Атырау көшелерінде жөндеу жұмыстары аяқталған соң жолдың сапасы 97 пайызға жақсармақ

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 29 вер 2024
  • Биыл Атырау қаласында жөндеу жұмыстары аяқталған соң жолдың сапасы 97 пайызға жақсарады. Қазір қалада жалпы ұзындығы 19 шақырым болатын бес көшені қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол үшін республикалық бюджеттен 10,5 миллиард теңге қаржы бөлінген.
    Жол азабын жүрген білер демекші, енді атыраулықтар шұрық-тесік жолдармен жүрмейді. Өйткені, биыл басталған қалаішілік жолдардың жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен аяқталуға жақын. Атап айтсақ, Атырау-Доссор трассасынан Томарлы елдімекеніне дейінгі аралықтағы жалпы ұзындығы 2 шақырым болатын автокөлік жолы қараша айының аяғына дейін тапсырылады. Ал, желтоқсанда қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан Сырым Датов көшесінің екі шақырымы пайдалануға беріледі.
    ӘЛІБЕК МҰХАНБЕТАЛИЕВ, Атырау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы:
    - Бұған қоса жылдың аяғына дейін қала ішіндегі Берғалиев көшесінің 770 метр және А.Құнанбаев көшесінің 1,8 шақырым болатын бөлігін орташа жөндеуден өткізу жұмыстары жоспарланып отыр. Әуезов көшесінің 2,8 шақырымын қайта жаңғыртудан өткізу бойынша көшенің соңғы аялдамасы мен Құрманғазы мәдениет үйі аралығындағы бөліктері дайын, бірер күнде пайдалануға беріледі.
    Балықшы кентінен Зарослый елді мекеніне дейінгі 3,9 шақырымды құрайтын автокөлік жолының құрылысы да желтоқсан айында аяқталады. Жалпы жөндеу жұмыстары жоспарға сай жүріп жатыр. Тек, битум өнімдерінің тапшылығына байланысты жоғарғы ұсақ түйірлі асфальт жабындысы болжанған мерзімнен кешіккен. Бірақ, қазір мәселе шешілді дейді жауаптылар.
    ЕРМЕК ХАМИДУЛЛИН, жоба жетекшісі:
    - Қала бойынша жаңарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Объектілерде 200-ден тарта адам тартылған. Негізі жұмыс сәл кешікті, өйткені битумның жоқтығына байланысты кешігулер болды. Бірақ қазір ол мәселе шешілді. Бәрі бақылауда. Барлық жұмыстарды толығымен жыл соңына дейін аяқтаймыз.
    Жыл соңына дейін «Еркінқала-Ракуш-Балауса» ықшам ауданы, Бірлік-2, Геолог елді мекендеріне жаңадан 34,9 шақырым тас жол салынып, ел игілігіне пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    UA-cam - / @informburo31kanal
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    Vkontakte - informb...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
    WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

КОМЕНТАРІ • 7

  • @kalifornya6486
    @kalifornya6486 2 роки тому +2

    Орталықты ғана сықитып қояды, көзбояу. Шет жақтағы мкр-дар әлем-жәлем болып жата береді баяғыша.

  • @ainashmarieva2682
    @ainashmarieva2682 2 роки тому +2

    Атасының басы 😡😡😡😡😡😡😡😡😡😡😡

  • @ЖандосКулкаев-я3ъ
    @ЖандосКулкаев-я3ъ 2 роки тому +1

    Жылыой ауданнын айналасындагы ауылдык жерлеринин жолдарынын жумыстары неге басталмай жатыр. Куз болдыго. Буган ким жауапты. Жкха айтатыны отирик.

  • @БакдаулетЕрбол-к3б
    @БакдаулетЕрбол-к3б 2 роки тому +1

    Кыс болса келып калды. Кашан бытыреды мына журысымен

  • @КуанышАжигалиев
    @КуанышАжигалиев 2 роки тому +1

    Маиын агызып аитып турго

  • @Казакели-б2у
    @Казакели-б2у 2 роки тому +1

    отирик

  • @АзаАзим
    @АзаАзим 2 роки тому

    Атырау қаласы мкр Черный речка салынбайма