ТАМЫР СОҒЫСЫНЫҢ ЖИІЛІГІН АНЫҚТАУ

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 14 жов 2024
  • Жиілігі - тамыр соғысының минуттағы толқын көлемі. Норма бойынша сау адамның тамыр соғысы минутына 60-80 рет.
    Тамыр соғысының жиі соғуы, минутына 85-90 рет болса, оны тахикардия деп атайды. Тамыр соғысы сирек (60- тан төмен) болса, оны брадикардия дейді. Егер дене қызуы бір градусқа көтерілсе, онда тамыр соғысы минутына 8-10 ретке дейін көбейеді.
    Ырғақтығы тамыр соғу толқынының аралығында анықталады. Егер аралығы біркелкі болса, оны ырғақты ( дұрыс) тамыр соғысы дейді. Егер аралығы әртүрлі болса, оны ырғақсыз ( дұрыс емес) деп атайды. Сау адамның жүрек соғуы және тамыр соғысы біркелкі болады. Егер жүректің соғуымен тамыр соғуының аралығында айырмашылық болса, онда тамыр соғысының кемшілігі деп атайды (мерцательная аритмия).
    Тамыр соғысының толуы тамырдың толқын биіктігінен, жүректің систоликалық көлемімен байланысты. Егер биіктігі көбейсе немесе біркелкі болса, оны қалыпты тамыр соғысы дейді (толық).

КОМЕНТАРІ • 1

  • @ГаухарТоходжаева
    @ГаухарТоходжаева 4 роки тому

    Саламатсыз ба? Журек согысы канша болу керек менде сатурациямен тексерды 128 болып шыкты журек согысы