Қамшы ілу.Қазақ салт-дәстүрі

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 1 жов 2024
  • Қаһарымен қамшының,
    Жауымды да жаншыдым.
    Намысымды қорғадым,
    Арымдыда аршыдым.
    Аққанда қан тамшылап,
    Тұра алмапты жан шыдап.
    Ез жігітті қайрапты,
    Ар-намысын қамшылап.
    Күнасы ауыр болсада,
    Жүгінбей-ақ "қолқаға".
    Талай дауды шешіпті,
    "Қамшы тастап"ортаға.
    Баба жолы-көшке ерген,
    Қаншама ұрпақ өсті елден.
    Керегеге ілінген,
    Қамшыны сес көрген.
    Дүбір шықса іргеден,
    Болады ғой кімде елең.
    Түскен үйге жолаушы,
    Қамшы ұстап кірмеген.
    Қасиеті-жауға айқын,
    Әділеттен аумайтын.
    Хабарды да жеткізген,
    Адам тілі бармайтын.
    Шығарма сен ойыңнан,
    Есте сақтап қой,ұлан!
    Жынды қуған бұл қамшы,
    Дертті жанның бойынан.
    Білмесе егер мұны кім,
    Лайлайды тұнығын.
    Ендеше,оқып,тоқып ал,
    Қазақ-Қамшы- бір ұғым!
    Қуат Адис
    Қамшы-баға жетпес құндылығымыздың бірі.Әр қазақтың шаңырағына сән беретін де,ер-жігітке айбар беретінде-қамшы.Қамшының көмегімен даудыда шешкен,құда да түскен.Қазақтың құда түсу салтын жаңғыртып,жақсы жанмен құда болсам деген ниетпен досыма қамшы сыйлап кеттім.Алдағы күні жастар бас қоса ма,жоқ әлде теңдерін өздері таба ма,оны уақыттың еншісіне қалдырайық.#атәбзелдері #ұлттықөнер #қамшы #салт-дәстүр

КОМЕНТАРІ • 13

  • @tipakurylysschy
    @tipakurylysschy 3 роки тому +8

    Өнерің өрге жүрсің досым👍
    Достығымыз ұзагынан болсын!

  • @iA-yo4tm
    @iA-yo4tm 3 роки тому +5

    Пахпах шіркін досым жарайсың

  • @АйгерімТолегенқызы

    Кудалыгымызды алла колдасын🤲

  • @БакшагулСулейменова-ж3р

    Бесіктен құдаласу деген дәстүр болған...
    Салтты жаңғыртқаның ,ұлтыңды қастерлегенің-нағыз ер азаматтығыңды білдіреді!Алтын қолың дерт көрмесін,әріптес!

    • @jetioner8205
      @jetioner8205  2 роки тому +1

      Аумин рахмет! Айтқаныңыз келсін!🤲🙏🙏🙏

  • @alikhanbaizhanbayev8215
    @alikhanbaizhanbayev8215 3 роки тому +3

    👋👍

  • @АрыстанАбдиев-д8ы
    @АрыстанАбдиев-д8ы 5 місяців тому

    қалай ілу керек соны көрсетсей, қолға бермейді, іліп кетсей, көрейік қалай ілесің...ілудің өз жолы бар

  • @ТемирланИтыбаев-ь7ъ
    @ТемирланИтыбаев-ь7ъ 11 місяців тому +1

    Легенда брат

  • @АрыстанАбдиев-д8ы
    @АрыстанАбдиев-д8ы 5 місяців тому

    қалай ілу керек білсең соны көрсетпедіңбе,

  • @samsunggalaxyj2840
    @samsunggalaxyj2840 2 роки тому +2

    Бұра сөйлеген күлуге жақсы деген. Эзілдерің жарассын. Ол бала бұйырама Алла біледі, дегенменде тәрбиелік мәні бар әңгіме болыпты. Өнерлерің үстем болсын!