Kozqaras podcast
Kozqaras podcast
  • 88
  • 1 105 262
Депутат Жұлдыз Сүлейменова: Қыздар, әлеуметтік проблемаларды шешу үшін саясатқа келіңіздер!
Еліміздегі гендерлік теңсіздік мәселесіне ең қарапайым мысал - саясаттағы әйелдер үлесінің төмендігі.
2023 жылғы мәліметтер бойынша, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде (төменгі палата) әйелдердің үлесі шамамен 27%-ды құрайды. Бұл көрсеткіш айтарлықтай өскен, бірақ халықаралық стандарттарға сай емес.
Kozqaras подкастының кезекті қонағы - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңның авторы Жұлдыз Сүлейменова.
Жұлдыз Сүлейменовамен: тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминализациялауға қатысты заң жобасы қалай қабылданды, ерте жастағы жүктілік, тастанды бала мәселелерінде еркектерді де қылмыстық жауапкершілікке тарту, саясаттағы әйелдер үлесін көбейтудің маңызы мен оң әсері тақырыптары аясында ерекше эпизод жаздық.
‼️КОНКУРС!
«Мен саясатқа барғанда, қандай мәселені шешетін едім?»
🤞🏻Осы тақырыпта қызықты эссе жазған 5 қызға 10,000 ₸ сыйлаймыз және 1 күн Парламентте болып, сол жақтың тыныс-тіршілігімен танысуға бірге баратын боламыз!
⚠️ЕСКЕРТУ:
Біз сізбен байланыса алуымыз үшін комментарийде Instagram аккаунтыңызды немесе байланыс нөміріңізді жазуды ұмытпаңыз.
🔥Сәттілік!
Таймкод:
00:00 кіріспе
01:33 Жұлдыз Сүлейменовамен танысу
10:10 «Салтанат заңы» идеясы қалай туды?
17:40 халық 2-ақ әйелді депутаттыққа сайлады
20:40 заңды қабылдау процедурасы қалай жүреді?
22:15 Салтанат Нүкенова өлімінің заңның қабылдануына әсері болды ма?
29:13 тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңда қандай жаңа нормалар бар?
35:52 психолог қызметін лицензиялау керек
46:45 қыздар, саясатқа келіңіздер
49:13 әйел әкім болса аймақтарды су баспайтын еді
51:23 Харассмент туралы заң қабылданады ма?
55:20 cталкинг туралы заң қабылданады ма?
57:36 алиментті өндірудің мемлекеттік қоры қажет
1:04:54 тастанды бала үшін еркектерді де жазалау керек
1:10:02 саясатқа келгісі келетін қыздарға қандай мүмкіндіктер бар?
1:20:56 Мектеп оқулықтарындағы әйел образы дұрыс емес
1:23:24 мектепте жақсы оқыған адам, халықтың мәселесін шеше алады
1:29:15 КОНКУРС
подкастты аудио платформаларда тыңдау
podcast.kz/1735130154
Подкаст жүргізушісі
Роза Әшірбаева rozaashirbayeva
roza.coach
Продюсер
Тамирис Кушалиева tamiris.k
Әсел Налыбекова asselnalybekova
Подкаст қонағы
Жұлдыз Сүлейменова deputat_zhuldyz_suleymenova
Арт директор
Мирас Тыныштыков miras.tynyshtykov
Motion дизайнер
Абылай Махамбеткул abldouble
UA-cam менеджер
Бекжан Нұрадин bek10ay
Джингл
Yenlik yenleak
Нуржан Абдолла dln_music
Түсірілім тобы
silvers.production
Переглядів: 7 875

Відео

Аслан Темірхан: баламен секс туралы сөйлесу, жыныстық сауаттылық | КОНКУРС
Переглядів 39 тис.14 днів тому
Балаларға мектепте қаржылық және жыныстық сауаттылық пәндерін оқыту керек тақырыбы қанша талқыланса да нүктес қойылмады. Көбеймесе азаймай тұрған жыныстық зорлық- зомбылық, жыныстық жолмен тарайтын инфекция, қолдан жасалатын бедеулік мәселелерін қоғамның жыныстық сауаттылық деңгейін көтеру мақсатында ағарту жұмыстарын жасап шешу бір шама оң әсерін берер сөзсіз. Kozqaras podcast тың кезект қонағ...
Айгерім Құсайынқызы: Фембике, Келін тұрмыстағы құл, Неге еркектерге феминизм керек.
Переглядів 55 тис.28 днів тому
Айгерім Құсайынқызы: Фембике, Келін тұрмыстағы құл, Неге еркектерге феминизм керек.
Мирас Топбаев: ⁠⁠Қазақтарға шетелден жұмыс тауып беремін. | Kozqaras podcast
Переглядів 18 тис.Місяць тому
Мирас Топбаев: ⁠⁠Қазақтарға шетелден жұмыс тауып беремін. | Kozqaras podcast
Айкерім Есенәлі: Келін емес, отбасылы болуға дайындалу керек, ақшалы әйелдің сөзі өтеді
Переглядів 313 тис.Місяць тому
Айкерім Есенәлі: Келін емес, отбасылы болуға дайындалу керек, ақшалы әйелдің сөз өтеді
Нұрилла Ақберген: Ғабитпен болған қарым- қатынас, отбасылық өмірі | Kozqaras podcast
Переглядів 318 тис.2 місяці тому
Нұрилла Ақберген: Ғабитпен болған қарым- қатынас, отбасылық өмір | Kozqaras podcast
Әлия Әшім: «ене - туған анаңдай бола алмайды», «Саясатта әйел үні жоқ…»
Переглядів 84 тис.4 місяці тому
Әлия Әшім: «ене - туған анаңдай бола алмайды», «Саясатта әйел үн жоқ…»
Раиса Сайран Қадыр - Моңғолиядан келіп, шетел кітаптарын Қазақ тіліне аударған іскер әйел.
Переглядів 27 тис.4 місяці тому
Раиса Сайран Қадыр - Моңғолиядан келіп, шетел кітаптарын Қазақ тіліне аударған іскер әйел.
Ержан Мырзабаев: “Еркектер әйелді тыңдаңдар! Алимент неге төленбейді? Бақытты отбасының сыры неде?”
Переглядів 91 тис.4 місяці тому
Ержан Мырзабаев: “Еркектер әйелд тыңдаңдар! Алимент неге төленбейді? Бақытты отбасының сыры неде?”
YENLIK - Шымкенттің келінімін, хостелде жұмыс істедім, Альбом | Kozqaras podcast
Переглядів 59 тис.5 місяців тому
YENLIK - Шымкенттің келінімін, хостелде жұмыс істедім, Альбом | Kozqaras podcast

КОМЕНТАРІ

  • @user-sc4ht9cc6g
    @user-sc4ht9cc6g Годину тому

    Сұхбат-Әсерлі, мәдениетті, білімдері жоғары, интеллектері мықты қыздар екенін көрсетті. ❤❤❤

  • @aprisity_
    @aprisity_ Годину тому

    Мен саясатқа барсам коррупция мәселесін шешуді алшқы орынға қояр едім. Коррупция елдің дамуын артқа тартушы ең ауқымд нәрсе. Әр есепсіз кеткен ақша мемлекеттің дамуына, халық пен туризмге арналуы тиіс. Бұл мәселені шешу оңай емес. Алғашқы қадамға мен елдегі ұсақ-түйек паралардан бастаймын. Мысалы: мектептегі мұғалімдерге, университеттегі декандарға(осының айналасы), қарапайым жұмыскерлердің бастыққа беретін парасына тиым салудан бастар едім. Осы кеңінен таралса, үлкен көлемдегі чектермен кеткен есепсіз ақшаны жинаушылар есін жияды. Әрі қарай алып кету оңай болады деп ойлаймын. @bakhtibaevva

  • @AigerimSabyr-u2b
    @AigerimSabyr-u2b 3 години тому

    Жаным, Роза әпке, сізге Аллам күш-қуат берсін🥰Сіз бізге анамыздай, әпкеміздей, жеңгеміздей жақын жан болып кеттіңіз💓

  • @user-sq9hn3hq5y
    @user-sq9hn3hq5y 3 години тому

    Мықты маман. Нақты сөз, нақты іс. Міне, рөлдік модель. Көптеген салада осындай рөлдік модельдер бар бізде, соған қуаныштымын .

