Баламның «мама» деген сөзін естігім келеді. Еркебұлан Дайыров | «Алғашқы»

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 18 січ 2025

КОМЕНТАРІ • 552

  • @Allure086
    @Allure086 Рік тому +42

    Еркебұлан, мамасына Мама дегенде 😢 бір жылап алғам, анасы қандай дана кісі, ата-енесінің сөзін жерге тастамаған, аман болсын! Еркебұланға, сәттілік тілейміз!

  • @aiymserikbai108
    @aiymserikbai108 Рік тому +162

    Бір күліп, бір жылаған шығарылым болды. Мен үшін мықты актердің бірі. Сөз саптауы өте керемет!

  • @gaukharergazieva4947
    @gaukharergazieva4947 Рік тому +78

    Еркебұланды шақырғаныңыз үшін көп рахмет. Керемет сұхбат болды. Кейіпкермен бірге күлдік бірге жыладық❤

    • @nowar3141
      @nowar3141 Рік тому +3

      Еркебұланның анасы өте сұлу әйел екен .Әлі де жап-жас ,реңін бермеген.Бағдарламаны күліп қарап ,арасында жылап та алдым .Өз басымда бар .Мен де кемпірдің қызы болып ,анам жеңгем сияқты болды .Апам сегіз жасымда қайтса да ,анам кемпірдің қызы деп бетіме қарсы сөйлей бермейді әлі де...

  • @МираИсеновна
    @МираИсеновна Рік тому +179

    Мама дегенде, талай аналарды жылаттың
    Бақытты бол, Еркебұлан!

    • @ГулнараБекмурзаева-г7г
      @ГулнараБекмурзаева-г7г Рік тому

      Менде түсінемін, айта алмай, жақында әкем сол әке деген сөзді естей алмайда кет

    • @kaz0586
      @kaz0586 Рік тому

      Расыменде, бірге жыладым.😢😢

    • @РайханЖетписова-ъ6ъ
      @РайханЖетписова-ъ6ъ Рік тому +1

      Негізінде осы өзіміздің салтын түсінбеймін, бала туған әке шешесімен болу керек, это психологический стресс, родителям и ребенку. Мен қарсымын! Өзім әже болсам ба, немереге мен әже боп қала берем!

    • @Сая_Онерхановна
      @Сая_Онерхановна Рік тому +1

      Жылап алдым 😢

    • @nurgalinurgali-zr4tz
      @nurgalinurgali-zr4tz Рік тому

      ​@@РайханЖетписова-ъ6ъмтьм

  • @kimbat.k
    @kimbat.k Рік тому +57

    Көзімнің жасын тия алмадым. Аман Тасыған, рахмет інім. Мықты азаматсың! Еркебұланға сәттілік!

  • @МеруертБактиярова-г3щ

    Қазағымда осындай азамат барына қуаныштамын❤ жүрегім елжіреп, жылап, қуанып жатырмын. Еркебұлан, бағыңыз еселене берсін!!

  • @TolkynBatyrbaeva
    @TolkynBatyrbaeva Рік тому +66

    Атына заты сай азамат. Елі сүйетін, елін сүйетін азамат.
    Қарасаз деген қасиетті жерден, керемет🇰🇿🇰🇿🇰🇿

  • @ГауһарЕсуянова
    @ГауһарЕсуянова Рік тому +11

    Еркебулан жарайсын! Бала кезде бірге өстік, қасиетті Қарасазда. Армандаушы еді, мен "Актёр" боламын деп! Шын арманына жеткен! Мықты актёрсын! Қазақ елі сенi жақсы көреді, мақтанады! Әлемге әйгілі бол бауырым!
    Апам керемет жан еді. Жаны жаннатта болсын.
    Керемет сұхбат болды! Әпкемді де танып отырмын.
    Кулiпте, жылапта алдым.
    Отбасына, жақын жандарына амандык тiлеймiн!

