Жаңа жылдан бастап елімізде ең төменгі жалақы 85 мың теңгеге дейін көтеріледі

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 5 вер 2024
  • Жаңа жылдан бастап елімізде ең төменгі жалақы 70 мыңнан 85 мың теңгеге дейін көтеріледі. Осыған байланысты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударылатын жарнаның соммасы да өзгереді.
    Мәселен, жұмыс берушілер қызметкері үшін жалақының 3%-ын қорға аударады. Бірақ салық салынатын ай сайынғы табыс 850 000 теңгеден аспауы тиіс. Яғни жұмыс берушінің аударатын ең жоғары сомасы айына 25 500 теңгені құрайды. Жалдамалы жұмысшыларға келсек, олардың мөлшерлемесі бұрынғыдай - жалақының 2%-ы. Есепке алынатын сома да 850 мың теңгеден аспауы тиіс. 2024 жылы жарнаның ең жоғары мөлшері 17 мың теңге. Сонымен қатар биыл өзін-өзі жұмыспен қамтитындар «сақтандырылған» мәртебесін алу үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, тиісті жарналарды өздері төлейді. Жеке кәсіпкерлер ең төменгі жалақының 5%-н, яғни 5 950 теңгені қорға аударады. Айта кетейік, Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін ақы төлемейтін азаматтардың 15 жеңілдетілген санаты бар. 2024 жылы бұл санатқа жататын 12 миллионға жуық адам үшін жарна көлемі 5 852 теңгеге тең болады.
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    Vkontakte - informb...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    Біздің WhatsApp +7 777 331 31 31
    #Информбюро #31арна #Жаңалықтар #БастыЖаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

КОМЕНТАРІ • 1

  • @kyrgyzbala9081
    @kyrgyzbala9081 8 місяців тому

    Мяя ой жумысызбыз биз торт жыл болды