"ҚАШАҒАННЫҢ МОЛДАҒА АЙТҚАНЫ"/ҚАШАҒАН КҮРЖІМАНҰЛЫ/ЖЫР ТЕРМЕ

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 26 вер 2024
  • ҚАШАҒАННЫҢ МОЛДАҒА АЙТҚАНЫ.
    Орындаған жыршы: Мекебай Бурунов.
    Өмірбаяны:
    Қашаған Күржіманұлы (1841-1929) Жырлары мен өлеңдері халық арасына кеңінен таралған, суырып салма ақын Қашаған Күржіманұлы 1841 жылы Түрікменстанның Ташауыз қаласының маңында туған ақын. Жалшы отбасында дүниеге келіп, әкеден жастайынан жетім қалып, жастай жетімдік, жоқшылықтың тауқыметін тартқан. 15-16 жасында ағасы Сәрсенбай үйімен Атырауға келеді. Ол 16-17 жасынан «ақын» атанған. Қашаған Маңғыстау, Хорезм аймағы, Еділ, Жайық, Жем, Сағыз елді мекендерде болып; Ақтан, Мұрат, Бала Ораз, Қоспақ, Құрманғазы, Нұрым, Өмір, Ығылман сынды ақын-күйшілермен кездесті. 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін шығармалары ел арасына ауызша тараған. Қашағанның шығармаларын өткен жарты ғасырға насихаттап, жеткізуге атсалысқан - Шамғұл Ыбырайымұлы, Айтқұл Шыманұлы, Жанжігіт Қосназаров, Атанғұл Сүйесінұлы, Дүйсенбай Оразымбетұлы, Мәулімберді Үдербайұлы, Ыбыр Досалиев, Құмар Жүсіпов, Ығылман Шөреков, Сұраубай Үттібайұлы, Өмір Көшекбайұлы, Назарбек Раев, Көшен Өсербаев пен Шәдіман Үсенбаев сияқты жыршы-термешілер болса, осылардан жазып алып қалған - Ізбасар Шыртанов, Қабиболла Сыдиықов ағаларымыздың қағазға хаттап кетуі арқылы біздің осы заманымыздың дәуіріне дейін жетіп отыр. Әсіресе ақынның мол мұраларын жинақтауда, қағаз бетіне түсіртуде әрі ҚР Ұлттық ғылым академиясының қолжазбалар қорына өткізуде ақын Сәттіғұл Жанғабылұлы көп еңбек сіңірді. Бірқатар шығармалары алғаш «Әдебиет майданы» журналында (1935, №5) жарияланды. Қашаған өлеңдерінде надан, дінбұзар, дүмше молдалар мен сараңбайларды аяусыз әшкерелеп («Есқали сұпыға айтқаны», «Оразалыға», т.б.), адамгершілік, ізгілік қасиеттерді дәріптейді («Берекет ақынға», «Сақыпқа айтқаны», т.б.), елдік пен ерлікті, халық мұратын жырлайды («Ізім шайырмен айтысы», «Ізбасқа айтқаны»). «Атамекен», «Топан», «Адайтегі», «Әзіреті Ғали» дастандарында халықтың көне шежіресі мен тарихын, Атырау өңіріне үлкен қасірет әкелген табиғат апатын толғайды. Әйгілі жыраулар дәстүрімен толғайтын ақын «Қырымның қырық батыры» деп аталатын жырларды ел арасына таратқан. Шығармалары «Ертедегі әдебиет нұсқалары» (А., 1967), «Ақберген» (А., 1972), «ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясы» (А., 1985), «Бес ғасыр жырлайды» (А., 1984, II т., 1989, II т.), «Қашаған Күржіманұлы: Топан» (А., 1991), «Алқаласа әлеумет» (А., 1991), «Жыр-дария» (Ақтау, 1995) жинақтарында жарық көрген. Қазақстан егемендік алғаннан кейін 1991 жылы арқалы ақынның 150 жылдық мерейтойы республика деңгейінде аталып өтті. Жылма-жыл Қашаған күндері өткізіліп, жыр айтыстары болып тұрады. Қазіргі кезде Қашаған ақынның есімін дүние жүзі біледі. Өйткені ақынның атымен аталатын Қашаған кен орны мұнай-газ көлемі мен қоры жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орындардың санатына кірді. Бүгінде «Қашаған» кен орнын игеріп, ел игілігіне жаратуда НКОК компаниясының орны ерекше. Қашаған Күржіманұлы - өз кезеңінің белді ақыны, дәуірінің әлеуметтік мәселелеріне үн қоса білген кең тынысты ақын. Қашаған - І. Жасүгіровтың «Көбік шашқан» поэмасының басты кейіпкерлерінің бірі. Ол 1929 жылы Маңғыстау түбегіндегі Қырықкез деген жерде қайтыс болған.
    Арнаға шағым ұсыныстарыңыз болса:
    Почта: Eraly_ongar @mail.ru
    Instagram: eraly_ongar
    Whatsapp: +77752793735 хабарласыңыз!
    #Адайшежіресі​ #Кішіжүзтермесі​ #Әсерлітерме

