Несие төлей алмай қиналып, қара тізімге енген қазақстандықтар саны 1,5 миллионға жетті

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 27 сер 2024
  • Қазақстанда несиесін төлей алмай, қара тізімге енген адамдар саны - бір жарым миллионға жеткен. Бұл азаматтардың қарыздан құтылып, жаңа өмір бастауы үшін Президент «жеке тұлғалардың банкроттығы» туралы заң қабылдауды жарты жыл бұрын тапсырған еді. Алайда, экономистер мен кірістер комитеті әлі күнге дейін заң жобасын талқылаумен келеді. Өзіңді банкрот деп жариялау үшін қат-қабат қағаз жинау, шотыңа бір мың теңге түссе, соны табыс деп есептейтін ережелерді алып тастау ұсынылып жатыр. Өмір Серікбекұлы тақырыпты толығырақ тарқатып беруге дайын. Өмір банкроттық туралы заңды кімдер талқылады? Не айтылды?
    Халық партиясының мәліметінше, қазіргі кезде 6 млн 300 мың қазақстандықтың мойнында несие бар. Тағы 1 млн 200 мың адам шағын қаржы ұйымдарынан кредит алған. Жалпы берешектің көлемі 11 триллион 400 миллиард теңгені құрайды. Соңғы 3 жылда несие беру 70 пайызға ұлғайыпты. Партияның өз есебі бойынша 1 жарым миллион адам қара тізімге еніп, несие төлей алмайтын жағдайға жеткен. Енді, банкроттық туралы заңды барынша жеңіл ету керек деген ұсыныс айтып жатыр.
    РАХЫМ ОШАҚБАЕВ, «Халық партиясы» төрағасының орынбасары:
    - Ұсынылып отырған заң жобасында қиын ережелер жазылған. Қазір қарыз алушылардың 3-тен бірі өзін банкрот деп жариялауға болатын азаматтар. Яғни, бұл азаматтардың берешек қайтаруға жағдайы жоқ деген сөз. Сондықтан, банкрот туралы заңды тезірек қабылдаған абзал. Келесі сессияға қалдырмай-ақ, 2 немесе 3 айдың ішінде қабылдап тасау керек еді.
    Сонда бүгін заң жобасын талқылауға жиналғандар банкрот деп жариялау бойынша нақты қандай ұсыныстар айтты?
    Рахым Ошақбаев ата-анасы төлей алмаған несиені балалары төлеу керек деген тәжірибені мүлдем алып тастауды ұсынды. Себебі, бұндай қарыз өндіру амалы адамды өсірмей, борышқа одан ары батыру болып табылады дейді. Ал, экономист Асқар Қысықов жеке тұлға сотқа жүгінбей, яғни қарызы 5 миллион теңгеге жетпейтін азаматтар, өзін банкрот деп жариялауы үшін "есепшотына бір теңге де түспеуі керек" деген критерийдің қажеті жоқ дейді. Сондай-ақ, борышкер кредитін жабуға тырысқанын дәлелдейтін қағаз да артық деп есептейді маман.
    АСҚАР ҚЫСЫҚОВ, Экономист:
    - Банкрот деп жариялау рәсімін барынша жеңілдету керек. Өзі қарызға белшесіне батқан азаматты қинамаған дұрыс. Егер, азаматтың басында үйі жоқ болса, кірісі болмаса процесс небәрі 1 ай уақытқа созылу қажет. Біздің бір түсінбейтініміз - банкрот болған азаматты 3 жыл бойы бақылауда ұстап отыру. Өзі бірнеше шектеуге тап болған азаматты тағы қадағалаудың не керегі бар? Ақша тауып, үй алып, жағдайын жасаса ол өз еркі емес пе? Бұл норманы да алып тастаған дұрыс.
    Банкрот деп тануға өтінім бергеннен кейін бірнеше жыл несие алудан шеттетілесіз. Қазақстаннан да шыға алмай қаласыз. Сонымен қатар, адвокат, бағалау мамандығы, жеке сот орындаушы сияқты бірнеше салада қызмет атқара алмайсыз. Қазір жұмыс тобы аталған заңды жан-жақты талқылап жатыр. Кірістер комитетінің ақпарына сай құжат келесі жылдан бастап күшіне енеді.
    Өмір Серікбекұлы, Дидар Елеуов
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    UA-cam - / @informburo31kanal
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    Vkontakte - informb...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
    WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
    #несие #қаратізім #банкроттық

КОМЕНТАРІ • 158

  • @Abok552
    @Abok552 2 роки тому +22

    Алла бұл күнгеде жеткізсін! Қанша адамдар қиналып жүр.

