Жездідегі алғашқы мектеп

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 28 сер 2024
  • Ауданымыздағы орта білім беру оқу орындарының ішіндегі шоқтығы биік білім ордасы - №6 Жезді орта мектебі. Мектеп тарихы өлкедегі бірегей өндіріс ошағы - марганец кенішінің шежіресімен тағдырлас. Алғашында бастауыш мектептер желісі қалыптасып, өндіріс орталығы бой көтергеннен кейін орта білім ошағы дамыды. Білім ошағының алғашқы директорлары Құрман Шамбұлов, Оспанбек Тілемісов, Таңатар Уатаев, Сайлан Мұқышевтар білім беру саласының үздік ұйымдастырушылары еді. №6 орта мектепте дәріс берген Бикен Тойшыбекова, Күлайша Тауасарова, Түсіп Жарылғапов, Әлі Құдабаев, Өмірзақ Жанбосынов, Рақым Жолдыбаев, Сара Наурызбаева, Зияш Бірманова, Шайза Есенбаева, Әния Жұмабекова секілді білікті ұстаздарды шәкірттері мақтан етеді.
    Бүгінгі таңда тарихи білім ордасы аудандағы тірек мектептердің бірі. Мұнда кәсіби білікті, заманауи оқу-тәрбие әдістемесін терең меңгерген, болашақ ұрпақ бойына білім мен тәрбиенің сәулесін дарытып жүрген ұлағатты ұстаздар еңбек етеді. Педагогикалық ұжымға жетістіктер тілейміз.

КОМЕНТАРІ • 1

  • @user-oz4mj7nh8j
    @user-oz4mj7nh8j Рік тому

    Ассаламуғалейкум Мұхит бауырымызға рахмет АЛЛА разы болсын бұрынғы мектепті көріп көзайым болдық .Әніңде жақсы сөздері жағымды рахмет