Байғанин ауданы 9 миллиард теңгеден астам соманы құрайтын жобаларды жүзеге асыруға дайын

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 19 кві 2022
  • Бұл туралы осы өлкеге барған облыстық мәслихат депутаттарына аудан әкімі Қайрат Отаров баяндады. Айта кетерлігі, әрбірінің жобалық-сметалық құжаттамасы дайын және оған уақыт пен ақша жұмсаудың қажеті жоқ. Жұмыс тобының мүшелері аудан орталығы Қарауылкелді ауылында тұрғындармен кездесу өткізді. Халықты сумен, газбен, интернет байланысымен қамтамасыз ету мәселесі толғандырады. Ауыл іші жолдары, білім беру объектілерін жөндеу және салу, көшелерді жарықтандыру бойынша көптеген мәселе сөз болды. Кейін депутаттар Ноғайты, Жарлы ауылдарына барып, спорт нысандары, ауылдық жолдардың жай-күйі мен мектептердің жабдықталуын көрді. Мұнда шешімін күтіп тұрған мәселелер де бар. Мәселен Қорашы, Қаражар ауылдарына медициналық амбулатория қажет. Ал аудан орталығындағы өрт сөндіру бөлімінің ғимаратында тәуліктік кезекшілікке түсетін қызметкерлердің демалыс бөлмесі жоқ. Сапар соңында депутаттар жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді.
    Сайт: aktobetv.kz
    Instagram: / aqtobetv
    Facebook: / aqtobetv
    VK: aqtobetv
    Twitter: / aqtobetv
    Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз:
    AppStore - itunes.apple.com/kz/app/qazaq...
    Google Play - play.google.com/store/apps/de...

КОМЕНТАРІ •