  • @user-iz5ed5vn9u
    @user-iz5ed5vn9u 2 роки тому +10

    Кредитті қиналса да төлеп, әрең күн көріп жүрген адамдар да банкрот емес пе

  • @perizattoxanbayeva2152
    @perizattoxanbayeva2152 2 роки тому +5

    Менің денсаулығыма байланысты жұмыстан шығып қалдым, енді кредитті қплай төлеймін, екі әкесіз өсіп жатқан балаларымның тамағын қалай табамын. Үйдегі заттарымның барлығын сатуым керекпа, бәрібір жетпейді. Не істеймін, өз-өзіме қол жұмсауым-ақ қалды

  • @user-iu3jx5pb4z
    @user-iu3jx5pb4z 2 роки тому +3

    Кредит кеширилсин халык бір жеңілдесинші адам сиякты қашан омір сүреміз

  • @sandugazhbolebei7063
    @sandugazhbolebei7063 2 роки тому +14

    Урланган акшаларды алып халыктын кредиттерин толендер. Ен биринши халыктын жагдайын жасау керек олетин болдык кредит азык тулик кымбат.

  • @user-zo6cm9fn3i
    @user-zo6cm9fn3i 2 роки тому +6

    Пайдасы жоқ "Экспо"жасауға ақша бар ал халықтың несиесін жабуға ақша жоқ.

  • @user-qd7sv6xx7g
    @user-qd7sv6xx7g 2 роки тому +5

    Ой жандарым жылдамрақ рахымшылық жасасаңдар жақсы болареді.

  • @user-ct2fq5qk4h
    @user-ct2fq5qk4h 2 роки тому +16

    Төлеген адамдардын не жазығы бар оларда әрен төлеп отыр жаппай бәріне ортақ заң болу керек экономист мырзалар

  • @user-vj1he4zj9l
    @user-vj1he4zj9l 2 роки тому +10

    Халықтың барлық кридиттерін кешірілсе екен бір Алланың көзі түзу болсын тек жақсылық болсын 🤲🤲🤲🙏🙏🙏

  • @user-xn6ij6pv6n
    @user-xn6ij6pv6n 2 роки тому +16

    Мына клекторлар мен жеке сот орындаушыларды жою керек халықты сорып отырған осылар

    • @user-gs5zs9xj5v
      @user-gs5zs9xj5v 2 роки тому

      Төлей алмай жүрміз осыны ертерек қолға алса

    • @znandauatemir6128
      @znandauatemir6128 2 роки тому

      толық қолдаймын үсті үстіне қосып ақша халықты қарайлай қанап отыр не масқара халық ақша егіп жатыр деп ойлайма неге қарамайды

    • @meryetnurbekova1084
      @meryetnurbekova1084 2 роки тому

      Ия кредит %мен тағы сот орындаушы % сомен сенде ақша барма жоқпа қызықтырмайды қорқытып төле дейді

    • @zhuldyzsalimova6224
      @zhuldyzsalimova6224 2 роки тому

      Кредит төленді тугел
      Сот орындаушы ақша сұрап отыр штраф деп?!!!!

  • @janibekkojamkulov2714
    @janibekkojamkulov2714 2 роки тому +7

    Халықты ойлаңдар карызы бар адамды жагдайын караб төлеу керек

  • @user-xx3kf6bh7c
    @user-xx3kf6bh7c 2 роки тому +7

    Коллектордан қоркып отбасы ағайын туыс арасында дау дамай үлкен айтыс тартыстар күшейді өлим житимге дейн итермелеуде

  • @user-yh3tp8wt6n
    @user-yh3tp8wt6n 2 роки тому +2

    Пенсионерміз пенсиямыздан басады

  • @user-vy6ny4kx1t
    @user-vy6ny4kx1t 2 роки тому +2

    Күндікке жұмыс істейміз жеттпейді

  • @gabarrtbainazarov2667
    @gabarrtbainazarov2667 2 роки тому

    ПАЙЫЗДЫ заңмен 👮‍♂️азайтсын♻️банк Барлығы бир стандартпен жумыс жасау керек

  • @user-od5tz3fg8u
    @user-od5tz3fg8u 2 роки тому +5

    Қазақстанда жалақы жүзмың теңгеге енді жеті ақшасы көп депутаттардың балдары түрлі машина мінед қылмыстыда сол депутат бай дың балдары жасайды әкесінің белі ауырмай тапқан ақшасын қиналмай шашады қара халықтың баласы да машина алғысы келеді үйін сәндегісі келеді балаларын оқытқысы келеді содан мардымсыз айлықтан ештеңе шықпаған соң несие алады халықтың жағдайы жақсармаса қарызға белшесінен бата береді депутаттар айлықты өздерің ала бермей халықада беріңдер есімі Нурбике шардара тұрам

  • @user-pw4mq5iq7q
    @user-pw4mq5iq7q 2 роки тому

    Асқар мырза дұрыс айтады

  • @user-xj1hg5tc9u
    @user-xj1hg5tc9u 2 роки тому +3

    Кредит деген банкдегі жемқорларды асырау олар отырып алып уялмаи көп акша алып отр процентпен .

