AXALLEK & Шыға аласың ба?!

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 16 чер 2024
  • Шыға аласың ба!?
    Махаббатым мөп-мөлдір шыда ғасырға,
    Сөздерімнің әрбірін құп аласың ба!?
    Кездесуге келістің, келіп тұрмын ғой,
    Шыға аласың ба!?
    Ақыл айтсам аяулым шошыма тағы,
    Сүйген адам күткенін тосып алады,
    Тек сен үшін сүйіктім сүйіп қалып ем,
    Осы қаланы!
    Сен кешкенді көңілім мен кештім деді,
    Еске алайық шықсаңшы келмес күндерді.
    Сағынышқа су сеуіп қиялымдағы,
    Кездескім келді.
    Махаббатқа мөлдірім мұнарасың ба,
    Қуанышпен жүр едім мұң арасында.
    Құшақтайын жәй ғана мауқымды басып,
    Шыға аласың ба!?
    Айдай жүзің күн болып көрінген көпке!
    Талай сырлы сезімнен жеңілгем текке.
    Көзден кеткен күндерің елесі сынды,
    Көңілден кетпе!
    Сезімдерге өлмейтін ғұмыр тіледім,
    Шықшы,сұлулығыңды біліп жүр едім.
    Сені көріп тыншысын, тынышталсыншы,
    Жұмыр жүрегім!
    АЙДАР

КОМЕНТАРІ • 5