Сапырылысқан жұрт. Улап-шулаған бала: атыраулықтар қаладан жаппай кетіп жатыр

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 10 кві 2024
  • БІЗДІҢ UA-cam АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Атырауда әуе мен теміржол билеттеріне сұраныс күрт артты. Өйткені тасқынға байланысты жұрт басқа аймақтарға жаппай кетіп жатыр. Әсіресе, теміржол вокзалында билет іздеп жүрген халықтың қарасы қалың. Дені Ақтөбе, Маңғыстау және Алматы қаласына жол тартқан. Ал аймақта ахуал әлі де тұрақсыз. Бүгін Жайық өзенінің деңгейі 21 сантиметрге дейін көтерілген. Жергілікті билік тасқын судың алдын алу үшін дайындық жұмыстарын күшейттік, дүрбелең туғызуға негіз жоқ дейді.
    ---------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бүгінгі шығарылымда:
    Сапырылысқан жұрт. Иін тірескен кезек. Улап-шулаған бала. Атыраудағы теміржол вокзалында бірнеше күннен бері осындай қарбалас. Қалаға тасқын қаупі төнген соң қараша басқа қалаларға жаппай кетіп жатыр. Әсіресе, Ақтөбе, Ақтау мен Алматы бағытындағы пойыздарға билет жоқ. Құлсарыдағы ахуалды көрген қараша сақтанғанды сақтайды деп отыр.
    Тіпті, көбі өзге өңірлерден алдын ала пәтер жалдап, жұмыс та тауып қойғандарын айтады.
    БЕКБОЛАТ ӘЛІМҚҰЛ, Атырау қаласының тұрғыны:
    - Қазіргі таңда Ақтауға жолға шығайын деп отырмыз. Пәтер жалдаймыз, ешкім жоқ онда. Күйбең тіршілік қой. Пәтер жалдап қойдық, қарастырып. Билет құны ұшаққа қымбат, қазір Ақтауға билет жоқ. Бір апта бұрын алып алдық біздер. Біреу орнын өткізген, соны ұстап алып қалдым.
    ЖАНАРГҮЛ ТҰРЛЫҚҰЛОВА, Атырау қаласының тұрғыны:
    - Тасқынға байланысты бұйырса жетіп алсақ. Ақтөбеге жетемін, сосын Алматыға кетемін. Ел аман, жұрт тыныш болсын. Бала-шағамыз барлығымыз кетіп жатырмыз. Бүкіл дүниені барлығын чемоданға салдық. Заттарды су тимейтін жерге қойдық.
    Билетке сұраныс күрт артқан соң Ақтөбе, Маңғыстау облыстары мен Алматы бағытында жүретін пойыздарға қосымша 11 вагон қосылған екен. Ал билет құны қымбаттаған жоқ дейді теміржол вокзалының басшысы.
    АЙГҮЛ САЙЫН, Атырау теміржол вокзалының басшысы:
    - Қазір уақытта билеттер сатылып жатыр. Жолаушылар діттеген жеріне кетіп жатыр. Еш қиындық жоқ. Қазір спрос көп болған соң қосымша вагондар қосылды. Қазіргі күні Құлсарыға да кетіп жатыр. Біздің 5 вагонымыз.
    "Хиуаз Доспанова" атындағы Атырау халықаралық әуежайында да жолаушылар саны көбейіп, әуе билеттерін табу қиындаған. Ал шенеуніктер алаңдауға еш негіз жоқ дейді. Сондықтан халық арасында дүрбелең тудырып, жалған ақпаратқа сенбеуге шақырады. Қазір барлық қауіпті аумақтар анықталып, тасқынның алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.
    ЖАСҰЛАН БИСЕМБИЕВ, Атырау облысы әкімінің орынбасары:
    - Өткен тәулікте Жайық өзеніндегі гидропосттар 21 см көтерілгені байқалып жатыр. Сонымен қатар Жайықтың үстіндегі гидропосттар су деңгейінің өсіп келе жатқаны байқалады, осыған орай қазір Жайық жағаларын бекіту жұмыстары қарқынды жүзеге асуда. Қазіргі таңда қала аймағындағы Жайық жағалауын 105 км нүктелерге бөлініп, жаға бекіту жұмыстары бір аптаға жуық қарқынды жүзеге асуда.
    Қазір жергілікті билік су тасқынына дайындық жұмыстарын күшейткен. Айтуларынша, Жайықтың жағасында орналасқан Бесікті, Алмалы, Береке елдімекендерінде қауіп жоғары. Ал су қалаға кірген жағдайда 20 мыңнан астам эвакуациялық пункт дайын тұр екен.
    ---------------------------------------------
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