  • @user-sr2yn7uz4z
    @user-sr2yn7uz4z 2 роки тому +4

    Ен дурыс жолы халык барлыгы толемей кою керек сонда не стей алар екен созбактап зан кабылдамай журе берсендер халыкта журе беру керек халык бир ауыздан кредит жаппаса ештене жасай алмайд

  • @user-wz3hr8cn4q
    @user-wz3hr8cn4q 2 роки тому +3

    *Каспий банк вообще жалмауыз бір күн кешігіп еді кредитім сумманың 0.5%қосады екен 56128 тг төлеу керек еді келесі күні 56392 тг қойыпты .Нағыз жалмауыздар .Каспий банк вообще масқара процент қосады екен .Каспий банктан кредит алмау керек*

  • @user-mj6kj6nq6j
    @user-mj6kj6nq6j 2 роки тому +8

    Жаппайды бәрібір өтірік бәрі

  • @user-bv7oq1pg1g
    @user-bv7oq1pg1g Рік тому

    Кредитти кеширсин квартира,кредит, тамак бала -шага кайтып жанбагамыз.

  • @user-zl7vu3ib1d
    @user-zl7vu3ib1d 2 роки тому +5

    За то, биз ең ресурс бай елмиз. Мұнайымыз, алтынымыз, уранымыз, т. б. қаншама, несине коркамыз, 50-60 жылда төлеп тастаймыз кредит карыздарымызды.

    • @madinabala8545
      @madinabala8545 2 роки тому

      Акш кытай Ресей т.т.б мемлекеттер болип алган байлыкты айтып отырсынба

  • @user-wt5ui7pm7b
    @user-wt5ui7pm7b 2 роки тому +2

    Кредит кеширсе екен уш балам бар квартира жалдап турам озим оны кредит тен сокандарга айтсам сотайм дит енди нестимиз

  • @user-kv7zu6qz6d
    @user-kv7zu6qz6d 2 роки тому +1

    Тезірек қатағалса болар еді жабылатын болса

  • @user-vy6ny4kx1t
    @user-vy6ny4kx1t 2 роки тому +1

    Бір реттік кредиттік амнестия жариялансын жауып берсе екен

  • @user-eu1ic1sc7z
    @user-eu1ic1sc7z 2 роки тому

    Адам өлтіріп сотталғандарғада..рахымшылық жасайды ғой.Жауып беріңдер,кредитті.

  • @AkBota108
    @AkBota108 2 роки тому +2

    Өзі бар кредитімізді төлейді алмай жатқанда сот орындаушысы да ақша қосады үстіне біреуге текке ақша бергенше деп төлеми жүрмін өз басым ех әттең

    • @Love_Century
      @Love_Century 2 роки тому

      Колдарынан дым келмид
      Камап жиберседе толемеу керек

  • @user-zg9cj2pp6d
    @user-zg9cj2pp6d Рік тому

    Несие кешірілсінші қиын жағдайға қалғандардікі

  • @user-wz3hr8cn4q
    @user-wz3hr8cn4q 2 роки тому +15

    *Надо судоисполнителей убрать .Сидят и берут за квартал люди и так не могут кредиты закрыть а они еще карточки в арест вставят*

    • @user-kb6jp8vr5m
      @user-kb6jp8vr5m 2 роки тому +2

      с воздуха денги делают , онбаган судисполнителдер

    • @meryetnurbekova1084
      @meryetnurbekova1084 2 роки тому

      Я оларға бәрібір көздерін құрту керек

  • @ramazansirlybay7536
    @ramazansirlybay7536 2 роки тому +1

    Банкрот демей барлық көпбалалы аналардың кредитін кешірсін елімізде астың бағасы күрт көтеріліп кетті

  • @user-wg9lo5sd9f
    @user-wg9lo5sd9f 2 роки тому +2

    Кредиттерин алып тастаса да кайтып кредит алад

  • @user-fw6ql9oj9e
    @user-fw6ql9oj9e 2 роки тому +2

    Орынсыз кредитті алгандарды кешіру дурыс емес, машина, кымбат тон, шетел кыдырып, ысырапсыз кредитке баткандар көп!

    • @serikmakuev2899
      @serikmakuev2899 2 роки тому

      Озин кордиба нанга тапбай..отыр сен неге отирик айтасын ауылды..аралап кор..жетискеннен алмайды

    • @user-fw6ql9oj9e
      @user-fw6ql9oj9e 2 роки тому

      @@serikmakuev2899 Сіз кешіріңіз,қазір жағдайы жаксылар да кредит алып басып жургендер көп! Мен соларды меңзедім!

