Гүлнұр Мамасарипова: келінжанның феномені неде? мен кинода шынайы өмірді көрсетемін

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 12 січ 2025

КОМЕНТАРІ • 364

  • @podcast_kozqaras
    @podcast_kozqaras  23 дні тому +24

    ‼КОНКУРС!
    Эпизод соңында қойылған сұраққа комментарийде жауап беріп, ақшалай сыйлық ұтып алыңыз!
    ⚠ЕСКЕРТУ:
    Біз сізбен байланыса алуымыз үшін комментарийде Instagram аккаунтыңызды жазуды ұмытпаңыз.
    🔥Сәттілік!

  • @АқеркеТурлыбек
    @АқеркеТурлыбек 22 дні тому +148

    "Келінжан" сериалының 6-маусымы болуы керек, себебі бұл телехикая қазақ қоғамының жан дүниесіне терең үңіліп, әрбір отбасының ішкі тыныштығы мен қиындықтарын көрсетеді. Күлімхан апаның әулетінің өмірі қазірдің өзінде көрермендер үшін өте маңызды, өйткені ол көптеген әлеуметтік мәселелерді ашады: отбасылық құндылықтар, әулеттік қарым-қатынастар, дәстүр мен заман ағымының қайшылығы.
    6-маусымда біз Күлімхан апаның отбасындағы жаңа қиындықтарға тап болуын көрер едік. Мүмкін, Қылышбек пен Айсараның отбасы қайтадан сынақтардан өтіп, Мәдібек пен Балқияның өміріндегі қызықты өзгерістерге куә болар едік. Асқар мен Асылымның жанұясы жаңа кезеңге қадам басып, балаларының өсіп келе жатқандығын көрсететін болар еді.
    Ал, ең қызықты әрі креативті идея - 6-маусымда ауылдағы түрлі ұрпақтың бір-бірімен қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеру. Мысалы, Күлімхан апаның ақыл-кеңестері арқылы қазіргі жастар мен үлкендер арасындағы байланыс әрі тереңдей түсіп, олардың менталитетіндегі айырмашылықтар мен ортақ құндылықтар ашылса. Сонымен қатар, ауыл мен қала арасындағы алшақтық, дәстүр мен заманауи өмірдің арақатынасы үлкен тақырыпқа айналуы мүмкін.
    6-маусымда бір маңызды өзгеріс - ауылдағы мектептің жаңа мәселелері мен бала тәрбиесінің өзекті мәселелері көрініс табуы керек. Осылайша, "Келінжан" 6-маусымында әрбір кейіпкердің өзін-өзі іздеуі мен жаңашылдыққа ұмтылуы, олардың дамуы мен жетістіктері көрермендерге қызық болады. 87789308797. @teacher_akerke

  • @РуханиАбралиева-ж2й

    Гүлнұр Мамасарипованың барлық сұхбаттарын көрдім. Осындай қазақ қызы барына мақтанамын. Настоящая🫰🏻

  • @ДинаЕркебаева-ъ5б
    @ДинаЕркебаева-ъ5б 23 дні тому +32

    Аяулы Анашым өмірден ерте өтті ,ауылда өстім ,Дубай мен Абу Даби және Астана арасында жұмыс жасаймын . Ауылда туғандардан ешкім қалмады . "Келінжан 6 "түсірілу керек ,сол сериалды көргенде менің Әке Анама ,ауылыма деген сағынышым басылады ,себебі мен елестетемін сол отбасы менің отбасым деп . Анашымды апаның рөліне қоямын ,әсіресе тапшанда кешке шай ішкендерін көріп жаным рахаттанады ❤️ Гулнур Мамасарипова ханымға Рахмет ! Гул әпше деп айтқанда өзімнің әпкем сияқты жақын тартамын ,өмірде көрмесемде . Ауылға бір барып келейік 6 сезон көріп ,күтеміз 🙏🏻

  • @АйкоАйко-м4ф
    @АйкоАйко-м4ф 23 дні тому +59

    Келінжанды 10 сезонға дейін түсіріңізші одан кейін сұрамаймыз😂
    Мен қалада тұрып жатқансоң ауылдың атмосферасын сағынат екенмін және сериалды көргенде өзімді соның ішінде сезінетіндей мүмкіндік бар ,Келінжанды көріп қарапайым өмірді әртүрлі болып жататын ситуация не проблемаларды жан-жақты ашып оның шешімін көрсететіне қуанамын.Ең қатты ұнайтыны саундректар Мақпал Жүнісованың даусымен басталатын керемет сериалды көру мен үшін қашанда қуаныш🫶🏻
    Интервьюды түн болса да қарап жатырм өте қызықты,жалпы Гүлнұр Мамасарипова әпкемізден үйренеріміз көп,кез келген теманы алып кете алатын рухани бай әрі сауатты адам.

  • @Kunadilova
    @Kunadilova 23 дні тому +57

    Это был потрясающий подкаст! Қазақы стильдегі пассивті агрессияның нағыз мастер-классы. 😄Очень дипломатично, уважительно и вежливо обмениваться критикой друг с другом. 👍
    Особенно запомнился панч Розы Ханым про маленькие бюджеты фильмов: "қыздың жиған жүгіндей". Наверное было некомфортно такое слышать. Но затем, как деликатно, при этом чётко Гульнур Ханым выразила своё отношение к работе коучей на 1 час : 27 минуте - просто высший пилотаж. Финальный комментарий про минимализм в интерьере Розы Ханым завершил этот обмен мнениями. Шедеврально!
    Я думаю, что и в своих фильмах Гульнур Ханым учит казахских женщин тому же: отстаивать своё и не падать духом учитывая локалные реалии. Её работы, Келинжан в том числе, важны уже хотя бы по этой причине. Более того, в этом подкасте она на личном примере показала, как бороться до конца, и сделала это с достоинством. 👏
    Спасибо за работу, Роза Ханым! Очень интересный, острый и живой подкаст!
    Если сочтете мое мнение интересным, мой инстаграм - @ai_temir

  • @jangabylrysgul
    @jangabylrysgul 22 дні тому +57

    Барлығымыз "КЕЛІННІҢ АЯҒЫМЕН ДҮНИЕГЕ КЕЛДІК" біздің анамыз біздің үйде туып өскен жан емес, ол өзге елден келіп енген жан.
    Келінжан сериалын қарап отырып, "келін" деген сөз бейне бір "нобель" "оскар" деген сөздермен шендес екенін көремін. Күйеуге шықпай қиылда жүрген аруларға өмірдегі шынайлықты көрсететін сериал. Отбасы деген отанның туы құламай , құлдырамай тұруы екі жақты еңбекті, сабырлықты, даналықты, кешіре білуді, түсінуді, қабылдауды, кей кезде үнсіздік танытуде ал бір сәттерде ашылып ақтарылуды талап ететінін көремін.
    Күйеуім мені бақытты етеді деп, немесе бәрі күйеуім үшін деп өмір сүрген әйелдің күйі қалай боларын көрсетеді
    Сонымен қатар бір ерекшелігі , басқа сериалдарда, фильмдерде некеге дейінгі эйфорияны көрсетсе бұл сериалда некеден кейінгі бақытты көрсетеді.
    Бақыт, махаббат - ол әрдайым идеалный өмір, идеалный қарым - қатынас емес, сүріну мен күйіну , сүю мен сүйсіну қосылған бір шәрбат екенін көрсетеді
    Сондықтан "Келінжан - 6" шығуы керек және қазіргі таңдағы өзекті мәселелермен ұштасса нұр үстіне нұр болар еді.
    Инстаграмм: @rysgulden (+77075413102)

  • @adiletrakhymzhan1409
    @adiletrakhymzhan1409 21 день тому +26

    Жалпы ойым былай, кино қазір оңайшыл болып кетті дейміз ғой, бірақ осы қазақ киносының ең жаңашылдық бастамасы осы Гүлнұр ханым екені анық, әрдайым ширманың әр жағында, субтитрлардан көп уақыт экраннан тыс жүрді, бірақ Аллах қалап қазіргі таңда ең мен деген сценаристтерінің бірі!
    Сонау Ғашық жүрек ден бастау алыа қазақ даласы үшін тарих пен дәстүр болатын Келінжанды сыйлаған әпкеміздің шабыты сарқылмасын деген ізгі ниет тілеймін! Бұйыра толық метражда міндетті түрде боламыз!!!

