«Махаббатым жүрегімде-2» телехикаясы көрерменге жол тартты

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 2 жов 2024
  • Көрермен ықыласына бөленген «Махаббатым жүрегімде» телехикаясының екінші бөлімі түсіріліп бітті. «Хабар» агенттігінің тапсырысымен жүзеге асырылған тележобаның тұсаукесері арнаның 20 жылдығына орайластырылды.
    «Телехикаяның екінші бөлімінде жастар арасындағы махаббат сезімі тосын жайттармен өріледі», - дейді туындының режисері Ернар Нұрғалиев. Бірінші бөлімге қарағанда, мұнда көрермендер қарама-қайшы тартысты оқиғалардың куәсі болады.
    Ернар Нұрғалиев, режиссер
    -Мен үшін ең қиыны - махаббат тақырыбы. Оны жүректерге жететіндей шынайы шығару оңай емес. Актерлардың ішкі толғанысы мен өз кейіпкерінің табиғатын түсініп, ойнату үшін көп еңбектенуге тура келді. Әнші Жанар Дұғалова ойнаған жағымсыз рольдің сырын ашуға тырыстым.
    Тұсаукесер рәсіміне келгендер телетуындының алғашқы 2 сериясын үлкен экраннан тамашалап, бірінші маусымға қатысты қызықты сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ фильмнің бас кейіпкерлерін сомдаған актерлармен танысу мүмкіндігіне ие болды.
    Түсіру алаңында әртүрлі жағдайлардың болатыны рас. Бірақ қажырлы еңбектің нәтижесі жаман емес. Ең бастысы фильм үшін тер төккен шығармашылық топтың сенімі ақталғандай.
    Гүлнұр Мамасарипова, атқарушы продюсер
    -Біз бірінші бөлімге қарағанда нашар дүние жасауға қақымыз болған жоқ. Сондықтан бар күш-жігерімізді сценарийға, музыкалық жағынан өңделуіне, келіп қосылған актерлардың ойынына барлығына-барлығына барынша мән беруге тырыстық. Көрермен өзі көріп, бағасын беріп жатыр.
    Тағдырдың тосын сыйына толы телехикаяны 30 қыркүйектен бастап дүйсенбі мен бейсенбі аралығында сағат 21.30-да «Хабар» телеарнасынан тамашалай аласыздар.

КОМЕНТАРІ • 5

  • @АйнурБегжанова-л8х
    @АйнурБегжанова-л8х 4 роки тому +1

    УРААААА жаксы болдау тусиниксиз болып қалып еди

  • @qpopcount79
    @qpopcount79 3 роки тому

    3 сезон қашан болады?

  • @АлтынБайжанова-ы3о
    @АлтынБайжанова-ы3о 7 років тому

    Зататащи меня в ад
    это кино когда будет смотреть телевизор в этом канале хабар

  • @КатяМокулова
    @КатяМокулова 8 років тому

    Махабатым жұреғимде сериал ұшинши сезоны болама

  • @ElzaErmekbaeva
    @ElzaErmekbaeva 9 років тому

    3 сезон болама