Баянғали Әлімжанов - Батыр Баян (Мағжан Жұмабаев)

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 21 жов 2024

КОМЕНТАРІ • 26

  • @БекзатОспанов-я7я
    @БекзатОспанов-я7я 9 місяців тому +3

    Ой шіркін пай пай пай қалай қалай жырлайды а денем түршігіп тітіркеніп кетті ау иииииии жалған ай Қазақтың басына түскен ауыр кезең ғой сол заманда😢😢

  • @ЕрболСултабаев
    @ЕрболСултабаев Рік тому +3

    Кумбірлеген шіркінай домбраның даусай, домбраға коса баяндаған акынын қоңыр даусай, сол кезде озім бірге болғандай, еліміздің табиғаттың әдемілігі, батырлардын жауға шапқан атарын туяғынын дүбірі, ұшқан қуйын сияқты көз алдыма елестеді. Акың аға рахмет!

  • @GazizZhalmorat
    @GazizZhalmorat 8 місяців тому +2

    Ой тамашай 🎉🎉🎉

  • @Noble-f6w
    @Noble-f6w 7 місяців тому +2

    🎉🎉🎉🎉

  • @СерикШакиров-х3ш
    @СерикШакиров-х3ш 2 роки тому +5

    Тура кино көрген сияқты болдым..Аллаһ разы болсын әмин

  • @БекзатОспанов-я7я
    @БекзатОспанов-я7я 9 місяців тому +2

    Осы видеоны қалай жүктеп алуға болады. Әлі тыңдап көріп отырмын отырған апа құсап тербеліп

  • @Ерасыл-е1о
    @Ерасыл-е1о Рік тому +2

    Керемет шіркін

  • @БерікбайАМАНОВ
    @БерікбайАМАНОВ Рік тому +2

    Керемет. Жүректен шыққан үн, жүректерге жетті. Домбыраңыздың үні күмбірлеген үні👍

  • @ФаридаТобашалова
    @ФаридаТобашалова 2 роки тому +7

    Керемет, Баянғали аға. Домбыраңыздың күмбірі тамаша👍👍👍

  • @kraken731
    @kraken731 Рік тому +1

    Керемет!Еңбектеріңіздің несібесін көрсетсін!