  • @АйымТолеугазина
    @АйымТолеугазина 22 дні тому +20

    Қазақтың 21 ғасырдағы “Гигант” әйелдері❤сүйікті ханымдарым❤️біздің қоғамға , қазақ қыздарына ақыл, жүректеріне ем, жұмыстан шаршағанда көтеріңкі көңіл күй, шабыт жалпы өмір де жаңа серпін мен дем беріп журген мықты қыздарымыз! Аман болып, осылай шауып журе беріңіздерші❤❤❤❤

  • @Kazpress
    @Kazpress 21 день тому +23

    “Күйеуімнің көзқарасы да жеткілікті. Соның қас-қабағына қарап, жағдайын жасап отырған соң осылай продюсер боп отырмын” деп ашық айтқаныңызға ризамын. Еркекке бойұсынуға түбегейлі қарсы болудың да шегі бар. Расында әрқайсымыз “нағыз ер азаматтың” жары болуды қалаймыз. Кәсіпті де, күйді де, үйді де алып жүру үшін “әйелдің әдемі қулығы” керек дегеніміз ұнады❤ өзіме үйренерім осы болды)

  • @Gulshyryn
    @Gulshyryn 23 дні тому +145

    Қазір әлеуметтік желіден "мінсіз", " успешный успех" өмірлерді қарағаннан жалықтық, ал "Келінжанда" шынайы, қарапайым отбасының өмірі, ішінен алатын дүние өте көп, сондықтан " Келінжан 6" керек!

  • @ТокжанОразалы
    @ТокжанОразалы 15 днів тому +1

    Төртінші рет көріп жатырмын мына подкастты, білмим әр көрген сайын жаңа ой түйесің👍🏻 Гүлнұр ханымға тек сәттілік🫶🏻

  • @КуралайМурзабекова-л2ж

    Келінжан сериалының орны бөлек! Шет елдің біздің болмысымызға келмейтін дүниесін көріп отырғанша, Келінжанды қайта қайталап көрер едім❤

  • @shynarkurakova235
    @shynarkurakova235 21 день тому +10

    Күшті, очередной шаршамай қарайтын подкаст, ауыз суым ағып бір деммен қарап шықтым🤤🤤🤤 рахмет😊❤

  • @ЗаураТалгатовна
    @ЗаураТалгатовна 22 дні тому +15

    Келінжан сериалының кейіпкерлері танысымыз, туысымыздай болып кетті. Шынайы ауыл өмірі, сұлу табиғат, керемет үйлесімін тапқан музыка еріксіз туған жерді еске түсіріп, көңіліңе туған жерге деген сағыныш сезімін ұялатады.Сол себепті осы сериал ғұмырлы болу керек, жалғасын табу керек. Асыға күтеміз❤

  • @aqzheleng
    @aqzheleng 22 дні тому +7

    Офигенный подкаст! Офигенная Гүлнұр Мамасарипова! Ойы, сөзі, манерасы, түсірген киносы, сериалы - бәрі шынайы болғандықтан адамдар жақсы көреді.

  • @АяулымКенжехан-з5н
    @АяулымКенжехан-з5н 6 днів тому +2

    Келінжан” - тек сериал емес, әр қазақ отбасының күнделікті өмірінің көрінісі. Әрбір көрермен өз өмірінен, таныстарынан кейіпкерлердің мінезін немесе оқиғаларын көреді. 6-сезон ауыл өмірінің жаңа қырларын, өзгерістерін, қазіргі заманға сай қиындықтары мен қуаныштарын көрсету үшін қажет.

  • @ZamiraZhaziyeva
    @ZamiraZhaziyeva 23 дні тому +15

    Америкаға көшіп келгендегі сағынышымызды басатын, көңілді көтеріп, қазақи атмосфера сыйлайтын жалғыз сериал осы “Келінжан” болды. Қанша рет қайталап көре береміз, көре бөреміз. Бұл тек сериал ғана емес, бұл дофамин, психолог, жаның жабырқағанда көңіліңе сая болатын, сағынышыңды басатын, бала кезіңдегі ауылды еске салатын,қазақи жылулық беретін өмірлік көрініс! Осы үшінде 6 маусым түсірілуі керек шығар деп ойлаймын❤

  • @АминаСаматова-н8ю
    @АминаСаматова-н8ю 23 дні тому +8

    Гүлнұр Мамасарипованы жаңа қырынан танудамыз! Сондай еңбекқор, кәсібіне сүйіспеншілікпен қарайтын, ізденімпаз тұлғаны көрдім. Өзге елдің танымал сериалдарын зерттеп, тәжірибе жинап, одан табысты өнімнің қаңқасын жасап, қазақи мәдениетпен ұштастыра білудің өзін өнер жолындағы тұлғаларға үлгі етер едім. Түртіп алар ілімі мол сұхбат болды деп сеніммен айта аламын. Сұхбат беруші Гүлнұр ханымды қазақ әйелдеріне жарқын role model бола алатын жарық тұлға деп көремін!

  • @janerkebokes9796
    @janerkebokes9796 23 дні тому +16

    Келинжан мен үшін феномен, шет елге көшкенімізде ең алғаш рет күйеуіміз екеуміз көрген алғаш сериал, сағат 6 ны күтіп дастарханда отырып абден күліп отырып көрген сериалымыз, оны еще абден анализдеп саралап қырыламыз, күйеум айтишник өзім юрист

  • @БалжанСапаркулова-л6р

    Гүлнұр Мамасарипова просто любовь ❤
    Тау тау адам деп осы кісіні айту керек кино саласында Қазақстанды Орта Азияда алдына шығарып отыр👏👏👏👏👏

  • @ДанаСыздык-х3д
    @ДанаСыздык-х3д 5 днів тому

    Осы подкасттан соң келінжанды көргім кеп кетті ғой. Гүл әпшеге респект❤

  • @aishuaq_b
    @aishuaq_b 23 дні тому +47

    Розаның осы Гүләпшемен сөзге келіп қалдым деп пе, нақты есімде жоқ, бірақ кішкене түсініспеушілік болып қалды дегені есімде. Бірақ соған қарамастан сұхбат алып отырғанына, сұхбатқа келіскен Гүлнұр апайға риза боп қалдым. Бұл қазақ әйелдерінің ірілігі, даналығы деп түсінем🥰. Қазақ әйелдерінің бір бірін қолдағанын көрсем ішімде көбелектер🥰. Розаның Динара Болатпен кездесуге барып гүл алып барғанын көргенде🥹. Рахмет сіздерге! Жасай беріңіздер!

