖИКИ БЫЛИ БЫ КАК ТЫ. ДАЙ АЛЛАХ ТЕБЕ РЕБЁНОЧКА. ЧТОБ ТЫ СТАЛ ПАПОЙ. ПУСТЬ ВСЕЕ БЕДЫ ОБХОДЯТ ТЕБЯ СТОРОНОЙ. ТЫ БОЛЬШОЙ МОЛОДЕЦ. ВСЕГДА БУДЬ НА ПОЗИТИВЕ. УДАЧИ ТЕБЕ✊✊✊

  • @Элеонора-с5с
    @Элеонора-с5с 7 місяців тому +3

    Бұрын ұнатпаушы ем Жақанды, мына сұхбат басқаша қырынан таныдым!!! Тыңдай бергім келді👏👏👏

  • @nagimabekhozhaeva4578
    @nagimabekhozhaeva4578 2 місяці тому +1

    Керемет сухбат👍 Алламен байланысының орнағанына қуаныштымын. Алла қаласа үбірлі-шүбірлі боласың.Осы ситуацияны қалай жібересің,жабыспай, солай балалы боласың, иншАллах.

  • @БалзияБектегенова
    @БалзияБектегенова 8 місяців тому +13

    Айналайын Жахан , қазақтың талантты ұлы бақытты бол,мына берген сұхбатың өз өздерін таба алмай қиналып жүрген жандарға өмірлік сабақ деп бағалаймын
    Алладан құдыретті ештеңе жоқ, әлі ақ балалы шағалы боласың алла қаласа, соған жеткізсін, тілектеспін

  • @АкботаМаминов-и1л
    @АкботаМаминов-и1л 8 місяців тому +31

    Жылатты енді мына жігіт.Әкесімен сөйлескені❤.Баяғының әкелері осындай ғой шіркін

  • @Bizdinalem
    @Bizdinalem 8 місяців тому +43

    Кәдімгідей ойымызды өзгерттің Жахан,өте әсерлі әңгіме айттың,жүрекке жетті

  • @Anargul-g9g
    @Anargul-g9g 7 місяців тому +2

    Жахан , Алхамдулилляһ!!! Аллаға шүкір, кәдімгі ойландыратын әңгіме айтынғо!!!!! Алла саған лайықты салиқалы жар нәсіп етсің🤲🤲🤲

  • @ЛәйләЖамантаева
    @ЛәйләЖамантаева 16 днів тому

    Алладан сұрай бер Жахан, бір ағамыз бір көзі соқыр болсада бір бала берші деген екен шыныменде бір көзі көрмейтін ұл туылған, сондықтан Алладан қайырлы, саналы, салиқалы, аяқ қолы түзу, ақыл есі дұрыс ұрпақ бер тілеу керек! Алла естуш, білуші!!!! Калабок екеуіңе Аллам үйіп төгіп егіз ұлдар мен қыздар берсін !

  • @ҮлбірСапарбаева-ц8в
    @ҮлбірСапарбаева-ц8в 8 місяців тому +25

    Сұхбатты көріп аллаға бір табан жақын болдым. Аллаға мың шүкір. Керемет сұхбат болыпты👏👏👏

  • @anielkunaeva6981
    @anielkunaeva6981 8 місяців тому +18

    Аллаһым Жаханға салихалы ұрпақ нәсіп етші🤲🏻Бала сүйгісі келіп жүрген адамдардың бәрінін дұға тілектерін қабыл етші🤲🏻

  • @СаяшАбауова-ы9с
    @СаяшАбауова-ы9с 8 місяців тому +11

    Жахан бауырым Алла сізді өзіне осылай жақындатқан екен. Өте терең, мағыналы сұхбат болыпты. Шынайы, таза, бауырмашыл екенсіз. Бір деммен тыңдап шықтым сұхбатты. Үмітімді жалғағандай болды

  • @Rahat_alieva
    @Rahat_alieva 17 днів тому +3

    Күшті Жахан ❤ менде жылап қалдым😢сенимен бирге, бари Жаксы болсын сенде

  • @Пайдалыканал-й4д
    @Пайдалыканал-й4д Місяць тому +5

    Бір демде тыңдап шықтым ❤ Алла адал жар, салиқалы ұрпақ нәсіп ете көр Жаһан інімізге 🤲🤲🤲

    • @Att088
      @Att088 22 дні тому

      Әмин🤲🏼

  • @АйнураДуйсенбаевна
    @АйнураДуйсенбаевна 8 місяців тому +16

    Жахан өте әсерлі сұбхат Алла тілеуіңді берсін ,жастарга шынайы багыт багдар беретін сабак беретін пайдасы бар әсерлі субхат болды. Улды кызды болыңыз сіздің артыңызда турып дұга жасайтын тілеушіңіз болсын.Алла көруші біліуші беруші.

