НИШ есептері. Қозғалыс. Жылдамдық.

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 24 гру 2023
  • 1 - сабақ. Қозғалысқа байланысты есептер
    • НИШ есептері. Қозғалыс...
    2 - сабақ.Өзен ағысына байланысты есептер
    • НИШ есептері. Өзен ағы...
    3 - сабақ. Концентрацияға байланысты есептер
    • НИШ есептері. Концентр...
    4 - сабақ. Қатынасқа байланысты есептер
    • НИШ есептері. Қатынасқ...
    1. Екі пойыз бір уақытта бір станциядан қарама- қарсы бағытта жолға шықты. Бірінші пойыздың жылдамдығы 60 км/сағ, ал екіншісінікі 70 км/сағ. Неше сағаттан кейін екеуінің ара қашықтығы 260 км болады?
    2. А және В қалаларының ара қашықтығы 720 км. А қаласынан В қаласына қарай жылдамдығы 80 км/сағ болатын жүрдек пойыз жолға шықты. Екі сағаттан кейін оған қарама-қарсы бағытта В қаласынан А қаласына қарай жылдамдығы 60 км/сағ болатын жолаушылар пойызы жолға шықты. Жолаушылар пойызы жолға шыққан уақыттан бастап, екі пойыздың кездесу уақытын табыңыз.
    3. Жылдамдықтары 60 км/ сағ және 100 км/сағ болатын екі автокөлік бір уақытта бір қаладан бір бағытта жолға шықты. Қозғалыс басталғаннан соң, 3 сағаттан кейін екі автокөліктің бір-бірінен арақашықтығын табыңыз.
    4. Екі велосипедші тұрақты жылдамдықпен бір нүктеден бір бағытта жолға шықты. Бірінші велосипедшінің жылдамдығы 30 км/сағ, ал екіншісінікі одан 1,2 есе артық. 3 сағаттан кейін екеуінің арасы неше километр болады?
    5. Екі шағын қаладан бір-біріне қарама- қарсы бағытта сағат 12:30-да екі дос велосипедтерімен жолға шықты. Олардың жылдамдықтары 15 км/сағ және 24 км/сағ. Егер 20 минут бойы олар екеуі де жолда демалса және кейін 15:00-де кездессе, осы екі шағын қаланың арасын табыңыз.
    6. Автобус қаладан көлге дейінгі қашықтықты 3 сағатта жүріп өтеді. Автомобиль жылдамдығы автобустың жылдамдығынан 12 км/сағ артық. Автомобиль осы қашықтықты 30 минутқа тезірек жүріп өтеді. Қаладан көлге дейінгі қашықтықты табыңыз.
    7. Қоңыз ағашта жоғары қарай 6 см/сек жылдамдықпен өрмелеп барады. Қоңыздан 60 см төменде төмен қарай жүріп бара жатқан құрт бар. 5 секундтан соң аралары 100 см болады. Құрт қандай жылдамдықпен жылжып бара жатыр?
    8. Белгілі бір қашықтықты автокөлік 120 км/сағ жылдамдықпен 4 сағатта жүріп өтеді. Автобус осы жолды 6 сағатта жүру үшін жылдамдығы қанша км/сағ болуы керек?
    9. Қасқыр өзінен 84 м қашықтықтағы түлкіні 16 м/с жылдамдықпен қуды. Түлкі қасқырдан 10 м/с жылдамдықпен қашты. Қасқыр түлкіні неше секундтан соң қуып жетеді?
    10. Автокөлік 4 сағатта 312 км жүріп өтті. Егер ол жылдамдығын 5 км/сағатқа азайтса, автокөлік 5 сағатта қандай қашықтықты жүріп өтеді?

КОМЕНТАРІ • 10