    • @abrkn01
      @abrkn01 23 дні тому

      Иа менің де есімде сол сторис. Бір киноны ұнатпай Роза, сол үшін келіспей қалдық деп сторис салып еді

  • @AselAsel-yp8cz
    @AselAsel-yp8cz 20 днів тому +4

    Гульнур Мамасарипова оте енбеккор, улги алу керек жан гой...❤

  • @АйданаАмре
    @АйданаАмре 9 днів тому +3

    Роза переигрывает иногда с подхалимством) Мамасарипова как всегда на высоте 😍

  • @ЗанираАнварқызы
    @ЗанираАнварқызы 22 дні тому +20

    “Келінжан” сериалының 6 маусымы түсірілу керек себебі:
    1) Отбасы құндылықтары. Ер мен әйелдің, ана мен баланың, туысқандық, т.б қарым-қатынастар халыққа үлгі боларлық тәрбиелік мәні бар қасиеттер келінжанда ашық көрсетілген. Бір-біріне қиын кезде қолдау көрсету, көмектесу бұл нағыз қазақилыққа тән қасиет болғандықтан халықты баурап алады.
    2) Қазақ ауылдан кетсе де ауыл қазақтан кетпейді. Ауылда приключения көбірек. Тас қаладан гөрі ауылдағы табиғатпен байланыс адам жанына ерекше күш береді. Ауылда бәрі табиғи, ауылда өмір рақат. Сәйкесінше ауылда түсірілген шынайы“Келінжан” сериалы халықтың назарын тез баурап, байлап алады.
    3) Қазір заман өзгерді, бірақ сонда да адам жаны бұрынғыны аңсап тұрады. Қазір интернет заманы болғандықтан бұрынғыдай жақындарыңмен бетпе-бет сөйлесу азайды. Ал бұндай дағдыны біз “Келінжан” сериалынан көріп жан-дүниемізге жылулық сыйлаймыз. Сол үшін де сериалдың жалғасы түсірілу керек.
    4) Сериалдың аты сериал. Бір емес бірнеше сеанс сияқты бірнеше бөлімдерден тұрғандықтан адам жанының терапиясы сықылды. Киноға қарағанда сериалдан көбірек мән табасың, іштен туған сұрақтарыңа қанағаттанарлық жауап аласың. Сондықтан да сериал түсірілу керек.
    5) Келінжанда әртүрлі шығармашылық бояулар бар (неше түрлі ситуациялар, эмоциялар). Бастау алған қандай да бір ситуация әдемі аяқталады. Түсініксіз ештеңе жоқ, бәрі қазақ ой-өрісіне сай жасалған бәрі түсінікті. Сол үшін “Келінжан” жалғасу керек.
    6) Әйел рөлі. Әйел рөліне көбірек фокус қойылған. Әйелдің құбылмалы түрлі мінезі, ішкі жан толғаныстары, табиғаты сериалда байқалады. Сол сәтте ерінің қолдауы, махаббаты әдемі көрініс тапқан. Абысындарының арасында қанша жерден күндестік болғанымен соңында бір-бірінің қолдауы әйел жанын әйел түсінеді деген ұғымды түсіндіріп көрсеткен. Бұл сериалда барлығы өз орнымен. Сериалдағы апаның рөлі: ананың балаларына деген махаббаты, келіндеріне деген қамқорлығы орнымен көрсетілген. Сол үшін Келінжан жалғасуы керек.
    Мен Келінжаннан осы қасиеттерді байқадым. Мүмкін басқалар одан да көп сезім алған болар. Дегенмен “Келінжан 6” сезонынан тағы да приключение, күлдіретін де, жылататын моменттерді күтеміз. Ең бастысы барлық қазақ көретін болғандықтан тәрбиелік мәні бар сериал болады деген үміттеміз. Жаңашылдықты (қазір өзекті болып жатқан сәттерді) қосу керексіздер деп ойлаймын. Біз көп нәрсе талап етпейміз. Неше түрлі қымбат актерлар, әртүрлі локациялар керек емес. Бізге жай ғана өзіміздің шынайы актерлардың шынайы ролдері қажет. Бірақ Гүлнұр әпшеге оны айтып не керек, ойлап отырсам сериалда бәрі бар екен. Сериал жүректен шыққан туынды екенін сезесің, себебі көптеген жүректерге жеткені сонша халық “Келінжан” киносына да барып Гүлнұр әпкемнің үмітін ақтапты. Ең бастысы “Келінжанның” ғұмыры ұзақ болсын.🤲 Осындай жүректен шыққан шыққан жүрек туындылар көбейе берсін.
    Менің инста парақшам: iszanira

  • @БибигульУсенбекова
    @БибигульУсенбекова 20 днів тому +3

    Қайталап көрсете берсе де көре береміз. Жаттап алсақ та қайта бір жаңа нәрсе көргендей боламыз. Өте қызық сериал. Шынайылығымен өтімді болды деп ойлаймын. 6 маусым өте керек. Күтеміз!❤

  • @LauraLaura-j7o
    @LauraLaura-j7o 20 днів тому +1

    Гульнур ханым, давайте побольше интервью у Вас богатый багаж которыми надо поделиться, хотелось еще и еще слушать Вас. Жду следующее интервью с нетерпением.

  • @АйжамалКамшыева
    @АйжамалКамшыева 16 днів тому +1

    Дос Мұқасан керемет түсірілім болған Гүл әпшенің еңбегі екенін енді есітіп отырмын 👍🔥🔥🔥

  • @МартаКамза
    @МартаКамза 21 день тому +1

    Гүлнұр ханымның бұрын берген бір сұхбатын көріп, ерекше әсер алғам. Сөз саптауы қандай... Ақылды әйел екендігі көрініп тұр! Маған қатты ұнады, өмірде танымасам да құрметім одан әрі арта түсті.

  • @ДИКОХАНЫМ
    @ДИКОХАНЫМ 23 дні тому +7

    Гүлекені тыңдай бергің келеді ғой ❤❤❤❤ мың болыңыз 💯

  • @user-yl7xz9cq2s
    @user-yl7xz9cq2s 18 днів тому +2

    Гулнұр апай мықты кәсіпкер әиел !❤ үлгісіз Гулнұр апше! Ер азаматты аиламен кас қабағына қарап осындаи жетістікке жету көп әиелдің қолынан келмеиді маған лаик басыңыздаршы🎉

  • @ҚасиетУмбетова-х4е

    Подкаст тез бітіп қалды, тыңдағым келе береді,ерекше подкаст болды👍👍👍👏👏👏

  • @СалтанатБолатова-р2ы

    Міне сұхбат🎉🎉🎉Керемет, бас аяғы түсінікті, бір демде өтіп шықты. Маған қатты ұнады, отдуши тыңдадым. Келінжан ван лав қо всегда.

