Лаңкестер тізімінде жүрген ағайынды Қожаниязовтар құзырлы мекемеден моральдық шығын талап етуде

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 13 вер 2016
  • Бірі - «лаңкестер», екіншісі қаза болғандар тізімінде жүрген ақтөбелік ағайынды Қожаниязовтардың шағымы сотта қаралуда.
    Олар облыстық ішкі істер департаменті мен жергілікті басылымдардың бірін сотқа берген еді. 5 маусымда Ақтөбедегі оқиғадан кейін ағайындылар қателікке жол берген құзырлы мекемеден 10 млн теңге моральдық шығын талап етуде.
    Екеуі де өздері туралы ақпаратты әлеуметтік желіден біліп, жергілікті әкімдікке барып, оның анық қанығын нақтылауды сұраған.
    «Екі айдан астам күттік. Әзірге жағдайды түсіндіретін ешкім болмады. Сондықтан сотқа жүгіндік», - дейді ағайынды Қожаниязовтар. Осы оқиғадан кейін олардың 64 жастағы анасының денсаулығы күрт нашарлап, екі көзі көрмей қалған. «Емдету үшін Уфаға апаруым керек. Алайда, күдіктілер тізімінде болғандықтан, бара алмадым», - дейді Самат Қожаниязов.
    Төлеген Молдабеков, ағайынды Қожаниязовтардың адвокаты
    -Енді көп болса, тағы бір отырыс болуы мүмкін. Көп қарайтын ештеңесі жоқ. Қойып отырған талабымыз заңды, орынды деп есептейміз. Ауылда жай жатқан адамдар, малдарын бағып, отбасының қасында. Біреуі мектепте істейді сантехник болып, біреуі вахтада істейді.

КОМЕНТАРІ •