Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да... - Абай Құнанбайұлы [поэзия]

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 19 лис 2024

КОМЕНТАРІ • 67

  • @ЕрболАбзеитов
    @ЕрболАбзеитов 3 роки тому +5

    Каи кез келсе де сөздері тура сол кунге арналган ! Міне нагыз ғажап ! Абаи атамыздын білімі өте мықты болган ! 2021 ж

  • @АлтаМайтахАлтай
    @АлтаМайтахАлтай 5 місяців тому

    ❤❤❤🎉бабамыздың рухына Әл-Фатиха.

  • @ardakakberdiev694
    @ardakakberdiev694 7 років тому +27

    Аллаһым біз қазақтарды адасқандардан қылмағын!...аминь!

  • @kulai5118
    @kulai5118 2 роки тому +1

    Керемет👍👍🇰🇿🕊️

  • @АкеркеКыдырбай-у8ю
    @АкеркеКыдырбай-у8ю 4 роки тому +12

    Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да,
    Алдамаған кім қалды тірі жанда.
    Алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім,
    Жалғыз-жарым болмаса анда-санда.
    Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда,
    Ол тұрмас бастан жыға қисайғанда.
    Мұнан менің, қай жерім аяулы деп,
    Бірге тұрып қалады кім майданда?
    Ендігі жұрттың сөзі - ұрлық-қарлық,
    Саналы жан көрмедім сөзді ұғарлық.
    Осы күнде, осы елде дәнеме жоқ
    Мейір қанып, мәз болып қуанарлық.
    Байлар да мал қызығын біле алмай жүр,
    Жаз жіберіп, күз атын міне алмай жүр.
    Сабылтып күнде ұрлатып, із жоғалтып,
    Ызаменен ыржиып күле алмай жүр.
    Саудагер тыныштық сауда қыла алмай жүр,
    Қолдан беріп, қор болып, ала алмай жүр.
    Ел аулақта күш айтқан, топта танған,
    Арсыз жұрттан көңілі тына алмай жүр.
    Естілер де ісіне қуанбай жүр,
    Ел азды деп надандар мұңаймай жүр.
    Ала жылан, аш бақа күпілдектер
    Кісі екен деп үлкеннен ұялмай жүр.
    Бектікте біреу бектеп тұра алмай жүр,
    О дағы ұры-қарды қыра алмай жүр.
    Қарсылық күнде қылған телі-тентек,
    Жаза тартып ешбірі сұралмай жүр.
    Қарындас қара жерге тыға алмай жүр,
    Бірінің бірі сөзін құп алмай жүр.
    Құда-тамыр, дос-жарың, қатын-балаң -
    Олар да бір қалыпты бола алмай жүр.
    Бір күшті көп тентекті жыға алмай жүр,
    Іште жалын дерт болып, шыға алмай жүр,
    Арақ ішкен, мас болған жұрттың бәрі,
    Не пайда, не залалды біле алмай жүр.
    Жетілтіп жаз жайлауға қона алмай жүр,
    Күз күзеуде жанжалсыз бола алмай жүр.
    Қыс қыстауың - қып-қызыл ол бір пәле,
    Оралып ешбір шаруа оңалмай жүр.
    Жасы кіші үлкеннен ұялмай жүр,
    Сұрамсақтар нәпсісін тия алмай жүр.
    Сәлем борыш, сөз қулық болғаннан соң,
    Қандай жан сырттан сөз боп,сыналмай жүр?

  • @legends1230
    @legends1230 4 роки тому +9

    Абай Атамыздың өзіде сөзіде данағой шіркін

  • @shokhmirza4344
    @shokhmirza4344 5 років тому +11

    Абайнинг кора сузларида минг минг маъно, укиб рохатланаман! Казак халкининг гавхари!