  • @kaydasova
    @kaydasova 7 днів тому

    “Келінжан” -қазақтың жаны, болмысы. Онда тазалық бар. Адалдық бар. Кейіпкерлерінің іс-әрекеті мен мінез-құлқынан әр адам өзін, айналасын көре алады. Гүл әпшенің жүрегінен жарып шыққан төл туындының халықтың махаббатына айналуы да-заңды құбылыс. Бұл жобаның өміршең жобаға айналуының басты себебі де осы болса керек🔥💥❤️👍”Келінжан”- қазаққа керек жоба💥 ❤
    gulnaz_kaydasova

  • @АккаунтГугл-у9и
    @АккаунтГугл-у9и 21 день тому +2

    «Келінжан» біз үшін жай ғана сериал емес, өміріміздің бір бөлігіне айналған туынды. Әрбір кейіпкердің тағдыры бізге таныс, жақын. Oтбасы құндылықтарын, әр тұлғаның өмірге көзқарасын, өмірде кезіккен проблемаларды шешу жолдарын көрсетіп, біраз отбасыға күш сыйлайды. Әр сериясының өзі шын махаббатпен, таза ниетпен жасалғаны халықтың сұранысынан-ақ белгілі. Біздің мәдениетімізді, менталитет, күнделікті адамның шынайы образын, қоғамдағы проблемаларды, қазақ әйелінің болмысын керемет көрсетеді. Болашақта 6-сезон қоғамның дұрыс жаққа өзгеруіне, саналы қоғам болуымызға үлкен септігін тигізеді деген үміттемін. Осы сериал арқылы қаншама отбасылар бас қосып, жақсы уақыт өткізуде (біз де). «Келінжан» бізге шынымен де ең жақын, тіпті қанымызға сіңіп кеткен сериал. 10-20 сезон болса да қарай беруші ем)
    1:22:40
    @zhumagulyas
    +77055967624

  • @АйзадаАмир-ш1ь
    @АйзадаАмир-ш1ь 15 днів тому

    Гүлнұр ханым өтте керемет продюсер. Қазақылық пен қарапайымдылықтың көрінісі бар ерекше жан. Айтылған әрбір әңгімесі тыңдар құлаққа ой салары анық. Әйел ретінде, шығармашылық адамы ретінде қатты ұнайсыз. Еркекті сыйлай алу жөнінде де өтте керемет айттыңыз ✅✅ Жұмысыңызға шабыт, отбасыңызға береке, деніңізге саулық тілеймін 🌹🌹🌹🌹

  • @zhansaia1992
    @zhansaia1992 23 дні тому +3

    Күшті подкаст болды, Гүлнұр ханымды тыңдай бергің келеді екен , мен 32-демін ойларым мен көзқарасымыз ұқсас екен

  • @lauraumirbayeva5520
    @lauraumirbayeva5520 21 день тому +1

    Гульнур Мамасарипованың кинолары керемет ❤, өзінде тындай бергін келеді, өте ойы терең адам ❤

  • @НуржамалНурмуханова-д9б

    20000тг үшін емес шын ниетіммен жазып отырмын ше. Мықты подкаст болды. Киномен өмірді ұштастырған керемет әңгімеден керемет өмірлік ойлар түйдім. Рақмет Гүлнұр ханым осындай әңгімер керек негізі. Жанға майдай жағатын

  • @Алихан.Аскарович
    @Алихан.Аскарович 21 день тому +1

    Келінжан-ды көріп, қарапайым қазақ халқының тыныс-тіршілігін, туып өскен ауылымды көргендей боламын. Өмірдің түрлі қырын бір сериалда көрсете білген Гүлнұр ханымға мыңда бір рақмет! 🙌Қаймағы бұзылмаған қазақы ауыл, өмір, отбасы... Актёрлер құрамы 👍. Күлімхан апа келіндерінің ауыз біршілігін, жалпы үлкен отбасын, қара шаңырақты сақтау үшін үлкен еңбегін сіңірді! Бауырлар бір бірін қолдауы, өз ұл-қыздарына берген тәрбиесі керемет!!! Әркім өз рөлін керемет,шынайы өмірдегідей сомдайды! 👍👍👍
    Келінжан-ды шығарған ұжымға шығармашылық табыстар тілейміз!!! 🙌
    1-маусымынан бастап, 5-маусымына дейін үзбей көріп келеміз. Жан дүниеміз байып, керемет әсер аламыз. Осындай тәлім-тәрбиесі терең қазақ киносы жасасын! Сол себептен 6-шы маусым шығуы керек!!! Тағы бір маусымды асыға күтеміз! 🙌
    instagram: asskatov тел: 8-777-702-80-88

  • @DarigaKasen
    @DarigaKasen 21 день тому +1

    Салеметсіздер мықты падкаст болды жалғасуы керек деген нйеттемін менің Анам 63 жасындағы қйын 3 үлкен сынақтан осы сериал арқылы өтті .жаны кіріп сериалда өмір сүріп тілеулес болып отырады 👍👍

  • @ЖадыраБейсенбекова-э8о

    Гульнур Мамасарипова өте талантты өз исинин шебері ❤

  • @tbr590
    @tbr590 22 дні тому

    даа офигенная гостья. обожаю Гульнур ханым, ну и соответственно Розу ханым❤️

  • @РахилаӘзіретеғали

    Екеуіңізді тыңдай бергім келеді күштііі❤

  • @mensulu13
    @mensulu13 23 дні тому +7

    6-сезонды күтеміз😂😂😂шыныменде кещінде Анандимен бала туып,сол балам мектепке барғанда бітіргенмін😂😂😂 еще, балаға есім қою қиын ғой негізі, менің қасымда көмекші тәте кезінде үлкен ұлын енесіне берген екен,сол ұлы қызды болып,есімін сіз қойыңыз дегенде ол тәте абдырап қалды. Сол кезде мен сериалдағы Асылымды көрсеттім, сөйтіп ол қыз Асылым болды,жақында 5 толды🎉🎉🎉 . Шыныменде жүрекке жеткен,шынайы сериал!!! Қалай персонаждар дамып жатқанын бізде байқауға асықпыз❤❤❤

  • @ЗарафЗараф
    @ЗарафЗараф 23 дні тому +3

    Келінжан жасасын❤ Кейде Айсарамын,кейде Асылыммын😅12жылдық келінмін. Шүкір үш ұлым бар.Гулнұр ханым рахмет сізге.Жұмысыңызға сәттілік. Келінжан-6 күтеміз. Кинотеаторға барып көреміз киноны❤❤❤❤❤

  • @АйданаЖангазы
    @АйданаЖангазы 21 день тому +5

    “Келінжанды” 5 маусым бойы үзбей көрдім! Менің түсінгенім әр маусым сайын оқиғаның жаңаша бағытта өрбуі болды ,әр маусым сайын тағы қандай оқиға болады екен жаңа актер барма деп қызыға қараймын! Әр маусым сайын қызықты оқиғалар болады ең бастысы оны жеңіл түрде жеткізеді
    Әрине отбасы құндылығы,ауыл тіршілігі,бауырлар арасындағы сыйлыстық ене мен келін , абысындардың татулығы бәрі бәрі өте әдемі көрініс табады
    Оқиға әр маусымда қаншалықты шиеленісседе болды ау айрылысама дегенде жоқ бәрібір бәрі өз отбасын сақтау үшін күреседі және жеңеді(Гүл әпше айтқандай Happy end😅🎉)
    Күлімхан ападай ене болса бәрінде ажырасу аз болады ау😊
    Айсаранын кандай кателеги болсада коз жумып даналыгын корсететтн де сол Кулимхан Апа ❤
    5 маусым бойы озим Аккайнар ауылында тургандай болдым кейыпкерлермен бирге омир сурдим
    Асиресе осы 5 маусым бойы есимде калган соз Айсаранын айткан сози болды (4-маусымда Сұлушашқа:” Әкеңнің босағасында отырған соң оны ренжітуге,ұятқа қалдыруға болмайды деген”) өзім тұрмысқа шықпаған қызбын сол үшін осы сөз үнемі есімде
    Келінжан1,2 полный метр шыққан күні барып көрдім
    Бұйырса Келінжан-3 💣болады деп ойлаймын
    “Келінжан 6” дан Қарашаштың бөпелі болғанын, Айшолпанның тұрмысқа шығу тойын,Арыстанның да әке болғанын көргім келеді
    Балқия Асылым Айсара так и 💣актрисалар
    Гүл әпшенің Келінжанды жазар шабыты таусылмасын 🎉
    Бұйырса “Келінжан-3” полный метр 3 миллиард жинасын! Аумин 🫰🏻❤️

  • @gulzatsugurova4274
    @gulzatsugurova4274 20 днів тому

    Өнерге еш қатысым болмаса да осы кісінің айтқанын тыңдаудан жалықпаймын. Барлық сұқбат подкасттарын көремін. Үлгі аларлық адам❤

  • @ЖадыраБейсенбекова-э8о

    Жүргізушіде жасандылық өте көп, Гуль апше үшін көрдім, өте талантты адам.