  • @АсияЖандарова
    @АсияЖандарова 8 місяців тому +17

    Жахан сені Аллаһ өте жақсы көреді. Аллах суйген құлдарын сынайды қинайды. Заатоо жәннәти боласың.
    Бәріне шүкір деп жүре бер

  • @АйсулуТурахметова
    @АйсулуТурахметова 8 місяців тому +25

    Керемет.Мен күшті әсер алдым.Тусінем жаксы.Өзімнің басымнан өтті.Алланың құдіреті шексіз ғой.Дурыс айтасын от басын,ата ананнан,бауырларыңнан аскан еш кім жоқ Менің балам бар қазір шукір.Умітіңді үзбе Алладан

  • @НазеркеЖусипова-э7я
    @НазеркеЖусипова-э7я Місяць тому +1

    Алдағы күндеріңізге сәттілік! Кино түсіруді сізден үйретеніндей деңгейге жетіңіз, сынбаңыз, тек алға Жахан мырза! Алға қойған мақсаттарыңызға Аллахтың қалауымен жете беріңіз! Амин

  • @Aika757
    @Aika757 8 місяців тому +2

    Баласы бар әйелді алмас едім дегенде,кінәсіз ажырасқан балалы әйелдердің көңіліне тиген,жүректеріне ауыр тиеді,оны Алла көруші.Қате айтқанына өкінгеніне шүкір,Алла Жаханға бала сүюді нәсіп етсе екен❤

  • @МолдирДаклетпакова
    @МолдирДаклетпакова 8 місяців тому +11

    Көөөп рахмет. Осы видеоны түсіргенізге халықпен бөліскеңізге. Менде де басымнан осыған ұқсас нәрселер болып жатыр. Алла разы болсын. Күштіііі мотивация болды. Бәрін дұрыс айтып шықтыныз. 👍🏻👍🏻👍🏻👏👏👏

  • @Тараз2023Таке
    @Тараз2023Таке 8 місяців тому +13

    Ешкімнің басына салмасын.Жахан сияқты иманды жігітке үлкен махаббат, ұзақ өмір, көп бала шаға берсін!

    • @hanami2400
      @hanami2400 8 місяців тому +1

      Ля ИллаАллах Мухаммад Расулулах Алла тагала уллык ❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤

  • @СымбатЛес-о1ш
    @СымбатЛес-о1ш 8 місяців тому +22

    Аллаға жақындауыма ой салған жақсы әңгіме болды😢❤. Өзім өзім деп барлық жүкті өзіме алып біраз қарызға кіріп кеттім, ендігі әрекетім Аллаға бәрін тапсырып, өзінен сұрау😢, әрекет жасап қана❤

  • @КуляшТаншаева-л3ъ
    @КуляшТаншаева-л3ъ 8 місяців тому +4

    Жахан, айналайын сенде барлығы жақсы болады, өйткені сен Алланың сүйген құлысың🤲🤲🤲

  • @umittanakozova6882
    @umittanakozova6882 8 місяців тому +1

    Бұл интервьюді тыңдап отырып Жаханға деген көзқарасым өзгерді. Керемет тыңдалым болды. Алланың қалауымен жақсы адамың кездесіп кіндігіңнен өз ұрпақтарың таралсын!

  • @ЕркебуланДаулбеков-т4ы
    @ЕркебуланДаулбеков-т4ы 8 місяців тому +130

    Жахан Аллах сени тура жолдан тайдырмасын Саган , осы омирде бала суйе алмай журген барлык жандарга (онын ишинде мен айелим екеумизде бармыз) Аллахым егизден насип етегорши. Амин, амин, амин