Жайық өзенінің жағдайы көңіл көншітпей отыр

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 29 бер 2021
  • Көктем басталса, балық аулау маусымы да бірден қызатынын білеміз.
    Мәселен, Жайық-Каспий бассейнінде дәстүрлі көктемгі қарбалас басталды.
    Атырау балықшылары былтыр бөлінген лимит бойынша айдыннан 13 мың тонна су маржанын теруге тиіс еді. Осы меженің күзде тек 5 мың тоннасы игеріліпті. Ал кәсіптің табыссыз болуы өзендердегі судың аздығына қатысты.
    Бұл - балықшы қауымның ортақ пікірі. Әсіресе Жайық өзені жыл санап тартылып барады. Осыдан үш жыл бұрын басталған өзен түбін тереңдету жобасынан жақсылық күткен. Бірақ жүйесіз атқарылып жатқан жұмыстар көптің көңілінен шықпай тұр.
    Атырау облысының орталығы мен 3 ауданды және жүздеген шаруашылықты тіршілік нәрімен қамтып отырған Жайық өзенінің жағдайы жыл санап нашарлап барады. 2018 жылы Үкіметтің қолдауымен арнайы жоба жасақталып, Жайық, Қиғаш өзендерінің түбін тереңдету жұмыстары басталған. Құжат жүзінде жүздеген шақырым қазылып та қойыпты. «Бірақ осы жобаның олқы тұстары көп», - дейді балықшылар.
    Санат Тілепбергенов, Қазақстан балықшылар қауымдастығының өкілі:
    - «Теңіздің үстінде экскаватормен қазады» дегенді ойыма сыйғыза алмаймын. Бұл болмайтын зат. Тереңдету жұмыстарында жер снаряды болды. Сол жер снарядтары жақсы жұмыс атқарған, әйтпесе қазған топырақтарын 1 км жерге дейін ұзын құбырлармен алыстатып тастайтын еді. Ал экскаватор алған жерлерін әрі кетсе 3 метр жерге тастайды. Ол кейін қайта көміліп қалады. Оның пайдасы жоқ. Текке кетіп жатқан ақша деп есептеймін.
    Каспий теңізінде балық қоры әлі де мол. Тек олар өзендер таяздап қалғандықтан еркін өрістей алмайды. Тереңдетілген аумақтан балықшылар 11 мың тонна су маржанын терген кездер де болған. Ал былтырғы түсім 5 мың тоннамен шектелді. Себебі арналар қайтадан құмығып қалған.
    Артур Сәдібекұлы, облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы:
    - Биылға тағы Жайықта 50 шақырым, Қиғашта 230 шақырымға жуық түп тереңдету жұмыстарына жобалық-сметалық құжат дайындалды. Атырау облыстық әкімдігімен бұл жұмыс алға қарай да жалғасын табады деп ойлаймыз. Қазіргі таңда республикалық бюджеттен қаржы бөлу мәселесі қарастырылуда.
    Көктемгі балық аулау маусымына 4500 адам жұмылдырылды. Олар наурыздан мамыр айының аяғына дейін айдын кешіп, несібесін термек. Әзір өр суы жетпегендіктен Жайық тыныш, ағыс жоқ. Сол себепті балық та аз.
    Арыстанбек Кенже, тілші:
    - Осыдан 30 жылдай бұрын Жайық өзеніне 9 млрд текше метр су жиналады екен. Қазір трансшекаралық өзендегі су көлемі 3 есеге төмендеп кеткен. Оның басты себебі Ресейден келетін су көлемі күрт азайды. Екіншіден, қазір Атырау облысындағы өнеркәсіптер мен ауыл шаруашылық құрылымдары жылына 25 млн текше метр су тұтынады. Бұл - онсыз да тынысы тарылып бара жатқан өзенге үлкен жүк екені даусыз. Қосымша соңғы 3 жыл бойы жалғасқан құрғақшылық өзектерді құрғатып, Жайықты мүлде тұралатып тастады.
    Биыл Жайық өзенін суландыруға арналған Ресеймен бірлескен еларалық жоба жасақталып, жұмыс басталмақ. Бірақ оның нәтижесі қашан және қалай боларын болжау қиын.
    Авторлары: Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев
    КАНАЛҒА ТІРКЕЛ / ПОДПИШИСЬ НА КАНАЛ: ua-cam.com/users/KhabarNEWS?...
    АРНАМЫЗДЫҢ ҮЗДІК ЖОБАЛАРЫ / ТОПОВЫЕ ПРОЕКТЫ КАНАЛА:
    Отдел журналистских расследований
    • Отдел журналистских ра...
    «Бүгін» ток-шоуы
    • «Бүгін» ток-шоуы
    «Khabarlas»
    • «Khabarlas»
    #ҚоғамХабар #ХабарЖаңалықтар #ХабарNEWS

