Петропавлда бір реттік төлем мен өтемақыға өтініш беру басталды

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 15 кві 2024
  • БІЗДІҢ UA-cam АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Еліміздің солтүстігінде тасқынға байланысты ахуал әлі тұрақталған жоқ. Тіпті, синоптиктер қалаға тасқынның екінші толқыны келеді деп болжап отыр. Ал қызыл судан зардап шеккен тұрғындар бір реттік көмек пен өтемақы алу үшін жаппай өтініш бере бастады. Таңнан бері ұзын-сонар кезекте тұрған халық бірнеше орын қарастырылмағанына наразы. Айтуларынша, ішке кіру үшін далада сағаттап тұру керек. Онсыз да баспанасын су басып, қиналған қараша жергілікті билік бізді мазақ қылып отыр ашулы.
    ---------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бүгінгі шығарылымда:
    Петропавлда тасқыннан зардап шеккен тұрғындар мемлекеттен қаржылай көмек алу үшін жиналды. Ала таңнан әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ғимаратының алдында ұзын-сонар кезек. Бірі туысқандарын жағалап, енді бірі пәтер жалдап жүрген жұрт бір күнде жиған- тергенінен айырылып, қаржыдан қысылғандарын айтады.
    ДАРИҒА СМАЙЫЛОВА, ПЕтропавл қаласының тұрғыны:
    - Қалада қанша мектеп бар. Әлеуметтік нысандар толып жатыр. Сол жерде бөліп-бөліп қабылдауға болар еді ғой. Бәрін бір жерге тығып қоймай. Ойлаңыздаршы. Мына жерде үш ауданның тұрғындары бар. Заречный, Ойқала, Былғары зауыт аудандарының тұрғындары бір жерде тұр.
    Шулаған жұрт қаржылай көмектің көлемін білмей дал болған. Айтуларынша, бұған дейін әр үй иесіне 70 мың теңгеден беріледі десе, енді ол сома екі есеге қысқарып қалды дейді. Бұл ақша пәтердің жалдау ақысын төлеп, азық-түлік алуға да жетпейді деп отыр.
    ҚАЙЫРЖАМАЛ АЛЫПСОҚОВА, Заречный ауылының тұрғыны:
    - Біз былтыр ғана бәрін жаңадан алдық. Стиральный машина, техниканың бәрін. Енді МЧС су келе жатыр деді. Біз түк ала алмадық. Осы киіммен ғана кетті. Енді біз жаңа туған бала сияқты болып қалдық.
    Ал әкімдік өкілдері халықты сабырға шақырды. Шенеуніктер өтініштерді бір ай бойы қабылдаймыз деп отыр.
    ӘСЕМ АЙТУЛОВА, Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:
    - Ең бірінші бір реттік әлеуметтік көмек тез арада берілетін болады. Толық қанша күн деп нақты айта алмаймын. Бірақ тез арада бір реттік көмекті алатын болады. Ал жаңағы имущественный залал дейді ғой. Оны кішкене су тоқтағаннан кейін кеткен соң оценка жасап уже төлейді.
    Бүгін Солтүстік Қазақстан облысына президент Қасым-Жомарт Тоқаев келді. Президент су басқан аудандарды тікұшақпен аралап, қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындармен кездесті. Кейін қызыл сумен күреске жұмылдырылған құтқарушылар, сарбаздар мен еріктілерге алғысын білдірді. Айта кетейік, солтүстікте екі мыңнан астам үй қызыл судың астында қалды. Қазір теріскейде жағдай әлі тұрақталған жоқ. Синоптиктер апта соңында тасқынның екінші толқыны Петропавлға келеді деп болжайды.
    ---------------------------------------------
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

КОМЕНТАРІ • 1

  • @user-ld2fd8it2p
    @user-ld2fd8it2p 14 днів тому

    Осылай қинамаудың жолы жоқ па