Бекзатым-ай | Бейбіт Сейдуалиева

Поділитися
Вставка
  • Опубліковано 2 жов 2024
  • Бейбіт Сейдуалиеваның орындауында халық әні - Бекзатым ай
    Қара нар жүк көтермес бел кеткен соң,
    Ен жайлау құлазиды ел кеткен соң.
    Жолыққанша
    Аман бол, амал қанша.
    Бірге өскен кішкентайдан құрбым едің,
    Ойнаймын енді кіммен, сен кеткен соң.
    Жолыққанша
    Аман бол, амал қанша.
    Кекілін кескен кер атым-ай,
    Кішкентайдан өскен бекзатым-ай.
    Жанымда бірге жүрген жайдарлым-ай,
    Жаутаңдаған көзіңнен айналдым-ай.
    Сыртымнан аулымның өттің, кеттің,
    Үкісін тақияңның бермей кеттің.
    Жолыққанша
    Аман бол, амал қанша.
    Сол үкің азар болса жүз теңгелік,
    Қалдырдың көңілімді мың теңгелік.
    Жолыққанша
    Аман бол, амал қанша.
    Кекілін кескен кер атым-ай,
    Кішкентайдан өскен бекзатым-ай.
    Жанымда бірге жүрген жайдарлым-ай,
    Жаутаңдаған көзіңнен айналдым-ай.
    #казакшаандер #казакшамузыка #казакша #казакшаканал #бейбітсейдуалиева #тоқтарсеріков #казахскиепесни #казахскаямузыка #kazakshaander #казакшажанаандер #жанаказакшаандер #хитәндер #жаңаән #ескіән #ескіжаңаәндер #халықәндері

КОМЕНТАРІ • 12

  • @mycomp2089
    @mycomp2089 8 місяців тому +2

    Бір жылдары осы әнді жеке концертінде ме, әйтеуір бір естігенде, бала күнімізден анадарымыз айтатын таныс ән болса да, Бейбіттің орындауында басқаша әсер алып, көздеріме жас келіп еді... Орындауында сағыныш, өкініш, мұң, махаббаттың сарынын сезесің, әннің алғашқы орындаушысы, бәлкім авторының жан-дүниесін Бейбіт айқын жеткізе алған. Керемет орындалған ән, көп рахмет! Халқыңыздың сүйікті әншісі бола беріңіз, шабытыңыз қалықтаған үніңіздей қазақ даласында биікте шалқи берсін!❤

  • @МейрамКусаинов-э9э

    Жарайсың Бейбітжан керемет орындау тамаша рахмет өркендейбер

  • @АлмасЖилисбаев
    @АлмасЖилисбаев Рік тому +3

    Тамаша орындайдығой даусы тамаша аман болыңыз

  • @АлашПресс
    @АлашПресс Рік тому +3

    Өте керемет орындау! Тамаша!

  • @МейрамКусаинов-ш9л
    @МейрамКусаинов-ш9л Місяць тому

    Беу шіркін десеңші көңілім көтеріліп марқайып қалды шіркін десеңші рахмет АО Семей қаласынан сәлем 🖐️🖐️🖐️🎉🌺🎉👍👍👍

  • @baurjhass
    @baurjhass Місяць тому

    біз секілді қыс қыстап, жаз жайлауға көшететын, ежелгі көшпендылер салыт санасын сақтағанмоңғуля қытай қазақтар болмаса, басқалар сүйіп тыңдай алмайды ғой ❤❤❤❤

  • @КыдырбекАмренов
    @КыдырбекАмренов 10 місяців тому +1

    Пау деген. Шырқа, Бейбіт

  • @КунанбаевКайырбек

    Тамаша орындалуда .

  • @namazaiabdul1358
    @namazaiabdul1358 Рік тому +1

    Ең керемет орындау

  • @ХасымНурико
    @ХасымНурико Рік тому +1

    Керемет

  • @Ka-hs4yc
    @Ka-hs4yc 7 місяців тому +1

    Көп рахмет!