КОМЕНТАРІ • 13

  • @user-cl5kg3vz6o
    @user-cl5kg3vz6o Рік тому

    БҰНЫҢ БӘРІ АЛЛА ТАҒАЛА ДАН КЕЛГЕН ЕСКЕРТУЛЕР !!!
    АЛЛА ТАҒАЛА НЫҢ БЕРІП ҚОЙҒАН БАЙЛЫҒЫН ДҰРЫС ЖОЛМЕН ПАЙДАЛАНБАҒАНЫМЫЗ!!!
    "ТАБИҒАТТЫ АЯЛАУ ХАЛЫҚ ДАНАЛЫҒЫ"
    БАРЫМЫЗДЫ БАҒАЛАЙЫҚ ХАЛЫҚҚЫМ 🤲🐟❤️
    СОНДА ҒАНА АЛЛА ТАҒАЛА ҮИІП ТӨГІП БЕРЕДІ ОҒАН КҮМӘНІҢ БОЛМАСЫН ҚАЗАҚ ЕЛІ ✊🤲
    АЛЛА ТАҒАЛА ЖАР БОЛСЫН СІЗДЕРГЕ ҚАЗАҚ ЕЛІ 🤲🤲🤲

  • @user-pn5vt5jc2v
    @user-pn5vt5jc2v Місяць тому

    Агамыз оте дурыс айтып тур акиматтан жылда арлеу гулдерине акша болинедигой сондай секилди соны плпстикалык гулмен арлесе 10 болмаса 20 жылга кетекер еди акша жеудин усылы деп ойлайм

  • @user-dj6rv3vw4c
    @user-dj6rv3vw4c 2 роки тому

    Бир еки жылга балык аулауды догару керек,сондан кейин балык тукымы кобейген сон аулауга болмайма.

  • @user-vr3sq8xu1l
    @user-vr3sq8xu1l 22 дні тому

    Енді не айтасыңдар алла бір ақ шешті бар мәселені

  • @user-wd2iq1kb2y
    @user-wd2iq1kb2y 4 місяці тому

    Жайыкта, Кердері руы барма? Мен Ташкенте турамын. ( Кердерімін )

  • @user-lw3cv4wz1c
    @user-lw3cv4wz1c 3 роки тому +1

    Жогарыдан мол су коры келмей казу жумыстары комектеседи дегенги сена киын. Бул да бир жаналык болып тур, агынды суды эксковатормен казады деген.

  • @user-hh1xn7yj3n
    @user-hh1xn7yj3n 3 роки тому

    Балықтың азаю себебі икра шашатын уақытта жайықтың сағасында балық аулауды тоқтату керек қой шенеуліктер өінің командасын балық аулатты икра шашатын уақытта бар пәле содан

  • @user-xx4xe6tb5d
    @user-xx4xe6tb5d 3 роки тому +1

    сансыз мол болғай

  • @atyrau5216
    @atyrau5216 2 роки тому +1

    Ресейге неңізі орал тауын бекер бердік бермесек жайык үлкен болып каспи тартылмаушы еді

  • @user-oq6lt5rg8d
    @user-oq6lt5rg8d 2 роки тому

    Сырдарияда су азайып кеткен

  • @user-td5zv5hx3w
    @user-td5zv5hx3w 3 роки тому

    Жайық өзені де жоғалады алдағы уақытта.

  • @user-wd2iq1kb2y
    @user-wd2iq1kb2y 4 місяці тому

    Жайыкта, Кердері руы барма? Мен Ташкенте турамын. ( Кердерімін )