Марк Цукерберг босқындар лагерлерін ғаламтормен қамтамасыз етпек

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 2 жов 2024
  • Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты даму саммиті аясында өткен форумда мәлім етті.
    Оның айтуынша, босқындар ғаламтор арқылы отбасыларымен, туыстарымен байланыса алады. Сондай-ақ ол бұл әрекетінің Facebook үшін тиімді екенін де жасырмады.
    Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында Цукерберг әлемнің ең ықпалды әрі беделді адамдарының рейтінгінде көш бастаған еді.
    Қазір босқындар жайы әлем бойынша маңызды мәселеге айналғаны анық. Себебі босқындар бастарына пана іздеп, әлемнің әр еліне ағылып барып жатыр. Таяу Шығыс пен Африка елдерінің босқындары Қазақстанға келмеуі мүмкін. Миграция жөніндегі халықаралық ұйымның аймақтық үйлестірушісі Деян Кесерович: «Таяу Шығыстан босқындар Қазақстан түгілі Орталық Азияға да келе қоймайды», - дейді. Себебі географиялық тұрғыда олар тым шалғай жерде екен.

КОМЕНТАРІ •