  • @АигульЖунисбекова-у1ю

    “Келінжан” сериалын отбасымызбен көреміз❤Өте керемет түсірілген жоба👍Қазақ отбасының үлгісін көрсеткен,жалғызбасты апамның үш келінмен тіл табысуы, оларға көрсеткен үлгісі, кароче бәрііііі керемет, тәрбиелік мәні зор кино❤👍👍👍✅Әрбір қазақ көру керек. Гүл әпшенің түсірген 2-3 фильмін көргенмін❤бәрі керемет👍 мәні мен мағынасы өте терең, тәрбиелік мәні зор фильмдер💥✅👍👍👍👍👍👍100%✅💐💐💐💐Өсе беріңіз Гүл әпше😘😘😘😘

  • @АйгульТулегенова-м4э

    Рахмет не деген подкаст. Рахмет рахмет рахмет ❤

  • @aidanakohanbaeva9732
    @aidanakohanbaeva9732 23 дні тому +4

    Өте ғажап үлгі тұтатын ханымдар ❤

  • @Dinara_Assylbekkyzy
    @Dinara_Assylbekkyzy 23 дні тому +10

    Гүл әпшені тыңдаудың өзі бір ғанибет❤

  • @Алия-м5с
    @Алия-м5с 22 дні тому

    Гүлнұр ханым менің музам, фаворитім. Бұл кісіні тындағанды өте қатты жақсы көремін. Баарлық Гүлнұр ханым бар подкаст, интервьюларды бірнеше рет жалықпай қарай беремін😍 сондай керемет тұлға😍 тұнып тұрған кітап😍😍

  • @АктолкынНуртай
    @АктолкынНуртай 22 дні тому +2

    Келінжан қазақстанның 90% өміріғой. Бәріміздің осындай жеңгелеріміз туысымыз бар. Барлық келін Асылым болып келіп, Айсара болып шығадығой уақыт өте. Менде келінмін қаланың ортасында тұрамын қазір. Бірақ атмосфера сол Келінжанның өмірін кешіп жатырмын. Берері бол. Айсараның ақысын жібермейтінін, Балқияның қулығын шыдамдылығын, Асылымның тазалығын қарап. Өмірдің ситуацияларына ығысуды үйреніп жатырмыз. Тек алға, күшті жобаларыңыз көбейе берсін.

  • @Ped_Neuro
    @Ped_Neuro 20 днів тому

    керемет подкаст! мен өзім келінжан киносын да , сериалын да, 1 сериясын да көрмеппін, но, осы алда болатын премьераға желания ашылды. Көруге барамын. 😀

  • @kundyztekebaeva1329
    @kundyztekebaeva1329 21 день тому +1

    Гүлнұр ханымның әрбір шығармашылығы топ қой топ. Жинақы, әдемі, шынайы, қарапайым, қызықты нағыз маркетолог. Миы басқаша пульспен жұмыс жасайтын отчаянная женщина❤. Қатты құрметтеймін Гүлнұр ханымды. ❤❤❤❤❤❤Соңында жолдасы жайлы айтқан әңгемісне ырза болдым, точно го өзім 21 ж отасқанда 50 ге жақындаған күйеуге сөз енді өтіп жүр оған дейін ещеек болдық аодап сулап тігісін жатқызып ұрсып қалмайық берекеміз кетпесін деп кейбір ситуацияларда маймыл болып жүрип 20 отасқанымызды білмей қалыппыз. Әрқашанда еркекке еңбегіңмен, өзіңді дәлелдеумен ғана жағасың и автортиет жинайсың соны дәл айтты. Ал Келінжан киносы ол Қазақ елінің Гимні, қазақ елінің салты дәстүрі менталитеті ❤Өзім обожаааю. Келінжан 6-7-8-9-10 түсіріле берсін. Жасай берсін тек Келінжан❤❤❤

  • @ӘсемгүлНәсіпқалиева

    Келінжанды көрсем өзімнің қазақ екеніме, қазақтың қызы болғаныма , кинодағыдай қазақтың келіні, Күлімхандай ене болатыныма , рухым , қаным , жаным қазақ , үнім қазақ , қағытпа қалжыңым қазақша екеніне қуанамын, мақтанамын ! Келінжанның 6шы сезонын асыға күтемін, түсірілгенін, 7, ... тағы да баска сезондарын рахаттанып түсіруге миллиардтаған касса жиналуына шын жүректен тілектеспін❤

  • @МадинаАбишова-ч8я
    @МадинаАбишова-ч8я 22 дні тому +1

    Жаным Гүл апше әдемі подкаст болды , әдемі ойлар айттыңыз , біраз нәрсенің точкасын қойып тастадыңыз , сіздің әр фильміңіз шедевр ғой ,ми демалады ♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️♥️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️

  • @gulzhanatbazarbayeva796
    @gulzhanatbazarbayeva796 17 днів тому +2

    Керемет сұхбат❤ бір демде қарап шықтым 🎉🎉🎉🎉

  • @АяулымКенжехан-з5н
    @АяулымКенжехан-з5н 6 днів тому +1

    “Келінжан” сериалының 6-сезонын түсіру өте маңызды деп есептеймін! Себебі бұл жоба - тек сериал емес, әр қазақ отбасының айнасы. Әр кейіпкердің оқиғасы, ауыл өмірінің шынайылығы, қазақы құндылықтардың дәріптелуі - барлығы да көрерменге рухани азық береді.
    Сериалдың әр маусымы шынайылығымен, шебер ойластырылған сюжетімен және актерлердің тамаша ойынымен халықтың жүрегіне жол тапты. Әсіресе, бұл жетістікке жетуде Гүлнұр Мамасарипованың еңбегі орасан зор. Ол қазақ көрерменінің сұранысын, менталитетін, құндылықтарын терең түсініп, ерекше дүние жасай алды. Оның шығармашылық таланты мен ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілігі “Келінжанды” ел арасында ерекше танымал етті.
    6-сезон арқылы кейіпкерлердің тағдырын әрі қарай ашып, көрерменді жаңа оқиғалармен қуантуға болады. Жаңашыл идеялар мен ауыл өмірінің заманауи қырларын көрсету сериалды одан әрі биікке көтерері сөзсіз.
    Гүлнұр Мамасарипова сияқты дарынды продюсерлердің арқасында қазақ телевизиясы көрерменге сапалы, тәрбиелік мәні зор жобаларды ұсына алады. Сондықтан “Келінжанның” жалғасын күтеміз және толық сенеміз, ол халықтың сүйікті сериалы болып қала береді!

  • @ӘсемгүлНәсіпқалиева

    Роза ханымға нақты, ұтымды , ашық сұрақтары үшін, ал Гульнур ханымға тұшымды , сауатты жауапты үшін рахмет! Өте қызықты , инсайтка толы подкаст болды. Тек сәттілік сіздерге!

  • @parisru3667
    @parisru3667 21 день тому +2

    Гүләпшенің шынайылығына бұрыннан тәнтімін. Сондай қарапайымдылығы, халықпен жақындығы қатты сезіледі. Бұрыннан қолдаушысымын, сонааау ‘Тракторшының махаббатында’ сауыншының рөлін ойнаған кезден білемін🥰 Ешқандай дүрліккен жарнама жасамай-ақ, өнімін аудиоториясына әңгімелесіп отырып ақ өткізетін продюсер ғой😊Еңбегіңіздің жемісін көріңіз!

