Тағы әлімжеттік пе? Қызылорда облысында ауыр жарақаттан 9 сынып оқушысы көз жұмды

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 20 тра 2024
  • БІЗДІҢ UA-cam АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Қызылорда облысы Төңкеріс ауылында 9-шы сыныптың оқушысы көз жұмды. Марқұмның анасы жоғары сыныпта оқитын балалар ұлымды ұрып-соғып, әлімжеттік көрсеткен дейді. Алған ауыр жарақаттан жеткіншек ауруханаға жетпей ажал құшқан. Қазір полицейлер күдікті ретінде оныншы сыныптың екі оқушысын қамауға алды. Ал ауыл тұрғындары жасы үлкен балалар кішілерден ақша талап етіп, күш көрсететін жағдай жиі болады деп отыр.
    ---------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
    Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
    Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
    Бүгінгі шығарылымда:
    Қапыда жалғыз ұлынан айырылып, қайғыдан қан жұтқан Сәуле Жақсылықованың етегі жасқа толады. Айтуынша 9-сыныптағы ұлы Ерасыл Төребай өткен сенбіде кешке қарай достарына барамын деп үйінен шығып кеткен. Сол кеште жоғары сыныптағы оқушылар өздерінен кіші балаларды жинап алып, әбден ұрып-соққан деп отыр. Ауыр соққыдан есінен танып құлаған балам көп ұзамай көз жұмды дейді марқұмның анасы.
    СӘУЛЕ ЖАҚСЫЛЫҚОВА, Ерасыл Төребайдың Анасы:
    - Осындай күйде қалдырып кетті ғой мені. Аңыратып тастап кеттің ғой. Жалғызымнан айырды ғой мені. Балалардардың бәрін қатарынан тұрғызып қойып ұрған дейді. Сонда менің балам айтыпты. Ұрмаңдаршы, менің денсаулығым жоқ. Ұрмаңдаршы деген ғой. Соны естіп, біліп тұрып ұрған ғой. Ол әдейілеп істеп тұр ғой, қасақана өлтірген ғой.
    Бұл жағдай ауыл тұрғындарын да дүр сілкіндірген. Бірақ оқушылар арасында үлкеннің кішіге күш көрсетуі бірінші рет емес дейді жұрт.
    АЛМАС ДҮЙСЕБАЕВ, Төңкеріс ауылының тұрғыны:
    - Мектеп директорына неше мәрте бардым. Өзімнің балам бір емес, 2-3 рет таяқ жеді. Соның бәрін мәселе қылып көтеріп айтсаң мектеп директоры да, соған қарайтын мамандары да, мектептегі психологы да "сен соны тергесей, сен соны іздесей" деген әңгіме айтылады да ол жерде. Сен де ата-анасың ғой, сен де соны қарасай дейді.
    Мектептегі балалардың әлімжеттігінен ұстаздарының хабары бар-жоғын білгіміз келген. Бірақ білім ұясының қызметкерлері сұхбаттан жалтарып, түсірілім тобын ішке кіргізбеді.
    Ал полиция қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады. Күдікті ретінде оныншы сыныптың екі оқушысы қамауға алынған. Олардың бірі мектеп директоры орынбасарының баласы дейді ауыл халқы. Сондықтан құзырлы орган өкілдері істі жылы жаппай, тергеу әділ өтсе деп тілейді қара жамылған отбасы.
    ---------------------------------------------
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

КОМЕНТАРІ • 10

  • @user-kn4oe3lu3u
    @user-kn4oe3lu3u 12 днів тому +2

    Иманды болсын.Жанымай.иманды болсын.😭😭😭😭😭😭😭😭😭.
    Жауыз сотталсын сотталсын.
    Аумин.
    Соғыс ардагер немересі.

  • @Nurlann2708
    @Nurlann2708 11 днів тому +2

    Жүгенсіз кеткен жастар

  • @user-qp7gj7mo1m
    @user-qp7gj7mo1m 4 дні тому

    Иманы саламат болсын ! Осындай жауыздық тым көбейіп барады, бәрі де біледі, бірақ жасырады. Мектепте жауапты тұлғалар да қатаң жауапқа тартылсын

  • @user-hj9um8su8v
    @user-hj9um8su8v 12 днів тому +4

    Түрмеде шырысын тәрбие завучтар жумыс жасамайды кабинеттеріне кирип ангме айтқаннан баска

  • @user-by4ik6rd9t
    @user-by4ik6rd9t 12 днів тому +4

    Жауапкершілік жоқ жұмыс жасамайды

  • @user-pw4pd8xi4r
    @user-pw4pd8xi4r День тому

    Соттау керек өмір бойына күшін көрсетсін сол жақта,одан кейін азаяды

  • @Kazakstan217
    @Kazakstan217 12 днів тому +2

    Сұмырайлар заңға тартылсың.

  • @InDikow87
    @InDikow87 12 днів тому +4

    СТАРШАКТАР КАЙДА? ЩЕГОЛЬДАРГА АЛДЕРИН КЕЛМЕДИ МЕ? ЖИНАП АЛЫП, ЖАНДАРЫН ШЫГАРУ КЕРЕК!!! АУЫЛДЫН АКСАКАЛДАРЫ КАЙДА??? МЕКТЕПТЕ ОКЫП ЖУРИП АДАМ ОЛТИРСЕ, ЕРТЕН 25 КЕ КЕЛГЕНДЕ НЕ БИТИРМЕК???

  • @user-ix2yi4ib6p
    @user-ix2yi4ib6p 11 днів тому +1

    Жастай кеттіғой обал ай🥲🥲