  • @Алтындарым
    @Алтындарым Рік тому +19

    Маааа анасының әдемісін-ай. Еркебұлан жерлесім анаңызға мама деп айтып жүріңізші. Анаң сенің сол сөзіңе зәру екен, көзінен көрініп тұр. Менің жерлесім екенсің. Жер жәннәті Жетісудың ауасын жұтып, су ішкенбіз. Көзімнен тоқтамай жас ағып жатыр мамасының сөзінен кейін. Сені балам деп қатты құшақтағысы келеді.😥😥

  • @АидаАманбекова-с7м

    Еркебұлан өте шынайы азамат екен. Көзімізге еріксіз жас келді.😢 Өмір жасыныз ұзақ болсын😇😇😇😇

  • @НургульКайыргалиева-м1ж

    Қандай керемет бағдарлама. Көзіме жас алдым. Сұхбат сондай шынайы. Еркебұлан керемет актер. Жұбайы Лейла екеуі бақытты болсын!!!

  • @БаянОспаналиева-п3е

    Еркебұланның анасына ,,МАМА" деп айтқанын естігенде, өзімді ұстай алмай еңкілдеп жылап жібердім де, жеңілдеп қалдым. Шынымен де Еркебұлан талантты актёр,мойындау керек. Еңбегінің жемісін көрсін! Бақытты бол,Ереке!

    • @БаянОспаналиева-п3е
      @БаянОспаналиева-п3е Рік тому +1

      Анамнан 14 жасымда айырылып қалғанмын,өзімде,анамын,он шақты немереге ақ әжемін, зейнеткермін дейтұрсамда анамды сағынамын,іздеймін аңсаймын.Еркебұланның мама дегенің естігенде еріксіз жас төгілді.Сағынышым басылғандай болды.Жағың түспей, жамандық көрме.Ана мен бала жыламасын!

  • @АнельЕрлановна-м2к

    Нағыз қазақ актеры, батыр жігіт. Ұлдарымыз өзіңіздей болсын Еркебулан аға. Тек биік шындардан көріне беріңіз

  • @Aizhan875
    @Aizhan875 Рік тому +2

    Демалысымда рухани азық алдым, Еркебұланмен бірге күліп, бірге жылап алдым. О тоба қорыққанымай түспеи қояма деп ем жарайсыз нағыз ер азама. Қазағымның осындаи ер азаматын көргенде көкке бір елі жетпеи тұрады қуанышым. 😊😊😊Ең алғаш рет Мама сөзін айтқызған Аман Тасығанға да рахмет.

  • @БахытРаева
    @БахытРаева Рік тому +19

    Еркебұлан мектеп жасынан сахнада өнер көрсетіп,жарқырап жүрді,болашақта актёр болатынына сол кезде-ақ сенімді болғанбыз Мектептегі ұстаздары да мықты болды Меруерт,Дариға апай т.б Атасы мен әжесі керемет жандар еді,Еркебұланды керемет тәрбиеледі,өте ерке,бақытты бала болып өсті Өте қарапайым,адамгершілігі,адами қасиеті өте жоғары Дегенмен анасын "мама" дегенде көзімнің жасына ие бола алмадым...Өте әсерлі,шынайы жүздесу болды Күлдік,жыладық...Шығармашылық табыс,кәсіби жетістіктер,отбасылық бақыт,бастысы денсаулық тілеймін жарығым!!!

