Бексұлтан Орынбасаров(Ақтөбе) & Суық сезім

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 1 лип 2024
  • Сенің сорың
    Ескіргенмен, тырналды жараң жаңа,
    Ешкімге мен қимаймын, ғаламға да.
    Сынған айна секілді көңіліңді,
    Мұңға байлап бересің маған ғана.
    Жанарың жағып беріп жырға қайғы,
    Ылғал демің мұнда да құрғамайды.
    Сөзіңнен суып сезім кеткесін бе?
    Көзіңнен суық сулар сырғанайды.
    Қанатың да қырқылып қорғай тұғын,
    Шырылдайды-ау арды айтып торғай тілің.
    Саған ғана көбірек айтушы едім,
    Адамдарға сенуге болмайтынын.
    Басқаға да бермейсің жылуды дым,
    Оңай емес жаныңда тұру мығым.
    Сенім жолын бөгейтін беймезгілде,
    Сенің сорың өзіңнің - сұлулығың.
    Айдар

КОМЕНТАРІ • 5

  • @user-fi2qd4fi2m
    @user-fi2qd4fi2m 23 дні тому +2

    Керемет .

  • @user-wl7ng2os5v
    @user-wl7ng2os5v 22 дні тому +2

    Керемет ❤

  • @user-fd5bl8qd7d
    @user-fd5bl8qd7d 22 дні тому

    Керемет!

  • @user-fi2qd4fi2m
    @user-fi2qd4fi2m 23 дні тому +2

    😊🎉

  • @user-tb4td1by8g
    @user-tb4td1by8g 22 дні тому +1

    Алладан басқаға сенім жоқ,
    Дұшпаның тек сынап күлкі етер.
    Сезім суық емес сөзің суық,
    Құлаққа тебер әдеті пенденіңде.