Азия чемпиондары туған жерге оралды

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 17 тра 2024
  • Астана қаласында сәуір айының 27 мен мамыр айының 07 аралығында бокстан 22 жасқа дейінгі жастар арасында Азия чемпионаты өтті. Байрақты додаға 25 елдің жұдырықты жігіттері мен қыздары қатысып, өзара тартысты жекпе-жектер өткізді. Ұлттық құрама сапында Түркістан облысының 5 спортшысы ел намысын қорғап, ғаламат нәтиже тіркеді. Олардың еншісінде 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль бар. Жерлестерімізді Шымкент теміржол вокзалынан спорт саласының мамандары мен туған-туыстары зор құрметпен қарсы алып, сый-құрмет көрсетті.
    Ринг төрінде атой салған жерлестеріміз қатарында 67 келіде шаршы алаңда қарсылас шыдатпаған Төрехан Сабырхан мен 75 келідегі Шұғыла Нәлібай сынды талантты аруымыз алтыннан алқа тақты. Ал 52 келіде Бағжан Отынбай күміске қол жеткізсе, 63 келіде Аружан Жанабаева мен 63,5 келіде қолғап түйістірген Ахмет Үсен қола медальді қанағат етті. Айта кетейік, құрлықтық бәсекеде өзінің шеберлігімен көзге түскен Түркістан облысының спортшысы Төрехан Сабырхан «Үздік боксшы» номинациясын иеленді.
    Өңір мерейін асқақтатқан спортшылар білікті басшы Сейтжан Жанысбаев жетекшілік ететін облыстық №5 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері.
    Барша жүлде салған спортшылар мен жаттықтырушыларды құттықтап, жаңа жетістіктер тілейміз!

КОМЕНТАРІ •