КОМЕНТАРІ • 34

  • @user-vr5pc5bu6s
    @user-vr5pc5bu6s 2 місяці тому +10

    Еркектер қайда қашып бара жатыр. Келмеген судың көлеңкесінен қорқып. Жау келсе не болады сонда. Паника

    • @Kausarboom
      @Kausarboom 2 місяці тому +3

      Соны айтшиш судан былай қорықса жау келсе не болады оның беті әрмен құдай сақтасын

  • @sunnyday9909
    @sunnyday9909 2 місяці тому +10

    Алматыда, труу орындар беру керек, олар біздін баурлар💕. Жүрғой ресейден қаңғып келген жатта

  • @user-uw8sh6zh5t
    @user-uw8sh6zh5t 2 місяці тому +8

    Актобеге келиндер баримиз биригип котерирлип кетейик. Митингке ынгайлы уакыт казир

  • @amangeldiyessenyazov2473
    @amangeldiyessenyazov2473 2 місяці тому +1

    Атырау биз каламыз ешкандай кашпаймыз

  • @user-wr8ip9qs2k
    @user-wr8ip9qs2k 2 місяці тому +4

    Атыраулыклар баска калага кетип атыр менин жолдасым Атырауга бугин келди Коркып турман Я АЛЛА АТЫРАУ КАЛАСЫН ОЗИН САКТАГАИСАН

  • @user-by9dg6ql6i
    @user-by9dg6ql6i 2 місяці тому +5

    Негіз жоқ десе кету керек.

  • @user-tk4bu8zy2t
    @user-tk4bu8zy2t 2 місяці тому +2

    ҚАЗАҒЫМ АМАН БОЛЫҢЫЗ АЛЛА ҚАЛАСА АТЫРАУДЫ СУ БАСПАЙДЫ ҚАРАҚАЛПАҚ ЕЛИ СИЗ БЕН БИРГЕ МЕНИҢ ДЕ БАЛАЛАРЫМ СОЛ ҚАЛАДА АУЫЛҒА ҚАЙЫТПАЙ ОТЫР ЕЛ МЕН БИРГЕ БОЛАМЫЗ ДЕП ХОЖЕЛИДЕН 😢

  • @user-cu3hv2vo8s
    @user-cu3hv2vo8s 2 місяці тому +1

    Казак туугандар сабыр берсин аллах колдасын

  • @kaukenraimkulov3624
    @kaukenraimkulov3624 2 місяці тому +5

    Билікке сенбей әркім өзінше әрекет жасай бергені жөн

  • @user-vn2ft3rj9n
    @user-vn2ft3rj9n 2 місяці тому

    Биз адаймыз Манкыстауды тастап кетпеймиз тек Алла сактасын жамандыктан оттан судан оз Манкыстауым озимизге ен кымбат мекен Алла колдашы коргашы жамандыктан .Алла аз гана халкымды аман сакташы тилсиз жаудан ел аман журт тыныш болсыншы .