    • @ДдЛл-ф6у
      @ДдЛл-ф6у 3 роки тому

      Дұрыс
      Айт Асын - өз бегім

  • @7T-in
    @7T-in 2 роки тому +1

    Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да,
    Алдамаған кім қалды тірі жанда?
    Алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім,
    Жалғыз-жарым болмаса анда-санда.
    Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда,
    Ол тұрмас бастан жыға қисайғанда.
    Мұнан менің қай жерім аяулы деп,
    Бірге тұрып қалады кім майданда?
    Ендігі жұрттың сөзі - ұрлық-қарлық,
    Саналы жан көрмедім сөзді ұғарлық.
    Осы күнде, осы елде дәнеме жоқ
    Мейір қанып, мәз болып қуанарлық.
    Байлар да мал қызығын біле алмай жүр,
    Жаз жіберіп, күз атын міне алмай жүр.
    Сабылтып, күнде ұрлатып, із жоғалтып,
    Ызаменен ыржиып күле алмай жүр.
    Саудагер тыныштық сауда қыла алмай жүр,
    Қолдан беріп, қор болып, ала алмай жүр.
    Ел аулақта күш айтқан, топта танған,
    Арсыз жұрттан көңілі тына алмай жүр.
    Естілер де ісіне қуанбай жүр,
    "Ел азды" деп надандар мұңаймай жүр.
    Ала жылан, аш бақа күпілдектер,
    Кісі екен деп ұлықтан ұялмай жүр.
    Бектікте біреу бекіп тұра алмай жүр,
    О дағы ұры-қарды тыя алмай жүр.
    Қарсылық күнде қылған телі-тентек,
    Жаза тартып ешбірі сұралмай жүр.
    Қарындас қара жерге тыға алмай жүр,
    Бірінің бірі сөзін құп алмай жүр.
    Құда-тамыр, дос-жаран, қатын-балаң -
    Олар да бір қалыпты бола алмай жүр.
    Бір күшті көп тентекті жыға алмай жүр,
    Іште жалын дерт болып, шыға алмай жүр.
    Арақ ішкен, мас болған жұрттың бәрі,
    Не пайда, не залалды біле алмай жүр.
    Жетілтіп жаз жайлауға қона алмай жүр,
    Күз күзеу де жанжалсыз бола алмай жүр.
    Қыс қыстауың - қып-қызыл ол бір пәле,
    Оралып ешбір шаруа оңалмай жүр.
    Жасы кіші үлкеннен ұялмай жүр,
    Сұрамсақтар нәпсісін тыя алмай жүр.
    Сәлем - борыш, сөз - қулық болғаннан соң,
    Қандай жан сырттан сөз боп, сыналмай жүр?

  • @khannur428
    @khannur428 4 роки тому +2

    Абай атам болашақты көз алдында көргендей өлеңдерінің бәрінде қазіргі болып жатырған уақиғаларды дәлме дәл жазып кетіпті.
    Ұрпақ саналы, Иманды болсын десек үлкендеріміз осындай Ұлы ата-ағаларымызды, әпкелерімізді тыңдап, жаттап алу керекпіз.

  • @АйдынГаббасов-ю3т
    @АйдынГаббасов-ю3т 2 роки тому

    Ассалаумагалейкум. Алла га Шукур. Абай ата жанын жанатта болсын

  • @АйбатАманжол-о6ж
    @АйбатАманжол-о6ж 4 роки тому

    Кандай козбен карады екен Абай осынын барине айттыго шындыкты олен жолдарымен

  • @АлиханМуратбек-н9к
    @АлиханМуратбек-н9к 4 роки тому +2

    Абай дана данышпан иманды естi адам! Ұлы Абайды улги тұту керек

  • @ЖанагульКабдуова
    @ЖанагульКабдуова 2 роки тому

    Абайдың өлендері тақпақтары жақсығой

  • @КулайшаСейдуллаевна
    @КулайшаСейдуллаевна 7 років тому +48

    Абайдың əрбір сөздерін мектеп түлектеріне жатқа айтқызып қойса ғой!