КОМЕНТАРІ • 50

  • @AmanshaKushikbaev
    @AmanshaKushikbaev 3 місяці тому +10

    Қашаған Күржіманұлы руы Қосай Бәли Есберді өте терең жыршы ,ақын ,терең шариғатшы , шындықтың бетін ашқан,көпшіліктің алдында ,үлкен беделді адам болған,МАҢҒЫСТАУДЫҢ ҰЛЫ. ТҰЛҒАСЫ

  • @НурлибайКараев
    @НурлибайКараев 2 місяці тому +3

    Сау бол рахмет оте жаксы екен

  • @АйшаАкиша
    @АйшаАкиша 6 місяців тому +4

    Бәрекелде жасың узак болсын Әкем менің добра жасайытын өзі добраны реттеп гүмбірлеп даусы шыгатын казір әкемнен калган домра бар әкем отбасымыздың есімін жазган

  • @BEK2002.
    @BEK2002. 4 місяці тому +3

    Керемет👍

  • @Белия-о1г
    @Белия-о1г 10 місяців тому +7

    Аи сау бол ❤❤❤❤❤❤❤

  • @sayataytkulov2190
    @sayataytkulov2190 Рік тому +7

    Бәрекелді дедім саған

  • @nursskz-d7h
    @nursskz-d7h 3 роки тому +17

    иии дүние ай деп марқұм анам тыңдайтын😢😢
    Бала кезіміз де, енді мине өзім тыңдап отырмын

  • @МуратТайманов-щ7л

    Кызыл су - Каспидегв Кендырлы быздын ауылго Мангыстау облысы Жанаозен каласы 👍👍👍👍✊✊✊✊✊✊

  • @КойшыбайИкпаров
    @КойшыбайИкпаров 6 місяців тому +7

    Домбыра деген Аруақтын қаруғой😎👍👍

    • @RozannaDepak
      @RozannaDepak 6 місяців тому +2

      Домбыра - Ғарыштың аспабы. Ақсарбаз тәңір жауынгері кітабында жазылған домбыраның қасиеті туралы..... адамды емдеп жазады 👍👍

  • @КойшыбайИкпаров
    @КойшыбайИкпаров 6 місяців тому +4

    😎👍👍

  • @АмандурсинКаратокашева

    Қандай тамаша салмақты сөздер Шайырларымыздың жолын қуған жастарға АЛЛАГЫҢ нұры жаусын.

    • @Айнаш-ы7м
      @Айнаш-ы7м Рік тому +4

      Аи біздің адаиларым сөздерің жоғалмасын

  • @galyaizbassarova6892
    @galyaizbassarova6892 2 роки тому +10

    Керемет әр бір сөзи алтын ғой әр сөзі таудың тасындай. баға жетпес сөздер ғой

  • @bektaialnaziev1646
    @bektaialnaziev1646 8 місяців тому +3

    Ай сау бол!

  • @akerkeabdrahman
    @akerkeabdrahman 3 роки тому +8

    Тамаша

  • @arstanjacob9883
    @arstanjacob9883 Рік тому +12

    Қашаған ақын қамырды, молданың жақсылап тұрып соқты!

  • @БексултанНурымов
    @БексултанНурымов 2 роки тому +9

    Керемет

  • @ДаригаНурходжаева
    @ДаригаНурходжаева 8 місяців тому +4

    ҚАЗАҚТАРДЫҢ ТІЛІ ШЕШЕН БОЛҒАН СӨЗГЕ ШЕБЕР БОЛҒАН ҒОИ.АКЕМ МАРҚҰМ АИТЫП БЕРЕТИН ЕДІ БІЗГЕ.ОЛ КЕЗДЕ БІЗ БАЛАМЫЗ.ӘКЕМ МАРҚҰМ ТЕРМЕНІ ЖАҚСЫ КӨРЕТІН ЕДІ.ЖАТҚАН ЖЕРІ ЖАННАТТАН БОЛСЫН ӘКЕШІМНІҢ.