  • @turganayabdilla6451
    @turganayabdilla6451 21 день тому +2

    Жасандылықсыз❤ Келінжан-6 шықсыншы🙏 қаладағы ауылын сағынатын біздер үшін сағынышымызды басатын, қарапайым қазақ өмірін көрсететін сериал біз уже сағындық🤗

  • @ВенераБеркинова-щ2р

    Гүлнұр ханымның қарапайымдылығы, шынайлығы қатты ұнайды. Нағыз профессиональный продюсер. Келінжан сериалын сағындық. Сондықтанда 6 сезоны шықса нұр үстіне нұр болатын еді. Сәттілік және творчествалық табыс тілеймін ❤❤❤

  • @g2t324
    @g2t324 21 день тому +5

    Тектілік деген осы. Қанша биікті бағындырса да қарапайымдылығы сонша. Стористарын да қарасаң, үнемі ұялып, өзін шектеп қойған, мансабын пайдалып бір артық ұсыныспен шыққан емес, фоллоуеры растайтын шығар. Жеке басыма осы кісі қатты ұнайды. Қазақта осындай тұлғалар барына рахмет, уақыт толқынымен жасанды болып кетпей, “няғыса” деп қойып шынайылығын сақтап қалған🥰
    Келінжанның отбасы мен үшін өмірде бар сияқты 😂 жалғасы болу керек сол үшін, до того сендіріп тастаған ғо.
    Одан бөлек мен қатты “Күзде келген көктемді” де күтемін.🙏🌹

  • @unknown099kz
    @unknown099kz 13 днів тому

    обожаю эту женщину🫶❤️💐Мудрая Гульнура ханым💐

  • @Everyday_english03
    @Everyday_english03 19 днів тому +4

    «Келінжан» телехикаясының 6-сезонын түсіру - көрермендер үшін үлкен сый болар еді.😊 Бұл жобаның әрбір кейіпкері халықтың жүрегіне жақын, ал олардың оқиғалары өмірден алынғандай шынайы. Жаңа маусымда ауыл өмірінің жаңа қырлары, жанұялық құндылықтар мен ұмытылмас қызықтарды көрсету - тек хикаяны емес, елді бірлікке, мейірімге шақыру. Жай ғана сериал емес, әр көрінісі рухани тәрбие беретін телехикаяның жалғасын көргіміз келеді!😁🤗

    • @doramalaralemi4537
      @doramalaralemi4537 17 днів тому

      Комментті күшті жазыпсыз,әдеби сөздермен😅

  • @aidana.yerbolatovna
    @aidana.yerbolatovna 23 дні тому +4

    Жауап:😊
    1. Келінжан 6 шығу керек және ары қарай тағы жалғасу керек. Біздің қоғамдағы қазақ қыздарының , келіндерінің өздеріне, өмірлеріне, әйелдердің бір-бірінің өміріне сыртқы көзбен қарауына, үңіліп қарауына көмектеседі.
    2. Ауылдағы, қаладағы адамдардың арасындағы ара қашықтықты бұзу, екі бөлек мәдениетті жақындату,
    3. Жастардың арасында тренд болуы өте ұнайды😅, қәзіргі жастарға келінжан темасы өтеді, шет елдің түсініксіз приколдарынан көрі, келінжаннан алынған приколдардың құндылығы бар. Жастарды өзіміздің ішкі сорпамызға бірге қайнауға шақырады деп ойлаймын. Өйткені көп байқаймын 13-20 жас аралығындағы жастар көреді, айтып жүреді😅😅😅
    @aidana.yerbolatovna ❤

  • @asemsak2720
    @asemsak2720 20 днів тому +4

    Өмірім тура келінжендағыдай😂😂😂😂😂. Үйде енемнің 5 бала шағасы бар, Күлімхан сияқты бәрін шақырып жанына, үйге жинап отырады. Қызым айтады әже сіз тура осы апа сияқтысыз❤❤❤❤, үйіміз осы кинодағыдай күнде приключение 🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉

    • @asemsak2720
      @asemsak2720 20 днів тому

      6 сезон күтеміз. Атамыз бастап көрді сомен бәріміз қызығып, қыздарым кинотеатрға барып көрейік деп барамыз ғой ❤. #sengerbekova_asem

  • @МанзураСагит
    @МанзураСагит 23 дні тому +1

    Гүлнұр ханымды тыңдай бергім келеді. Қандай сұхбат шығады соны көрем ❤❤❤❤

  • @Бауыржановна
    @Бауыржановна 15 днів тому

    Роза 🌹 ханым себебімен,
    Еліміздегі көп талантты, еңбекқор жандармен танысудамыз!🎉
    Аллаһ разы болсын
    Роза🌹
    Сіз арқылы естіп таныдым
    Гүлнұр Мамасарипованы💐💐💐
    Өте қызықты ақпараттар айтылды👍🏻
    Пайдалы сұқбат көбейе берсін💚💚💚
    Өте әдемі, жас көрінетін қазақ қыздары жарайсыздар👏🏻👏🏻👏🏻

  • @bota_arynova
    @bota_arynova 17 днів тому

    Гүлнұр ханым обожаю❤

  • @Зада-ю2у
    @Зада-ю2у 22 дні тому +3

    Роза ханым Гулекеңді аштыңыз күшті әңгіме болды ашылып айтты Гуләпше👍👍👍👏👏👏😘😘😘

  • @almabaevam
    @almabaevam 22 дні тому +1

    Дос мұқасан өтееее кушти шыққан кинолардың қатарында деп ойлаймын Өте қатты әсер алған киномның бірі болды. Осы подкасттан Гүлнұр ханым түсіргенін естіп таң қалдым 🥹

  • @Shokan-y9q
    @Shokan-y9q 23 дні тому +7

    Гүл апше 6 Келінжан шығу керек,өйткені мына заман алай-дулей,ми ашу,отбасы ойраны,әрбәлеге басы кетіп быт -шыт боп журген халықты сырт жақтан бір көрсету .
    Ең бастысы ол отбасы. Татулық, бірлік бар жерде өмір де керемет қой.Бұл тақырып көрсетілмей қалмау керек Апше ❤

  • @OraLazic
    @OraLazic 13 днів тому

    Концовка топ, не в бровь, а в глаз сказала мадам Гульнур. Соз жок, силекимиз агып карадык. Сол, келбет, енбек бари бир-бирине сай. Роза как всегда вытащила по полной программе из гостя. Люблю вас и уважаю.

  • @АйнураТангирбергенова-э5ц

    Гулнур Мамасариповаға қызығып отырмын қандай әйел қолынан бәрікеледі. Деніңіз сау болсын шығармашылығыңыз шарықтай берсін. Роза Аширбаева Гулнур Мамасарипова.

