Мангилик мун,бауырга деген сагыныш,орны толмас кайгы.Бауырын жогалткан жан гана тусинер сезим.Агатайым Нурлан агага катты уксайтын,жасы до сол киси шамалас еди.Авторларга,орындаушыларга алгысым шексиз,журектеги мунды доп басып,жанталаскан жан айгайын тура жеткизген шеберлик тек казактын болмысында гана болар дуние гой.
Біз отбасында 5қыз,жалғыз ұл едік.1998 жылы жалғыз ініміз 36 жасында дүниеден озды.Сол кездегі күйімізді еске алсам,1жылдай жылаумен өткіздім, соңғы жылдары да екі апамнан да айырылдық.Бауырларыма деген сағынышты осы өлеңмен жеткізуге болады.Жиі тыңдаймын,авторларға көп рахмет.
Керемет ән! Бауырларым жасарын жасап өмірден озды. Бірақ өзімніңкенже ұлым сүйікті құлыншағым Мұқанымнан 22 жасында көлік апатынан ажал құшты. Орны толмас қаза. Көзімнен жас емес қан ақты. Көз алдымнан бейнесі ешқашан кетпейді, жүрегім қан жылайды. Қайтейін. Өзіммен бірге кететін қайғы. Осы қайта- қайта тыңдаймын жылап отырып . Авторларларға Нұрлан Өнербаевқа мың рахмет.
Бұл әннің тарихы адам жүрегін езіп жібереді екен.Көзімнен жасым мөлтілдеп, жүрегім үзілуге шақ қалдым.Қандай қасіретті жағдай.Бауыры бүтін тұлпар жоқ, қанаты бүтін сұңқар жоқ.!!!Барша қазақтың жігіттері тек аман болыңыздар!!!!Әр қазақ менің жалғызым!!!
Сонда да ақын композиторлар бақыттысыздар ішкі жан жарасын шығара аласыздар.Бізде осы сіздің әніңізбен шерімізді тарқатып аламыз. Алла салды біз көндік. Рахмет сіздерге алланың нұры жаусын сіздерге. Асыл ағатайым артындағы үш қарындасы мен екі інісінің ішіндегі бітеу жарамыз, 21 жыл өтсе де өзегіміз өртенеді. Аллаға шүкіршілік айтамыз.
Ән авторларына тағзым. Бауырым арқа сүйер асқар таудай ағамнан айырылған мен үшін 23 жыл өтсе де шер тарқатар, жүрегімдегі өте ауыр жараны емдейтін ән. Мұндай қайғыны ешкімнің басына бермесін. Мына өмірдің күйбеңімен жүресің, бірақ есіме түссе дем ала алмай қалам, жүрегім тығылып Неге ол ? Деп күйесің
Ассалаумагалейкум барша қазақ ағайындар! Бауырмашыл болайық. Менің бар ағайын бауырларым Құдайға шүкір дін аман! Бірақ олар Семейде өзім Алматыда, Жумысым Алматыда. жылына бірақ рет көрем. Қатты сағынам. Қазақ елім аман болсын!
1995 ж 3 жасар бауырым көз алдымда ыстық шелектегі суға жамбаспен отырып қалған ойын баласымыз, менің жасым 6 да сол кез қанша жылдар өтсе де көз алдымда осы өлеңді сол кезде алғаш тыңдаған кезде 1997 ж қатты жүрегім ауыратын бауырдан айырылу өте қиын екен бұл жалғанда
Бұл әнді бұрында естіп жүргенмін. Бірақ аса мән бере қоймадым. Бауырым қайтқанда осы әнді іздедім 3 жыл өтседе жүрек жарасы әлі сыздайды. Бүгін міне туған күні. 60 жасқа толар еді Алла алдыңнан қорытпасын. Жатқан жерің жұмақ болсын
Мына әнді бірінші естігенде менің жалғыз бауырыма жазған шығар деп өзімді жшбатып егіле жылап ішімді қаиғымды шығарып жеңілдеп қалдым содан бері тыңдап жұрем өнербаевтың аитуында
32жасында 1992жылы ағам қайтыс болған.10 октябрде 28 жыл болады,осы әнді естіген сайын жүрегім ауырады.туғаныңнан айырылған өте қиын .басынан өткедер түсінеді
Осы әнді жүрегіммен тыңдаймын. Құдай сақтасын менің бауырым аман. Бауырымның ғұмыры ұзақ болсын. Бірақ сүйген жігітім қайтыс болған. Әсіресе мына шумақтары жанымның жарасына сәйкес келеді. Бір жүрген күндерді ұмыта алмай, Бір жола өшті ғой ҮМІТ -АРМАН! ЕЛЕҢДЕП жүремін ертелі кеш, Кездесіп қалардай ӨЗІҢ алдан! Жете алмай жығылдың киігіңе, Шыға алмай биігіңе Түсінер бар ма адам дүниеде, Кеудемде қалған бұл күйігіме! Сонша жыл өтсе де жақсы көргенім сондай әлі ҰМЫТА алмаймын! ЖАНЫҢ ЖҰМАҚта шалқысын ЖАНЫМ, БҰЙЫРМАҒАН БАҒЫМ МЕНІҢ!
