«Бір ауыл - бір өнім» жобасы аясында Қызылордада көрме өтті.

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 8 вер 2024
  • 25 шілдеде Қызылорда қаласында "Атамекен" ҰКП-ның бастамасымен «Бір ауыл - бір өнім» жобасы аясында жергілікті шикізаттан өндірілетін өнімдердің көрмесі өтті. Шараға «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы орталық аппаратының өкілдері және Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) сарапшысы Акихиса Харагучи қатысты.
    «Бір ауыл - бір өнім» жобасы XX ғасырдың аяғында Жапон елінен бастау алған. Бұл жоба көрші қырғыз елінде 14 жыл бойы жүзеге асырылып, кәсіпкерлері халықаралық нарыққа шығуда.
    Жапония мамандары «Бір ауыл - бір өнім» жобасының талаптарына сәйкес Қазақстанда байқауға қатысқан кәсіпкерлерге тауарларды сапалы өндіру әдістері, өнімді сату, сапаны бақылау, сондай-ақ, бренд қалыптастыру жөнінде кеңес берді.
    Басты талап - жергілікті шикізат негізінде әлемде сұранысқа ие өнім шығару. Сол арқылы туризмді дамыту.
    Көрмеде Қызылорда қаласы мен барлық аудандарынан 50-ге жуық кәсіпкер қатысты.
    Көрмеге қатысушыларды "Атамекен" ҰКП және өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған жұмысшы топ бағалап, үздік деп танылған 10 тауар өндірушілердің өнімдерін бренд-комитеттің қарауына ұсынады. Нәтижесінде бренд-комитет «Бір ауыл - бір өнім» жобасы бойынша 3 жеңімпаз анықтайды.
    Жобаның басты мақсаты - ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік әлеуетін арттыру, яғни қолда бар жергілікті ресурсты пайдаға асыра отырып, өнім өндіру, елді мекендерде жұмыс орнын ашып, халықтың әл-ауқатын арттыру.
    #бірауылбірөнім #қызылорда #атамекен #өндіріс #көрме

КОМЕНТАРІ •