    • @serikmakuev2899
      @serikmakuev2899 2 роки тому

      Дурыс..айтаысыз

  • @user-sj7mv7jz2e
    @user-sj7mv7jz2e 2 роки тому +2

    Кредит, займ деген бале екен. Озиме алып корген емеспин, биреуге алып берген жаман екен .

  • @Kanat878
    @Kanat878 2 роки тому +2

    табысын болсын болмасын несиені жабу керекко

  • @sayathankalmuratova9832
    @sayathankalmuratova9832 2 роки тому

    Дурыс айтасан балам биз квартира да журмиз ондай акшасы м. жетсе алмаймызго

  • @user-zu6ib4bn8z
    @user-zu6ib4bn8z Рік тому

    Жемхорлык жоиылсын Ахихатты аитыныз

  • @amirhzanmynarbaev9726
    @amirhzanmynarbaev9726 2 роки тому

    ҚАРА ХАЛЫҚТЫҢ КІРИДИТІН ЖАБЫУ КЕРЕК ШЕНЕУНИКТЕР ОРТАҒА КІРІП КЕТПЕСІН

  • @madinabala8545
    @madinabala8545 2 роки тому

    Шет ел бизге кереги не казах жерин аман есен аралап корсек жетеди .Бастысы кеширилсе болды

  • @user-lt2ue6yu5d
    @user-lt2ue6yu5d 2 роки тому

    Қайтыс болды деген адамды арқасында кредит бар болса кешірілсін да балдарын да жүк қылдыр май не сұмдық бол ондайды өлген амды кредитті бар болса кешірілсін жоқ қылып

  • @Musa_kulsary2022
    @Musa_kulsary2022 2 роки тому +8

    Барлык адамдардын кредитти кеширилсе екен,киналып журмиз уайымдап,

  • @user-ik9ed7hn6e
    @user-ik9ed7hn6e 2 роки тому +2

    Банк пайызын томендетсын тым коп .

  • @user-lt8wn6kx3b
    @user-lt8wn6kx3b 2 роки тому +1

    Отирик бари халкты алдап не болды

  • @user-ey8pq8pu1g
    @user-ey8pq8pu1g 2 роки тому

    Тікеннің үстінде жүрміз.

  • @user-kd6zb7yc1u
    @user-kd6zb7yc1u 2 роки тому

    Аш халықты басқару онай болади. Бул саясат система сондайғо

  • @user-zm8ni3rg9l
    @user-zm8ni3rg9l 2 роки тому

    Неменеге ауре болады оздеріне пайдаланады гой жогарыдагылар

  • @user-th5if2st4g
    @user-th5if2st4g 2 роки тому +1

    💷💰👹💷💶💴💵😱💸💳
    Алла. Сактасын.
    Аумин.

  • @Kazahstan-asik
    @Kazahstan-asik 2 роки тому

    Бул үкімет тағы уйдегы бес алты тауыкты санай бастайды.кунделыкты табыс бар екен жумырткадан деп .

  • @user-ko7qb6jg1y
    @user-ko7qb6jg1y 2 роки тому +1

    Дұрыс болар еді аумин

  • @user-vb6sh5js6v
    @user-vb6sh5js6v 2 роки тому +1

    Өздерінен ауыспай жатыр.

  • @user-wp5gm3xc9j
    @user-wp5gm3xc9j 2 роки тому

    Осы Банктер байып болды емеспе енди шамалы несиелерді кеширсе дурыс болар еді? Мен миллион дап алғандарды айтып отырганым жок? Банктер халык аркасында байып болды емеспе??? Бир айлыкка карап отырғандарды айтамын казирги кымбатшылык несие барлығы кысып отыр?? Банкроттык жарияласын типти мүлде бермесе де???

  • @user-ht1qg6gl4c
    @user-ht1qg6gl4c 2 роки тому +6

    Иске асса жаксы болар еди

  • @user-fy1kd7fv3i
    @user-fy1kd7fv3i 2 роки тому +1

    Ешкандай мумкиншилик калмады халыктын саудасы Битти банктер тонап жатыр каспийдин Козин куртсын каншама Адам Зар жылап жур

  • @user-re4su3pi8q
    @user-re4su3pi8q 2 роки тому

    Төлиамай журмыз кридитсыз жумыс жок

  • @user-hj2fo4xt1b
    @user-hj2fo4xt1b 2 роки тому +1

    Несиесін төлей алмай жүргендердің қарызын неге және қандай оймен коллекторларға сатады банктер күш көрсетіп қудалау үшін бе

