Мектептегі шағын видеостудия... 20.02.2020

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 18 лют 2020
  • Жалпы мектептерде видео студия ашу оншалықты қиын болмағанмен біраз қаражатты талап етеді. Дегенмен біз қаржыны барынша үнемдеп біраз дүниелерді қолдан жасап құрастырдық.
    Арнайы кабинет болса жақсы, болмаса арнайы жиыстыратын құрылғы түрінде жасаған абзал. Қазір сіздер көріп отырған құрылғылардың барлығы жиналмалы.
    Қажетті дүниенің бірі жарық құрылғылары. Ол жарықтандыру және видеоның сапалы түрде түсуіне қажет. Қазіргі жағдайда бізде 5 прожектор қызмет атқарып тұр. Оның екеуі артқы экранды жарықтандырса қалған үшеуі мені жарықтандыруға қызмет атқарып тұр.
    Келесі қажетті дүние ол - жасыл экран. Оны видео өңдеушілер хромакей немесе арт жақтағы фонды алып тастау үшін қолданады. Жасыл экран пайдаланылатыны біз күнделікті өмірде жасыл түсті сирек пайдаланамыз. Кейде көк түсті де пайдалануға болады. Менің артымда тұрған жасыл экран хромакей жасау үшін арнайы жасалған бұл емес. Базардан сатып алған қарапайым жасыл түсті бұл. Бұл бұл жарықты жұтатын мақта бұл болса тіпті жақсы. Жасыл экранның орнына қабырғаны арнайы осы хромакейге арналған бояумен бояуға, немесе жасыл түсті қағаздарды жапсырып та қолдануға болады.
    Келесі жақсы құрылғылардың бірі - қазір менің сіздердің алдарыңызда мүдірмей сөйлеп тұрған құрылғы телесуфлердің арқасы. Телесуфлер мәселесін қалай шештік? Интернеттен қарап отырсаңыздар қарапайым телесуфлердің бағасы 21 000 теңгеден басталады. Қазір алдарыңызда мен оқып тұрған телесуфлер пластмасс пластинкалардан кесіліп алынып ыстық желіммен жабыстырылған. Беткі әйнегі кәдімгі грамоталардың бетінде тұратын жұқа әйнек. Қалың әйнек келмейді, өйткені жазу қосарланып кетеді. Оның ішін жарық жұтатын қара бұлмен қаптап шықтым. Пластмастан жасалған телесуфлердің ішіне 45 градуспен әйнекті орналастырдым. Жасалуы әркімнің фантазиясы мен жұмыс барысында кездескен проблемаларға байланысты. Мысалы мынау жасап отырған екінші телесуфлерім. Біріншісінде біраз жетпейтін жақтары болған соң қайта жетілдіріп жасауға тура келді. Телесуфлердің программалары плей маркетте толып тұр. Көшіріп алып мәтінді қой да сөйлей бер. Қалта телефонын, планшет қолдануға болады. Мәтін жылдамдығын, оның үлкендігін өзіңіз таңдайсыз. Қазір сіздердің алдарыңызда жақсы сөйлеп тұрғаным телесуфлердің жақсы жасалғанының белгісі.
    Өкінішке орай видео камера алуға шамам келмеді, сондықтан оны да қолдан жасап смартфонның көмегімен түсіріп жүрмін
    Келесі видеоны монтаждау мәселесі. Ол үшін видео монтаждайтын программада хромакей эффектісін қолдайтын функциясы болса жеткілікті. Қалғаны сіздің ептілігіңіз бен монтаждау шеберлігіңіз, өзіңіздің қиялыңызға байланысты болады.
    Жалпы мектеп жағдайында әртүрлі бағдарламалар, видео сабақтар жасауға мүмкіндік зор. Тек уақыт тапсаңыз болғаны. Видеоны кесіп жөндеп бір-бірімен үйлестіру де оңай шаруа емес, дегенмен талпынсаңыз бәрін де жасауға болады.
    Тағы бір қысқаша айта кететін жағдай, видеоға ән тректерін қойғанда абай болыңыз. Авторлық құқық деп шығармай қоюы мүмкін. Сондықтан мен көбіне ютубтың тегін ұсынған тректерін пайдаланамын.

КОМЕНТАРІ •