ОҚО мәдени күндері аясында Ұлттық мұражайда «Шырайлы Оңтүстік шежіресі» атты көрме өтті.

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 16 жов 2016
  • ОҚО мәдени күндері аясында Ұлттық мұражайда «Шырайлы Оңтүстік шежіресі» атты көрме өтті.
    Бейнелеу өнері музейінің құнды жәдігерлерінен жасақталған көрмеде облыс суретшілері мен қолөнер шеберлерінің шығармашылықтары таныстырылды. Хандық дәуірден бастау алып, тарихымыздағы маңызды оқиғалардан сыр шертетін туындылар қойылды. 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліс, Ұлы Отан соғысы, өндірістік даму, ауыл шаруашылығы еңбеккерлері бейнеленген картиналар, графика және гобелендер авторлық идеяның тереңдігімен ерекшеленді. Сондай-ақ оңтүстіктен шыққан белгілі қылқалам шеберлері М. Борисовтың «Шымкент химфарм заводы», Г. Пономаренконың «Индустрия», «Цемзавод», А. Исмайловтың «Жас шопандар» атты жұмыстары Оңтүстік Қазақстанның өндірістік кезеңдерін көрсетеді.

КОМЕНТАРІ •