5-сынып математика 68,70,71,72,73,74 есептер шығару жолымен.Өрнектерді ықшамдау.Мектеп баспасы 1-б

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 11 січ 2025
  • Санды және әріпті өрнектер. Өрнектерді ықшамдау тақырыбындағы есептер:
    68. Өрнегінің мәнін табыңдар:
    1) у = 25 болғанда 13у + 244 + 24у - 67
    2) т = 17 болғанда 48т - 13т + 876
    3) х = 23 болғанда 19х + 457 + 39х - 278
    4) т = 421 болғанда 75 + 36т + 27 + 64т
    5) х = 73 болғанда 35х + 204 + 66х - 199
    6) а = 39 болғанда 26а + 421 + 74а - 241
    69. Қараша айында автотұрақ аймағын жалдау 150 000 тг-ні құрады. Осы айда автотұрақта а мәшине тұрған және оны жалдауға әрқайсысы күніне 200 тг-ден төлеген. Қараша айындағы түсімді табыңдар. а = 30, 34 ,37 деп алып, түсімді есептеңдер.
    70. 4-кестені толтырыңдар:
    1) s = 33, t = 90, m = 111
    10s - 3t + m
    2) s = 50, t = 133, m = 88
    10s - 3t + m
    3) s = 300, t = 350, m = 400
    10s - 3t + m
    71. 8 · 91 + 34 · 8 - 301 · 3 өрнегінің мәні Астана қаласындағы еліміздің егемендігіне арналып салынған «Бәйтерек» монументінің метрмен алынған биіктігіне, 4 · 31 · 25 - 3009 өрнегінің мәні «Қазақ елі» монументінің метрмен алынған биіктігіне тең. «Бәйтерек» пен «Қазақ елі» монументтерінің биіктіктерін табыңдар.
    72. 1) 75 және 4 сандарының қосындысы мен 36 және а-ның бөліндісінің қосындысын;
    2) 300 және b-ның бөліндісі мен 56 және 27 сандарының қосындысының айырымын беретін әріпті өрнек құрастырып, мүмкін болса оны ықшамдаңдар.
    73. 120 : 24 + 29 · 3 - 80 өрнегінің мәні 1) 12-ге; 2) 22-ге тең болатын етіп жақшаларды қойыңдар.
    74. 1) Арақашықтығы а км болатын екі ауылдан бір мезгілде екі велосипедші шықты. Егер біреуінің жылдамдығы 12 км/сағ, екіншісінің жылдамдығы 11 км/сағ болса, онда 1 сағ өткеннен кейін екеуінің арақашықтығы қандай болады?
    2) Бірінші күні дүкенге 300 кг, ал екінші күні бірінші күнге қарағанда а кг артық ұн әкелінді. Үшінші күні екінші күнге қарағанда 60 кг ұн кем әкелінді. Дүкенге үш күнде барлығы қанша килограмм ұн әкелінді?
    #5сынып #5сыныпматематика #5сыныпматематикажауап #mathematics #математика #математикаданүйжұмысы

КОМЕНТАРІ •