    • @СУЛУ-ъ9в
      @СУЛУ-ъ9в Рік тому +1

      Жылап көрдімғой😢,Ана жүрегі 😢

  • @НагимаЕлеусизова-ж2ф

    Еркебуландай казактын жигиттери. кооооп болсын

  • @kaz0586
    @kaz0586 Рік тому +4

    "Ер жігітке жеті өнер де аз" дегендей, жарайсың, бауырым👏👏👏 Мен үшін ең ауыр, ең әсерлі видео болды, мүмкін Ана жайында көп әңгіме болғасыниба.... Еркебұлан тек мамасының емес, халқының да нағыз еркесі болды. Жақыннан таныдық, білдік. Керемет әсер алдық👍 Аман, айналдым, көп рақмет, браво👏👏👏

  • @БагилаИдсова
    @БагилаИдсова Рік тому +17

    Күлдім, жыладым керемет сұқбат болды, Еркебұлан мықты сүйікті актерларымның бірі, өнерде шығармашылық табыс тілеймін, анасы, отбасы, жақындары аман болсын 🤲😍

  • @DaniyarAlezhanov-po5oi
    @DaniyarAlezhanov-po5oi Рік тому +121

    Еркебұлан мықты актёр,ең мықты ұнайтыны,Бауыржан Момышұлы атамыздың мықты ойнайды,атамыздың жас кезін көргендей боласын.Тірі легендалар.

  • @АйбаршаСерикбаева-у5я

    Аман Тасыған ең білікті журналист👏👏👏💐💐💐
    Еркебұлан ең мықты талантты актер. 💐💐💐 Қарлығаш ұя салғанда сериалынан танимын

    • @satysametyna9245
      @satysametyna9245 Рік тому

      Тоже сол сериалдан

    • @amirkznurkasim4908
      @amirkznurkasim4908 Рік тому

      Мен Еркебулан ойнаган спектакльден, Даурен ойнаган кинодан калмауга тырысамын. Мыкты актерлар

  • @ЖумагульМурабаевна

    Еркебұлан- Нағыз Шынайы Актер! КЕРЕМЕТ! Аман Тасығанға рахмет! Қуантты да, күлдіртті де, жылатты да... Неткен шеберлік!!!👍💯🌹✨🔥

  • @saya_live
    @saya_live Рік тому +3

    Өте керемет шығарылым болды. Кей сәтте расында қасымыздан келмеске кеткен жақындарымыздың қолдауын қайта сезінгіміз келетіні рас. Еркебұлан мырзаға көп рақмет. Кез келген адамның қолынан өз өткенін көру, бөліскісі келмейтін тұспен бөлісу келе бермейді.

  • @амелиянн
    @амелиянн Рік тому +28

    Мен сол ата апаның қолында өскен ,әке шешенің махаббатына тоймай қалған баламын. Бір күліп бір жылап МАМА деген кезде еңіреп, керемет сұхбат болды.

  • @Amina_ashimova
    @Amina_ashimova Рік тому +23

    Анаңыздың арманын орындаңыз. Ол жанның ешбір кінәсі жоқ мама деген сөзді сіздің ауызыңыздан ести алмағанына. Ұлы мен ананың махаббатына толығымен бөленсінші анаңыз❤❤❤

  • @Olyaa_Molya
    @Olyaa_Molya Рік тому +5

    Керемет шығарылым болды, Еркебұлан өзіңізді туып, жан дүниесі алай дүлей болса да үлкен кісілерге деген сыйының арқасында өзіңізді берген анаңыз батыр ана екен. Мен олай өз қазыр өсіріп отырған ұлымды да қызымды да бермес едім, сіздің анаңыз баяғының адамдары ғой, үлкенге құрмет, кішіге ізет жасай білген, өтініш анаңызды әр уақытта мама деп айтып жүріңізші, біз енемізді де мама деп атаймыз, артық жазсам кешіріңіз...

  • @НесибелиШуйиншалина-к1х

    Қосылып жыладым,жасым 70-те болса да,жүрегім қатты елжіреп кетті❤

  • @БейбитАлшынов
    @БейбитАлшынов Рік тому +3

    Мыктылардын басы косылганда мыкты контент шыгатынына еш куман жок!! Керемет шыгарылым, керемет эмоцияларды озимнен откиздим. Еркек басыммен бир жыладым бир кулдим. Рахмет

  • @КаракатСаурыкова-с9ж

    Мама!- дейтін адамның бары қандай керемет! Мамаң ғұмырлы болсын! Өзіңде аман бол! Әркімнің ұлы сендей болсын!