  • @sholpano657
    @sholpano657 3 години тому

    Каеф подкаст😍😍😍👏🏽👏🏽👏🏽

  • @evrikatela02s37
    @evrikatela02s37 4 години тому

    Бундай тартиппен омир сурип жаткан каншама келиншек оларга норма

  • @altynaykh6846
    @altynaykh6846 4 години тому

    Керемет сұхбат болды👏🏻👏🏻👏🏻

  • @aruaiomirzakova4981
    @aruaiomirzakova4981 4 години тому

    Саясатқа барғанда шешетін мәселе Мұғалім мәңгі есім Қазіргі қоғамда мұғалімнің алатын орны зор. Әрине, ол ата-анадан бөлек әрбір балаға тәрбие беріп, болашағына бағыт-бағдар беретін жан. Сол адамның арқасында өмірді танып, түрлі көзқаоас қалыптастыратынымыз рас. Бірақ мұғалім біздің қоғамда, мектепте де, үйде де тіпті демалыс уақытында да мұғалім болып қала береді. Себебі артылған міндеттемелері мен толтыратын түрлі қағаздары бар. Бұл тақырыпты таңдау себебім үйдегі анам қарап ойланам. 12 айдың әр күнінде мұғалім. Жұмыстан шығып үйге келседе бітпейтін қағаз не болмаса соғыла беретін қоңыраулар. Біздің қоғамда әрине мұғалімнің жалақысын жоғарлатып немесе болашақ мұғалім үшінде степендия өте жоғары. Жылды өтілетін категориялар арқылы жақсы табыс табуға болады. Бірақ оның арты тек тола қағаздарды толтырумен өтеді. Бұл мәселенің салдарын талдап қарасақ, былай болады. Экономикалық тұрғыдан әрбір қағазбен толтыратын дүние күнде басылып шығарылады. Оған сенің қаражатың кетіп қалады. Әр сыныпта бір 10 бала отырғанмен, оған кем дегенде 4-5 парақтық тест немесе документтері ол болмаса, сергіту сәті деп тағы қағаз жұмсайсың. Қағаздың құныда қазір алатын азық-түлігіңмен бірдей бағада. Әрине, қағазбен жұмыс бала үшін дұрыс шығар. Жақсы дамуына немесе әлеуметтік желідегі оңай дүниелерге назар аудармас үшін жақсы нәрсе. Бірақ мұғалім сол бір 4-5 парақты үйге келіп, тексеріп қарапта шаршап кетеді. Әлеуметтік жағдайға келер болсақ, мұғалімде ата-ана. Олда бала-шаға тәрбиелеп, нан тауып отырған адам. Бірақ, ол өз үйінде ана рөлін емес, мұғалім рөлінде жүреді. Өз балаларына көңіл бөлмейді, баламен толыққанды қарым-қатынас жасалмайды. Бұлда қоғамдағы баланың толық дамымауына, жағымсыз қасиеттерді бойына сіңіруіне алып келеді. Саясат жағынан айтар болсақ әр жыл сайын ұстаздардың деңгейін тексеру мақсатында категориялық тесттер болады. Оған дайындалуда былай айтқанда ұбт-мен тең. Әрине компьютермен тапсырып, жазар дүниеңді толық жазарсың бірақ оның артында тағы толтыратын қағаз бар. Олда бір ұзақ уақыт алатын дүние. Тесттердің болуын қолдаймын олда адам үшін жетістік пен абырой береді. Бірақ қағаз толтырып, документ жасау деген дүниелерді алып тастаған жөн сияқты. Себебі бұрыннан келе жатқан мұғалім үшінде жаңа дүниеге ауыса салу, қазіргінің өзектілігінде болу олар үшінде оңай емес. Салдары отбасымен толыққанды уақыт өткізбеу. Балаға берілетін қасиеттер мен өсиеттердің толық жетілмеуі, үйдегі аз-маз ұрыс шығуы тіпті өз туған баласы бұзық немесе қазіргің қоғамдағы ер емес ез болып өсуінеде әсер етіп кетері анық. Бұл әрине ұзақ мерзімді мәселе болады. Ал қысқа мерзімді салдарға сол бір тесттің жетегінде жүріп, категория ала алмай, орта жолдан қол сілтеу. Осы дүниелерді қарастырып, ойланған дұрыс сияқты. Мәселенің шешіміне келсек әрине бірден шешіле қоятын дүние емес. Аз-аздан бастап, шешімге келтіруге болады. Мысалға, қағаз түріндегі тесттерді немесе жыл соңындағы қортынды бжб немесе тжб сияқты дүниелерлі компьютерлік желіге орнатсақ. Немесе әртүрлі ойын-сауық ретінде ауыстырып көрсек кем дегенде екі тоқсанға. Егер екі тоқсан бойына біршама өзгеріс алып келсе ары қарай қолдана беруге болатындай рұқсат алу. Одан соң қағаз толтыру жағдайын алып тастаса. Ол қазір жылда жазылады, жылда шаң басып бір сөреде қалып кете береді. Одан оныда электронды түрде, егов немесе мұғалімге арнап сайт ашып сонда салып отыратындай етілсе азда болсын жеңілдер еді. Мысалға, балаға арналған kundelik.kz бар ол жердк толық үлгеріммен, қандай сыныпта екені көрсетілген тура сондай сияқты мұғалімге арналса. Категориясы, санаты, қандай документтері бар немесе тестке кірді немесе кірмеді деген сияқты ақпараттар жазылып тұрса, қоғамғада, жеке тұлғағада тиімді болатын еді. Мұғалімде төрден орын алатын қыз баласы сияқты құрмет пен сыйластыққа ие адам. Оған ешкімде таласа алмайды. Үмбетбай Уайдиннің өлеңі бар Кім боласың?
Ұмтылмаңыз жоғары, Мұғалімнен үлкен адам жоқ әлі!
Кім болмаңыз, прокурор ма, сотсыз ба?
Тұрыңыздар, келе жатыр мұғалім! - деген. Елдің болашағы үшін тер төгіп, шыдам мен төзімді қатар алып жүрген адамдардың азда болсын жеңіл өмір сүргенін қалаймын. Қоғамның дамып, өсуі әрбір адамның еңбегімен бағаланады бірақ мұғалім үшін еңбек тек қана ақша немесе бүкірейіп отырып, қағазбен отыратын жан емес. Сол үшінде қазірден олардың жағдайын жасайтындай нәрсе жасалу қажет. Осы айтылғаным саясатқа барып немесе бармай жатып шешілсе деген ойым мен ниетім бар. Insta: aruai_akbaevna

  • @user-qw4mp4fy5t
    @user-qw4mp4fy5t 5 годин тому

    Мен депутат болсам уйде жұмыс жасамайтын бос отырған баласы 4 жастан асқан әйелдерді жұмыска шығуға мамандығы болмаса кайта окытып жұмыс тауып беререм. Ол еще еркектерге катысты дворник болса жұмыс жасасын деп міндеттеп коятын едім. Еркектерде әйелдерде қолдары бос тек телефонда өсек айтып жатып алған.