Мен сізге тәнті болып отырмын қаншама жылдар өтсе де алғашқы махаббатыңызды ,пәк сезіміңізді ұмыта алмай жүрсіз,,Махаббат '' кинода ғана болмайды екен.Алла сізге зор денсаулық ұзақ ғұмыр берсін.Сіз жаны таза адамсыз
Ия,бауырдан айырылу өте қиын.әсіресе жасың ұлғайған шақта бауыр керегірек сияқты.мына әнді қазір естіп,тек мен үшін шығарылған ән сияқты сезініп отырмын
Бауыры бүтін адам жоқ. Бұл əнді бауырынан айырылған адам ғана тыңдайды. Менің де 24 жасында бауырым (сіңілім) дүниеден озды. Қарап отырсам бұл əн шынында да жүрегіңде жиналған өксікті, сағынышты, өкінішті басады. Оның бəрі жоғалып немесе ұмытылып кетпейді, тек созылмалы күйге көшеді.
Қамбарұлы Мақсат ағам , жатқан жерің жайлы болсын жаным ! Әкеміздің артынан кете бардың . Өзекті өртеген өкініш пен сағынышты сөзбен жеткізу мүмкін емес 😭😢. Алтындай едің .
Биыл жазда мен де кенже інімнен айырылдым. Осы ән тек бізге арналғандай. Әсіресе “Анамда айырылды сүйікті ұлдан” деген жері дәл менің анама айтылғандай. Қайта-қайта тыңдаймын да, жылаймын. Жүректің күйіп тұрған жалынын дөп басатын ән, қайтейін
Аттен , Омир ! Шынында ол орны толмас бауырларымызга сагынышты калай гана айтарсын, калай гана токтатарсын кан жылаган журектi ? Шынымен, ол ан кез келген аудиторияга, кез келген жерде орындайтын ан емес. Оны бауыр етi бауырын капыда жогалткан адам гана тусiне алады. Жылдар бойы ошпес кайгысы, муны, зары ... Арине, Олар мангI бiздiн журегiмiзде, бiзбен бiрге . Менiн де бауырымды жогалтканыма жарты гасырдан асса да журегiм езiледi бауырыма деген сагыныштан.
Бұл өлеңді біз от басымызбен тыңдап, іштегі өксігімізді басушы едік. 1996 жылдары, аяқ асты, төрт ұлымыздың екіншісы, кәдімгі газдан уланып өмірден өтті, үйде емес. Сол кезде осы өлең шықты.Балам аты Бауыржан болатын, 20 ғана жаста болатын. Бауырды аңсау--Бауыржанды аңсау, сағыну, - деп тыңдаушы едік. 😪😪
Рахмет, Асеке! Хотя я намного старше Вас, но я обращаюсь так, потому что восхищён научностью, объективностью Вашего доклада. Грамотно и смело! Продолжайте большое и полезное дело. Коп жасаныз, жумысынызда табыс тiлеймiн.
97-ші жылы Алматыда Ғалымдар үйінің залында өткен бір концертте Ержан ағаның өз орындауында естіп, жақынымнан айрылғаныма екі жыл ғана болған менің де қайғым көз жасыммен шығып, қапалы көңілім аз да болса орнына келгендей болған еді. Бәрібір де бастапқы аранжировкасы құлаққа жылы, жүрекке жақын.
