Айдана Букирбаева - Өмір маған үйретті

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 20 сер 2024
  • Өмір маған үйретті жыламауды,
    Қиын сәтте сүрініп, құламауды.
    Жақсы досты қадірлеп, адал болып,
    Жаман достың жағдайын сұрамауды.
    Өмір маған үйретті сүюді де,
    Күйіктерге жынданып, күюді де.
    Шын сүйген адамдарға адал болып,
    Өткінші бақытыңды сүю деме.
    Өмір маған үйретті ұнатуды,
    Өзімді жылатқанды жылатуды.
    Кінәсізді түсініп, кешіруді,
    Кінәліден кешірім сұратуды.
    Өмір маған үйретті, сабыр берді,
    Сезім, сенім, үміт пен төзім берді.
    Барын берді бұл өмір, бәрін берді,
    Енді міне қайтарар кезім келді.
    Өмірден мен алдым ғой барлығын да,
    Қалып қойған аламын қалдығын да.
    Бұл өмірден сөнетін кезім келсе,
    Қайтарамын өзіне барлығын да.
    Айдана Букирбаева
    #поэзия #поэзияменіңжүрегімде #қазақшапоэзия #АйданаБукирбаева #Өмірмағанүйретті #подпишись #подпишисьнамойканал #подпишисьипоставьлайк

КОМЕНТАРІ • 5

  • @user-zk7om5ln2s
    @user-zk7om5ln2s 6 місяців тому

    Тамаша орындау!
    Алла разы болсын сізге.Менің туған қарындасымның жүрегінен шыққан туынды.

  • @Aqyn_qyz1993
    @Aqyn_qyz1993 2 місяці тому

    Менің туындымды керемет жеткізіпсіз! Өнеріңіз өрге жүрсін)

  • @yergalikamal9307
    @yergalikamal9307 6 місяців тому

    Өмір ай өмір😊👍

  • @user-nf8vj6qt7q
    @user-nf8vj6qt7q 5 місяців тому

    Жаным сол,қаламың ұштала берсін❤

  • @yergalikamal9307
    @yergalikamal9307 6 місяців тому

    Өмір ай өмір😊👍