  • @Бахыт-у3ъ
    @Бахыт-у3ъ Рік тому +9

    Керемет сұхбат болды,жүрекке жеткен,бүкіл жан дүниемді қозғап,тебірентіп өтті,керемет өнер иесі,өнерге ғашық адам,өнерге табынған адам,Есмұқан ағадай ұстаздар көп болса ғой,әттегенай.

  • @minecrautersha158
    @minecrautersha158 9 місяців тому +2

    Қандай ақ көңіл жігіт. Еркебұлан ағаға биік белестерді бағындыра бер деп тілек айтамын. Керемет сұқбат.

  • @БакытГабдулина
    @БакытГабдулина Рік тому +5

    Әкесіне уқсайды, Мұрат пен Нуржамалдың арасындағы улкен махаббаттан туылған бала. Әттең осының бәрін ауылдасымыз, Мурат көрмей кетті. Еркебұлан ел мақтанышы бол, букіл әлемге танымал өнер иесі бол, бакытты от басы болыңыздар!

  • @МульдирУтепбергенова-б5у

    Бала қанша жерден ата әжесінің бауырында болғанмен өз туған әкесімен анасын әке, ана деп айту керек. Балаға өскенде өте қиын. Мен анама тірі кезінде мама деп айтып үлгермедім😭. Еркебұлан анасына қоңырау шалып мама дегенде еріксіз жыладым. Бұл БАҚЫТ❤

  • @gulshara61
    @gulshara61 Рік тому

    Керемет көрініс кейбір жерінде жылап, кейбір жерінде күліп алдым балам рахмет көп жаса еңбектерің бағалана берсін. Актер болу деген өмірді сомдау бірде күліп, бірде жылау, бірде ұшып, бірде құлау, қуану мен қайғыру бәрін қатар алып жүруге де үлкен жүрек керек ең бастысы бақытты бол. Аман баламның осындай бағдарламалары өте тамаша швнайы сол шын өмір әрдайым жарқын болсын болашағы зор табысы тасыған бағдарлама болсын

  • @АлияТулегенова-н2д

    Еркебұлан талантты актёр, қазақтың мықты азаматы, керемет сұхбат болды. Шығармашылық табыс тілеймін. 😘😘💐💐💐

  • @Сая_Онерхановна
    @Сая_Онерхановна Рік тому +4

    Бір жақсы шығарылым болды, бір күліп бір жылап алдым. Еркебулан анаңызга ендігі әрі мама деп жүріңізшы, ол кісінің ешқандай күнәсі жоқ, биіктерден көріне беріңіз, Алла багыңызды еселей берсін

  • @kimakima9863
    @kimakima9863 Рік тому +31

    Еркебулан аға нағыз жігіттің төресі.Алла басына бес елі бақ берсін тағыда 🤗

  • @ШынарЕ-м1ц
    @ШынарЕ-м1ц Рік тому +2

    Бақытты бол Еркебұлан!
    Мен де әжемді мама дедім ,әжем де ,анам да қайтты, анам бір жыл болды кеткеніне мама деп айта алмадым мен де,өте жақсы сұхбат болды ең соңында жыладым менде

  • @АбдулхамитАяулым

    Өз туған анасынан айнымайды екен Еркебұлан,анасы сондай суйкімді❤

  • @laura_almaty
    @laura_almaty Рік тому +57

    Еркебуланнын "Рахмет Мама" деген созинде козиме жас келди ❤
    Тур алпети мамасы (татеси) екен

  • @БибифатимаКонратбаева

    Еркебұлан Дайыров.Ерекше актер деп айтар едім.Мықты денсаулық, творчестволық Мықты аброй тілеймін 👍..Жанұяда,таусылмас бақыт тілеймін 🎊🎊🎊..