  • @nursskz-d7h
    @nursskz-d7h 3 роки тому +14

    Өркеның өссін ағажан
    жырдың ишы толған өсиет пен тәрбиегой

  • @КыдырбайИзимов
    @КыдырбайИзимов 9 місяців тому +5

    Ассалаумағалекем ❤

  • @asemaiaitbaeva4177
    @asemaiaitbaeva4177 3 роки тому +12

    Ассалаумалекум калайсыз ага оте керемет омир жасыныз узак болсын

  • @МирасАмантаев-ш6м
    @МирасАмантаев-ш6м 2 роки тому +10

    Керемет! Сау бол, Қашағаным!

  • @ДуисенбайБодыманов

    Сау бол қазагым

  • @НұрКаз
    @НұрКаз 3 роки тому +8

    Жаңа жыр, жаңа леп, құтты болсын.

  • @МаратаСуйеубаева
    @МаратаСуйеубаева 2 роки тому +5

    👍👍👍👍👍👍👍👍👍

  • @Пппппп-и8г
    @Пппппп-и8г 3 роки тому +11

    МашАллах биздин аталарамыз кандай болган аа?

    • @bekabro2824
      @bekabro2824 3 роки тому +1

      !!

    • @RozannaDepak
      @RozannaDepak 6 місяців тому +2

      Қазақ Маша деп сөйлемейтін еді 😅😅😅

  • @gamerplay2007
    @gamerplay2007 2 роки тому +9

    ҚОСАЙ МЕН БЕКЕТ АТА ҒА ЖӘНЕ БАСҚА ӘУЛИЕ МЕН ПІРЛЕРІНЕ СЫЙЫНАҒАН АДАЙЫ МЕН ҚАЗАҒЫМАЙ

  • @ТыныштыкТогаев-ф8ю
    @ТыныштыкТогаев-ф8ю 3 місяці тому +2

    Қашаған Атамыз Менің бабам Байболдың 4ші інісі.Байболдың Есенғұлы боламын.Өрезек руынан.

  • @ДжамбулАлиев-ю9р
    @ДжамбулАлиев-ю9р Рік тому +11

    Қашаған қасындағы Құрманғазы

  • @Ербол-в8м
    @Ербол-в8м 3 роки тому +13

    Қашаған мен молданың. термесі

  • @миминяшки
    @миминяшки 3 роки тому +7

    ✊😀👍

  • @ГульмираДжайылганова

    Керемет

  • @АдикБаймен-и6б
    @АдикБаймен-и6б 2 роки тому +7

    Недеген сөздер

  • @НурлибайКараев
    @НурлибайКараев 2 місяці тому +2

    24:32

  • @omurbaymeterov7505
    @omurbaymeterov7505 Рік тому +6

    Шап

  • @Асхан-е2о
    @Асхан-е2о 7 місяців тому +2

    Қай замандада дінге халық қарсы болғанекнғой қыблаға қарап дәрет алу керек керісінше үлкен және кіші дәрет сындырмау керек қыблаға қарап. Адайдың жырында ширік жаман көп аллаһ сақтасын

    • @УсенЖайлыбаев-ъ7о
      @УсенЖайлыбаев-ъ7о 5 місяців тому

      Қотағыңды құбылаға қаратып жұумайтын шығарсы, бір нәрсені біліп айт Адайларға тіл тигізбе.

    • @Amangeldi_Kaldyabayev
      @Amangeldi_Kaldyabayev 3 місяці тому +1

      ширк өзің дұрыстап тыңдашиш

    • @Baurzhan12
      @Baurzhan12 3 місяці тому +3

      жалпы бізің Шалдар Аллаһтың құлы Мұхаммед сғс үмметті бірақ дінге қатты баспен кірмеген Салт Дәстүрмен жүрген көбіне

    • @Amangeldi_Kaldyabayev
      @Amangeldi_Kaldyabayev 3 місяці тому +2

      @@Baurzhan12 дурыс айтасын,

    • @Amangeldi_Kaldyabayev
      @Amangeldi_Kaldyabayev 3 місяці тому +2

      @@Baurzhan12 дұрыс айтасың, Әбу Ханифа мәзхабпен жүргенғо

  • @Арслан-г9ф
    @Арслан-г9ф 2 роки тому +4

    Періште ұйқтаймекен ,ұйқтамайт деп естіп едім

  • @АктауАктау-о9ц
    @АктауАктау-о9ц Рік тому +6

    Тұрсынай😭Бағдагүлге😭Айтпай 😭Тазагүль😭 Айгүл 😭Тиеберсін 🕋🕋🕋