  • @akbotakairat8429
    @akbotakairat8429 23 дні тому +4

    Екі крашихам бір подкастта💔😍

  • @УмитНурбек-е2щ
    @УмитНурбек-е2щ 20 днів тому +1

    Сериалдың танымалдығы оның шынайы оқиғалары мен кейіпкерлерінің өмірге жақындығында жатыр. Бұл туынды көрермендерге отбасылық құндылықтарды еске салып, қазақы дәстүрлерді дәріптеуге бағытталған.Сондықтан келінжанның 6-сезоны болу керек. Біз шет елдің шым -шытырық киноларынан шаршадық. Бізге Келінжан керек 🥰❤️. Күтеміз❤

  • @bayadilova
    @bayadilova 23 дні тому +3

    22 жастағы, ауылдан Алматыға көшіп, туған жердің ерекше атмосферасын сағынып жүрген мен үшін “Келінжан” ауылдағы өмірдің жылуын, салт-дәстүрдің маңыздылығын еске салады. Әр кейіпкер - өмірден алынғандай. Күлкілі сәттерінен бастап, күрделі оқиғаларына дейін бәрі қазақы өмірді толық ашады. Қазіргідей заманауи ортада жүрген бізге бұл сериал өмірдің қарапайымдылығы мен қазақылықтың құндылығын ұғынуға көмектеседі.
    Әр кейіпкер - шынайы өмірден алынғандай. Мысалы, ененің ақылдылығы, келіннің еңбекқорлығы немесе абысындардың арасындағы түсіністік пен кішігірім бәсекелестік - бәрі де болашақта отбасы құру үшін керек тәжірибе. Бұл сериалды көру арқылы, болашақ келін ретінде ененің көңілін табу, абысынмен тату болу сияқты нәрселерді үйренесің.
    6-сезон болса, тұрмыстық өмірдің жаңа қырларын, кейіпкерлердің дамуын көруге мүмкіндік болар еді. Мен үшін бұл тек сериал емес, алдағы өміріңе дайындық іспетті. Сондықтан “Келінжанның” жалғасы маған да, мен сияқты жас қыздарға да өте қажет деп ойлаймын.
    Сонымен қатар, сериал тұрмыстағы өмірдің оңай еместігін көрсетеді, бірақ соған бейімделуге болатынын үйретеді. Ененің тілін табу, абысынмен тату болу, отбасыдағы түсіністік - бәрі сериал арқылы көріп, үйренуге болатын маңызды сабақтар. 6-сезон болса, әлі де өмірлік тәжірибе жинақтап, жаңа оқиғалардан сабақ алар едік.
    inst: aru_stew
    tel: +7 747 797 9640

  • @asselbeisembayeva766
    @asselbeisembayeva766 19 днів тому

    Келінжан форевер ғой. Ауылымды сағынып, жылап алам. Кейіпкерлер туыстай болып кетті ғой ❤️❤️❤️❤️ Келінжан 6ны күтем, себебі қазақтың иісі шығатын сериал. Люблю ғой. Гүләпше, сізге тек сәттілік 👍👍👍

  • @Жанар-ы6т
    @Жанар-ы6т 15 днів тому

    Роза Гулнұр ханым қазақтың алға дамуына өз үлестерін қосып жүрген ақылды арулар көп болса

  • @ФаризаКудайберген-я8й

    Гүлнұр ханым просто супер 🎉Келінжанды ешқандай киномен салыстыруға болмас 🔥

  • @ЖаннаСагатбек-я4ж

    Мен үшін өте қызықты және берері көп подкаст болды.Осы подкасттан кейін өз призваниеңді табудың қаншалықты маңызды екенін түсініп тұрмын,өз саласында жасарын жасап,асарын асаған екі қазақ әйелдерінің сыр-сұхбаты,пікірталасы ұнады🥰Келінжан сериалының 6-шы маусымын асыға күтеміз

  • @amanaakilbekova4520
    @amanaakilbekova4520 21 день тому +2

    Келінжан сериалы жалғасуы керек! Себебі бізбен бірге кележатқан өсіпжатқан өзіміздің туыстарымыз сияқты кейіпкерлері! Както бір ауылда тұратын адамдар сияқтымыз! Үйде отыратын келіншектерге стрестен шығарып мотивация беретін кино! Ауыл адамдары бір біріне айта алмаған сөздерін осы кино көріп отырып үндемей көзімен айтып алады😅. Көп нәрсе үйретеді. Бәрі бірдей қызығып көретін кино❤. Тек сәттілік🎉. Неше сезон болсада жалықпай көреберетін кино! Сіздерге сәттілік! Асыға күтеміз!❤❤❤

  • @ЖансаяНурпейсова
    @ЖансаяНурпейсова 15 днів тому

    Келінжан 6 сезоны шықсын, күтеміз, Гүл әпше!

  • @GB-pt4dw
    @GB-pt4dw 16 днів тому

    Келінжан шықсын Қытай қазақтар көреді❤

  • @darigaadilserikkyzy2336
    @darigaadilserikkyzy2336 20 днів тому

    Семейный өмірдің ишкі жағын уйрету ушін қайта түсіру керек.Өзім осы сериалдан қарап үй болдым, абысындармен араластым❤

  • @АруАлихан-п7р
    @АруАлихан-п7р 21 день тому +2

    «Келінжан» сериалы - қазақ ауылындағы қарапайым, бірақ өмірдің барлық қырын айқын көрсететін туынды. Күлімхан апаның үш ұлы мен олардың келіндері арасындағы қарым-қатынас, отбасылық құндылықтар мен әртүрлі мінездердің шытырман оқиғалары көрерменді елітіп алады. Әсіресе, ұрпақтар арасындағы түсіністік, ауыл өмірінің шынайылығы мен адамгершілік құндылықтардың орнын көрсету - сериалдың басты ерекшеліктері. Күлімхан апаның терең философиясы, ұлдары мен келіндерінің мінездері мен тағдырлары арқылы сериал өз көрерменіне әсер етеді.
    6-маусымның түсірілуі қажет, өйткені бұл сериалдың оқиғасы әлі аяқталған жоқ. Ауыл өмірінің жаңа қиындықтары мен қуанышты сәттері, кейіпкерлердің жаңа кезеңге аяқ басуы, олардың тағдырларына деген қызығушылық көрерменді тағы да экранға тартады. Әсіресе, Асқар мен Асылымның отбасылық өмірі, Мәдібек пен Балқияның шаруашылықтағы жаңа бастамалары, Қылышбек пен Айсараның саяси өміріндегі өзгерістер сериалда жаңа бағыттар мен қызықты сюжеттер ұсына алады. Сонымен қатар, Күлімхан апаның өміріндегі жаңа сабақтар мен ақыл-кеңестері бұл сериалды одан әрі дамытуды қажет етеді.
    Сол себепті 6-сезонды асыға күтеміз! 🫰🫰🫰
    @alizhaukharovna

  • @Сая-и9ю
    @Сая-и9ю 22 дні тому +3

    Бұл подкаст Гүлнұр Мамасарипованың жеке көзқарасын, шығармашылық жолын және “Келінжан” сериалы арқылы қазақ қоғамына әсерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Оның сериалдағы шынайылық пен ұлттық құндылықтарды сақтау туралы айтқан ойлары өте өзекті. Сонымен қатар, Гүлнұр ханымның әйелдер бейнесін көрсетуге деген талпынысы мен қоғамдағы әйел рөліне деген құрметі ерекше назар аудартады. Подкасттың форматы еркін, әрі тыңдарманды ойлануға итермелейді. “Келінжан” феноменінің кеңінен талқылануы оның қоғамдағы орнының маңызды екенін дәлелдейді. Гүлнұр ханымның мәдениетке, киноға және әйелдердің өміріне қатысты ойлары қазақ мәдениетін әрі қарай дамытуға шабыт береді. Мұндай подкасттар көп болса, ұлттық мәдениетімізді сақтап қана қоймай, оны жаңа деңгейге көтеруге де жол ашылады деп ойлаймын.
    Бұл подкаст үшін Роза Аширбаеваға ерекше алғысымды білдіргім келеді. Роза ханымның жүргізуші ретіндегі кәсібилігі мен сұрақтарды терең қоя білуі подкастты мазмұнды әрі қызықты еткен. Оның Гүлнұр Мамасарипова сынды тұлғаны шақырып, маңызды тақырыптарды қозғауы қазақ мәдениетін, әйел рөлін және ұлттық құндылықтарды насихаттауға үлкен үлес қосады. Әңгіме еркін, бірақ терең талқыланған, тыңдарманға ой салатын мазмұнға толы болды. Осындай сапалы контент қазақша подкасттардың дамуына және қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық талқылауға серпін береді деп сенемін. Роза ханымның еңбегі көпшілікке шабыт сыйлайтыны анық. Осындай құнды подкасттар үшін үлкен рақмет!
    @saya_hat__