  • @Гульмира-ф5щ
    @Гульмира-ф5щ Рік тому

    Осы бағдарламаға ризамын ! 👍🏼. Аманның жүрген ар бағдарламасы қызықты .
    Бүгін Еркебұланмен болған кездесу , сұқбат өте тамаша болды !
    Бір күліп , бір жылап эмоцияны шығардым .
    Ата - әжесінің қолында өскен бала осындай болады . Анасы қандай адемі ., мейірімді . Сөйлеген сөзінде тұр . " Алғашқы" бағдарламасы арқылы - Мама - деген сөзді естіп , жүрегі езілген шығар , Қандай қуаныш Ана үшін . (Біз қатарлы болу керек.)
    _- Біздің де үлкен қызымыз ата - енем қолында өсті . Жаман қызғанатын еді атасы . Бірақ , Мама ,папа деп айтқыздым. Каникулда алып кететінбіз қалаға ,жанымызда болатын.

  • @ТурлымбетоваАйзада

    Керемет шынайы. Туган анасына мама дегені кушті 😢. Көзіме жас келді. Арманы екен көзінің тірісінде есту

  • @АйбаршаСерикбаева-у5я

    Керемет сұхбат болды👏👏👏💐 Жүргізуші жігітке , Еркебұланға шығармашылық табыс тілеймін! Әр нәрсені өз уақытында бағалау керек екен… бәрімізге де сабақ болды. Барымызды бағалайық🙌

  • @ФатимаАралова-ш6ъ

    Рақмет Аман,сұқбатына!Өте тамаша болды!
    Бірак,өз семьясын айтпай кеттиндер ғой
    Еркебулан,саған сәттілік,биіқтен көріне бер

  • @guleke_
    @guleke_ 10 місяців тому

    “Құдай бет алған жағыңнан бақ берсін!”
    Бір деммен, әртүрлі сезімдерді тоғыстыра көріп шыққан әсерлі бағдарлама болды. Еркебұлан аға, шынайылық үшін, ұлттық тілімізге деген құрметіңіз үшін, халық алдындағы еңбегіңіз үшін мың алғыс! Құдай сіздің де бет алған жағыңыздан бағын аямасын! Сәттілік тілеймін!
    Бағдарлама ұжымы, Аман аға, сауатты сөз саптау мен 56 минутқа сыйдыра білген қыруар еңбектеріңіз үшін үлкен рақмет айтамын! Халықтың көңілінен шығар тың туындыларыңыз таусылмасын!

  • @АкмаралАкмарал-д5ш

    Қатты жылап алдым😢😢😢Еркебулан мама деп айтканың кандай жақсы болды 👍

  • @ДинараЖолдыбаева-л9щ

    Өзінің туған анасына ұқсайды екен.
    Негізі өз ойым сол қазақтың салтына қарсымын, балада туған шешеде жақындай алмай қиналып, оның соны салқындық болып кететін сияқты.
    Мамаңыз ұзақ жасасын🙌🏻

  • @АкмаралРахиманова

    Ең қызықты болім болды мен үшін ❤ Еркебұлан мырзаны таныдым осындай жас актерларды шығарсаныздар .

  • @ЭльмираБекдаирова-р6е

    Сырты қатты болған мен жүрегі нәзік, шіркін ауылда өскен балаға жетпейдігой. Осындай бір кісідей мінезді жігіттер коп болсын!

  • @seppiseppi1346
    @seppiseppi1346 Рік тому +3

    Мықты актер Еркебұлан, достары, әріптестері де керемет, анасының мақтанышы МАМА дегені ғажап, бақытты және керемет шығармашылық, жаңа рөлдер күтеміз👍👏🤝

  • @aser9814
    @aser9814 Рік тому +6

    Қазақтың салты ғой алғашқы баланы ата-әжеге беру деген, дегенмен анаға сондау ауыр тиеді екен ау… Әжелер бар ғой немересін бауырына басып шынайы жақсы көре алмайды, Еркебұлан сіз ол жағынан бақытты жан екенсіз! Аналар аман болсын! ❤

  • @aidafrost7557
    @aidafrost7557 Рік тому +28

    Нағыз Тұлға!!! Еркебұлан мырза, "Менің сүйікті ағатайым " қойылымында жаныңызды салып ойнағаныңызға үлкен рахмет!!!!

