"Әйел - әйелге пана" | Қыздар қауымына 8 кеңес 🩷 | Мұрат Күляш

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 16 січ 2025

КОМЕНТАРІ • 11

  • @АружанКенес-и6г
    @АружанКенес-и6г Місяць тому

    Әйел- әйелге пана. Осы сөз негізін де ең дұрыс айтылған сөздердің бір деп ойлаймын. Бұл сөз қазақ қыздарының, әйелдерінің мотивация беретін сөзі болу керек секілді. Және де осы сөзден сабақ, ой түйу керек. Қазіргі кезде әйле мен әйел немесе қызбен қыз бірін-бірі түсінбей жатады. Бұл екі жандар бірін-бірі түсінбеген де кім түсінеді. Қазақ менталитетіне осы сөзді енгізу керек. Сонда ғана кішкене болсын алдыға басамыз деп ойлаймын🙂❤️✨

  • @gphareesa
    @gphareesa Місяць тому

    кітап оқу өте маңызды. әсіресе, балаңыз да кітап оқитын бала боп өссін десеңіз.
    соңғы кезде клиптік ойлау көбейіп кетті. қысқа-қысқа видеоларға үйреніп кеттік. фокус жойылып кетті. + әлеуметтік желілердегі салыстыру бар, көп қажетсіз ақпарат бар үйіліп-төгіліп үсті-үстіне келіп жатқан.
    осындай нәрселерден арылу үшін 1 ай әлеуметтік желіден кетіп, өміріме тұрақты түрде кітап оқу әдетін енгіздім. күніне 10 бет оқитын болдым. әдет қалыптастырып жатқанда аз беттен оқу кк “күйіп” кетпес үшін. бір үйреніп алған соң, 20 беттен оқи бастадым. сөйтіп, аз-аздан үздіксіз деген тәртіппен емізулі баламмен жүріп екі айда 10-нан аса кітап оқып тастадым. әрине мәселе санда емес, сапада. қаншалықты түсініп оқығаныңда. декретте 24/7 бала жалғыз өзің бала қарап, үй тірлігімен айналысатын болғасын стресс көбейеді. кітап оқу сол стресс көлемін азайтуға, уақытша басқа әлемге еніп қайтуға көмегін тигізеді. және адамдарды да басқаша қабылдай бастағандай түсіндім. шамалы жағымсыз адамды көрсем, оған да бір шығарманың кейіпкері ретінде қарайтын болыппын. қызық. жалпы айналаңды қалай бар болса солай қабылдауға септігін тигізеді.

  • @gphareesa
    @gphareesa Місяць тому

    мен де үнемі кітап оқығанды жақсы көрмеймін деп ойлайтынмын. жартылай оқып аяқтай алмай тастап кете беретінмін. бірақ ана болғаннан кейін балам кітап оқитын ананы көріп өссін деп, кітапты алып соңына дейін оқи бастадым.
    бір кітапты аяқтаған соң қызығына кіріп кететін болдым. маған да көркем әдебиет ұнайтынын түсіндім. сол арқылы айналамды, адам жанын одан әрі жақсы тани бастадым.

  • @АяулымСрымова
    @АяулымСрымова Місяць тому +2

    Өте пайдалы видео болды😍 Өте нәзік екенсіз, осы талпыңыздан қалмаңыз✨ Мен сізді бұрыннан бақылаймын, жаңа платформада сәттілік тілеймін🎉

  • @arojjeane
    @arojjeane Місяць тому

    Топ контент!🔥 Жаныым сізді бұрыннан қараймын, жылда контентіңіз дамып келеді🥹Уже видно что вы ЭКСПЕРТ! Бұрынғы влогтарыңызды да қарайтынмын, даже видеоның түсірілу сапасынан-ақ белгілі😁🔥Біреудің идеальный өмірімен салыстырамыз шынымен, сіздің сол шынайылығыңызбен жақсы көремін, сүйіп қараймын! Жақсы жар жолықтырып, осындай деңгейге көтеріліп, осындай тема қозғауға әбден лайық дәрежеде болғаныңызға қуаныштымын!😖🥹😍 Қыздарға маңызды тақырыпты қозғағаныңызға алғыс!🙏🏻İnsanın yorgunluğunu басатын bir keyifli видео, алдағы уақытта тағы күтемін🫶🏻💓