  • @user-zt5dt7vf7n
    @user-zt5dt7vf7n 6 годин тому

    👍

  • @user-ko3xc5wt4y
    @user-ko3xc5wt4y 6 годин тому

    Не деген мықты сөйлесу болды қозғалмай қарадым

  • @AselMaksatqyzy
    @AselMaksatqyzy 7 годин тому

    Баршаңызға Сәлем! Көзқарас подкастының келесі шығарылымын асыға күткен жандар мен сіздермен біргемін. Алдымен Роза ханым және оның командасына білікті де білімді өз саласының майталман маманы Жұлдыз Сүлейменовамен таныс болуыма себепші болғаны үшін алғысым шексіз. Сонымен қатар Жұлдыз Сүлейменова тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін заң тұрғысынан да , қарапайым көзқарас тұрғысынан да түсінікті тілде айтты. Рахмет. Ал енді менің нақты ойым, пікірім, мына эссе де жалғасын табады.

    • @AselMaksatqyzy
      @AselMaksatqyzy 7 годин тому

      Эссе. "Егер мен саясатқа барғанда, қандай мәселені шешер едім?" "Отан отбасынан басталады" дейді. Егер біз отбасы жайлы ақпарат іздесек, кез келген әлеуметтік желіде, кітапта, неше түрлі білім көздерінде, атап айтқанда газет журналдарда дәл осы бір мақал көзімізге оттай басылады. Мектеп оқитын бала ата анасынан отбасы жайлы мақал сұраса да көпшілік ата-ана осы бір мақалды айтады. Бүгінде фразеологизмге айналған бұл мақалдың яки мәтелдің мәнін, мағынасын жұртшылық білмейді де, түсінбейді де. Бұрын ешкім басын қатырмаған бұл сөздің астарлы ақиқаты жасөспірім менің миыма келгендей. Әрине бұл сөздің мағынасын түсінуге себепкер болған дәл осындай елге пайдасын тигізетін "21 ҒАСЫРДЫҢ КӨШБАСШЫ ӘЙЕЛДЕРІНІҢ" АРҚАСЫ.

    • @AselMaksatqyzy
      @AselMaksatqyzy 7 годин тому

      Менің қозғайтын мәселем, жоғарыда айтып өткен мақал аясында болмақ. Ең алдымен "Отан отбасынан басталады" деген фразаның түпкі мақсатын ашып алайық. Отбасы кішігірім орта, одақ, мемлекет. Отбасы көбейген сайын үлкен Отанымыз құрыла бастайды. Құрылған отбасылардың жағдайы мемлекетке тікелей әсер етеді. Егер отбасының жағдайы жақсы болса, мемлекет соғұрлым дамиды, ал егер отбасы жойылатын болса дәл солай мемлекетте құлдырайды. Отан ешқашан Отбасысыз болмайды, ал Отанның жалғыз тірегі сау қарым қатынастағы бірлігі жарасқан отбасыға байланысты. Дінде де адамдардың тәжірибесінде де, ата бабамыздың айтқан өсиетінде де отбасының құрылу мәселесі, қарастырылған. Бірақ отбасының құрылуы және оның нығаюы үлкен әрі маңызды жауапкершілікті талап ететінін әр адам айта бермейді, әр адам біле бермейді. Осындай салғырттықтың кесірінен біздің Отанымыздың өрге жүзуі екіталай. "Отан отбасынан басталады" деген әр бір ата-ана сол сөзге лайық отбасын құруы керек. Біздің елімізде "Өзгелер отбасын құрып жатыр жасым өтіп бара жатыр, тезірек күйеуге шық, оң жақта отырып қалдың әйел тап отбасын құр" деген пікірмен асығыс шешім қабылдаған жандар көп. Осы тұста мен мына нәрсені айтамын. ~Дина Төлепберген айтпақшы биологиялық жас ешқашан ешнәрсеге кедергі болмауы керек. Жастарды мәжбүрлі түрде "жасың өтіп барады" деп отбасын құруға итермелемеу керек. Мұның соңы суицидке, ажырасуға алып келуі мүмкін. Сондықтан саналы әр бір адам отбасын құруды аса үлкен жауапкершілік деп қарауы керек. Мен мысал келтірейін. Мәселен Қыз бен жігіт жүріп бастады.Көзде розовый очки үнсіз жүрек, Күннен күнге барады махаббат үдеп дегендей бір бірінің кемшілігін көрсе де минус пен плюс болса да Олар белгілі бір уақытта үйленді. Олар да Отбасын құрудағы белгілі бір жоспары болмады, оның жауапкершілікті талап ететінін пысқырмады. Осы тұста қызғаныштық, ашу агрессия пайда болды. Арада балалар туылды. Ұрыс түсініспеушілік. Ер адам ішкілікке я болмаса жаман әдеттерге жолады. Әйел адамда депрессия. Балаларға көңіл бөлінбейді. Оны көрген балаларда стресске бейімділік тез ауырып қалу буллингке ұшырау жаман әдеттер, ашу ыза, кетпеген реніштер пайда бола бастайды. Қоғамдағы болып жатқан мәселелер үшін ата-ана өздері-ақ үлгі көрсетіп отыр. Негізі көп жағдайда қоғамда бұзылған адамдардың басты бірден бір себебі ата-ананың көңіл бөлмеуі, отбасыдағы ұрыс төбелес.

    • @AselMaksatqyzy
      @AselMaksatqyzy 7 годин тому

      ‼️Отбасында жиі кететін қателіктер. Мәселелер. 🛑 Отбасының құрылуын жоспарламау. 🛑 қызғаныш, нарықта жұмыс істей алмау. 🛑 Коммуникацияның жоқтығы 🛑 Әйелдің балалардың ақшаға тәуелділігі 🛑Жоспарсыз бала туу 🛑 Жанжал, әйелге не ер адамға денсаулығы жағынана зақым келу 🛑 Ерекше бала туылса әкенің қабылдай алмауы. 🛑Әйелдегі депрессия 🛑 Әкенің не ананың кетіп қалуы 🛑Ажырасу 🛑 Балаларға көңіл бөле алмау соның кесірінен апатия, стресстік жағдайға зиянды әдеттерге, буллингке, сексуалдық харасментке ұшырауы, қыздардың жылулықты сырттан іздеп, ерте тұрмысқа шығуы, зорлық зомбылық осының кесірі. Мен елімізде 10 отбасының 7-8 осындай мәселелерге ұшырағаны үшін жазып отырмын. Бұл мәселелер соңғы жылдары өзекті болғаны сонша неше түрлі ток шоуларда хит болғандай. Егер бұлай бола беретін болса, экономика құлдырай түседі, ең сорақысы қазір жоспарсыз отбасын құру әлеуметтік тұрмыс тіршіліктің символына айналып бара жатыр. Бұл себептердің салдары өте қорқынышты. Жек көрініш, кек, ашу, ыза, адам өлтіру қылмысы орын алады, немесе суицид көрсеткіші жоғарылай береді, психологиялық, физиологиялық ауру адамдар көбейе береді. Бұл біздің әлемдегі рейтингіміздің түсуіне алып келеді, осының әсерінен экономика, әлеуметтік жағдайдың көз алдымызда тас талқаны шығады.Мұның бәрі ұзақ мерзімді салдар

