Қазақстанда 2025 жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшері өседі

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 23 лип 2023
  • Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ең төменгі жалақы мөлшерін анықтайтын жаңа әдістеме ұсынып отыр. Қазір тиісті құжат Президент Әкімшілігіннің қарауында. Егер мақұлданса, алдымен заңнамаға өзгерістер енгізіліп, жоба 2025 жылы іске асырылады. Соған сәйкес, ең төменгі жалақы көлемі де ұлғайтылмақ. Ал сарапшылар бұл өзгерістер халық көп тұтынатын тауар түрлерінің қымбаттауына әкеп соғуы ықтимал деп отыр. Тіпті, ел экономикасына да айтарлықтай салмақ түсуі мүмкін екен. Қазақстандықтар болса, дәл қазіргі жағдайда ең төменгі жалақы кемінде 150 мың теңге көлемінде болуға тиіс деп санайды.
    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ең төменгі жалақы көрсеткішінің мөлшерін анықтайтын әдістемені заңнамалық түрде бекіткелі отыр. Құжат қазір Президент Әкімшілігіне жолданған. Мақұлданса, заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілмек. Яғни, жаңа әдістемеге сәйкес ең төменгі жалақы мөлшері медианалық жалақы мен еңбек өнімділігіне қарай айқындалады. Бірақ әзірге бұл түзетулердің төменгі жалақы көлеміне қаншалықты әсер етері белгісіз.
    НҰРБОЛАТ ЖАҢАБЕКҰЛЫ, тілші:
    - Қазір ең төменгі жалақы 70 мың теңге. Енді бұл сомаға шамамен бір айға жететін азық-түлік алуға бола ма, жоқ па, есептеп көрелік. Мәселен, сіз 10 келі картоп, 10 келі сәбіз және тағы 10 келі пияз алдыңыз. Бұған 7230 теңгеңіз кетті. Сосын 5-5 келіден күріш пен қарақұмық және 10 келі макарон қажет делік. Ол үшін 7900 теңге жұмсауыңыз керек. 30 дана жұмыртқа үшін 1535 теңге, 5 литр сұйық май үшін 4165 теңге керек. Бастысы, ет. 5 келі етке шамамен 14450 теңге төлейсіз. Ал 20 келі ұнға 5670 теңге кетеді. Яғни, сіздің қалтаңызда небәрі 29 050 теңге қалып отыр. Ал бұдан бөлек, күнделікті жүріп-тұрғаныңыз бен коммуналдық қызмет ақысын есептесеңіз, 70 мың жетпейтіні анық. Тұрғындар да 70 мың ас-ауқаттан артылмайды деп отыр. Тіпті, көп жағдайда жетпей қалады екен.
    Министрлік өкілдері жыл басынан бері 1 миллион 800 мың қазақстандықтың айлығы ең төменгі жалақы деңгейіне дейін жеткізілді деді. Енді жаңа әдістеме енгізілген соң, төменгі табыс көлемі де өседі. Демек, елдің де әлеуметтік ахуалы жақсарады.
    СӘКЕН ДІЛДАХМЕТ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми өкілі:
    - Әрине ең төменгі жалақы өседі. Бірақ бұл жерде ең басты екі фактор ескеріледі. Бұл медиандық табыспен және де еңбек өнімділігі. Барлық орта және шағын бизнесте жұмыс істеп жатқан азаматтар, компаниялар бұлар жалақыны ең төменгі жалақыдан төмен қылып қоя алмайды.
    Ал сарапшылар еліміздегі ең төменгі жалақы мөлшері әлі де тым аз дейді. Өйткені, оны бекітуге қажетті статистика дұрыс жинақталмайды. Яғни, қазір қазақстандықтардың нақты табысына қатысты толық ақпар жоқ.
    МАҚСАТ СЕРАЛЫ, экономист:
    - Қазіргі жалақыдан көтерілетін болса, егер де біздің экономикамызға тағы да белгілі бір деңгейде салмағын әкеліп соғады. Ол автоматты түрде жаңағыдай бағаның қымбаттауы, ол автоматты түрде төлемақылардың қымбаттауы, ол республикалық бюджетке яғни, тағы да белгілі бір деңгейде ауырпашылық туғызады.
    Сарапшы пікірінше, әр азаматтың үстемақы, сыйақы, тоқсандық бонус секілді қосымша табыстарын алып тастағандағы нақты кірісі анықталуға тиіс. Демек, статбюро 2 миллион тұрғынның жалақысы 60 мың, 1 миллион азаматтың айлығы 100 мың деген сияқты дерек ұсынуы керек. Сол кезде ең төменгі жалақы көлемі де соған сәйкес белгіленеді. Болмаса, жалақы көтерілген сайын әлеуметтік төлем де, тауар да шарықтай бермек.
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    Vkontakte - informburo31
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    Біздің WhatsApp +7 777 331 31 31
    #News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

