Жезді кеніші: тарих және тағдырлар.Кен басқарамсы кадр бөлімінің инспекторы Аза Кирилловна Колесова.

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 28 сер 2024
  • #Жезді мараганец кенішіне-80 жыл
    #Жезді кеніші:тарих және тағдырлар
    #Қаһарман өндіріс жылнамасы
    Кен басқарамсы кадр бөлімінің инспекторы Аза Кирилловна Колесова.
    1938 жылы Украинаның Кременчуг қаласында дүниеге келген Аза Кирилловна 1955-57 жылдары Днепропетровск қаласында стенографистер курстарын оқып бітірді.
    Музей қорына өткізілген қолжазбада: «1960 жылы Жезқазған қаласына көшіп келдік. «Қазмедьстрой» тресіне қарасты құрылыс басқармасының кадр бөліміне жұмысқа тұрды. 1962 жылы жұмыс бабымен Жезді кентіне көшіп келедік,- деп жазады жұбайы Ж.С. Колесов. Жездідегі құрылыс басқармасы қарамағындағы мекемеде кадр бөлімінің маманы болып еңбек жолын жалғастырған Аза Кирилловна 1965 жылы Жезді аудандық әскери комиссариатына жұмысқа ауыстырылып, 1970 жылға дейін еңбек етті.
    1970 жылдан бастап Жезді кен басқармасының кадр бөліміне жұмысқа келді. Кен басқармасында 1998 жылға дейін еңбек еткен Аза Кирилловна кеніш жұмысы тоқтаған уақытқа дейін тұрақты жұмыс істеді. Кадр бөлімінің қызметі алдымен ұқыптылық пен сауаттылықты талап етеді. Мамандығына шынайы берілгендік пен еңбекке деген құрмет Аза Кирилловнаға тән басты қасиеттер. Ел құрметі мен сыйластығына жеткізген де сол қасиеттері.
    Әкесі Галушевский К.Е. соғыс ардагері, коммунист, партия қызметінде болған. Аза Кирилловна да партия мүшесі, кен басқармасының партия ұйымының бюро мүшесі ретінде әрдайым озат еңбек үлгісін көрсетіп, қоғамдық жұмыста белсенділігімен танылған. «Уралруда» тресінің қарамағында Жезді кен басқармасының кадрларын дайындауға атсалысты. Басқарманың шығармашылық есептерінде әріптестерімен бірге хорда ән орындап, еңбек ұжымының мәдени өміріне де араласты. Үлгілі отбасының анасы А.К.Колесова 2015 жылы Жезді кентінде қайтыс болды.
    Аза Кирилловна музейлік шараларға қатысып, әрдайым өндіріс тарихы жайлы деректермен бөлісіп тұрды. Жезділіктер құрметпен еске алатын А.К. Колесованың музей қорына тапсырған фотодеректері Жезді кен басқармасының 1970-90 жылдардағы тынысынан сыр шертеді.
    Кеніштің 80 жылдығына арналған «Жезді кеніші: тарих және тағдырлар» тақырыптық көрмесінің инсталляцияларының бірі кен басқармасының Кадр бөліміне арналды. Басқарманың кадр және есеп бөлімінде еңбек еткен жезділіктер сол күндердің куәгерлері музейлік көрмені тамашалап, туған ауылының өткенін еске алады.

КОМЕНТАРІ •