    • @AselMaksatqyzy
      @AselMaksatqyzy 6 годин тому

      *Егер мен саясаттың адамы болсам* Бұл мәселені шешу үшін мен мынадай неке және отбасы жайлы мынандай келісімшарт жасағым келеді, және сол ұсыныстың заңға енуіне барынша әрекет жасар едім. Сондай-ақ ата аналарға балаларына тәрбие беру мақсатында қаржылық сауаттылық, қарым қатынас, тазалық жайлы кітап нұсқаулар шығаратын едім. Әрине оны Барлық ата-ана оқымайды, мән бермейді. Осы себепті мектеп бағдарламасына ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ , жоғары сынып оқушыларына арнап, САУ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС деген кітап шығарар едім. Бірақ мектепте ұстаз жетіспегендіктен, немесе мектеп бағдарламасына салғырт қарайтын мектеп мамандары болуы мүмкін. Осы себепті болашақ ұрпаққа қаржылық, және қарым қатынас жағынан , тазалық жағынан, дәріс беретін мұғалімдерді лицензиялау, сабағын аптасына кемінде 2 рет, немесе күн сайын болатын пән ретінде енгізу. Бұл сабақтардан беретін ұстазды және оқушыларды тексеретін арнайы комиссия құру. Апта сайын өтілген дәріс бойынша мұғалімнен, оқушыдан тест алу.

    • @AselMaksatqyzy
      @AselMaksatqyzy 6 годин тому

      Ай сайын ата анамен онлайн немесе офлайн байланысу оқушыдан әлдене бір құбылысты байқайтын болса ата анаға хабар беру туралы ұсыныс айтамын. Бұл нәрсе бұрыннан бар. Бірақ соңғы жағдайларға байланысты бұл нәрсені заң аясында қатаң қадағалау керек. Одан кейін бала асырап алатын адамды жан жақты тексеру. Барлық данныйын қарау, дәрігерлік тексеруден өткізу, ақшамен мәселені жаппау, ондай болса барлығын қатаң жазалау. Ол біраз өңірлерде дұрыс тексерілмейді. Ал менің ойыма келген маңызды ұсыныс былай.

  • @shakhjoldasova9491
    @shakhjoldasova9491 7 годин тому

    Немене болып кеттыыыыы?! Жылатып барымызды тегы😢

  • @user-eb1mr9jh1k
    @user-eb1mr9jh1k 7 годин тому

    Раймды сүйреп келе жатқан әскер сияқты деген жерінде:- мен жылағым келіп кетті . Батыр Жұлдыз. Қазіргі заманның нағыз жұлдызы🥲

  • @hanzadakuandykova9811
    @hanzadakuandykova9811 8 годин тому

    Сілекейім ағып тыңдадым ғой😂❤ үлкен рахмет ❤

  • @user-lf2mp1zc6j
    @user-lf2mp1zc6j 8 годин тому

    Жүргізуші қатын, аузыңды салпылдатып көп сөйлей бермеші. Интонацияны, мимиканы дұрыста!

  • @gulziraabdali9730
    @gulziraabdali9730 9 годин тому

    Әнші-сәнші,блогер емес,осындай кісілермен көбірек сұхбат жасаса,әйелдердің де сауаты ашылып,барлық нәрсеге дұрыс көзқарас қалыптасар еді..!

  • @gulziraabdali9730
    @gulziraabdali9730 9 годин тому

    Өте сауатты,білімді,еркін😊👍💥

  • @gulmira_bayeva
    @gulmira_bayeva 9 годин тому

    👍🏻👍🏻👍🏻

  • @user-pp9pf7vf1j
    @user-pp9pf7vf1j 10 годин тому

    Осы дін мәселесін көтеретін едім

  • @user-zy1pr1cl7b
    @user-zy1pr1cl7b 10 годин тому

    Кыз баланын осындай болу керек деп айта берми Еркеек адам кандай болу керектигин неге айтпаска.Кыз баласына кол котеру бул *САНАСЫЗДЫК* Еркектик намыстары жок ЕЗдер.Осы бир санысы ащык замандагы ЖАБАЙЫЛАР) Мулдем тусинбейм каншалыкты томен балуга болды

  • @Ayaulym__
    @Ayaulym__ 11 годин тому

    Мен саясатқа келсем, Қазақстандағы жастардың жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін шешкім келеді.Бұл мәселіне таңдаған себебім, жастардың жұмыссыздығы елдің экономикалық дамуына кері әсер етеді жене әлеуметтік теңсіздікті күшейтеді.Жастардың мүмкіндіктерін дамыту, олардың,кәсіби дағдыларын арттыру және жұмыс орнын құру- қоғамның,ұзақ мерзімді тұрақтылығына ықпал етеді.Жастардың жұмыссыздығының негізгі себептері арасында білім беру жүйесінің,еңбек нарығының қажеттіліктеріне сай келмеуі, тәжірибенің, жетіспеушілігі және жұмыс орындарының жеткіліксіздігі жатады.Жұмыссыздықтың салдары ретінде жастар арасында әлеуметтік бейімделудің төмендеуі, миграциянын өсуі және қылмыстың артуы сияқты проблемалар пайда болады. Бұл экономикалық өсімді баяулатып, коғамдағы әлеуметтік шиеленістерге әкелуі мүмкін.Жұмыссыздық мәселесін шешу үшін мен білім беру жүйесін реформалауды, кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсетуді және жастарға арнап арнайы бағдарламалар жасауды ұсынамын.Білім беру реформасы үшін, жоғары оқу орындарының, оқу бағдарламаларын еңбек нарығының сұранысына сай жаңарту керек. Сонымен қатар,жастарға арналған кәсіби дамыту орталықтарын ашу, тәжірибе жинауға мүмкіндік беру және жұмыс берушілермен тығыз байланыс орнату қажет.Егер осы стратегиялар жүзеге асырылса, жастардың, жұмыспен қамтылуы артып, олардың коғамдағы белсенділігі мен үлесі жоғарылайды. Бұл өз кезегінде,елдің экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығын нығайтады. Телефон нөмір:87765232157

  • @Noor.llqq11
    @Noor.llqq11 11 годин тому

    Роза ханым осындай керемет жандарды қайдан тауып аласыз, тақырыптар өте актуалды 🔥

  • @__ko_ke1
    @__ko_ke1 12 годин тому

    Қандай сауатты жан❤️

  • @arailymimanberdiyeva7784
    @arailymimanberdiyeva7784 12 годин тому

    Рахмет!! Күшті подкаст болды!!

