Қиналған халық қандай шектеу қойылса да кредит алудың амалын тауып жатыр

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 15 кві 2024
  • БІЗДІҢ UA-cam АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Елімізге қарғын судың көп мөлшерде келуіне бірнеше фактор әсер еткен. Мамандардың сөзінше, жауған жауын-шашын салдарынан ылғалданған топырақ аяз түскен кезде жерге қатып қалған. Ал тоң кетіп, топырақ жылыған уақытта су жайылып жан-жаққа тараған. Ал тасқынның алдын алу үшін елімізде осы уақытқа дейін тиісті шаралар жасалған ба? Қай жерден олқылық жіберуіміз мүмкін? Бұл сұрақтарды біз гидролог Әмірхан Кеншімов мырзаға қоймақпыз.
    ---------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бүгінгі шығарылымда:
    НҰРБОЛАТ ЖАҢАБЕКҰЛЫ, тілші:
    - Биыл қарыз алушылардың құқығын қорғауға бағытталған заң жобасы қабылдануы мүмкін. Қазір маңызды құжат сенаттың қарауында жатыр. Міне, осы заңның аясында мерзімі өткен берешегі бар адамға тұтынушылық кредит беруге тыйым салынғалы отыр. Сондай-ақ, несие көлеміне де қатысты шектеулер енгізілмек. Бұдан бөлек, проблемалық қарыздарды коллекторларға сатуға, кредиттен ерікті түрде бас тартуға мүмкіндік ұсынылмақ. Бірақ, бұл өзгерістердің бір парасы - адам құқығын шектеу деді экономист Бауыржан Ысқақов. Айтуынша, банктердің тұтынушылық несиені көптеп беруіне, елдің қарызға батуына бірнеше фактор әсер етеді. Мәселен, ставка жоғары болғандықтан банктер тұтынушылық несие бергенді жөн көреді. Кейде мемлекет өтелмеген несиелерді жабуға көмектеседі. Содан болар, көпшілік кредит қайтарымсыз берілетіндей қабылдайды. Сайып келгенде, осы жайттың барлығы заңмен шектеу салуға әкеп соққан. Алайда, бұл қатаң шара қысқа мерзімді болуға тиіс дейді сарапшы.
    БАУЫРЖАН ЫСҚАҚОВ, экономист:
    - Телефон алған жағдайдың өзінде ол кәсіпке қарай бағытталатын, көлік алған жағдайда ол такси қызметімен немесе сол арқылы бизнесін дамытуға деген сияқты осындай бір адамдарда көзқарас қалыптасу керек. Сонда ғана мына заңның болашақта жаңағыдай қайтадан халықтың ыңғайына қарай өзгеруіне әкеледі. Міне, осындай талаптар орындалмағандықтан банктерге осындай шектеу қою арқылы мемлекет алдағы болатын үлкен әлеуметтік дағдарыстың алдын алып отыр деп ойлаймын.
    Сондай-ақ, қарыз өндірілерде борышкердің жағдайына үңіліп, мүмкіндігінше түсіністік танытқан абзал деді сарапшы. Себебі, ол түрлі қиындықтарға кезігіп, жұмысынан не табысынан айырылуы ықтимал. Яғни, мемлекет тұрақты жұмыспен қамти алмаған болуы мүмкін. Сонымен қатар, қазір табысы қарызын жабудан артылмайтын адам көп. Ал, Жангелді Шымшықов Ұлттық банк ақша-несие саясатын түбегейлі өзгертуі қажет деді. Себебі, орталық банк ұстанған жол экономиканы тежеуші күшке айналған.
    ЖАНГЕЛДІ ШЫМШЫҚОВ, қаржыгер:
    - Заң қабылдағанда Ұлттық банкті міндеттеу керек неге экономикалық өсімді қамтамасыз етуге міндеттеу керек деген заң қабылдасақ мен онда шапалақтар едім. Ал, мынау қабылданған өзгерістері ол + сыртқы пішінін ғана өзгерту. Ал түбегейлі кредиттің саясаты өзгерген жоқ. Сол қалпы қалды. Тағы да қиналған халық бәрібір алады кредитті.
    Сарапшы «базалық ставканы көтеру арқылы инфляцияны таргеттейміз» деу ақылға сыймайтын дүние екенін айтады. Өйткені, ставка қанша жоғары болса да халықтың несие алу көрсеткіші түскен жоқ. Яғни, нарықтағы ақша массасы да азаймады.
    ---------------------------------------------
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

КОМЕНТАРІ • 3

  • @user-eu2lc7rd9o
    @user-eu2lc7rd9o 14 днів тому

    Алаяктар алып коиып тұр, сорлабатыр халық,

  • @user-zi7rt1mz1h
    @user-zi7rt1mz1h 14 днів тому

    Су тасып жатканнын себебі осы кредиттің кесірі. Құранда аят бар кредит өсім ХАрам деген. Басқара сүресі 275 аят

  • @user-bp8ql4no5k
    @user-bp8ql4no5k 13 днів тому

    Әрине несие алады көршісі басқа ағайындар мәшіне алып телефон алып озып бара жатыр. Шамасы жетпесе де несие алып жетіп алады ғой сосын жүреді өмір бойы төлеп