  • @bugin9520
    @bugin9520 2 роки тому

    ЗАҢДЫ ҚАЗАҚТАР НЕГЕ ТАЛҚЫЛАМАЙДЫ . . . ҚАЗАҚТАР НАШАР БОП ТҰРҒОЙ

  • @user-ts2kr6cr7b
    @user-ts2kr6cr7b 2 роки тому

    төлеп жүргендерде жетісіп жүрген жоқ аш жалаңаш жүріп төлеп жатыр қазақстаннан банкты жабу керек ата бабамыз кридитсізде өмір сүргеміз қарызымыз басымыздан асып жатырмыз 68 мың теңгк жалақы аламын 105 мың кридит құиямын аш жүрмін жерге тамағым жоқ тек үиімннен аирылмасам болғаны деп жүрмін балаларым көшеде қалмаса болды

  • @user-dz4ve2zc6i
    @user-dz4ve2zc6i 2 роки тому +3

    Ақша аларда қуана шамамызға қарамай аламыз ау.Ал төлейтін кезде жылаймыз қашамыз.

    • @user-re2gg3do2u
      @user-re2gg3do2u 2 роки тому +2

      Жетискеннен ешким алмайды гой.

    • @Foksyful
      @Foksyful 2 роки тому

      @@user-re2gg3do2u Әрине, той беру керек не болсада.

    • @alseralser3122
      @alseralser3122 2 роки тому

      Ар кимнин басында ар турли жагдай бар. Мысалы жакын ауырып соган дари дармеке керек болады акша жок амалы жоктан алады.

  • @user-ei8qi1uu6u
    @user-ei8qi1uu6u 2 роки тому +2

    Ассалаумағалейкүм ағайындар менің ойымша несие ешқашада несие жаппайды ааааау ағайындар ешқашада бұның бәрі өтірік ааааау несие жау үшін біз өлген соң жабылу мүмкін

    • @madimadi4157
      @madimadi4157 2 роки тому +1

      Кайткан адамының артыңда балалары болса заң бойынша солар жалғастырады несие толеуді. короче кутулу киын

    • @user-th5if2st4g
      @user-th5if2st4g 2 роки тому +1

      Менин. Акем. Оледи.
      Жапкан. Жок.
      Сот. Мурагерге. Шешим. Шыгару.керек.
      Деди.банк.консултаты.
      Натаруска.кол.койдым.
      Откозга.
      Кыскасы.карызы.молага.
      Да. Барады.
      01.02.2022ж.
      Кайтыс.болды.
      Алты.ай.
      Болды.штраф.
      Пения.
      Журеди.деди.
      😱💸💶💷💰💳💳💳💳💵💴💶💷💰👹👹👹👹👹👹👹👹👹👹Кашмар.
      Маскара.
      МЗ.

    • @user-th5if2st4g
      @user-th5if2st4g 2 роки тому +1

      @@madimadi4157 дурыс.
      Айтасын.
      Акем. Кайтыс. Болды.
      Кредити. Тири
      МЗ.

    • @madimadi4157
      @madimadi4157 2 роки тому +1

      @@user-th5if2st4g Менде туысымда сондай жағдай болған доллармен алған темболи куйеуі кайтыс болған кейін проблема болған сотпен, бір жағынан жыласа біржагынан согіп отыратын еді киеуін

  • @user-hw6iw6xv7u
    @user-hw6iw6xv7u 2 роки тому

    ПРОЦЕНТ ДЕГЕН ДЕ БЕРЕКЕТ ЖОК ОЛ АУЫР КУНА

  • @user-pw4mq5iq7q
    @user-pw4mq5iq7q 2 роки тому

    Көмектесіңіздерші

  • @naimanmarat6291
    @naimanmarat6291 2 роки тому +1

    Пайызын тым көп алып тастаса көмек болар еді

  • @user-gl5fm1cq1j
    @user-gl5fm1cq1j 2 роки тому

    алты миллион назарбаиев кулебаиевтын жеген ақшаларына қарағанда солардың ақшасын салмаима

  • @Musa_kulsary2022
    @Musa_kulsary2022 2 роки тому +1

    😭🙏 кредит тугел кеширилсе

  • @user-rt9uc9vj4p
    @user-rt9uc9vj4p 2 роки тому +2

    Оланда пайызды азайтудын жолын карап, жагдайы томен отбасылардын кредитин толеп берсе боладыгой, халыкты тонай бергенше.

    • @zuhrahajdarova749
      @zuhrahajdarova749 2 роки тому

      Кредит и кеширсе жаксы болар еди жалгыз Басты анамын аилык жетпеиди

  • @user-ni9du5ym7x
    @user-ni9du5ym7x 2 роки тому +1

    кредитті төлей алмай отырмыз күнде звондап қоймайдығо

  • @user-ip4sm2zm1r
    @user-ip4sm2zm1r 2 роки тому +2

    Коррупцияа арқылы ұрланған ақша көлемін неге айтпайсыңдар...астрономиялық сумма шығады емес пе, қиналып жүргендердің бүкіл кредитін жауып тастауға жетеді және артық қалады да...