  • @arailymimanberdiyeva7784
    @arailymimanberdiyeva7784 12 годин тому

    😍😍👍🏻👍🏻👍🏻

  • @user-pp9pf7vf1j
    @user-pp9pf7vf1j 12 годин тому

    "Дін мен дәстүр - ұлттық құндылық!" Қазақстан Республикасы Конституциясының 1бабының 1тармағында "Қазақстан Республикасы өзін зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады" - делінген. Дін мемлекеттің саясаттағы және қоғам азаматтарының рухани өмірі мен мәдениеттегі маңызды факторларының бірі. Дін дегеніміз сенім жүйесі ғана емес, ол өмір сүру мәнері, моральдық нормалар, қарым қатынас әдеьі, мәдениет, рухани қағидалар жүйесі. Ислам дініміздің аясында ұлт болып қадыптасқан халқымыздың салт дәстүрлері ғасырдар бойы ислам қағидаларымен біте қайнасып кетті. Еліміздің даму шағында қосақтасып, өкінішке орай радикалды ағымдардың жетегіне ерген кейбір қандастарымыз өз дініне қарсы шығуда. Қазақ мұсылмандық мәдениетін жоққа шығаруға бағытталған әрекеттердің құралы ретінде ретінде олар ұлттың әдет ғұрып, салт дәстүрлерін ешбір щариғи негізсіз исламға қарсы қойып, күпірлік пен надандықтың, Аллаға серік қосудың көрінісі ретінде айыптауда. Осындай азғындатушылардың айласына еріп, ел асып шетелге кетіп жатқан бауырларымыз қаншама. Әлеуметтік желілердің жетегіне кетіп, біреуі байқаусызда, біреуі білімсіздіктен радикалды діни топтардың жылы, жұмсақ айтқан уағыздарына тіркеліп, лайк басып, түбі түрмемен аяқталатыны өкінішті жайт. Ондай топтармен арпалысып келе жатқан дін басқармалары мен дін мәселелерін зерттеу орталықтары да бар екенін және олардың еңбектерін де жоққа шығара алмаймыз. Отқа оранған елдерді өз елінен асқан жұмақ көретін қандастарымыздың барғанда бекіре бастары тасқа соғылып, бармақтарын тістеп, етегі жасқа толып, егіліп қайта безгендергеде мемлекетіміз қайтарып алу жолын қарастырып, қацтқандардың басынан сипап келеді. Оны түсінгендер болса. 2024жылы діннен ешхабары жоқ теріс ағымның уағызына лайк басқаны үшін 16жасар баланың өмірі түрмеге апарды. Осыған орай айтпағым, осындай жағдайда теолог дінтанушы мамандардың азаматтын немесе азаматшаның накты теріс жолда не дурыс жолда екенін анықтау жұмыстарын жасаса, сот үкімінің жеңілдетілуіне немесе түрмеге түсудің алдын алар еді. Себебі қазіргі таңда біз әр баламыздың абайсызда жасаған қателігі үшін, түрмеге тоғытып, өмірге деген үмітін өшіре берсек, онда келер ұрпағымызды ашындырып, аларымыз хақ. Себебі, абайсыздағы, білімсіздігі үшін жаза басқан жас өркен ол бірімізге бауыр, бірімізге бала екенін ұмытпаған дұрыс. Жұлдыз. zhuldyzabaika

  • @user-nq3cb9wv8j
    @user-nq3cb9wv8j 14 годин тому

    Мен саясатқа баратын болсам, ең бірінші шешетін мәселем мемлекеттік мекемелерде, квазимемлекеттік секторларда жұмыс жасайтын кіші қызметкерлердің яғни техперсоналдың айлық-жалақысының өсуі, оларға еңбек демалысы кезінде сауықтыру жәрдемақысының төленуі. Себебі өзім ауылдық жердегі шағын мемлекеттік білім беру мекемесінің басшысымын. Көзім көріп отыр, ай сайын қолдарына алатын жалақысы 78 мың теңге ғана. Балалары бар, жолдасы да дәл сондай тағы бір мекемеде кіші қызметкер. Алатын айлықтары шайлығына жетпей отыр. Осындай отбасылар өте көп. Қазіргі қымбатшылық заманында ең төменгі айлықпен өмір сүру ешқалай да мүмкін емес!!! @dana_amanjolqyzy

  • @user-pp9pf7vf1j
    @user-pp9pf7vf1j 14 годин тому

    Сайлау әділ өтеді деп ойлайсыздарма

  • @user-pp9pf7vf1j
    @user-pp9pf7vf1j 14 годин тому

    Комментариге кайда жібереміз почтама или кацда

  • @user-pp9pf7vf1j
    @user-pp9pf7vf1j 14 годин тому

    Эссені осы жерге жазуымыз керек па Роза ханым

  • @user-hc8up8rx2u
    @user-hc8up8rx2u 14 годин тому

    Роза 1-2 сертификат алып алып коучпын деп оңды-солды “ақылын” сататын псевдопсихолог, псевдокоучтардан білімі мен ізденісімен млрд есе артық. Бостан бос ештеме айтпайды, заң, статистика бәрін оқиды, білімді. Айтары нақты нақты.

  • @gulzat_demesbayeva
    @gulzat_demesbayeva 15 годин тому

    Қызықты, танымдық шығарылым болды. Жұлдыз ханым арқылы заманауи қазақ әйелінің рөлін түсінгендеймін. Көп рақмеет!

  • @mira_sh
    @mira_sh 21 годину тому

    “Мен саясатқа барғанда, қандай мәселелерді шешетін едім ?” Саясат тек мемлекетті басқару ғана емес, бұл айналамыздағы әлемді, ортаны өзгерту деп ойлаймын. Қазақстанда назар аударуды және шешуді талап ететін көптеген мәселелер бар, бірақ егер мен саясатқа кірсем, менің басты мақсатым үш негізгі мәселені шешуге бағытталатын еді: сыбайлас жемқорлық, әлеуметтік теңсіздік және білім беру жүйесі . Бұл мәселелер, менің ойымша, өзекті болып табылады және оларды шешу біздің еліміздің өркендеуі мен тұрақты болашағы үшін негіз бола алады. Сыбайлас жемқорлық-бұл экономиканың дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, елдегі азаматтардың мемлекетке деген сенімін бұзатын мәселе. Қазақстанда сыбайлас жемқорлық күнделікті өмірдегі ұсақ паралардан бастап, жоғары деңгейдегі билікті теріс пайдалануға дейінгі көптеген салаларда көрінеді. Бұл әділетті қоғамның негіздерін бұзады, мұнда әр адам тең мүмкіндіктер мен қорғауға ие болуы керек. Егер мен саясатқа кірсем, менің басты міндеттерімнің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту болар еді. Мен сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар адамдар үшін жазаларды қатаңдатуды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жұмысында ашық рәсімдерді енгізуді ұсынар едім. Билік тарапынан араласусыз , жемқорлық істерін зерттей алатын жемқорлыққа қарсы агенттіктерді /топтарды/ ұйымдарды қолдау да маңызды қадам деп ойлаймын . Сыбайлас жемқорлықты жою арқылы ғана біз заң мен әділеттілік бірінші орында тұрған ел құра аламыз! Мен шешкім келетін екінші мәселе-әлеуметтік теңсіздік. Қазақстанда қалалар мен ауылдық аудандардағы өмір сүру деңгейі арасында, сондай-ақ әртүрлі статустар арасында алшақтық байқалады. Бұл теңсіздік әлеуметтік тұрақтылықты бұзады және азаматтар арасында наразылық тудырады. Сапалы денсаулық сақтау, қолжетімді білім, лайықты еңбек және тұрғын үй жағдайлары тұрғылықты жеріне немесе әлеуметтік статусына қарамастан барлығына қолжетімді болуы керек. Мен ең бастысы ресурстарды әділ бөлуге және олардың дұрыс жеткізілуіне , барлық азаматтар үшін мүмкіндіктер жасауға бағытталған реформаларды жүзеге асырар едім . Бұл халықтың аз қамтылған топтарын қолдауға, ең төменгі жалақыны арттыруға және әлеуметтік бағдарламаларды дамытуға бағытталған реформаларды қамтуы мүмкін. Барлығына бірдей мүмкіндік беру арқылы ғана біз күшті және әділ қоғам құра аламыз. Мен назар аударатын үшінші мәселе - білім беру жүйесінің жағдайы. Қазақстанның болашағы - біздің елімізде білім берудің қаншалықты сапалы және заманауи болатынына тікелей байланысты. Менің ойымша өкінішке орай, білім беру жүйесі күрделі реформаларды қажет етеді. Оқу бағдарламаларын жаңғырту, оқытушылардың біліктілігін арттыру және тұрып жатқан жеріне қарамастан , ауыл және қала деп бөлмей, барлығына сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету қажет. Менің мақсатым мектептердің инфрақұрылымын дамытуға, әсіресе ауылдық жерлерде, дарынды студенттер мен ғалымдарды оқытуға және қолдауға заманауи технологияларды енгізуге бағытталған болар еді. Бұл білім берудің жалпы деңгейін көтеріп ғана қоймай, күрделі жұмыстарды оңай шешуге және елімізді халықаралық аренада дамытуға , жаңа буынды дайындауға мүмкіндік береді. Осы үш проблеманы - сыбайлас жемқорлықты, әлеуметтік теңсіздікті және білім беру жүйесін шешу-Қазақстанның болашақта дамуының кілті болып табылады. Әділдік үшін күрес, тең мүмкіндіктер жасау және білім беруді дамыту арқылы біз мықты және дамыған қоғам құра аламыз деп сенемін. Мен үшін саясат-бұл тек басқару мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар айналамыздағы әлемді жақсарту мүмкіндігі. Жарқын болашақты құра алатынымызға сенімдімін! 📌elm1ra_sh 87756490779