  • @ГулбарамМусина
    @ГулбарамМусина Рік тому +1

    Бәрімізді де жылатты, керемет сұқбат болды. Еркебұлан мықты актёр. Жарайсың,әрқашан сәттілік серігің болсын. Аман жүр

  • @tursinbubyotkelbaeva7778
    @tursinbubyotkelbaeva7778 Рік тому +26

    Жүректі ақкөңіл адал талантты баламыз ғой Еркебұлан

  • @ГабитЕрмеккалиев

    Мықты Түлға қазақ өнерінің саңлағы нағыз. Өсе бер аға қазақ елі мақтан тұтады сізді!🎉🎉🎉

  • @KIWKENTAI_BALALAR
    @KIWKENTAI_BALALAR Рік тому +7

    Өте күшті интервью прям душевный, қатты ұнайды осы актер ! Мықты ! 👍👍👍👍

  • @НуржамалШапиева

    Еркебұлан мықты актер Қарлығаш ұя салғанда фильміндегі рөлі қатты ұнады содан бері жаксы көрем мына бағдарламаға рахмет күлдік,жыладық талай қызықтың куәсі болдық

  • @CarTinka14
    @CarTinka14 Рік тому +16

    ✊🏼☺️🤗🥹
    Хорошая передача. И посмеялись, и всплакнули.
    Желаю доброго жизненного и творческого пути!

  • @АлияНуртанова-ы5е

    Менің ең сүйікті актёр, Еркебұлан мырза аман болыңыз!Біздің елге сіздей тұлға өте қажет!

  • @zhanatasetova7779
    @zhanatasetova7779 Рік тому +6

    Еркебұланның журналға бірге шығып жүрген сүйкімді келіншегі бар еді , екеуі керемет жарасатын, сол келін бар ма екен, неше балалары бар екен

  • @КазахстанАстана-л1т

    Аллах тіл көзден сақтасын. Жұмысың берекелі болсын. Аман бол. Жақсы Актёр 👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻

  • @РасханЕдигенова

    Керемет Еркебуланга және осындай субхат откизген Аман Тасыганга да рахмет, еңбектерін жаңа берсин!

  • @AruNaz13
    @AruNaz13 Рік тому +7

    Өз анасы қандай сұлу, ажарлы кісі. Мықты азаматты дүниеге алып келген

  • @РаяСейдіш
    @РаяСейдіш Рік тому +3

    Менің риза болып көретін актёрым Алла ұзақ өмір жанұя бақытын берсін Еркебұлан балам әлемдегі барлық жащсылыщты тілеймін Ата Әже Әке Анаң жұбайың барлық бауырларыңның Алладан берілген өз орыны сый құрметі болғаны дұрыс сонда жүрегімізде ауыртпалық болмас көзге жас оңайлықпен келмейді

  • @НургулШалбаева-м5ч
    @НургулШалбаева-м5ч 11 місяців тому +2

    Недеген сұлу әйел. Анасы❤

  • @Karshyga-c4t
    @Karshyga-c4t Рік тому +2

    Анасы өте ажарлы жан екен! Мықты актер ғана емес, нағыз азамат екен! Негізі, Қарасаздың қара домалағы ғой, шіркін әрбір сөзінде, қылығында, қимылында ауылдың иісі аңқып тұр ғой! Әркез жолы ашық боп, биіктен көріне берсін деп тілеймін!

