Таразда әкімдік алды базарға айналды

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 15 кві 2024
  • БІЗДІҢ UA-cam АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Таразда әкімдік алды базарға айналды. Базар басшысының шешімі кәсіпкерлердің наразылығын туғызған. Айтуларынша, сауда орнының қожайыны жаңа орындар үшін жеті миллион теңге сұрапты. Бұған бір алған жерді екі алмаймыз деген жұрт шу шығарды. Қалтамыз көтермейді деген саудагерлер қара жаяу қалар жайымыз жоқ дейді. Толығырақ тараптарды әріптесім тыңдап қайтты.
    ---------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бүгінгі шығарылымда:
    Әр дүйсенбі демалатын базардың саудагерлері бүгін әкімдік алдын хан базар етті. Тауарын емес тілегін арқалап келген көп басшы жаңа қоныс үшін жеті миллион теңге талап еткеніне наразы.
    АЙСҰЛУ БАЙСЕЙІТОВА, сатушы:
    - Мына стройка басталады деді, 5 күні. Сол кезде 2 миллион теңге алып келіп төлейсіздер деді. Оған бізде 2 миллион теңге тұрмақ, 2 тиын жоқ. Кім ақша әкеледі сол қалады деді. Ақшасы жоқтар кете беріңіздер, контейнерлеріңізді алып деді.
    Жиылған жұрт базарды жаңғыртуға қарсы емес. Тек саудагерлерден ақша жинамасын дейді. Онсыз да өткен жылы өрт шығып, шығынға батқандар шама-шарқымызға қарасын деп отыр.
    АЙГҮЛ БАҚБЕРГЕНОВА, сатушы:
    - Тура қасымызда «Ауыл - береке» базары бар. Модернизация жасаймыз, жаңағы алдын пластикпен жауып береміз. 1 миллион 200 мың сметаға жасаған олар. Ал бізге қаяқтағы жоқ, 7 млн тг-ні айтып жатыр. Олар базарды сатып алғаннан кейін ақшасын шығарып алайын деп жатыр ма?! Білгендерін істеп жатыр!
    Әкім шықпай кетпейміз деген кәсіпкерлерге бөлім басшысы басу айта келді. Ол қаладағы ең үлкен базарда жаңғырту жұмысы басталғанын білмейтін болып шықты. Өйткені тізімде болғанмен базар басшылары өтінім бермеді деп түсіндірді.
    АЙДЫН АЛТАЙ , Тараз қаласы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:
    - Заңда инвестор өз ақшасына құяды 100 пайыз. Демек, бизнесменнен ақша сұрағаны заңсыз? Ол заңсыз болады! Ал келісім болса, жүре береді. Ал былай заң бойынша базар басшысы түбегейлі 100 пайыз өз қаражатына салу керек. И солай болады. Қазір басшысы уәде берді, өзім салам деп!
    Күйініп келген көп, күйігіміз сейіліп кетпесе де сенгендей болдық дейді. Ал, базар басшысы сұхбат беруден бас тартты.
    ---------------------------------------------
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

КОМЕНТАРІ • 1

  • @user-bp8ql4no5k
    @user-bp8ql4no5k 13 днів тому

    Халық та саудагерлер қойған бағаны алып жатыр ғой. Оларға барып наразы танытпайды алады ғой оларда алдап 500 тг ғана түседі болды. 11500 тг киімін 11000 ға береді бірақ оны оптом 5 мың ға алып үстіне 6 мың қосып отыр сол үшін Аренданы да өсірсін бәрі бір халықты алдап отыр ғой бұлар да