Ауылда тұрамыз, сенбі күні, сағат 2 мен 3 тің арасы. Көлігіме мініп моншаға бардым. Ұялы телефон далада ғана ұстайтын еді, 3 минутқа кешіксе кіріп кетер едім моншаға, ағам қоңырау шалды машинаңды әкеп берші көлге шомылып қайтайық дегенбіз балалармен деді, моншаның жанынан бұрылып апарып бердім, сені апарып салайын деп әкеп тастады да, өзі кете барды, моншадан шығып үйге келсем, жанындағы болған жігіт, ағаң көлге секірдіда жоқ боп кетті дейді. Қазір, дұғамда,басқа қолдан келер жоқ, ертелі кеш бәріміз өлімнің дәмін татамыз. Намаз бастадын, жүрекке тыныштықты құраннан таптым. 30 жаста еді. Аллаһ сабыр берсін баршамызға.
Аяулы акконил акжаркын ардакты Ана камкоршым ерекше адал егизимнин сынарындаи болган Бир уяда оскен синилим мерекенин омирден откенине Бир аидан асты каитты дегенге сене алар емеспин о кудирет неге булаи болды кыршын Бир кеткен Бир беине
Иә,халыққа өте ұнайды. Нұрлан Өнербаев керемет орындайды,бауырынан айырылмаған адам жоқ,сондай көңілің құлазыған кезде,жүрегіңдегі азаны азда болса жеңілдетіп алуға көмектеседі, Ержанға Тұманбай ағамызға үлкен алғыс
Нұрлан аға.шыныңды айтшы Сенде пендесің Қазақ радиосында Бір азаматқа.. Қысастық жасадыңба.Неге пенделікке бардың Біз білеміз Спрің өз аузыңнан естігім келді .Нұрлан өз аузыңнан естиік
Мангилик мун,бауырга деген сагыныш,орны толмас кайгы.Бауырын жогалткан жан гана тусинер сезим.Агатайым Нурлан агага катты уксайтын,жасы до сол киси шамалас еди.Авторларга,орындаушыларга алгысым шексиз,журектеги мунды доп басып,жанталаскан жан айгайын тура жеткизген шеберлик тек казактын болмысында гана болар дуние гой.
Біз отбасында 5қыз,жалғыз ұл едік.1998 жылы жалғыз ініміз 36 жасында дүниеден озды.Сол кездегі күйімізді еске алсам,1жылдай жылаумен өткіздім, соңғы жылдары да екі апамнан да айырылдық.Бауырларыма деген сағынышты осы өлеңмен жеткізуге болады.Жиі тыңдаймын,авторларға көп рахмет.
Нурлан Онербаев ен кушти анши ,жасы узак болсын Ержан агамызга да алгыс , агалар аман болыныздар!!!
Осы анди естиген сайын бауырларым есиме тусип ,журегим ауырып коз жасыма ерик берем...оте кыиын жандарым иманды болсын.
Бахыт Беделхан - акын , айткан арбир сози астарлы , терен магыналы , кандай керемет . Тындай бергин келед .
Керемет ән! Бауырларым жасарын жасап өмірден озды. Бірақ өзімніңкенже ұлым сүйікті құлыншағым Мұқанымнан 22 жасында көлік апатынан ажал құшты. Орны толмас қаза. Көзімнен жас емес қан ақты. Көз алдымнан бейнесі ешқашан кетпейді, жүрегім қан жылайды. Қайтейін. Өзіммен бірге кететін қайғы. Осы қайта- қайта тыңдаймын жылап отырып . Авторларларға Нұрлан Өнербаевқа мың рахмет.
Бекқұл атамның жаны жаннатта болсын!
Үлкен рақмет Ержан ағамызға, Тұманбай ағамызға, менде інімнен айырылған едім жол апатынан, жатқан жерлері жарық брлсын😭😭😭😭😭
Бұл әннің тарихы адам жүрегін езіп жібереді екен.Көзімнен жасым мөлтілдеп, жүрегім үзілуге шақ қалдым.Қандай қасіретті жағдай.Бауыры бүтін тұлпар жоқ, қанаты бүтін сұңқар жоқ.!!!Барша қазақтың жігіттері тек аман болыңыздар!!!!Әр қазақ менің жалғызым!!!
козине ериксиз.жас келеди бауырдын орнын ешким баса алмайды
Сонда да ақын композиторлар бақыттысыздар ішкі жан жарасын шығара аласыздар.Бізде осы сіздің әніңізбен шерімізді тарқатып аламыз. Алла салды біз көндік. Рахмет сіздерге алланың нұры жаусын сіздерге. Асыл ағатайым артындағы үш қарындасы мен екі інісінің ішіндегі бітеу жарамыз, 21 жыл өтсе де өзегіміз өртенеді. Аллаға шүкіршілік айтамыз.
