31 мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 28 сер 2024
  • Жезді марганец кеніші 1942 жылы, соғыс жағдайында өте қысқа мерзімде іске қосылған өндіріс ретінде тарихта мәңгілік қалды. Мыңдаған адамның тынымсыз еңбегімен 38 күн мен түнде майданға керек техниканың құрыш сауытын құятын марганецті берген Жезді кенішінің тарихында КСРО-ның саясатында саяси қуғын-сүргін аталған кезеңнің іздері бар. КарЛагтың бір нысаны "Степлаг" тұтқындары марганец руднигін, бүгінгі Жезді кентінің көптеген ғимараттарын салуға үлес қосты. Зерттеушілер деректері 2300-ден астам тұтқындар Жезді кенішінде еңбек еткен дейді. Бүгін де ауылымыздың солтүстік батысында сақталған тұтқындар лагерінің қирандылары сол зұлматты жылдардың белгісі. Жезді музейі мамандары аудан әкімі орынбасары, кент әкімінің және сол тарихи оқиғалар куәсі болған ауыл ақсақалы Тағамбай Шамбұловтың қатысуымен тұтқындар лагері орнында болып, өткен күннің белгісін сақтап, ұрпаққа жеткізу жайлы пікір алмасты.

КОМЕНТАРІ • 5

  • @user-ps3gh5dv6h
    @user-ps3gh5dv6h 3 роки тому +5

    Алла разы болсын Ата сизге урпакка тарих жеткзгенинизге

  • @user-xz1qj6jq5c
    @user-xz1qj6jq5c Рік тому

    😢😢😢😢

  • @viktorangersbach9095
    @viktorangersbach9095 Рік тому +2

    экскурсияға қалай тапсырыс беруге болады?

    • @user-es3yp4cz4r
      @user-es3yp4cz4r  Рік тому +1

      Сіз қай жақтан боласыз? Жезді музейіне хабарласыңыз.

    • @viktorangersbach9095
      @viktorangersbach9095 Рік тому +1

      Мен Германиядан келдім. Балаларыма осыдан 80 жыл бұрын ата-әжемнің нан, шаңырақ көтерген халқын, елін көрсеткім келеді. Осы кісілердің арқасында менің тайпам әлі күнге дейін бар