  • @dddfgccvv
    @dddfgccvv Місяць тому +1

    Тоқтамаңызшы құлағымның құрышы қануда, өте пайдалы😍😍😭😭

  • @dianaamangali6002
    @dianaamangali6002 Місяць тому

    Өте керемет! Келісемін💯💯

  • @АсемгульОтеуова
    @АсемгульОтеуова Місяць тому +1

    Ютуб каналыңыздың ашылуымен🥳 Күляш керемет кеңестер🔥 Тоқтамаңыз✨ Қыздарға әрдайым айтарыңыз таусылмасын🙂 Өте шынайы түсірілген видео. Маған ұнағаны өз өміріңізден мысал келтіре отырып тақырыптарды аша білгеніңіз😘 Азамат Скаковтың “Сен” деген кітабынан да оқып едім, “Өмірдегі ең қиын іс - өзіңмен жұмыс істеу” дегенді, сол сөздің ұғымын сіздің айтқан кеңестеріңіз аша түскендей. Себебі, біз әлемді өзгерткіміз, тіпті қасымыздағы адамды өзгерткіміз келсе де, әрдайым өзгерісті өзімізден бастауымыз қажет. Ал ол өте қиын жұмыс. Өзіңді қайта тәрбиелеу, жаңа әдеттер қалыптастыру, 25-26 жыл қолданып келе жатқан әдетіннен не белгілі бір іс-әрекетіңнен бас тартып, жаңа қадамдар жасау. Мен өзім осы жаңа әдет қалыптастыру кезеңінен өтіп жатырмын. Сіздің видеоны көру арқылы одан сайын өзімнің дұрыс жолда келе жатқаныма сене түстім😇 2-кеңесіңізге толықтай келісемін. Әркім “бақыт” дегенді әрқалай түсінеді. Осы уақытқа дейін мен бақыт дегенді мүлдем басқаша түсініп, оны сырттан іздеппін. 2023 жыл маған “бақыт деген не?” дегенді түсіндіріп кетті. Мен үшін бақыт - отбасымның, жанашыр жандарымның амандығы🩷 2023 жылы ең жақын, баға жетпес байлығымнан айырылып қалдым😢 Сонда ғана бақыттың шынымен де еш уайымсыз күндер, отбасыңмен дастархан басында әңгімеле отырып шай ішу, бәрі аман-есен, бәрі қасында, сол бақыт екен🥹 Бақыт - менің қасымдағы адамдар🩷 Ата-ана туралы айтқандарыңыз өте дұрыс. Ата-анамыз да бірінші рет “ата-ана” болып отыр. Олардың да білмей жасағандары көп. Бірақ та олар әрдайым біздің тілеуімізді тілеп, алысқа кетсек алаңдап отыратын, хал жағдайынды, не жедің, не іштің, жылы киіндіңбе деп үнемі сұрап отыратын жандар солар ғана. Біз кейде оларға сұрай бермеші деп ашуланамыз. Олардың солай сұраулары, олардың бізге көрсетіп жатқан жанашырлығы. Әлемде ата-анаң ғана сені қалай бар солай қабылдайтын, сен үшін жақсылық ойлайтын, уайымдайтын🩷 Барын беріп, басқадан қалмасын деп, өздері кимесе де, жемесе де барын берген жандар✨

  • @АружанКенес-и6г
    @АружанКенес-и6г Місяць тому

    Маған қатты ұнады. Көп инсайт алдым деп айта аламын. Көп жерден естіп жүрген сөздеріміз ғой былай қарап отсаң. Бірақ сіз соны ашып, қарапайым тілде әдемі жеткіздіңіз. Әр бір айтқан ақылыңыздан бір ой түйіп, шынында да солай екен ғой деп отырдым. Және де әр бір көрген, естіген заттарымыз да бір ақпарат жататынын түсіндім. Осындай видиоларыңыз көптеп шығады деп үміттенемін. Мағам ұнады❤.

    • @АружанКенес-и6г
      @АружанКенес-и6г Місяць тому +1

      Әйел- әйелге пана. Осы сөз негізін де ең дұрыс айтылған сөздердің бір деп ойлаймын. Бұл сөз қазақ қыздарының, әйелдерінің мотивация беретін сөзі болу керек секілді. Және де осы сөзден сабақ, ой түйу керек. Қазіргі кезде әйле мен әйел немесе қызбен қыз бірін-бірі түсінбей жатады. Бұл екі жандар бірін-бірі түсінбеген де кім түсінеді. Қазақ менталитетіне осы сөзді енгізу керек. Сонда ғана кішкене болсын алдыға басамыз деп ойлаймын🙂❤️✨

  • @gphareesa
    @gphareesa Місяць тому

    жалпы әркімнің бақыты әртүрлі нәрседе деген рас. біздің қалайтын нәрселеріміздің өзі шынымен “ӨЗіміздің” қалаған нәрселеріміз ба әлде біреулер соны қалағаны үшін, сол нәрсеге бізден басқа біреу ие болғаны үшін ба біз қалаймыз?
    яғни, сен қалаған нәрсе шын өзің қалаған нәрсе ма әлде “таңылған” нәрсе ма?