Махамбет ауданында тасжолды су басу қаупі сейілмей тұр

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 14 тра 2024
  • Бейбарыс ауылдық округіне қарасты Талдыкөл ауылы қазіргі уақытта тасқын қауіпі төнген қызыл аймақта тұр.
    Өр суы ауылды толық қоршағандықтан, 13 мамыр күні тұрғындарды алдын ала эвакуациялау басталды.
    15 мамыр күнгі жағдай бойынша, ауылға кірме жол әзірге жарамды.
    Алайда, тас жолды су басу қауіпі сейілмей тұр.
    Бейбарыс ауылдық округінің әкімі Сейілбек Зұлқашевтың айтуынша, қазіргі уақытта 200-ге жуық тұрғын Атырау қаласындағы APEC колледжі базасындағы эвакопунктке орналастырылған.
    "Мұның сыртында жеке көліктерімен Атырау қаласына туыстарының үйіне кеткен тұрғындар да бар. 15 мамырдағы жағдай бойынша, ауылда қазір 300-ге жуық тұрғын қалды. Олардың көпшілігі ер адамдар.
    Ауылда бөгет бойына кезекшілік қойылып, қосымша бөгет нығайту жұмыстарына 30 әскер, 25 ТЖД мамандары, жергілікті атқарушы органдар және ауыл еріктілерін қосқанда 80-ге жуық адам және 9 техника жұмылдырылды" деді
    Бейбарыс ауылдық округінің әкімі Сейілбек Зұлқашев.
    1215 тұрғыны бар Талдыкөл ауылы бойынша, жағалау бойына салынған бөгеттің жалпы ұзындығы 3 шақырымды құрайды.
    📍Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы #махамбет #сутасқыны #жайық #2024 #дамбы #1994 #news #атырау

КОМЕНТАРІ • 1

  • @user-zi5xh2kf2o
    @user-zi5xh2kf2o 21 день тому

    Алла өзі жар болсын.
    Қорыққан түбі қуаныш болсын.
    Халқымызға алла өзі сабыр
    Берсін күш қуат берсін.