  • @user-qy2yk5fw9y
    @user-qy2yk5fw9y 2 місяці тому +1

    Аналар мен балалар кеткені дұрыс,мында жағдайы болмайды. Эвакуация оңай зат емес,су свет газ өшсе қиындықтар көбейеді. Өз қаржыларына баратыр ешкімнен ештене сұрамай,тек жағдайымыздың жақсы болуын жасайық

  • @amangeldiyessenyazov2473
    @amangeldiyessenyazov2473 2 місяці тому +1

    Ертен су келген эвакуация хотя жасаган адамдар халык аз болады

  • @user-gb5fi4ik1t
    @user-gb5fi4ik1t 2 місяці тому +1

    Тасқын суға қарсы үлкен апалар ұршығын қолына ұстап ниет етіп. Бисмилла деп бастап су егесі Сүлеймен ағын суды жазыққа жібер, иірілген суды ауылға, елге емес жазыққа жібер деп айту керек екен.

  • @user-vx3gs7qw2c
    @user-vx3gs7qw2c 2 місяці тому +6

    Кашып каида барасын

  • @user-qt3ve8nt7b
    @user-qt3ve8nt7b 2 місяці тому +4

    Алаңдауға нағыз жок десе баска калага кете беру керек себебі булар ертең табиғи апат дей салады

  • @user-xb8xv1ek4j
    @user-xb8xv1ek4j 2 місяці тому +1

    Ия кашындар агайын. Биликке сенуге болмайды

  • @user-cu3hv2vo8s
    @user-cu3hv2vo8s 2 місяці тому +2

    Казак бийлик неге бекер жеткирбейт жардам кылбайбы элдерге

  • @amangeldiyessenyazov2473
    @amangeldiyessenyazov2473 2 місяці тому +1

    Кетсе кетсин мумкин дурыс шыгар ертен катты су келсе боска олип калып журер

  • @sunnyday9909
    @sunnyday9909 2 місяці тому +5

    Алматының арам әкімі, жамбір- бүршақ астында асвальт салатын, дайын ба комектесуге, не істеді?

  • @Asfgjjgdtyuir
    @Asfgjjgdtyuir 2 місяці тому +3

    Каспий тартылып кетті деп еді сол жақа бұруға болмайма

    • @user-td5hr7eh2c
      @user-td5hr7eh2c 2 місяці тому +3

      Каспиге жайык аркылы отеди. Су симай жайпап отеди го

    • @user-pi6ei3dr7g
      @user-pi6ei3dr7g 2 місяці тому

      ​@@user-td5hr7eh2cИндер, Махамбет ауданынын жерлерине жайылады су, Атырау ишимен каналдармен тенизге кетеди,

    • @Qazaqqazaq65
      @Qazaqqazaq65 2 місяці тому +1

      Ия Украйнадағыдай соғыс болып жатса бұлар қайтеді екен.Негізі Украйындықтанда жаман болдық па
      Судан қашып келмеген судан

  • @user-mr9lj3zp1z
    @user-mr9lj3zp1z 2 місяці тому +1

    Кашуга негиз жок десе сенбендер !

  • @user-vn2ft3rj9n
    @user-vn2ft3rj9n 2 місяці тому

    Неге кетесиз согыс жок су басылганша бик гимараттарда отыра турып кутпейсизба? Каска не маскара елден безип суда токтайды гой бос журис бос акша жумсау елмен бирге кору керек гой .

  • @user-on2tv3dq8r
    @user-on2tv3dq8r 2 місяці тому +4

    Қашыңдар,
    Тоқай мен Нұрсұлтан ҒА бәрі бір,суға кетпеңдер де іздемейді.
    Кен орнында шұңқырға кеткен 2адамды іздемейді го😢
    Сендерді ді іздемейді.
    Бізде Орал қаласы ішіне де кіреді деп жатр го

    • @commhc
      @commhc 2 місяці тому

      Қашып жатыр! Волонтёрлар, көмектесіп жатқан жұрт, жігіттер, міне нағыз батырлар солар! Ңағыз Патриоттар, Елiмiзде осындай Ерлер, жігіттер көп болсын!

  • @asqarasqar1082
    @asqarasqar1082 2 місяці тому +2

    Maqtan tutatin amrikaga ketinder qazaqtar

    • @Isaa9434
      @Isaa9434 2 місяці тому +3

      Неси бар кетеди Онда турган ештене жок барды келеди бул омир