Еске алу, "Ел үшін туған ер еді..."

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 3 кві 2023
  • Сыйласып елдің ізгі ардағымен,
    Араласып бетке ұстар саңлағымен
    Барында, жоғында да дәулетіңнің
    Алғысына бөлендің сен әулетіңнің!
    Бүгінгі еске алғалы отырған жанның ғұмырхаятындағы бүкіл болмысын ашарға пара-пар осы төрттаған шумаққа, «ел үшін туған ер еді…» деген теңеуді де қосуға болады. Ел аузында жүрген бұл тіркесті әркім әртүрлі тәпсірлейді, әртүрлі түсінеді. Біреулер - оны ерлік пен батылдықтың өлшемі тұтса, енді, бірі - еңбекқорлық пен білімпаздықтың белгісіндей көреді. Біз бұл сипаттың қай-қайсысымен келісеміз. Өйткені, бүгін біз еске алғалы отырған жанның бойына бұл қасиеттің бәрі бар-тұғын. Осы деректі бейнеміз де сол жанның осы қырларына тереңірек тоқталсақ дейміз.
    «ЕЛ ҮШІН ТУҒАН ЕР ЕДІ…»
    Адаев Жайлаш Ишанұлын еске алу

КОМЕНТАРІ •