  • @klarakansultanova595
    @klarakansultanova595 14 днів тому

    Подкаст өте қатты ұнады. Кейіпкерден шынайылық, еңбекқорлық, жаңашылдық, батыл еңбек адамын көрдім. Қазақ қызы, бір отбасының ұйытқысын келтіруші жар, 3 ханшайымның анасы Гүлнұр ханым қазақ әйелінің заманауи үлгісін көрсете алды. Үйде отырмын, декреттегі анамын. Бірақ үйде балама қосып, бала қылықты үлкен енемді де қоса бағып отырмын. Еще сырттан қонаққа келіп, ақыл айтып кететіндердің қылығын да көтеріп, шайын беріп, күліп, шығарып саламын. Әзірге үйдемін, сондықтан Келінжанның 6-сезонын асыға күтетіннің бірі мен боламын. Точно ! Сәттілік тілеймін, көрермен көзайымына айналар туынды шықсын деп тілеймін!

  • @aizhanbegmanova5869
    @aizhanbegmanova5869 18 днів тому

    Келінжан сериалын күтіп көремін өзім. Маған қатты ұнайды. Келіндердің өмірі енесімен қарым-қатынасы, өмірден алынған. Келінжан 6 шықсын. 🎉

  • @asemaiserjanova2844
    @asemaiserjanova2844 20 днів тому +4

    Гүлнұр әпше неге Келінжан киносы қайта экранға шығу керек деген сұраққа жауап берсек өзіңіз айтқандай ауылдың өмірін, тыныс тіршілігін, қарапайым сөздерді кейінгі жастарға үйретіп жүрген керемет киномыз «Келінжан» Енемен келіннің қарым қатынасы ақылды алдауы, абысын татулығын көрсететін сериал. Маған қатты ұнайды. Қайта оралсын🎉

  • @nurilaesenaman4002
    @nurilaesenaman4002 18 днів тому

    Керемет сұқпат болды❤

  • @karzhauovazhannur9181
    @karzhauovazhannur9181 21 день тому +4

    Келінжан халыққа жол тартқан уақыттан бері үзбей көретін көрермендердің бірімін.
    Келінжан теле-сериалы және фильмі халыққа берері көп сериалдардың бірі де біргейі.6 маусым шығуы керек,себебі “Келінжан”теле-сериалы ауылдың қызығы мен шыжығын көре алмаған немесе сезінбеген жандарға сезіндіре білген сериал болды.Сериалдың бастапқы секундтары басталатын жерінде ауылдың қандай тамаша,әсем табиғатын көрсете отырып сол ауылдың тұрмыс тіршілігіне бойлап кететіндей керемет көрініс бере алды.
    Ал,кейіпкерлердің халыққа берер әлі талай өнегелері бар.
    Мысалы,Күлімхан образына келетін болсақ,бұл жерде ақ пен қараны нақ ажырата алатын,бала мен келіннің арасына түспей керісінше сол екі жастың мейлінше тату тәтті де өнегелі отбасы болуларына ат салысып отырған Ене,Ана рөлін көремін.Әр сериясында Күлімхан аженің өсиеттерің бойыма жинай отыра,дәл өзіндей болашақта дана Ана мен Ене болғым келеді.
    Күлімхан образы ауылда тұрсада әр келінінің бастамасын қолдай кетіп,әрі қарай бастамасына кішкене болсын мотивациялық жол ретінде азын аулақ жинап тергенің бере отыра,қолдаудың деңгейін көрсетіп отырады.
    Айсара образы- зыпылдап қалсада,кейде арам ойлары басым болып тұрсада,ақ көңіл жеңгелерді еске салады.
    Айсара нағыз ауылдың бетке ұстар келіндердің рөлін жақсы көрсетті.Кей тұста өзің сондай жағымсыз көрсетседе өзінің шынайы адал тұстарымен көрерменді өзіне баурап алған кейіпкер.
    Айсараның 6 маусымда әлі талай шикілікпен жасап қойған ерсіз немесе ойланбай жасап қоятын қылықтары арқылы басқа да өзің шынайы өмірде дәл Айсарадай ұстайтын әпке-жеңешелеріміздің айнасы бола отырып,сол жіберілген қателіктерімен жұмыс жасатуға үйретуі қажет.
    Ал Балқия рөлі кей уақыттарда басқалардың көңіліне қарап қалған бір персонаж ретінде көрініп,барлығының сөзіне шыдап бірақ бір мезетте жарылатын апа жеңгелерімізді көрсете алды.
    Балқия өзің үнемі кінәлі санайтын,біреуге сөз қайтарып қалсада мың толғанып жүретін келіншектерді көрсетті десем қате болмас.
    Балқия 6 маусымда өзің жаңа қырынан танытып,уақытында айтқысы келген ойды айтатындай қорытынды шығаруы керек,сол үшін ол персонаж керек халыққа.
    Асылым-рөлі қаладан келген қыздың ауыл өміріне араласып,сіңісіп кетуіне барлық жағдайды жасап жүрген енесінің арқасында барлық жетістікке жетіп,шаруаны тиянақты жасайтын келін персонажында көрінде.
    Яғни,Асылым рөлі қазіргі таңдағы келіндердің өмірін көрсетті.Келін болып түсіп,босаға аттаған соң Ененің қолдауының қаншалықты “Бағалы” екенің көрсетті.
    Барған жерін сенің тесік жеріне күлмей,керісінше сол жерлерді жамап,басқаларға тігісін білдірмеуге уйрететін теле-сериал.
    Келінжан 6 маусымда телеарналарда бой көрсету қажет.
    Қаланың күйбін тіршілігінен шаршап келген уақытта,келінжанды қосып алып сол бір шаршаған сәттерін лезде ойдаг шығып,өзіңді бос,әлсіз,балалық шақтағы ауыл өміріне қиялданып кетуге рұқсат беретін теле сериал.
    Сол себепті 6 маусымды күтемін.
    instagram: nurserikovnaa 87029320167

  • @DilbarMaxsetbayvna
    @DilbarMaxsetbayvna 19 днів тому

    Келинжанди каита каита кореберемин ар коргенде ар турли билим мен өмирлик тажрибе аламин . Гулнур мамасарипива канша сухбат тиңдасамда уакитиң калаи откенин билми каламин ❤🌹

  • @Гуля-ъ7и
    @Гуля-ъ7и 22 дні тому +1

    Келінжанның келесі сезонын түсіруіңіз керек. Күлімхан апа біздің ауылдағы ағайынымыз. Оның отбасының амандығын және қал жағдайларын кино арқылы білеміз😅. Ғұмыры ұзақ сериал бросыншы🙏. Гүлнұр ханым сіз түсірген әрбір кино керемет. Әр проектіңіз керемет. Сәттілік сізге.

  • @СаулеАкишовна
    @СаулеАкишовна 21 день тому

    Гулнур ханымды осы подкастан шынайы ашылып күшті сұхбат болды🥰🥰🥰