  • @Ерасыл-ф8я
    @Ерасыл-ф8я 4 роки тому +1

    Абай атаның əрбір сөзі кереметқой

  • @ЕрланИігенбай
    @ЕрланИігенбай 4 роки тому +1

    Дана Абай,
    басқасын білмеймін, бірақ өзімді тура тауып айтқан. Хайуан екенімді әбден мойындадым. Масқара, Ұят ай, жер жастандырды деген осы болар. Кешіріңіздер жағдай осы.

  • @altowjarmenov6386
    @altowjarmenov6386 6 років тому +6

    Недеген керемет создер.....

  • @ЛизаТулекова-о2ы
    @ЛизаТулекова-о2ы 2 роки тому

    Өте жақсы

  • @НарбекЖаукашаров
    @НарбекЖаукашаров 2 роки тому

    Барлык адам абай атамыздай болса жумак жердин бетинде болатын еди

  • @ФархатСмагулов-ь5о
    @ФархатСмагулов-ь5о 6 років тому +5

    Абай ата сізден сөзінез алтын

  • @АлаьмлаОашсталслс
    @АлаьмлаОашсталслс 4 роки тому +1

    Класс

  • @РозаСуюндиков
    @РозаСуюндиков 6 років тому +5

    Шын айтты Абай атамыз

  • @КамилаСергазы-х6п
    @КамилаСергазы-х6п 5 років тому +4

    Абай атам сөздері " заман ақыр, жер тақыр " болғанша құнсызданбайтын асыл қазынамыз.

  • @ШынгысНамазбаев
    @ШынгысНамазбаев 6 років тому +9

    казирги адамдарга арналып тургандай. алыстан корген

  • @Nouneim9a
    @Nouneim9a 2 роки тому

    Абай бол!

  • @abainurpeisov9155
    @abainurpeisov9155 6 років тому +5

    Абай Атам тіріліп келсе сразу Инфаркт болар еді. 😌😔😌

  • @ГүлнұрДаулбаева
    @ГүлнұрДаулбаева 6 років тому +3

    Керемет👍💋💋

  • @АманНарымбек
    @АманНарымбек 4 роки тому +6

    Ұлы Абай Бабамыздың əрбір шығармасы, мəңгілік өміршең. Əттең оқушылардың оқу бағдарламасына не болса сол құнсыз, мағынасы жоқ пәндерді енгізгенше, Ұлы Абайдың шығармаларын оқытса екен. Балалар анағұрлым сауатты, Ұлтжанды болып өсер еді. Əттең төбедегілердің басы жетпейді. Бір кем дүние.

  • @АйгеримКайсаркызы
    @АйгеримКайсаркызы 5 років тому +2

    Керемет

  • @hazgulzhumagulova6760
    @hazgulzhumagulova6760 6 років тому +5

    керемет

  • @ЕрмуханбетНуралип-ш4ь

    Абай атамыз сиякты барлыгы бооооолса кым келыседы??

  • @ДаниярМауленов-ч7ф
    @ДаниярМауленов-ч7ф 6 років тому +4

    Абаи атам данағо............

  • @Туран-ш1ь
    @Туран-ш1ь 6 років тому +4

    19 - КЫЛЫМДА ЭЛЕ ЖАШОО ДАЛ БУГУНКУДОЙ ЭКЕН. АДАМ ПЕЙЛИН КУРУДУ ГО. АБАЙ АТАБЫЗ ЖУРОГУ, ПЕЙИЛИ ТАЗА УЛУУ АДАМ БОЛГОН ЭКЕН ДА.

  • @АйкенСатанбаева-ц8х
    @АйкенСатанбаева-ц8х 7 років тому +10

    Абай. айтпаған сөз барма

  • @jasiknurumwan2693
    @jasiknurumwan2693 4 роки тому +1

    Абайдын 10 капа созин билем

  • @symbatakim8791
    @symbatakim8791 4 роки тому +1

    Конилим кайтты достан да,душпаннан да!)

  • @НазымЖамболатова-с9х

    Тура қазіргі біз туралы ғой

  • @ТуранУлы
    @ТуранУлы 5 років тому +2

    Конилим калды достан душпаннанда...

