Үздік психолог 2024 / Т. Жароков атындағы орта мектебінен үздік психолог қатысушысы

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 2 жов 2024
  • Армысыздар! Білімді ұрпақ еліміздің болашағы ертеңі.Тәуелсіз еліміз қанатын кеңге жайып, ел мәдениеті өркендеген қазіргі заманда тек білімді жастар деп аянбай еңбек етіп жүрген құрметті ұстаздар!
    Мен Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданы білім беру бөлімінің
    «Т. Жароков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп психологы Абдрешева Айдана Сатканбайқызы
    Жасұрпақтың тәрбие ісіне қойылатын жаңа заман талабы ол өз Отанын сүйіп және құрметтейтін , өзара қарым-қатынас жасай білетін, өз-өзін жетілдіру арқылы өмірлік мақсаттарына жете алатын адамгершілік құндылықтарды қастерлейтін, жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қоғам талаптары мен үйлестіре білетін тұлғаны қалыптастыру үшін тәрбие үрдісін ұйымдастыруды кешенді түрде қараудың қажеттілігіне баса назар аудару.
    Кешенді тәрбие процесін ұйымдастыруда оқушылардың жас ерекшелік психологиясын естен шығаруға болмайды. Әр жас кезеңнің өзіндік бірегейлігі мен жұмыстану үрдісі бар. Жасөспірімдермен жұмыстанғанда олардың дағдарыс жасында екенін әр баланың тану кезеңі, өзін қоршаған ортада бекіту кезеңі екенін әр бала бағбаны естен шығармауы керек.
    Жасөспірімдік кезең өтпелі кезең.Жасөспірімнің ішкі сезімі өмірі күрделі қарама-қарсы қайшылықтарға толы.Оның психикасында баланың да, ересек адамның да белгілері бар. Кезінде бұл жөнінде Н.К.Крупская былай деген: «Жартылай баланың, жартылай ересек адамның психологиясы».Жөсөсіпірімнің болмысын , жан дүниесін түсіну үшін оның қалпына ену керек.Жасөспірімнің мінез-құлқында көрініс табатын ауытқушылықтарды дер кезінде байқап, түрлі шаралар (дәрістер, тренингтер, пікір-таластар т.б.) өткізіп,алдын алу шараларын өткізу маңызды. Сондықтан 7-8 сыныптармен жүргізілетін тәрбиелік шаралар жоспарын жасақтауда келесі мәселелерді ескеру керек:
    - жасөспірімнің өзін-өзі тану шараларын;
    - адам өміріндегі қарым-қатынастың маңыздылығын;
    - қақтығыстар және олардың шығу жолдарын;
    - қоршаған орта және ол басқалар көзімен қандай?
    - моральдық қасиеттердің өзектілігі;
    Бұл бағдарламаның ерекшелігі бала - бұл тәрбиелік шараларды өткізуде өзі тікелей қатысушы болып табылады. Олар өз ойларымен сезімдерін айта білу дағдысын қалыптастыратын бейнелеу, шығарма жазу, көрініс жазу т.б. сарамандық жұмыстар.Алғашқы сабақтан- ақ оның ойының, пікірінің , қабілетінің маңыздылығын және көрермен болмайтынын түсіндіруіміз керек.Осыған байланысты 7-8 сыныптарға арналған «Жасөспірім және орта» авторлық бағдарламаны назарларыңызға ұсынамыз.
    Бағдарламаның мақсаты:
    Дағдарыс кезеңінде жасөспірімдердің өзіндік танымына, қоршаған ортамен үйлесімді қарым-қатынасына пәрменді әлеуметтенуіне, жан-жақты дамуына қолдау көрсету.
    Бағдарламаның міндеттері:
    -Әр бала өзінің жекелігін тануға, өзін-өзі бағалауға, тәрбиелеуге, сенімділігін артыруға жағдай жасау;
    -Қарым -қатынас дағдарысын қалыптастыру (өз пікірін айту, талдау, сұрақ беру және оған жауап қайтару, әңгімелесушіге құрметпен қарау т.б. үйрету);
    -Ойларын ашық айтуға, қарым -қатынас тосқауылдарымен күресуге, жауапкершілікті ұғынуға үйрету;
    -Моральдік қасиеттер мен әдептілік туралы, олардың маңыздылығы туралы жан-жақты түсінік бере отырып, әрі өмір сүру ережелеріне тәрбиелеу;
    Бағдарламаның өзектілігі:
    Білім беруде тренингті қолдану арқылы алға қойған мәселелерді шешу, қарым-қатынас, жігерлік, өз-өзіне сенімділік, ойлаудың сыншылдығы, өзін-өзі басқару қабілеттілігі және өзіндік «менін» - дамытуға жағдай жасалады. Сонымен қатар эмоциялық тұрғыдан жекебастың өзін-өзі бақылауы, адам аралық қатынасы, өзін-өзі тануы және тәжірибені тұжырымдап іс жүзінде қолдануы жүзеге асады.
    Күтілетін нәтиже:
    -Әр жасөспірімнің өзіндік дүниетанымы кеңейеді;
    -Қарым-қатынастағы тосқауылдары жойылуына септігін тигізеді;
    -Өмірлік құндылықтарды айыра біледі;
    -Қоршаған орта және жасөспірім қарым-қатынасы дұрыс жолға қойылады;
    -Жасөспірім және оның айналасындағылардың (ата -ана, мұғалімдер, құрдастары т.б.)өзара түсінігі кеңейеді.
    Қорытынды
    Бағдарламамен жұмыстану нәтижесінде дағдарыс кезеңінде жасөспірімдердің өзіндік танымы дамып, жасөспірімдердің бір-бірімен қарым-қатынасы жақсарып, өзіне деген сенімділіктері мен басқа адамға эмпатиямен қарауды меңгеріп, өзінің «Мен » бейнесі жүйесі арқылы өзіндік тануды , қоршаған ортаға мейірімді болуды, өзара сыйластық жасауды, бір-бірін қамқорлауды , ашу-ызаны басқара білуді үйреніп, қоршаған ортамен үйлесімді қарым-қатынасына әлеуметтенді.

КОМЕНТАРІ •