  • @user-eh6cm1ym5p
    @user-eh6cm1ym5p 2 роки тому

    Ой айналайын бизнесимиз болмасада,кыйналсакта төлеп журмизгой.Сонда не болды

  • @user-xn6ij6pv6n
    @user-xn6ij6pv6n 2 роки тому +2

    Айтқанын орындаталмаса неғып отыр тоқаев

    • @Ab-wc4xy
      @Ab-wc4xy 2 роки тому

      Қайда өткенде ғана жауыз, қанішер, орысқұл, сатқын Тоқаев дегендер. Осындай кезде керекболып қалады екен ба сонда

  • @user-wu5ki7nz1q
    @user-wu5ki7nz1q 2 роки тому

    БІЗДЕ БАНКТІҢ ПАЙЫЗЫ ТЫМ ЖОҒАРЫ ,ХАЛЫҚТА АҚША ЖОҚ АЛАТЫН АЙЛЫҚТАРЫ ИТКЕ СҮЙЕК ТАСТАҒАНДАЙ.

  • @jadira1408
    @jadira1408 2 роки тому

    Кредит кешірілсін . Азық түлік қымбаттап жатыр. Киім дегенді мүлдем ұмыттық. Халықтың жағдайы нашарлай беретін болса, шыны керек билікті бірақ төңкереді.

  • @serikmakuev2899
    @serikmakuev2899 2 роки тому

    Олар..отыргандар калтасы бар..адамдар елдин камын ойлайтын осындай кисилер коп..болсыншы.тезирек банкрот болсыншы бугин ертен .не барибин занды шыгару керек гой..Токаев мырза халыек енди котерилсе тагы кантар айындагыдай болады соны ертерек ойландар..жогарыда отырган казах азаматтары

  • @user-bw6rn4vs6d
    @user-bw6rn4vs6d 2 роки тому +3

    Табысын болмаса кайдан жабасын сол кредитти ешким жетисип алган жок проценттери жогары айлыктары аз кара халыктын шет елдерде 2 и 3 процентпен береди и тез жабады кредитпен омир суреди ол жактарда да бирак проценты аз бизде ондай жагдай жасалмаган калай дамыган елге жатамыз

    • @Ab-wc4xy
      @Ab-wc4xy 2 роки тому

      Жаба алмайсың ба, ешқандай кредит алма. Аштан өліп бара жатсаң да

    • @user-bw6rn4vs6d
      @user-bw6rn4vs6d 2 роки тому +1

      @@Ab-wc4xy кудайга шукир казахстанда тамак мол ол ушын алмайсын

  • @user-xx3kf6bh7c
    @user-xx3kf6bh7c 2 роки тому +1

    Женилдетилсин кредит пайызы отинемиз

  • @sayathankalmuratova9832
    @sayathankalmuratova9832 2 роки тому

    Быйыл неге кридиет кеширмейди кунен кунде продукты кымбат акшамыс шайлыгымызга жетпейди

  • @user-nk5vl6dz3q
    @user-nk5vl6dz3q 2 роки тому +3

    Зайым ( кредит) бериуди занмен токтату керек.

    • @user-yf7wy1yf6g
      @user-yf7wy1yf6g 2 роки тому

      Керемет акылды нарсе жаздым деп ойлайсызба кридитсиз бирде бир экономика жумыс истемейди пайызын томендетип халыктын табысын котеру керек ал кредит Керек арине

    • @user-nk5vl6dz3q
      @user-nk5vl6dz3q 2 роки тому +1

      @@user-yf7wy1yf6g кредитти берсе берсин. бирак займ дегенди токтату керек... Кредитти алгын келсе алабер . Зайым дегенди билесин ба .жок па

    • @user-yf7wy1yf6g
      @user-yf7wy1yf6g 2 роки тому +1

      @@user-nk5vl6dz3q займ дурыс емес они билем процент оте жогары бирак халыктын каржылай сауатын котеру керек ким не деседи ар адам банкке Ози барады тек укимет Халыктын каржылай табысын жогары кылу керек Бари бирдей бизнесмен бола алмайды казир ен томенги жалакы 300000 мын тенге болу керек бул укиметтен тикелей жумысы

  • @user-we2fl7jj8f
    @user-we2fl7jj8f 2 роки тому +1

    Занди неге колданбаиды неше аи болды онбагандар бир жыл караиды ма занды бул тохаевтин билиги гои кандаи адамсиндар халык киналипиотир гои