  • @user-hu2gt7bz5b
    @user-hu2gt7bz5b 21 годину тому

    Саламатсыздарма. Подкаст өте керемет болды. Өзімде Ақтөбе қаласының тумасымын. Сізді көріп отырғаныма қуаныштымын. Берілген тапсырма бойынша меннен кішігім шығарма болсын. Ең бірінші жақсы мамандық тандап, халыққа көмек беріп, көптеген істерді атқару үшін ең алдымен деңсаулық жағын қолға алу керек. Өкінішке орай қазіргі таңда құрамдары таза емес, тіпті жарамдылық мерзімі өткен тауарларды көріп жатырмыз. Тауарларға мұқият тексерістің болуын қадағалау керек. Мен қазір тамақтандыру өндірісінде жұмыс жасаймын. Өнімдердің қандай күйде келіп жатырғанын көріпте, естіпте жатырмыз. СЭС жұмысы туралы айтпасақ болмай жатыр. Кейде бәрі дұрыс дегенді 1 немесе 2 торт немесе әртүрлі тәттілер орнын басып жатыр. Ең бастысы өсіп келе жатқан балалардың дұрыс тамақтанса деймін. Дүкен сөрелерінен құрамы тексерілген тауарды ғана қоюларын сұраймын. ҚМДБ белгісі қазіргі таңда өте сирек беріліп жатыр. Олда қуантарлық жағдай деп есептеймін. Тексеріс жұмыстарында қатаң жүргізуін сұраймын. Инст:_zhanovna_

  • @user-ne1zk4gg6g
    @user-ne1zk4gg6g 22 години тому

    Мен саясаткер болсам, жеңіл өнеркәсіпті дамытуга ат салысып, жұмыс істемеген туниядецтерді жазалайтын статьяны іске костырушы едим.

  • @derendirench
    @derendirench 22 години тому

    Мен саясатқа барғанла білім саласы бойынша құжатқа өте мән берер едім. Басқа облыстарда айтпағанда, бір оьлыстың өзінде жоспар әртүрлі және соның кесірінен комиссия тарапынан штраф көп салынады. Қарапайым номенклатураның өзі жүйеге сәйкес келми жатады. Және мен Саясатқа келер болсам, арнайы архив кабинетімен, архивариус маманын штатқа енгізуді қамтамасыз етер едім

  • @derendirench
    @derendirench 22 години тому

    Мен саясатқа келсем, мектеп пен балабақшаның біркелкі болуын қамтамасыз етер едім. Себебі білім саласында құжат бойынша жүйе жоқ және комиссия тарапынан штрафтардың болуы басшылықтың жауапсыздығы емес жүйенің жоқтығы дер едім. Нақты айтатын болсақ номенклатура бірдей болуы керек, арнайы архив кабинеті және архивариус маманы болуы керек. Жоспар бірдей болуы қажет, облыс емес Республика бойынша

  • @derendirench
    @derendirench 23 години тому

    Харасмантты қолдаймын, бірақ өзім әйел бола тұра, әйелдерден көп зардап шектім😅. Себебі олар жұмысына жауапкершілік алмайды, балалары жасқа толмай жұмысқа шығады және баламды қарайтын адам жоқ деумен жұмыстан өте көп қалады. Бала-бала, бірақ жұмысыңды жауапкершілік алу керек деп ойлаймын. Білім саласының қызметкері ретінде Министрлікке дейін көтерілу жоспарым болған. Тәрбиешіден, балабақша директорына дейін көтерілдім. Бірақ өзім әйел бола тұра, әйел адамдармен жұмыс жасаудан бас тартып, бұл саладан мүлдем кетемін деген шешімге келдім😢

  • @user-gn6vf5zq8f
    @user-gn6vf5zq8f 23 години тому

    Кіші жүздің қыздары керемет білімді, өткір қылыш сияқты, қайтпайтын қайсар мінез, өжет ❤❤❤ ештеңеден қайтпайтын, қорықпайтын қыздар 🔥🔥🔥

