Cәнім-Бесік жыры..

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 1 гру 2024
  • Мамық төсек салайын,
    Құшағыма алайын.
    Қозым менің ұйықтасын,
    Арқасынан қағайын.
    Бөпем менің қалғыды,
    Тербеп оны ән-жыры,
    Бота,қозы,құлыншақ.
    Ұйықтап қалды барлығы.
    Ай арбамен жетіпті,
    Күн ұйқыға кетіпті.
    Жұлдыз кіріп кетер деп,
    Қақпаларын бекітті.
    Ормандар да қалғыды,
    Қорғандар да қалғыды.
    Сен де ұйықтап қала ғой,
    Анасының жан нұры!
    Күнім ұйықтап қалыпты,
    Ертек-елге барыпты,
    Ол түсінде ғажайып
    Алтын алқа тағыпты.

КОМЕНТАРІ •