  • @БаянгалиАлимжанов
    @БаянгалиАлимжанов 2 роки тому +6

    Менің ватсабыма келеген көрермен сөздері!
    Ақ тілектеріңізге Рахмет!
    **************
    Әрдайым өнердің биігінде жүріңіз! Өнеріңізбен, туындыларыңызбен халқыңызды қуанта беріңіз!
    ************
    Ассалаумалейкүм!Алла қайырлы етсін!Еңбегіңіз жана берсін!
    Құдайберлі Мырзабеков, ақын.
    Доброе утро! Хорошего дня! Прослушала Ваши выступления👍👍👍Не перестаю удивляться Вашему таланту наградивший Вас Всевышний 🙏 Маш Алла
    Гулистан, мемлекет қызметкері.
    Үлкен тарихи мұра! Ұрпаққа аманаттайтын мирасқа қызмет етіп жүрсіз,аға! Екі дүниенің бар абыройын, жақсылығын нәсіп еткей сізге!
    Бақтыгүл Махамбетова, әдеби агент.
    Керемет,ага!Жыршыл,сыршыл журегинизге Алла куш-куат берсин,халкынызга берериниз мол болсын!!!
    Толқын Қастеева, филолог.
    Сиздей агамызды аркашанда мвктан тутамыз ! узак гумыр денсаулык тилеймин !
    ****************************
    Ассалаумагалейкум. Коке, керемет дуние шыгыпты. Алланын нуры жаусын🤲
    Жаксы асер алдым.
    Ерболат, мемлекет қызметкері.
    **********
    Рақмет аға! 👍👍👍 Өнеріңізге тәнтіміз.
    *******
    Керемет!!! Қазақ пен қырғыздың асыл мұрасын қазіргі заманға жеткізген жыршы ретінде тарихтан ойып орын алған тұлғасыз!
    Алланың Сізбен жолықтырғанына "тәубә", деймін. Саулығыңызды тілеймін!
    Бақытжан Биімбетов, мед.ғ.д.проф.
    Жақсы бағдарлама 👏🏻👏🏻👏🏻 Түсірілім алаңы күшті екен. Студия қай жерде екенін айта аласыз ба адресін? Ұлттық үлгідегі студия қажет еді!
    Венера Ғайнуллина, әдебиетші.
    Кеш жарық! Рахаттана сүйсіне тыңдадым! Шіркін осындай жырлар айтыла берсе ғой! Жырлай бер, жасай бер Бәке!
    Жабал Ерғалиев, жазушы, экс - сенатор.
    Керемет! Осылай сақталатыны бір ғанибет!
    Құтты болсын!
    Ұрпақ үшін теңдессіз рухани қазына.
    Гүлзия Ауқашева, мұғалім, филолог.
    Сәлеметсіз бе? Керемет екен! 👍👍👍
    **********
    Керемет, үлкен телевизордан қосып, қарап шыктык!👍👏
    Ерік Нұрақаев, мемлекет қайраткері.
    👍🏻👍🏻 Керемет! Алла қуат берсин!
    ************
    Рахмет, тыңдап сүйсініп отырмын. Бұл жырларды жолдас, туыстарға таратсам реніш болмайма?
    Ғалы Омаров, шежіреші.
    Рұхсат! Рахмет!
    ********
    Ассалаумағалайкум Бай аға! Тыңдап шықтым. Керемет. Еңбекті айтсаңшы👏🏻👏🏻👏🏻 еңбек елене берсін, аға! Баяндар жалпы мықты ғой.
    Сафуан Шәймерденов, әртіс.
    Сарқылмайтын бұлақсыз ғой, аға!
    Аманжол Әлтаев, ақын, ғалым, фил,ғ.д. проф.
    Рахмет нағашы 👍👍👍Бұл жырлар ,термелер классика ғой .Манастан кем емес ,артық болмаса ! Бұл меніің пікірім .Устное народное творчество кочевой цивилизации .Және бұл өлең емес ,әр әншінің қолынан келмейді ,түсінігенім ,жатап алу керек қой ? ! Живой голос ! Бір күн тыңдау керек !Әр жыр -терме өзі жеке постановка .! Жинақ қылып видеокасета шығаруға болмайма ,сақтауға ыңғайлы ғой. Жақсы әсер алдым ,рахмет нағашы 🙏
    Шегендік Бекболатов, мемлекет қызметкері.

  • @sirgelisaltanat9204
    @sirgelisaltanat9204 Рік тому +3

    Жаса домбыра 🙏телеарнасы 🙏

  • @ТойлыбайЖелбай
    @ТойлыбайЖелбай Рік тому +1

    Керемет!