  • @user-gn6vf5zq8f
    @user-gn6vf5zq8f 23 години тому

    От нее прямь прет мощью🔥🔥🔥

  • @nurabin9143
    @nurabin9143 День тому

    Егер мен саясатқа келсем, ең алдымен әйелдердің құқықтарын қорғау және олардың қоғамдағы рөлін нығайту мәселелеріне баса назар аударып, осы бағытта бірқатар идеяларды жүзеге асырар едім. Қазақстанның дамыған, өркениетті елдер қатарына қосылуы үшін гендерлік теңдік пен әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету маңызды қадамдардың бірі болуы тиіс. Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету Менің басты идеяларымның бірі - гендерлік теңдікті қамтамасыз ету мақсатында арнайы заңнамалық бастамаларды жүзеге асыру болар еді. Қазіргі таңда Қазақстанда гендерлік теңдікке қатысты белгілі бір жетістіктерге қол жеткізілгенімен, бұл мәселе әлі де толық шешімін тапқан жоқ. Мен саяси аренада әйелдер мен ерлердің тең құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған нақты шаралар қабылдау арқылы бұл мәселені шешуге ықпал етер едім. Бұл шараларға әйелдерді басқарушы лауазымдарға тағайындау квоталарын енгізу, жұмыс орнындағы дискриминацияны жою, және әйелдердің кәсіпкерлік қызметін қолдау бағдарламаларын әзірлеу кіреді. Отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы күрес Екінші маңызды мәселе - отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы күрес. Қазақстанда отбасындағы зорлық-зомбылық оқиғалары жиі кездеседі, және көбінесе әйелдер мен балалар оның құрбанына айналады. Мен осы мәселені шешу үшін заңнаманы күшейту, құрбандарға көмек көрсету жүйесін дамыту, және қоғамда зорлық-зомбылыққа деген нөлдік төзімділік қалыптастыру бағытында жұмыс істер едім. Бұл бағытта жедел әрекет ету орталықтарын құру, зорлық-зомбылық құрбандарына психологиялық және заңдық көмек көрсету, және құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру қажет. Білім беру және әйелдердің кәсіби өсу Менің саясаттағы мақсатым - әйелдер мен қыз балаларға білім алуға тең мүмкіндік беру. Әсіресе ауылдық жерлердегі қыз балалардың білім алуына ерекше назар аудару керек. Мен білім беру бағдарламаларын жетілдіріп, әйелдердің жоғары білім алуына және кәсіптік даярлықтан өтуіне жағдай жасау арқылы олардың қоғамдағы орнын нығайтуға ықпал еткім келеді. Сонымен қатар, әйелдердің STEM (ғылым, технология, инженерия және математика) салаларына қатысуын арттыру маңызды. Бұл бағытта арнайы гранттар, шәкіртақылар және кәсіби бағдарлау бағдарламаларын енгізуді көздейтін едім. Әйелдер денсаулығын қорғау Әйелдердің денсаулығын қорғау - қоғамның жалпы денсаулығының кепілі. Менің саясатымда әйелдердің репродуктивті құқықтарын қорғау, ана мен бала денсаулығына ерекше көңіл бөлу және әйелдерге сапалы медициналық қызметтерді қолжетімді ету мәселелері басты орында болар еді. Әсіресе ауылдық жерлерде медициналық қызметке қолжетімділікті қамтамасыз ету маңызды. Бұл мақсатта мобильді клиникалар, телемедицина, және арнайы әлеуметтік бағдарламаларды іске қосу қажет. Мен саясатқа келгенде, әйелдердің құқықтарын қорғау, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және олардың қоғамдағы рөлін арттыру бағытында нақты идеяларды жүзеге асыруға бар күш-жігерімді салатын едім. Әйелдердің қоғамдағы рөлін нығайту арқылы біз Қазақстанның болашағын айқындап, дамыған және тең құқықты қоғам құруға ықпал етеміз. Бұл менің саясаттағы негізгі мақсатыма айналар еді.

  • @karlygash024
    @karlygash024 День тому

    Подкасты тыңдап отырсақ, көп мәселелер білім саласының өзгерісінен басталатынын түсінесің. Елімізде әлі білім саласының ақсап тұрғаны рас. Мен саясатқа барсам келесідей мәселелердің шешілуіне қызмет еткім келеді: 1. Мәселе: Мектеп және ЖОО-дағы бюрократия, әкімшілік жүктеме мен жауапкершілікті бір-бірлеріне итеру сәйкесінше оның білім беруге кері әсері. Әкімшілік жүктемелерден ұстаздарды босату, ұстаздың басты міндеті білім беру, отчет тапсыру емес. Құжат, есеп беру жұмысын мұғалімге емес арнайы құжатпен айналысатын адамдарға, әкімшілік қызметкерлер айналасытын ету. 2. Мәселе: Мектеп бағдарламасындағы баларға орыс тілін ерте оқытудың кері салдары, қазақ тілінің төмендеуі мен қазақ тіліндегі жазу сауатсыздығы ҰБТ дан бөлек 9-10 сыныптарда қазақ тілінен диктант тапсыруды қосу керек шығар) Білім саласының қайнар көзі оқушы мен ұстаз. Ал директор, декан, завуч тб міндеті ұстаздың жұмысын жеңілдетіп, оқушының білім алуына жағдай жасау екендігін түсінсе екен. Керісінше емес.

  • @СамалКуанышова

    Мен саясатта болсам болсам шешетін мәселелер: 1)медициналық және білім орталықтарын тек сай білімі мен min 5 жыл тәжірибесі бар адам ғана аша алатын және заведующий де мамандыққа сай болатын етемін, себебі басшы да сай білім мен тәжінибе болмаған соң, онда миссия болмайды, тек ақша табу мақсаты болады>>сапа болмайды>>мамандар жиі ауысады>>айлықта критерий болмайды, мысалы, ұнаған немесе ұзақ жасайтын адам көп ақша табады. 2) Мектепте де, дәл балабақшадағылай 90% екпе алу керек, себебі үйде ол балалардың нәресте-бауырлары болуы мүмкін, әлі вакцина алып үлгермеген, яғни инфекция ол нәрестелерде ауыр түрде өтуі мүмкін. 3) аяғы ауыр адамдар тегін коклюштан вакцина (шет елдерде практикада бар) алу керек, себебі Қазақстан алдыңғы жылы вспышка болды және нәресте кезінде коклюшпен ауырса, асқынуы мүмкін. 4) Резидентура үкіметте 3 жыл дәрігер болып жұмыс жасаған адамдарға тегін оқып және стипендия берілу керек, сонда емханада дефицит кадров болмайды. 5) Баласын реабилитацияға эрсб салған адам, бірден 3-5 жерге кезекке тұру керек, тек барар алдында анализ тапсырып, уч.врач қарау керек, себебі реабилитация үздіксіз болу керек>>сонда біз нәтижеге қол жеткіземіз>>мүмкіндігі шектеулі адамдар саны азаяды>>соңында қаржылай үкіметке тиімді. 6)Астана және Алматыдан ипотека алатындардан 3 жылдық прописка сұрамау керек, егер официально жұмыс жасаса>>көп адам үймен қамтамасыз етіледі(үйі жоқ адамда прописка қайдан болсын?). 7) Егерде ипотека үй алуға адам барғанда налог дұрыс төленбесе, жұмысберуші сол адамға 3млн ақша төлеу керек және ипотека алуға құқығы/мүмкіндігі болу керек. 8)Алименты төлеуден қашатын және некесіз баласы бар адамдарды үкіметке жұмысқа алынбау керек, себебі “Отан отбасыдан басталады”, баласын асырай алмай, баласының қамын ойламайтын еркек, елдің қамын ойламайды>>ер адамдар артын ойлап бастайды(не головкой, а головой будут думать). 9) Алименты төлерде бухгалтериядан емес, пенсионныйдан қарап алименты төлену керек(баланың анасы да ай сайын көріп отыру керек), егерде Самрұқ-Қазынада жұмыс жасап отқан жерде бухгалтер жұмысын дұрыс білмесе, басқа жерден не сұрайсың?>>кредитте автоматты түрде өзі алатын бар ғой, дәл сондай автоматты түрде налогпен өзі есептеліп, сразу баланың счетына түсу керек>>әкелік міндетін атқару керек 10) Егерде әйел ер адамның отбасылы екенін білмей, бала дүниеге әкелсе, ДНК-мен дәлелденсе, смс-пен болсын алдағанын дәлелдесе, то қылмыс болып есептеліп, бостандығынан айырылу керек немесе баласына 1 комн үймен қамтамасыз ету керек + алименты>> сонда жігітісымақтар алдауды қойып, жауапкершілікке таяқпен үйренеді. 11)Егерде әкесі 3 ай ішінде баланы көруге келмесе+алименты 3ай төлемесе, то ата-аналық құқығынан және 2жылға бас бостандығынан айырылу керек, ал егер алименты төлеп, бірақ 3 ай баланы көруге келмесе, то ата-аналық құқығынан айырып, бірақ алименты бұрынғыша төлей береді. 12)Барлық мед және пед колледждерде қазақ группалары тегін оқытылу керек>>сонда ғылым қазақша сөйлейді, яғни тіл мәселесі шешіледі>>дефицит кадров болмайды. 13) Медресеге түсер талапкерге жас шектеу болмау керек және отбасылық жағдайға қарамау керек>> шетелге барып тиым салынған білім алушылар саны азаяды>>теріс ағым азаяды. 14) Имамдар медицинаға араласпау керек, егер маман болмаса, яғни мед университет бітірмесе>> сонда теріс мәлімет тарамайды халық арасында (мысалы, Мұхамеджан Тазабек рак простаты из-за женщин, они нас возбуждают одеваясь очень открыто, вульгарно деген). Данные:87082224712, Samalsk1997

