"ТОБАНИЯЗ ХАН ТҮРМЕГЕ ТҮСКЕНДЕ"/Ізмұрат Молбаев/Жыр терме/Сәттіғұл Жанғабылұлы

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 18 вер 2024
  • Тобанияз хан Әлниязұлын xалық ақыны Жырау Сәттіғұл Жанғабылұлы жырлағаны!
    Орыс озбырлығын білумен қатар, бәлшебектік зобалаңның болатынын болжап, қиын-қыстау кезеңнен азғантай ғана Адай елін аман-есен алып шығуға бел буып, Әліби Жангелдин-Николай Степновтың айтқанына сеніп, Ревком болуға келісімін берген Тобанияз халқы үшін өз басының құрбандық екенін алдын ала білген адам.
    Маңғыстауда Жары Мәтжан, Ескелді Қаражан, Жеменей Тобанияз - Адай Ревкомын құрып, Кеңес үкіметін жариялағанымен, негізгі мақсаттары Батыстан келе жатқан кезекті Тажал - социализм деген зұлматқа халықты мейлінше аз шығынмен алып бару еді. Қараңғы Қазақты, еселеп қырғынға ұшыраған Қазақты жаңа апаттан аман алып қалу еді. Бірақ, тілекті Тәңір бермеді. Олардың барлығын тажал тапап өтті. Тобанияздың сол жолда басы кетті.
    Қаражан - «кезінде мен жаңылған екенмін, ұрпақ амандығы үшін бұл жерден көшіңдер!» деумен кетті. Ал, Мәтжан би, азуы алты қарыс Мәтжан, туған жер, атамекенінде ақыл-естен айырылған, яғни, тарихи жадты мәжбүрлі түрде өшірген кейпінде, алжыған адам болып аман қалды. Ал, қара халық, қалың бұқара солардың тағдырын топ-тобынан қайталап, өлгені өлді, көшкені көшті, аман қалғаны амалсыз есінен, рухынан айрылған күн кешті..
    Ендігі жерде Біздерді, біздерден кейінгі ұрпақты, Жаратқан Ием, өз тарихына өзі Ие халық ретінде сақтай гөр! Оның үшін тарихи жадымыздың тірілуіне көмектес, есімізді жиғыз!
    Асылдың сынығы, көне Рухты сақтаушы, Сыпыра жырау мен Абылдардан қалған ескі мұраны бізге жеткізуші Сәттіғұл Жанғабылұлы атамыз, төбеден қызыл қылыштың төніп тұрғанына қарамай, сол үштіктің бірі және бірегейі Тобаниязға жыр-дастан арнаған. Жүрегін нарық заманының қара көбігі басып кетпеген адамды бей-жай қалдырмайтын жыр. Тыңдап көрелік!
    Сұлтан Жұмабекұлы Қадір. Бейнеу кенті.
    #ІзмұратМолбаев #Жыртерме #Тобаниязхан

КОМЕНТАРІ • 30

  • @zhyr_zhynak
    @zhyr_zhynak  3 роки тому +17

    Құрметті Ағайын!
    Жыр-термелерді барынша таратып насихаттайық!
    Лайк басып, Каналға жазылуды ұмытпаңыздар! 👍

  • @user-pn8nn5vj9i
    @user-pn8nn5vj9i Рік тому +4

    Төөһһ космос екен жыр рахмет сізге Ізмұрат бауырым от души тема кайф⛵⛵⛵💖💖💖🎧🎼👍👍👍

  • @user-gi5yz3bj1g
    @user-gi5yz3bj1g 6 місяців тому +2

    Сау бол,Оркенің оссін!!!Маңғыстауды ойлап Ұйымдастрған дарға дұғайы сәлем !!!өзбекстаннан шоңайлары

  • @МегаМега-ъ6и
    @МегаМега-ъ6и 3 роки тому +10

    Жыр Терме жинақтаушы және жыршы бауырларым жасай берсін! Творчествалық табыс тілеймін.!💯💥👏👏👍👍

  • @user-kn1gp7zg1b
    @user-kn1gp7zg1b 3 роки тому +10

    Ай саубол Ізмұрат бауырым

  • @bauirzhannarek3848
    @bauirzhannarek3848 3 роки тому +9

    Сау бол аға жыр жасасын сіз жасаңыз

  • @user-iu8tw9mx1d
    @user-iu8tw9mx1d Рік тому +3

    Қайран біздің жыр өнеріміз! Аллаға шүкір!

  • @abubakirnurnyazov9165
    @abubakirnurnyazov9165 Рік тому +2

    Ізмурат інім сау бол

  • @ЖаксыбайКониров
    @ЖаксыбайКониров 3 роки тому +10

    Осындай жыр-термелерді көьірек жинап, жіберіп тұрса жақсы болар еді, Ақтан атамыздың термелері болса нұр үстіне нұр болар еді

  • @ayazgultemirova246
    @ayazgultemirova246 Рік тому +7

    Ұмытылмас ерлік жолдары....

  • @user-nm9ze8rj4z
    @user-nm9ze8rj4z 2 роки тому +6

    Тамаша болды. Нпқышы қандай! Рахмет! Ералы, жарайсыз!

  • @user-pn8nn5vj9i
    @user-pn8nn5vj9i Рік тому +3

    Рахмет жақсы тема күшті Ізмұрат аға рахмет ✊✊👍

  • @НұрКаз
    @НұрКаз 3 роки тому +11

    Осы жоғарғы Маңғыстау бетте тұрған Өгізбай деген жырау өткен дейді, шығармаларынан дерек жоқ, тек Қалнияз ақынды баулып ұстаз болған дейді, білетіндер болса жарыққа шығарса.

  • @user-uk4yp3qp5q
    @user-uk4yp3qp5q Рік тому +4

    Қайран біздің бабалар,Ерлік даңқы тау жарған.Ол жәйында жыр қалған,Ұрпағына ой салған..

  • @ЖалгасКыдыршаев
    @ЖалгасКыдыршаев 5 місяців тому +1

    Мен Жамбыл облысында дүниеге келгем
    Мектепте 4--5сыныпта оқып ,мектептен келе жатқанымда бір қария өзіне қолын бұлғап шақырып алды
    Сен адай бала Тобания ханды білесін бе,қайдан білесін,мен Тобанияды көргем деп күрсініп үйіне кіріп кетіп еді
    Мен ол кезде қайдан білейін.
    Қариянын ішінде біраз сыр кетті-ау

  • @БазарбайХыдыров
    @БазарбайХыдыров 10 місяців тому +3

    ТОБАНИЯЗДАР БАТЫРЛАР КАЗИР ТУРМЕДЕ ЖАТЫР. 37.ЖЫЛ КАЙТАЛАНЫП ЖАТЫР.

  • @user-ll7wk2cy3p
    @user-ll7wk2cy3p Рік тому +6

    Қайран бабаларым.арманда.кетті.

  • @user-oe4vq5re7m
    @user-oe4vq5re7m 5 місяців тому +1

    Аққұрдасым бөлексіңғой

  • @Арслан-г9ф
    @Арслан-г9ф 2 роки тому +5

    Тарих өзгеріп кетті

  • @user-yv5mr8bt5s
    @user-yv5mr8bt5s 2 роки тому +6

    Жырлап жатқан кім? Аты жөні қалай?

  • @user-pn8nn5vj9i
    @user-pn8nn5vj9i Рік тому +2

    Рахмет жақсы тема күшті Ізмұрат аға рахмет ✊✊👍