  • @SandiAlmatkyzy
    @SandiAlmatkyzy Рік тому +4

    Соңында жыладым өте күшті бағдарлама екен. Көбірек болсын

  • @МакпалАкпанова
    @МакпалАкпанова Рік тому +3

    Қосылып жылап алдым.Барлығы шынайы.Еш жасандылық жоқ.Шынайы болған сайын жүрекке тез сіңеді.Өте керемет.Бақытты бол қазақтың мықты актер азаматы

  • @СаулеСагынбай
    @СаулеСагынбай Рік тому +3

    Еркебұлан жақсы көретін актерім, Бауыржан Момышұлы киносын сәтті ойнап шықты! Жүрегі кең, жайдарлы азамат екені көрініп тұр! Тек алға, жанұяңмен бақытты ғұмыр кеш!

  • @ГульбадамМусаева

    Жылап алдым ғой бірге😢 ең керемет актёр мен үшін Еркебұлан . Ғұмыр жасыңыз ұзақ болсын.

  • @ЕкатеринаИбраева-к4щ

    Еркебұлан алтыным,өмірінің үзак болсын,нағыз казактын баласы сендей барлығы батыр,және саған ұқсас болсын! Мол бакыт!🤲

  • @kulaizhumagalieva7306
    @kulaizhumagalieva7306 Рік тому +4

    Бағдарламадағы сұрақтар Еркебұланға қатты ,тосын әсер берді .Сезімін шынайы ашты ,толқыды ,көрерменде толқыды .Әлі талай туындылар шығаратынына бек сенімдіміз .Аман болсын

  • @ГулжазираМирзакулова

    Нағыз еркек осындай өр мінезді болу керек қой, жарайсың! Тамаша туындылар күтеміз

  • @Nurzhankozhabay
    @Nurzhankozhabay Рік тому +4

    Аман Тасыған рақмет сізге 🙌🏾 Ерекеңді жақынырақ танып өзіме мотивация алып марқайып отыомын😍💪🏾 Ереке сіз мықтысыз🐺

  • @Қазақтыңқызы-ш5э

    Туған анасына хабарласып мама деп сөйлескені өте әсерлі болды. Жылап отырып 10-15рет қайталап көрдім 😊

  • @БакыткулКенжебекова-з9м

    Тамаша актер! Өте эмоцияға толы бағдарлама болды.

  • @ТарбияДжумашева-р3ъ

    Мыкты актер Ширкин дархан казагымнын салтын ай. Еркебуландай Димаштай немерелерин осирген алтын курсак ажелер коп болсын

  • @АсияЕралина
    @АсияЕралина Рік тому +5

    Керемет актер, мыкты азамат екен, сухбат шынайы, эмоцияга толы болды, рахмет ❤

  • @АсияКарибаева-з7ч

    Өзін мойындатқан мықты актёр.Осындай талантты ұлдарымыздың барына қуанамыз.Халқыңның сүйіктісі болып,еңбек етуден шаршама айналайын

  • @ДанкоДанкобай-н7г

    Нағыз ер азамат, нағыз жігіт осындай болса керек. 👍👍👍

  • @Marsella1821
    @Marsella1821 Рік тому +7

    Еркебұлан аға керемет актерсыз👍Анаңызға ренжімеңіз ❤

  • @aidana_esenhankyzy
    @aidana_esenhankyzy Рік тому +1

    Керемет, сабырлы, қарапайым жақсы адам екен. Менде сіз сияқты ата мен апаның,ананың махабатына малынып өскен баламын. Атам мен апамды сағынып кеттім.

  • @almagulbisahan8964
    @almagulbisahan8964 Рік тому +1

    Еркебұлан Дайыров керемет актер.бүгінгі сұхбат өте әсерлі болды бір күліп бір жыладық.Бақытты бол тек жақсылық тілеймін 😘

  • @ГульшатАлдабергенова-ф9х

    Керемет сұхбат. Көзімізді ісітіп бір жылап алдық.

  • @ГулбануБейсембаева-с4т

    Аман, Сізге көп рахмет! Алла разы болсын Сізге. Өте керемет бағдарлама. Әсіресе Еркебұланды жақынырақ танытқан бағдарлама болды. Бір күліп, бір жыладым.