  • @user-yg1wy1ee5r
    @user-yg1wy1ee5r 2 роки тому +1

    Несие кешірілсін

    • @Ab-wc4xy
      @Ab-wc4xy 2 роки тому

      Не үшін кешірілу керек екен? Алдың ба, өзің төле. Төлей алмайсың ба, кредит алма. Аштан өліп бараа жатсаң да. Кредитті кегіпу үшін банктерге мемлекет бюджет пенн ұлттық қордан ақша аударады. Әншейіннен әншейін кешірдік деп айта салмайддц

    • @user-yg1wy1ee5r
      @user-yg1wy1ee5r 2 роки тому

      @@Ab-wc4xy Сен қалтаңнан шығарып төлеп беретіндеи соиледіңгой Ия алдым бірақ төлеи алмаймын әр түрлі жағдайлармен

    • @user-yg1wy1ee5r
      @user-yg1wy1ee5r 2 роки тому

      @@Ab-wc4xy Арам тамақ депутатарда тонап халықтың ақшасын ұрлап жатыргой олардың қасында қарапайым халыққа 30 жылда бір рет жақсылық жасаса ештенке болмайды

    • @user-yg1wy1ee5r
      @user-yg1wy1ee5r 2 роки тому

      @@Ab-wc4xy Сенің басыңда қыйындық болмаған ғой сол үшін түкірігіңді шашыратып айтып отсың Басқалар сияқты қыйындық болса. Басқаларды да қолдайтын едің

  • @eveeve7380
    @eveeve7380 2 роки тому +1

    Бетімен кредит ала беретін жандар көп алды артын ойламай енді соларға кешіре береме )

  • @kadiwadana8575
    @kadiwadana8575 2 роки тому +2

    ЖАҢА ЗАҢҒА ӨЗГЕРІС КЕРЕК ЖАЛҒЫЫЗ БАСПАНАСЫНАҢ АЙЫРЫЛЫП ҚАЛМАЙТЫҢ ЗАҢ КЕРЕК ЖАЛҒЫЗ БАСПАНАСЫН БАНККЕ КЕПІЛДІККЕ САЛЫП ТӨЛЕЦ АЛМАЙ ҚЫЙНАЛҒАН ҚАРА ХАЛЫҚ ТЫҢ ЖАЛҒЫЗ УЙІ ӨЗІНЕ ҚАЛАТЫН ЗАҢ ШЫҚСА ҚАРА ХАЛЫҚ ШАРАСЫЗ

  • @user-xn3wi9dy2q
    @user-xn3wi9dy2q 2 роки тому +3

    Кашан басталады жыр болдыго

  • @user-ct4hn1qo8c
    @user-ct4hn1qo8c 2 роки тому +1

    По заказу назарбаева на год отложили закон о банкротстве так как все банки почти его

  • @user-ro6xe8ik8t
    @user-ro6xe8ik8t 2 роки тому +1

    Менің талабым ана банктерге көмек деп берілген триллиондаған қаражатты қайтарсын 54%пен ал ана заңдардың елге еш пайдасы жок тек сол банк пен өкіметтің мүддесін қорғау деген заң. Ишакбас тар.

  • @user-qk1be4bf2t
    @user-qk1be4bf2t 2 роки тому

    Неге енгизбейди бул занды бари отирик болып калдыма? Халыкты абден тежедиго жогарыдагылар

  • @user-zj5sl6wi7l
    @user-zj5sl6wi7l 2 роки тому

    Зан шыксада орындалмаитын зангои

  • @user-zu6ib4bn8z
    @user-zu6ib4bn8z Рік тому

    Жемхолык жоиылсын коисандар ка итеди ендии жемхолыкты

  • @rus84
    @rus84 2 роки тому +1

    Займдарды кеширсин

  • @tehnodom4177
    @tehnodom4177 2 роки тому +2

    Жарқанат сен халық жауысың, халықтың назарын аударып қанын ішіп келесің

  • @user-qn8hr4yj8s
    @user-qn8hr4yj8s 2 роки тому +1

    Калай толейды халык депутатар алатындай айлык алмаса халыктын табысы 60000 тенге укымет азык тулык багасы 10 пайыз кымбаттады дейды ауадан алама 10 пайызды базар аралап корсын 100 пайыз кымбаттап кеткен

    • @dobri7775
      @dobri7775 2 роки тому

      халык ушин жуз пайыз.байларга он пайыз болвп коринед кымбатшылык.кара халык 60 мынды бир ай жейди.байлврдын 60 мын тустик асы.ашаршылык болмагай.оте киын.казирги жагдайда 60 мын айлык.мардымсыз пенсия оте уят.ен томен пенсия жуз мын болса екен.дари дармек ол кымбат.баягы кунимиз тауир еди.неликтее продукталар бирден кымьаттады тусиниксиз

  • @user-jv4jt5gr2m
    @user-jv4jt5gr2m 2 роки тому +2

    Уже банкроттыққа өтініш беріп жатырмызғой, не болады екен.