  • @tor7388
    @tor7388 Рік тому +1

    БАТЫР БАЯН
    Бірінші тарау. Жалгастырамыз.)
    Жүрегім, мен зарлымын жаралыға,
    Сұм өмір абақты ғой саналыға.
    Қызыл тіл, қолым емес, кісендеулі,
    Сондықтан жаным күйіп жанады да.
    Қу өмір қызығы жоқ қажытқан соң,
    Толғанып қарауым сол баяғыға.
    Түйіннің тоқсан түрлі шешуі бар
    Әдемі ертегідей баяғыда.
    Әдемі өткенді ойлап айнымасам,
    Сұм өмір күшті уын аяды ма?
    Ертегі уатпай ма баланы да,
    Сөз сиқыр ғой, жазбай ма жараны да?
    Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған,
    Еркімен өзі-ақ отқа барады да.
    Жай тақтақ жабайыдан жол қалғанда,
    Қанды ор боп ақын жолы қалады да.
    Ойлайды, күңіренеді, толғайды ақын,
    Күрсініп көзіне жас алады да.
    Ақында адамзаттан дос болмайды,
    Жалғыз-ақ сырын сөйлер қаламына.
    Мен де ойды ағытамын қаламыма,
    Арқаның көз жіберсем алабына:
    Сарыарқа - сары дария, қиыры жоқ,
    Көз болсын қандай қыран, талады да.
    Ішінде сары дария көз тоқтатар
    Көкшетау - Сарыарқаның аралы да.
    Көкшеде күні кеше қойдай өрген
    Түрлі аң: бөрі, бұғы, маралы да.
    Айрылып асау, ерке аңдарынан,
    Көкшенің тас жүрегі жаралы да!
    Арқада жер жетпейді Бурабайға,
    Бөленген бұйра сыпсың қарағайға.
    Бұлт құшқан мәңгі мең-зең Көкшетауға
    Бөлектеу: «Ой, бауырым!» - дер анадайда.
    Оқжетпес найза қия - қыранға ұя,
    Қарасаң, жанның шері тарамай ма?
    Солардың ортасында Бурабай көл
    Мөп-мөлдір, дөп-дөңгелек ұқсайды Айға.
    Бурабай - Арқа аралы, жер еркесі,
    Ертеде қоныс болған Абылайға.
    Бауырында Бурабайдың қалың ағаш,
    Көкшенің жалыменен біткен жалғас.
    Арудың ақпен өрген тұлымындай
    Қарағай, қызыл қайың, тал аралас.
    Ертеде жел өтпейтін қызыл ағаш,
    Дариға, бұл күндерде жап-жалаңаш!
    Қабірінен әулиенің алашқа артық,
    Ертеде Абылайға орда болған ағаш.
    Ордасын сол ағаштағы Абылайдың
    Меккедей тәуеп қылған тамам алаш.
    Қиын күн туған алаш баласына,
    Шұбырып жапанның сар даласында,
    Кез болған, жаудан үркіп, «Ақтабанға»,
    Дұшпанның қалғандай боп табасына.
    Арқаға аяқ салып, түскен барып
    Екі оттың - орыс, қытай арасына.
    Күндерде сонау қара, тапсырған ел
    Тағдырын Абылайдай данасына.
    Сол күнде ел қорғаған Абылайдың
    Қылсаң да аз қанша тәуеп моласына.
    Алыстан орыс, қытай - ауыр салмақ,
    Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ.
    Артында - ор, алдында - көр, жан-жағы жау,
    Дағдарған алаш енді қайда бармақ?
    Сол кезде елге қорған болған Абылай,
    Көп жаудың бірін шауып, бірін арбап.
    Күндердің бір күнінде хан Абылай
    Қалмаққа (ойына алды) ойран салмақ.
    Ханынан «Аттан!» деген сөз шыққан соң,
    Ордаға батыр, билер келді андап.
    Жиылды өңшең ноян ығай-сығай,
    Байжігіт, Тасболат пен би Толыбай,
    Ту баста Абылайды хан көтерген
    Қамқоры Қарауылдың шешен Қанай,
    Ашуы жауған қардай, шөккен нардай
    Қарт қыран Қанжығалы қарт Бөгенбай,
    Бөкеңнің жас жолбарыс жеткіншегі
    Аузынан жалын шашқан жас Жанатай,
    Найзасын нажағайдай ойнататын
    Жас барыс бәсентиін Сарымалай.

  • @АйсұлуҚұмарбекқызы

    Қазақтың тарихынан фильм көріп отырғандай болдым! Батыр Баянның шайқасы көз алдыңда өтіп жатқан сияқты!

  • @ЕрсинБаймагамбетов

    Керемет неткен батырлар өткен

  • @arman.kasymhan
    @arman.kasymhan 2 роки тому +7

    Беуу шіркін-ай, 👏 / 😥 Мағжан атамыз сөзің балдай құйып жазған....

  • @БаянгалиАлимжанов
    @БаянгалиАлимжанов 2 роки тому +13

    "Домбыра ТВ-ның" басшысы Қанаттың қолқалауымен бір күнде осы алты жырды жаздық. Ұлттық музейдің бір залында. Қазір осылардың кәсіби ТВ - ға жазылғанына шүкірлік қылып отырмын. Әлі де айтарымыз бар. Жырымыз бітпесін, ата жолы жалғаса берсін! Оны жазып алып, халыққа жеткізіп отырған елін сүйген, өнер сүйген Қанат сынды азаматтар аман-сау болсын!

    • @kraken731
      @kraken731 Рік тому +2

      Көп рахмет!

    • @MagjanBerikuly
      @MagjanBerikuly Рік тому +2

      Алғысымыз шексіз сіздерге!

    • @yerbolramazan5927
      @yerbolramazan5927 6 місяців тому

      Қан мен тер фильмінің қазақша нұсқасын салыңшы ютубқа.Өтініш.

  • @Максат-в9м
    @Максат-в9м 8 місяців тому +2

    Па шыркын

  • @СерикШакиров-х3ш
    @СерикШакиров-х3ш 2 роки тому +3

    Керемет

  • @СымбатНургалиева-п3ъ

    Тамаша

  • @СерикШакиров-х3ш
    @СерикШакиров-х3ш 2 роки тому +2

    Тамаша