  • @user-xf5xn5ee2v
    @user-xf5xn5ee2v День тому

    @abdrakhmanova4072 Көтеретін мәселе өте көп. Соның ішінде ең алғаш көзге түсіп, көңілге ұялаған, жаныма батып, күйік болып жүрген ең, ең басты деген бес мәселені атап айтып алайын. Сосын әрісін жіліктей жатармыз. Біріншіден, Қазақ тілінің мәртебесін бірінші орынға шығару. Болмаса, енді 30 жылда тілі өлген ұлт тірі өлген ұлтқа айналамыз. Екіншіден, ұлт саулығы экологиялық мәселе, соның ішінде Қызылорда облысындағы Байқоңыр ғарыш айлағының халық денсаулығына зияны. Халқы онкологиялық, қан қысымы ауруынан ерте өлуде. Үшіншіден, сыбайлас жемқорлықпен күресте әділ шешім шығаруға арнайы жүйелер ұйымдастыру. Тәртіп пен адалдыққа күшпен болса да көндіру. Үлгі болар мемлекеттердің ізімен жүру. Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ деген қағидаға ел болашағы үшін көшуге елді тәрбиелеу.Төртіншіден, тәрбие мен білім саласында нақты жоспарлар құрып жүзеге асыру. Ең алдымен тәрбие саласына басымдық беру. Сынып жетекшісі сияқты арнайы мамандарды курстан өткізіп, тұтас жоспар негізінде ұлтжанды ұрпақты бір жүйеге негіздеп оқыту. Бесіншіден, жергілікті жерлерде жеңіл өндірісті дамытуға дайындалған мамандарды сөз, қағаз жүзінде емес, іс жүзінде тәжірибелерден өткізіп дайындау. Гүлжауһар Жалғасбайқызы 87024061225

  • @aibalaasarbaeva5124
    @aibalaasarbaeva5124 День тому

    Өте пайдалы, өте зілі бар, түіп алар ойлары бар подкаст болды! Көп рахмет!❤️ Осындай ірі тұлғалар Қазақстанда болашақта көп болсын! 👏🏻👏🏻👏🏻

  • @user-jg8pb7xb7d
    @user-jg8pb7xb7d День тому

    1)Мүгедектермен жеке көмекшілерге қатысты заңның солқылдақтығы. Халықтың денсаулық жағдайына байланысты мүгедектік жәрдемақымен қосымша көмектерді алу үшін құжат дайындау жолдарын білмеуі немесе ұзақ уақытқа созылуы. Мүгедектік тағайындалған жағдайда да қосымша көмектерді ала алмауы. 2) Заңдағы,ережелердегі қарама қайшылықтар,түсініксіз,кереғар тұстар. Мемлекеттік мекемедегі мамандардың сол саладағы өзгерістерді,толықтыруларды толық білмеуі нәтижесінде халыққа ақпаратты толық емес түрде немесе дұрыс жеткізбеуі. Нәтижесінде қағазбастылыққа тап болып есіктен есікке жүгірген халық мемлекеттен берілетін көмекті, жәрдемақымен жеңілдіктерді уақытылы пайдалана алмайды. Мәселені шешу үшін заңдағы қарама қайшылықтарды жойып, еңбек нарығында өтілі бар қоғамдық қорлармен,мүгедектер бірлестіктерімен, әлеуметтік сала мамандарымен , мүгедектермен және күтушілерімен кездесулер өткізіп, талап тілектермен ұсыныстар негізінде заңға өзгерістермен толықтырулар енгізу. Кез келген өзгерістерді халыққа қарапайым тілде жеткізетіндей деңгейде мамандардың сауаттылығын арттыру. ( Бірін айтып біріне кетеміз. Тереңдей берсек жалақының аздығы, еңбек ақының дұрыс төленбеуі нәтижесінде мамандардың жұмысқа салғырттығы, мәселелер шыға береді.) @koshekova_

    • @user-jg8pb7xb7d
      @user-jg8pb7xb7d День тому

      Нәтижесінде қағазбастылыққа тап болып есіктен есікке сенделген халықтың мемлекеттен берілетін жәрдемақы, жеңілдік, көмектерді уақытылы пайдалана алмайды. 3) Заңдағы қарама- қайшылықтарды жою, еңбек нарығында өтілі бар қоғамдық қорлармен, мүгедектер ұйымдарымен, сала мамандарымен, мүгедектерді күтіп бағушы азаматтармен кездесулер өткізіп қажеттіліктеріне,талаптарына, ұсыныстарына сүйене отырып жұмыс жасау. Кез келген өзгерістерді,толықтыруларды қарапайым тілде жеткізе алатындай мамандарды даярлау

  • @GulnazSardarova
    @GulnazSardarova День тому

    Керемет подкаст😍👍🏻👍🏻 бір деммен ұйып отырып тыңдап шықтым🥹👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻 жарайсыңдар қыздар🫰🏻

  • @user-ii2pb1cv5h
    @user-ii2pb1cv5h День тому

    Эссе ." Мен саясатқа барғанда ,қандай мәселені шешетін едім ?" Егер мен саясатқа барсам , 1) " Отбасы , отбасындағы ер мен әйелдің қарым - қатынасы , бала тәрбиесі " туралы мәселені көтерер едім.Ол үшін, " Отбасылық келісімшартты " енгізер едім .Жаңадан отау құрғысы келген жастарға немесе отбасылы , бірақ бір - бірімен бір келісімге келе алмай , ренжісе беретін отбасыларға да заңды түрде нотариуспен қол қойып, келісімге келуді ұсынар едім.Сонымен қатар , жаңадан отбасын құрғысы келген қыздарға Р.Әшірбаеваның "ТШБ" сияқты курсын оқып, өзін бағалай білуге, жігіттерге де психологқа барып, отбасылы өмірге саналы түрде дайындалуын басты назарға алар едім. 2) Балабақша мен мектептерден бастап , отбасылық өмір туралы ашық айтылуын, балалардың ( ұл болсын, қыз болсын) өзін - өзі жеке тұлға ретінде бағалауын , алдағы өміріне нақты мақсат қойып, өз өміріне жауапкершілікті алуы үшін көптеген жұмыстар атқарар едім. 3)Егер отбасында ерекше бала болса , жауапкершілікті тек әйел адамға байлап қоймай, ер адамның да мойнына оз жауапкершігін алуын басты назарға алар едім.

  • @MikaaBai
    @MikaaBai День тому

    Мощная сильная женщина. Я хочу быть как она! Но, мен жылап қалам😂😅