  • @МарияЖамчитова
    @МарияЖамчитова Рік тому +15

    Еркебұлан мықты актер, өнерде шығармашылық табыстар,өмірде тек сәттілік, жақсылық тілеймін.

  • @ГульбануИбатова-й5в

    Еркебұлан мықты актер Бауыржан батырдың ролін өте жақсы сомдады Дені сау болсын отбасымен аман болсын

  • @МаржанНурболатовна

    Сондай керемет сухбат Еркебулан ауылдасымыз! Аман бол Кеген жактан екенин билгенимде одан да жакын коре бастадым. Анасы оте жаксы адам екен. Сондай жылы сухбат жылап калдым😢. Армандарын орындалсын! Биіктерден корініңіз!🤲

  • @camemi1e
    @camemi1e Рік тому +18

    Талантты актер❤️ Тентектігі бір төбе екен ғой😅 жақын таныдым) Бағдарлама үшін рақмет❤

  • @ЕскалиАбдирешов

    Еркебұлан шынайы əңгіме айттың жолың болып армандарың орындалсын

  • @Nazerketalgatqyzy__
    @Nazerketalgatqyzy__ Рік тому +11

    Мықты актер! Талант! Отбасыңызға амандық тілеймін! 💐Алла ұзақ ғұмыр берсін! 💐

  • @БаянБазарова-з4б

    Еркебұлан бақытты екенсіз,, туған анаңыз әкем , көкем жүрегім деп отыр.. қандай бақыттысыз!!! Ана деген өмірдегі ризасыз жан ғой??

  • @РайкульБесебаевна

    Нағыз қазақ тың ер жігіт батыры.Атақты, даңқты осындай азаматтарға беру керек.

  • @AldanKazylan
    @AldanKazylan Рік тому +1

    Жарайсын Еркебұлан тәнтімін мықты актёр өз жолын таба білген азамат

  • @AruNaz13
    @AruNaz13 Рік тому +1

    Мықты журналист. Керемет бағдарлама.жасай берсін!

  • @ГульмирашИзбасарова

    Керемет сұхбат болды. Бір күндік бір жыладық шынында. Әсерлі. Жарайсың Еркебұлан. Менің ұлым да сіздей болса екен, есімі де Еркебұлан. Сізді қатты жақсы көреміз❤. Тек Алға!

  • @13sektoraktobe04
    @13sektoraktobe04 Рік тому +4

    Үздік бағдарлама болды. Тәрбиелік, батырлық, айтары бар

  • @guldenrahmankul5931
    @guldenrahmankul5931 Рік тому +2

    Керемет бағдарлама болды, рахмет! Бір күліп, бір жылап алдық.

  • @zhanar7577
    @zhanar7577 Рік тому +1

    Мама дегенде аналардың бәрі жылағанын сезіндім. Өзімнің анамның өз ұлын енесінің бауырына салғанын, арадағы бала жүрегіне бәрібір жара салады екен, осы күнге дейін бала жүрегі бәрібір ата-анаға деген ренішін айта алмайды, ана депте еркелей алмайды, арада бір кедергі тұратын сияқты, соны сезінгендей болдым, өз анам мен інімді көргендей болдым, әбден жыладым. Бірақ мама дегенде көңілім орнына түскендей болды. Сол күнді менде күтемін, өз анам мен інімнің бір-бірін түсінісіп, мама де еркелегенін көруді бізгеде нәсіп етсін. Керемет сұхбат болды, жыладықта, күлдікте. Сәттілік тілеймін.

  • @Kaarakoz_
    @Kaarakoz_ Рік тому +4

    Біраз кадрды кесіп тастаған сияқтысыздар . Үзік үзік. Мүмкін эфир уақыты жетпесе ең болмағанда ютубқа сұхбаттың толық нұсқасын салсаңыздар екен. Керемет сұхбат, рахмет.