Әнді тыңдаған сайын жылаймын бауырларымды сағынам
Үлкен рақмет Ержан мен Нұрлан ағаларға аман болсын балашағсының қызығын көрсін 👍✊️
Меніңде періште бауырларым аппақ көкем жандарың жанаттық болсын!Өмірлік сағынышым ойласам жылап алам бауырларымды😞😞😞
Ән авторларына тағзым. Бауырым арқа сүйер асқар таудай ағамнан айырылған мен үшін 23 жыл өтсе де шер тарқатар, жүрегімдегі өте ауыр жараны емдейтін ән. Мұндай қайғыны ешкімнің басына бермесін. Мына өмірдің күйбеңімен жүресің, бірақ есіме түссе дем ала алмай қалам, жүрегім тығылып Неге ол ? Деп күйесің
Ассалаумагалейкум барша қазақ ағайындар! Бауырмашыл болайық.
Менің бар ағайын бауырларым Құдайға шүкір дін аман!
Бірақ олар Семейде өзім Алматыда, Жумысым Алматыда. жылына бірақ рет көрем. Қатты сағынам.
Қазақ елім аман болсын!
Мен де оңашада осы әнді тыңдап,жылап аламын.Бауырымның орны ойсырайып тұр.
1995 ж 3 жасар бауырым көз алдымда ыстық шелектегі суға жамбаспен отырып қалған ойын баласымыз, менің жасым 6 да сол кез қанша жылдар өтсе де көз алдымда осы өлеңді сол кезде алғаш тыңдаған кезде 1997 ж қатты жүрегім ауыратын бауырдан айырылу өте қиын екен бұл жалғанда
Ия бауырдан айрылу ең үлкен қасіреттің бири..
Ержан бауырмал нагыз ер Азамат.
Керемет туынды!!!
Менің де осы ән ағатайымды еске салады, тыңдасам ішкі жайкүйімді сыртқа шығарғандай жеңілдеп қаламын. Дәл менің бауырыма арналғандай!
Айналайын ризамын
Козиме жас келд жаткан жери жарык болсын агамыыздын
ЖАН БАУЫРЫМ БАУКАМ КЕНЕТТЕН ӨМІРДЕН ОЗДЫ. БАУЫРЫМНЫҢ ЖАРҚЫН ЖҮЗІН КӨРМЕГЕЛІ ЖЕТІ ЖЫЛ БОЛЫПТЫ. БАЛАПАНЫМ ИМАНДЫ БОЛ, ЖАНЫН ЖАННАТТА БОЛСЫН. СЕНІҢ ЖАРҚЫН ЖҮЗІІНДІ САҒЫНДЫМ ҚҰЛЫНЫМ.
Бұл әнді бұрында естіп жүргенмін. Бірақ аса мән бере қоймадым. Бауырым қайтқанда осы әнді іздедім 3 жыл өтседе жүрек жарасы әлі сыздайды. Бүгін міне туған күні. 60 жасқа толар еді Алла алдыңнан қорытпасын. Жатқан жерің жұмақ болсын
Мына әнді бірінші естігенде менің жалғыз бауырыма жазған шығар деп өзімді жшбатып егіле жылап ішімді қаиғымды шығарып жеңілдеп қалдым содан бері тыңдап жұрем өнербаевтың аитуында
Сол бауырыма 25 жыл болды шитеи балалар ер жетті оқыды үиленді мен жалғыз қалдым ғои енді маған балалар туыс болды тауба аллаға мыңда бір
32жасында 1992жылы ағам қайтыс болған.10 октябрде 28 жыл болады,осы әнді естіген сайын жүрегім ауырады.туғаныңнан айырылған өте қиын .басынан өткедер түсінеді
Осындай передачалар көп болса екен
Бауырларымыз аман болсын
Осы әнді жүрегіммен тыңдаймын. Құдай сақтасын менің бауырым аман. Бауырымның ғұмыры ұзақ болсын. Бірақ сүйген жігітім қайтыс болған. Әсіресе мына шумақтары жанымның жарасына сәйкес келеді.
Бір жүрген күндерді ұмыта алмай,
Бір жола өшті ғой ҮМІТ -АРМАН!
ЕЛЕҢДЕП жүремін ертелі кеш,
Кездесіп қалардай ӨЗІҢ алдан!
Жете алмай жығылдың киігіңе,
Шыға алмай биігіңе
Түсінер бар ма адам дүниеде,
Кеудемде қалған бұл күйігіме!
