Олжас Отар - Шүкір ет

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 13 тра 2022
  • Шүкір ет!
    Көңілдің болмаса да қошы мүлде,
    Шүкір ет, сен бауырым осы күнге.
    Шыр етіп қанша сәби өмірге кеп,
    Қанша адам кетіп жатыр, осы түнде.
    Бұл жалған сынып қалар шыны сынды,
    Қаларсың бітіре алмай мың ісіңді.
    Жамандап жүргеніңде жұмысыңды,
    Ала алмай қалып жүрме тынысыңды
    Қадірле денсаулығың байлығыңды,
    Тілегім көрсетпе деп қайғы-мұңды.
    Қара жер басуға да зар боп қалма,
    Азсынып жүргеніңде байлығыңды.
    Бақ тіле ағайын мен бар адамға
    Алдымен ең керегі әр адамға
    Бар болып жүргеніңе шүкір еткін
    Зар болып қалдырмасын қара нанға
    Жөні жоқ байлық қуып таласудың
    Мәні бар кемтарларға қарасудың
    Әдебін түсінгенде бұл жалғанның
    Қадірін түсінерсің қара судың!
    Шүкір ет күнің батып, таң атқанға...
    Пікір ет иманыңмен талаптанда
    Қайғысыз қара жерді басып жүрсең,
    Зікір ет, тәубаға кеп жаратқанға!
    #ОлжасОТАР
    #қазақшапоэзия

КОМЕНТАРІ • 2

  • @user-in6sf5of5j
    @user-in6sf5of5j Рік тому +1

    Айгерім керемет. Сізге қарап қызығып жаттап жүрмін🌹 Дауысың керемет екен👍

  • @user-ul7st1jt2o
    @user-ul7st1jt2o 6 місяців тому

    Керемет жыр тамаша