  • @БегайдарФариза
    @БегайдарФариза 3 роки тому

    Аржағындағы муз айтыңдаршы

  • @СаламатШери
    @СаламатШери 6 років тому +16

    Абайдан асырып айткан жан барма жалганда?!

  • @КанагатЗейнолла-т9б
    @КанагатЗейнолла-т9б 5 років тому +3

    Казыргы биылыке ,депутатарга, президентке арналган...

    • @kazarchitecture
      @kazarchitecture 5 років тому +1

      Қыртып сөз айтпаңдар, өз көтіңе қара, ақылгөй

    • @БакытжанТемиров-с7о
      @БакытжанТемиров-с7о 4 роки тому +1

      Билікте, депутатта,емес əр адам өзін дұрыстау қажет

  • @УмитАсанбекова
    @УмитАсанбекова 6 років тому +3

    Абай осы заманда яғни 2018 жылы өмір сүрген сияқты айтып тұрғаны осы заман емес пе

    • @қызыҚазақ
      @қызыҚазақ 5 років тому

      Йə сөзінің жартысын ұқтым Абай атамыз күрделі жазады ғой мен сияқты қарапайым адам ұғар бермейді Бір ұққаным Осы заманды айтып тұр ған сияқты Яғни қазақ халқы өте жуас пыз Байлары арсыз кедейге болыспайды

  • @БолатАмалбеков
    @БолатАмалбеков 4 роки тому

    😘😘😘😘

  • @ЕркенЛатипбаев
    @ЕркенЛатипбаев 6 років тому +19

    Мына оленди тындап отырып, жане бул гана емес, баска олендери мен кара создери казактын ахуалы о бастан дурыс еместиги байкалады. Ата бабамыз рухани мыкты болган деп жай айтамыз гой, бирак азшылыгы гана солай болганы коринеди, кобиси ант урган. Бугин сабилерди мусырга тыгып жатканы бир кунде пайда болган ис емес

    • @jakehz7910
      @jakehz7910 5 років тому +1

      Еркен Латипбаев Кулдык санага дейiн казак бiр-бiрiне кастык кылатын, аяктан шалатын халык болган, одан кейiн оган коса 70 жыл кулдык санага батып калды. Казак ешкашан адам болмайды. Мен соны тусiндiм. Абайды жынды кылып жiберген го бул казак. 1 созiн укпаган(((

    • @ЛаураДуйсенбекова-п3х
      @ЛаураДуйсенбекова-п3х 4 роки тому

      Кана енарлбсысрквыу

    • @ҮміттіҚұдайқұл
      @ҮміттіҚұдайқұл 4 роки тому +1

      Ереке осынын неге олай болганынын мен жауабын немесе себебин билетин сияктымын,ойланып карасаныз казах оте коп согыскан,ал согыста алгынгы шепте кандай адамдар болатыны белгили,арине биринши намысы,куш жигери,оте карулы,батырлар журеди,сайкесинше коп олетиндерде солар.Ал коркак ,ез,сорлы сумелек,саткындар болса дайын аска тик касык,дайын жениске ие болып отырган.Арбир согыста жаксылар оле_оле сонында онкей сумелектер калды.18гасырдан бастап казах кури бастады,сол кезден бастап саткындык боасталды,саткын ол коркак.Сол кезде орыстар келди де ,оз коленкесинен коркып журген тобырды одан ари езип жиберди.Натижесинде казирги казахтар пайда болды.Бирак бунын еми бар.Себеби басы калай босталганын билип отырмыз.Ал ген деген бар ол озгермейди,дурыс жумыс жасалса кайта калпына келеди,бирак уакыт керек.Казирги жастар кудайг а
      шукир.Саналары еркин,осылар ари осы каркынмен журсе бираз жаксарады калимиз.Кудай каласа!