Сонша жыл өтсе де жақсы көргенім сондай әлі ҰМЫТА алмаймын! ЖАНЫҢ ЖҰМАҚта шалқысын ЖАНЫМ, БҰЙЫРМАҒАН БАҒЫМ МЕНІҢ!
Мен сізге тәнті болып отырмын қаншама жылдар өтсе де алғашқы махаббатыңызды ,пәк сезіміңізді ұмыта алмай жүрсіз,,Махаббат '' кинода ғана болмайды екен.Алла сізге зор денсаулық ұзақ ғұмыр берсін.Сіз жаны таза адамсыз
Махаббат шын сүйу деген бар екенау омирде, сенбейтинмин, сизге аллам қуат берсин
Шын жүректен шыққан әуен. Жан мұңын жеті қыл арқылы жеткізу, оны Тұманбай ағамыз қолдап есті ән қалдырған. Бүткіл халықтың жүрегіне жеткізді.
Әннің әр сөзі-бауырын жоғалтқан адамның жан айқайы, қайғысы... ағашым да кенеттен қоштаспай кете барды, сағынғанда тыңдап, көзім жасқа толады😢...
Ержан нурлан агаларымыз аман болыныз менин откен кантар кыргынында жалгыз баурымды жауыз уртазылар жазыксыз атып олтирди
Мәңгілік мұңның музыкасы... Әкемді сағындым...
Ия,бауырдан айырылу өте қиын.әсіресе жасың ұлғайған шақта бауыр керегірек сияқты.мына әнді қазір естіп,тек мен үшін шығарылған ән сияқты сезініп отырмын
Жақсы ән
Бауыры бүтін адам жоқ. Бұл əнді бауырынан айырылған адам ғана тыңдайды. Менің де 24 жасында бауырым (сіңілім) дүниеден озды. Қарап отырсам бұл əн шынында да жүрегіңде жиналған өксікті, сағынышты, өкінішті басады. Оның бəрі жоғалып немесе ұмытылып кетпейді, тек созылмалы күйге көшеді.
Осы әнді менде жақсы көрем. Бауырымды еске алам😞
Ширкин ай бауырым айййй,,
Қамбарұлы Мақсат ағам , жатқан жерің жайлы болсын жаным ! Әкеміздің артынан кете бардың . Өзекті өртеген өкініш пен сағынышты сөзбен жеткізу мүмкін емес 😭😢. Алтындай едің .
Биыл жазда мен де кенже інімнен айырылдым. Осы ән тек бізге арналғандай. Әсіресе “Анамда айырылды сүйікті ұлдан” деген жері дәл менің анама айтылғандай. Қайта-қайта тыңдаймын да, жылаймын. Жүректің күйіп тұрған жалынын дөп басатын ән, қайтейін
Аттен , Омир !
Шынында ол орны толмас бауырларымызга сагынышты калай гана айтарсын, калай гана токтатарсын кан жылаган журектi ? Шынымен, ол ан кез келген аудиторияга, кез келген жерде орындайтын ан емес. Оны бауыр етi бауырын капыда жогалткан адам гана тусiне алады. Жылдар бойы ошпес кайгысы, муны, зары ...
Арине, Олар мангI бiздiн журегiмiзде, бiзбен бiрге .
Менiн де бауырымды жогалтканыма жарты гасырдан асса да журегiм езiледi бауырыма деген сагыныштан.
Керемет
Адамға аға қайта бұйырмайды, ал іні бұйырады ағаларымыз аман болсын
Асылбек Құрбанов ДӘЛ СОЛАЙ!!!(((
Каямды жепсин. Туган бауырын барма сенин? Корермин оны жогалтсан. Бауырдын улкени, кишиси болсын арбиринин орны болек.
Бұл өлеңді біз от басымызбен тыңдап, іштегі өксігімізді басушы едік. 1996 жылдары, аяқ асты, төрт ұлымыздың екіншісы, кәдімгі газдан уланып өмірден өтті, үйде емес. Сол кезде осы өлең шықты.Балам аты Бауыржан болатын, 20 ғана жаста болатын. Бауырды аңсау--Бауыржанды аңсау, сағыну, - деп тыңдаушы едік. 😪😪
Бауырды жоғалту қиын менде бұл әнді өзіме арналғандай тыңдайтынмын
Бауырым Ғани (Аганек, Гадёк, Ганёк) 30 жасында дүниеден өтті. 13 жылға кетті. Қатты сағынамын. Бауырды сағыну, аңсау деген, адам басына бермесін.