    • @ulugbekakilbekov5803
      @ulugbekakilbekov5803 2 роки тому

      Банкрот деп кай жерге жане не деп жаздыныздар

    • @Love_Century
      @Love_Century 2 роки тому

      Кайда кабылдайды?

    • @nuriknurislam8565
      @nuriknurislam8565 2 роки тому

      Қайда беру керек арызды

  • @user-qe8kg7of5z
    @user-qe8kg7of5z 2 роки тому +4

    толей алмау дурыско проценти коп косады сол кредитин процент азайту керек .ерикенен алмайлыго

  • @user-re7he7xx2v
    @user-re7he7xx2v 2 роки тому +1

    Наданбызго жай кешыру салу боламайма, омир баки Токаевка сауап тылимызго

    • @Ab-wc4xy
      @Ab-wc4xy 2 роки тому +1

      Жай кешіре салмайды. Кешіру үшін банктерге ақша құяды. Ал ақшаны қайдан алады, әрине бюджет пен ұлттық қордан алады.

    • @Foksyful
      @Foksyful 2 роки тому +1

      Жәй кешіре салуға болмайды, бұл ақша, банктің салымшыларының ақшасы, кейін орнын немен толтырады сонда? Кредит алып той бермеген адамдардың зейнетақы қорынан ба?

    • @user-re7he7xx2v
      @user-re7he7xx2v 2 роки тому +1

      @@Ab-wc4xy жай кешырсе екен , тенгизда жасаганда алгам бырталай кредит , Каз екы жыл болд кридитер осватр менын уже 2.5 мил болд кудайымау комектесе кор немесе токаев комектесшы.

  • @user-br8si7ol5t
    @user-br8si7ol5t 2 роки тому +3

    Халык жұмысқа кірелмай жүр, себебі жұмыс беруші, жұмысқа үміткерлер ді иин арқылы тексереді, егер қара тізімде болсаң жұмысқа алмаиды, сот орындаушылар, қара тізімдегі адам туралы мәлметті, бүкіл қара тізімдегі адамның өмірін, күн көрісін бұғаттап тастауы, адамның күн көрісін тоқтатқан. Кәзірге 1.5 миллион болса, жылдың соңы 2 милион нан асуыда мүмкін, күн көріс Қазақстан да, мүлдем төмендеген.

  • @user-zu6ib4bn8z
    @user-zu6ib4bn8z Рік тому

    Мангыстау обл Жана өзен қаласы Бокен базары базаркомдары өзбектердии кришаваить етиип ар аида акша жиинап пагондагылармен ауыз жаласып отыыр

  • @sayathankalmuratova9832
    @sayathankalmuratova9832 2 роки тому

    Мен дуректен еки Колыма ценит салып счета турамыын почеый давление 240 шыгып кетеди счета тураман соннан кейин акшасы Дарине кетеди

  • @user-vu6wt6yu2p
    @user-vu6wt6yu2p 2 роки тому +1

    Дұрыс сонда жаңа өмыр бастар

  • @user-mp4ye1vi4b
    @user-mp4ye1vi4b 2 роки тому +4

    мен бірінші

  • @Foksyful
    @Foksyful 2 роки тому +2

    Жәй кешіре салуға болмайды, бұл ақша, банктің салымшыларының ақшасы, кейін орнын немен толтырады сонда? Кредит алып той бермеген адамдардың зейнетақы
    қорынан ба?

    • @user-wf4bt2zi5d
      @user-wf4bt2zi5d 2 роки тому +1

      Қорықпа сенін жинаған ақшана тиіспейді

    • @user-gn6ze1zk4b
      @user-gn6ze1zk4b 2 роки тому

      Ты чё на луне живёшь? Не видишь какие цены на всё? И Какие лошадиные проценты по кредитам? Кара халык кунде кредит алып, ат шаптрып той жасап жаткан жок. В 20м году во время пандемии многие без выходно залезли в кредиты..кто на лечение кто на похороны.. Ты наверно не знаешь как внезапно хоронить близкого человека? Тем более когда срочно нужны деньги а их нет .?! Басына келмеген го бауырым . Забыл сколько людей умерли от ковида? Пусть по скорее узаконят этот запрос. А народе тоже надо думать.

  • @user-jc7il5ow2l
    @user-jc7il5ow2l 2 роки тому +1

    Еее кайдан

  • @user-ln7bm2ll7v
    @user-ln7bm2ll7v 2 роки тому +1

    Мен ушинши