ПСИХОЛОГИЯ - Сезімдерімді неге түсінбеймін? (Алекситимия)

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 12 лип 2022
  • Қандай сезімді сезініп тұрсыз? - бұл психологтардың сүйікті сұрағы.

    Себебі тек адамның сезімдері арқылы, оның өміріндегі жағдайлардың не себепті болып жатқанын түсіне аламыз.

    Сезімдер жаман, жақсы, дұрыс, дұрыс емес деп бөлінбейді. Барлық сезімдер мен эмоциялар бізге қажетті, сезімдер арқылы басқаға өзіміз туралы ақпарат бере аламыз.

    Эмоциялар - қысқа мерзімді
    Сезімдер - ұзақ мерзімді
    Екуінің айырмашылығы осындай.

    Бізді қызықтыратын ұзақ мерзімді сезімдер.

    Сезім арқылы:
    Дәл қазіргі жағдайда немесе осы адаммен қарым -қатынаста менде қандай сезімдер туындап жатыр? Маған дәл осы сезімдер қажет пе?
    Бұл сезімдер денемде қандай көрініс беруде? деген сұрақтарға нақты жауап ала аламыз.

    Сезімдер өзімді түсінуге, керек жағдайда қорғауға да көмектеседі.

    Көбіне адамдар не сезініп тұрғанын айта алмайды. Себебі, белгілі бір травма, стресс алған соң сезімдер әлемінің есігін жауып тастайды. Бұндай жағдайды психологияла - алекситимия ( безчувств) деп атайды.

    Бұл жағдайдың бастапқы себебі, балалық шақта, әр түрлі сезімдерді сезіну барысында ата-анамыздан жиі сөгіс естігендіктен, қазіргі ересек өмірде сезімдерімді ашық көрсетуге ұяламыз. Сол “ ұят “ деген установка кейіннен түрлі психосоматикалық ауруларға алып келіп жатады.

    Сезімдерді уақытылы сыртқа шығара білмеу әсерінен, олар іште жинала береді. Әр сезімнің энергиялық салмағы бар. Жиналған сезімдер адамның бойында ауырлық тудырады. Соның әсерінен өзін түснбейді, не қалайтынын білмей, түрлі ауруларды бойына жинап өмір сүріп жүре береді.

    Шықпаған сезімдер:

    - Психосоматикалық аурулар
    - Депрессия
    - Мазасыздық
    - Ұйқысыздық
    - Тәуелділіктерге ( алкоголизм, игромания, наркомания) алып келеді.

    Өзіңізді жақсы көрудің басты бір көрсеткіші, сезімдеріңзге ұқыпты болу, сезімдеріңізді түсініп үйрену, керек уақытында шығара білу, керек жағдайда қалаған сезіміңізді сезініп үйрену.
    INSTAGRAM ► ...
    TELEGRAM ► t.me/bibigul_m...

КОМЕНТАРІ •