Менің де үш бауырым қайтыс болған, осы ән соларды есіме түсіріп отырады.
45 жаста қайтыс болған бауырым ойыма түсіп бір жылап алдым
Рахмет, Асеке! Хотя я намного старше Вас, но я обращаюсь так, потому что восхищён научностью, объективностью Вашего доклада. Грамотно и смело! Продолжайте большое и полезное дело. Коп жасаныз, жумысынызда табыс тiлеймiн.
97-ші жылы Алматыда Ғалымдар үйінің залында өткен бір концертте Ержан ағаның өз орындауында естіп, жақынымнан айрылғаныма екі жыл ғана болған менің де қайғым көз жасыммен шығып, қапалы көңілім аз да болса орнына келгендей болған еді.
Бәрібір де бастапқы аранжировкасы құлаққа жылы, жүрекке жақын.
Өмір өмір өмірай өтесің де қаласың
Ия,бәрімізде жанымызды жұбатар, сағынышты басу, әні деп қабылдаймыз...Екі бірдей бауырымыздан айырылдым.Соларды сағынғанда осы әнді іздеймін...
Жаксы ан
Жүректі ауыртатын ән
БАУЫРГА ДЕГЕН САГЫНЫШТЫ ОТЕ МАГЫНАСЫНА КЕЛТИРГЕН БАУЫРЫН САГЫНГАНДА БИР ЖЫЛАП АЛАСЫН
Ауылда тұрамыз, сенбі күні, сағат 2 мен 3 тің арасы. Көлігіме мініп моншаға бардым. Ұялы телефон далада ғана ұстайтын еді, 3 минутқа кешіксе кіріп кетер едім моншаға, ағам қоңырау шалды машинаңды әкеп берші көлге шомылып қайтайық дегенбіз балалармен деді, моншаның жанынан бұрылып апарып бердім, сені апарып салайын деп әкеп тастады да, өзі кете барды, моншадан шығып үйге келсем, жанындағы болған жігіт, ағаң көлге секірдіда жоқ боп кетті дейді. Қазір, дұғамда,басқа қолдан келер жоқ, ертелі кеш бәріміз өлімнің дәмін татамыз. Намаз бастадын, жүрекке тыныштықты құраннан таптым. 30 жаста еді. Аллаһ сабыр берсін баршамызға.
Аяулы акконил акжаркын ардакты Ана камкоршым ерекше адал егизимнин сынарындаи болган Бир уяда оскен синилим мерекенин омирден откенине Бир аидан асты каитты дегенге сене алар емеспин о кудирет неге булаи болды кыршын Бир кеткен Бир беине
Иә,халыққа өте ұнайды. Нұрлан Өнербаев керемет орындайды,бауырынан айырылмаған адам жоқ,сондай көңілің құлазыған кезде,жүрегіңдегі азаны азда болса жеңілдетіп алуға көмектеседі, Ержанға Тұманбай ағамызға үлкен алғыс
Қайран ағаларымай😥😥😥
🌺🌷🌹🌸🌺🌷🌹👍🏻🥲
Бұл ән сөзін жазған ақынын оны халыққа жеткізген әншісін тапқан екен. Қанша жүректен шыққан ән жүректерге де жетеді.
Керемет ән
Асыл ағаларым ай.Қадір аға. Сабырхан аға Асылбек аға Төлегег аға .Сіздерді шынымен сағынышпен еске аламын. Мың жасаң
Әннің құдіреті деген осы шығар. Еріксіз көзге жас келеді.
Bio bioбауырларымыз аман жүрсе екен
Жалғғыз бауырдан айырылдым.Жанымды қоярға жер таппаған кездер болдыУақыт емші
Иә,2 інімнен,өздері 6 қыздың ішінде 1-уі 21 жасында, 2-сі -36жасында кетті,😭қиын,әйтеуір артында ұрпақ қалды,биыл мартта 2020 әкеміз де кетті, жандары жаннатта болсын 🤲 болсын
Нұрлан аға.шыныңды айтшы Сенде пендесің Қазақ радиосында Бір азаматқа.. Қысастық жасадыңба.Неге пенделікке бардың Біз білеміз Спрің өз аузыңнан естігім келді
.Нұрлан өз аузыңнан естиік
Не деп отырсыз,қайдағы Гұрлан
Йч2э