КОМЕНТАРІ • 16

  • @user-hl8vb6mw1o
    @user-hl8vb6mw1o Рік тому +3

    Азық түлік бағасын түсіріңіздер бастысы

  • @user-fw4uh9in1n
    @user-fw4uh9in1n Місяць тому

    Қазақстанның қазба байлығынан түскен қаражат қайда кетіп жатыр..Дүние жүзіндегі Менделеев элементі толық бар байлықтарды дұрыс пайдаланса болар еді...шынын айтқанда байлықтан алдыңғы қатардағы мемлекетпіз ғой...

  • @user-ud6kj5yo4l
    @user-ud6kj5yo4l 6 місяців тому

    Өкіметтімізде әрекет бар нәтиже жоқ

  • @user-ox6ec5mz1v
    @user-ox6ec5mz1v 11 місяців тому +1

    Свет,газ,т.б.қымбат жалақыны көбейтуді пайдасы халыққа емес үкіметке пайда.

  • @dosantemirbaew7679
    @dosantemirbaew7679 Рік тому +1

    Адам киім киеді . Ауырса ндірісі бар. Баланың бала-бақшасы , оқушыларға керек заттары бар барлығы есептелуі керек

  • @kizkiz-1
    @kizkiz-1 4 місяці тому

    Бұл есептелген тамақтар 1 айда 1 ғана адамнан артылмайды ғой. Оны кім есептеген ?

  • @user-tn7hq8jn1u
    @user-tn7hq8jn1u 10 місяців тому

    Жанар май газ жарық көтермесе азық түлік көтерлмиді ақымақтар Жанар майды көрермендер бастысы осы

  • @user-id1ol3jh8x
    @user-id1ol3jh8x 7 місяців тому

    70 мың Тенге неге жетеді Бәрі қымбат қои

  • @user-et8er4kp1d
    @user-et8er4kp1d 3 місяці тому

    Мен кузет болып истеймын 74 000 жетпейды кредит бар

  • @user-gg3nw5kl7x
    @user-gg3nw5kl7x 9 місяців тому

    Оттай бересіңдер 70 мың жетпейді.

  • @user-cj2ot8si7s
    @user-cj2ot8si7s Рік тому

    2025 базар жоқ кім бар кім жоқ

  • @botamazhitova8062
    @botamazhitova8062 6 місяців тому

    Ен болмаса азық түлікті түсір

  • @botamazhitova8062
    @botamazhitova8062 6 місяців тому

    100 мын алатындарды өсір 2 милион алатындарды емес

  • @user-gg3nw5kl7x
    @user-gg3nw5kl7x 9 місяців тому

    25-терің не сендердің оған дейін шыжаймыз ба?

  • @user-fb9xs6sy5e
    @user-fb9xs6sy5e Рік тому

    ӘР АЙДА,
    АЙЛЫҚТЫ КӨТЕРУ КЕРЕК ,
    ИНФЛАЦИЯ ҚАРАП , Я болмаса БИЛІКТІ КЕТІРУ КЕРЕК !!!
    БАҒАНЫ ТҰРАҚТАЛМАҒАН БИЛІК , ТҰРМАУ КЕРЕК , БІЛІКСІЗ БЫЛЫҚҚА БАТҚАН !!!
    ХАЛЫҚ ШАРШАДЫ , ШЫНЫ КЕРЕК !!!