  • @АбзалБейсенов-и8в
    @АбзалБейсенов-и8в 3 роки тому

    Дизлайк кымдер басады тусынбейтындерма 🤷🏻‍♂️

  • @ҚаратайАқберген

    Əр-бір қазақ-Өмірбойы оқуға тиісті 2 кітап:
    1). Құран.
    2). Абай хакім.
    Ал Мемлекет Қазақ хандығы кезіндегідей:
    - Құранды-Конституция;
    Ата салт- дəстүрді- Заң;
    Ага тілімізді- тарих пен мəдегиет;"- деп қабылдауы қажет?!
    Онсыз Ұлттық мемлекетке айнала алмаймыз?

  • @Bizben_birge_0
    @Bizben_birge_0 Рік тому

    Маған ұнады менде сөйтіп өлең оқимын тіркеліп кетші

  • @НуржамалАллаярова-я9ж

    телі тентек😂😂😂

  • @mergen7113
    @mergen7113 6 років тому +1

    Қалаи скачат етіп алуға видео білетіндер болса????

    • @bahabaha1487
      @bahabaha1487 5 років тому

      You tup go дегенды скачать етесин да биринши сондагы кез келген керек видеоны скачать ете бересын

  • @mereyaugali7079
    @mereyaugali7079 4 роки тому +11

    Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да,
    Алдамаған кім қалды тірі жанда.
    Алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім,
    Жалғыз-жарым болмаса анда-санда.
    Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда,
    Ол тұрмас бастан жыға қисайғанда.
    Мұнан менің, қай жерім аяулы деп,
    Бірге тұрып қалады кім майданда?
    Ендігі жұрттың сөзі - ұрлық-қарлық,
    Саналы жан көрмедім сөзді ұғарлық.
    Осы күнде, осы елде дәнеме жоқ
    Мейір қанып, мәз болып қуанарлық.
    Байлар да мал қызығын біле алмай жүр,
    Жаз жіберіп, күз атын міне алмай жүр.
    Сабылтып күнде ұрлатып, із жоғалтып,
    Ызаменен ыржиып күле алмай жүр.
    Саудагер тыныштық сауда қыла алмай жүр,
    Қолдан беріп, қор болып, ала алмай жүр.
    Ел аулақта күш айтқан, топта танған,
    Арсыз жұрттан көңілі тына алмай жүр.
    Естілер де ісіне қуанбай жүр,
    Ел азды деп надандар мұңаймай жүр.
    Ала жылан, аш бақа күпілдектер
    Кісі екен деп үлкеннен ұялмай жүр.
    Бектікте біреу бектеп тұра алмай жүр,
    О дағы ұры-қарды қыра алмай жүр.
    Қарсылық күнде қылған телі-тентек,
    Жаза тартып ешбірі сұралмай жүр.
    Қарындас қара жерге тыға алмай жүр,
    Бірінің бірі сөзін құп алмай жүр.
    Құда-тамыр, дос-жарың, қатын-балаң -
    Олар да бір қалыпты бола алмай жүр.
    Бір күшті көп тентекті жыға алмай жүр,
    Іште жалын дерт болып, шыға алмай жүр,
    Арақ ішкен, мас болған жұрттың бәрі,
    Не пайда, не залалды біле алмай жүр.
    Жетілтіп жаз жайлауға қона алмай жүр,
    Күз күзеуде жанжалсыз бола алмай жүр.
    Қыс қыстауың - қып-қызыл ол бір пәле,
    Оралып ешбір шаруа оңалмай жүр.
    Жасы кіші үлкеннен ұялмай жүр,
    Сұрамсақтар нәпсісін тия алмай жүр.
    Сәлем борыш, сөз қулық болғаннан соң,
    Қандай жан сырттан сөз боп,сыналмай жүр

  • @АсельДосымбек
    @АсельДосымбек 4 роки тому +1

    керемет

  • @ЕркенЛатипбаев
    @ЕркенЛатипбаев 6 років тому +3

    Мына оленди тындап отырып, жане бул гана емес, баска олендери мен кара создери казактын ахуалы о бастан дурыс еместиги байкалады. Ата бабамыз рухани мыкты болган деп жай айтамыз гой, бирак азшылыгы гана солай болганы коринеди, кобиси ант урган. Бугин сабилерди мусырга тыгып жатканы бир кунде пайда болган ис емес